Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа
Витаминдер –әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғңалымы Н.И.Лунин ашты. Ол тәжірибені ақ тышқандардың 2 тобына жүргізді. Бірінші топтағы тышқандарға қолдан жасалған рацион (су +казеин+лактоза+май+тұз), ал екіншіге –сүт берген. Бірінші топтың тышқандары 20-30 күннің арасында өлген. Екінші топтың тышқандары тәжірибе жүргізілген 10 аптаның ішінде сауығып кеткен. Тәжірибесіне сүйенген Н.И.Лунин тіршілікке өте аз мөлшерде қажетті, тағамның құрамды бөлігі болып табылатын, тағы бір әлдеқандай қосылыстардың керек екендігін анықтады.
Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар .................................................3
1 Кіріспе......................................................................................................................4
1.1 Витаминнің сипаттамасы..........................................................................4
2 Негізгі бөлім............................................................................................................5
2.1 Витаминнің атауы және жіктелуі..............................................................5
2.2 Суда еритін витаминдер.............................................................................5
2.3 Майда еритін витаминдер........................................................................10
2.4 Витамин тәріздес заттар...........................................................................14
2.5 Кейбір витаминдерді алу технологиялары.............................................14
2.5.1 Д витаминін алу технологиясы ............................................................17
Қорытынды..............................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................21
Қосымшалар.............................................................................................................22
Сонымен, нағыз РР витамині ниотинамид, ал никотин қышқылы оның провитамині, яғни организмге түскесін ғана витаминге айналатын зат.
Никотинамид зат алмасуына өте қажетті ферметтердің (кодегидраза, кодегидрогеназа немесе НАД, НАДФ) құрамына коферметтер ретінде кіреді. Ал бұл ферменттер сутегінің алмасуына әсер етеді [1, 2].
В6 витамині (пиридоксин). Организмде пиридоксальфосфатқа айналғаннан кейін В6 коферметке өзгереді де, декарбоксилдену және трансаминдеу процесстеріне қатысады. Осы механизм арқылы пиридоксин қарын –ішек жолдарының, орталық нерв жүйесінің, қан құру органдарының және өзге де тканьдердің реттелуіне қатысады.
В6 витаминінің тапшылығынан іш өту, құрысу, қан аздық, шеткі нерв жүйелерінің әлсіздігі, терінің қабынуы байқалады. Мұндай аурулар дәнді дақылдардың жеткіліксіз берілуінен, сульфанилимидтермен, туберкулезге қарсы перпараттармен және антибиотиктермен ұзақ уақыт емдегеннен болады.
В6 витаминнің пиридоксин фосфат түріндегі сулы ерітіндісі және таблеткаланған формасы қолданылады. Олар гипохромды қаназдықпен, лейкоцитопенияны, орталық нерв жүйесінің көтеріңкі қозуын, торайдың ісіну ауруын, бауыр ауруын, пеллагра, сәуле ауруларын, көз эпителиінің, азық қорту жолдарының қалпына келуін жақсарту үшін, сульфаниламидті перпараттармен және антибиотиктермен емдеген кезде асқынудан сақтандыру үшін ұсынылады [1, 2].
Вс витамині (фоли қышқылы). Фоли қышықылының өздігінен биологиялық активтілігі болмайды, алайда ол организмде биологиялық активті ко –фермент –тетрагидрофоли қышқылына айналып, ол амин қышықылы мен нуклеин қышқылының биосинтез процесінде айрықша маңызды болады. Мал организмінде ол, ең әуелі, пурин және пиримидон (бұлар ДНҚ негізін салушылар) негіздерінің биосинтезі үшін маңызды.
Фоли қышқылы аз құрамда жетіспегенде
мегалобластикалық қан аздық
диагнозы анықталған жағдайда ғана қолданады.
Оны инфекциялық процесс
Фоли қышқылымен гиповитаминозды сақтандыру үшін мал азығында көк балаусалы шөптерді көбірек қосады.
В12 витамині (цинакобаламин). Витаминнің құрамында кобальт болғандықтан, оны кобаламин деп атайды. Тек осы витаминнің құрамында ғана микроэлемет бар. В12 витамині суда жақсы ериді. Жоғары температураның әсерінен тұрақты зат. 1948 жылы Рикс пен Смит В12 витаминін таза түрде жас бауырдан бөліп шығарды.
В12 витамині микроорганизмдер әрекетінің арқасында күйіс қайтаратын малдың қарында түзіледі. Бұл витамин жануарлардың өсіп -өнуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметіне, қан түзілуіне қажет. Әсірісе, қанның қызыл түйіршіктерінің жетілуіне бұл витаминнің әсері үлкен. Ол гемоглобин құрамына кіретін порфириндер түзілуіне қажет. Мұнан басқа В12 витамині белоктар, майлар, қанттар және сульфгидриль тобының алмасуына қатысады. Былайша айтқанда В12 витамині метиониннің метил тобының (СН3) пайда болуына және гомоцистиннің метионинге ауысуына қатысады. Былайша айтқанда В12 витамині метионинді сақтаушы рөлін атқарады.
Осы витаминнің липотроптық әрекетінің арқасында бауыр майланбай, оның метильдік қызметінің жақсарғандығынан организм метионинмен қамтамасыз етіледі [1, 2, 5].
С витамині (аскорбин қышқылы). Аскорбин қышқылы қалпына келтіретін қуатты витаминге жатады, ол клетка ішіндегі барлық тотығу –тотықсыздану процесстеріне қатысады. Аскорбин қышқылының жетімсіздігі (құрқұлақ) коллагенді дәнекер тканьдердің тұтастай ыдырауына әкеп соғады, соның әсерінен таңбалы қанталау, қанды ісік (гематома), қызылиектен қан ағу (тістері сау болғанның өзінде), қан аздық (анемия), жас малдарда сүйектенудің тоқтауы байқалады.
Дені сау организм үшін аскорбин қышқылы –тетрагидрофильді қышқылдардың тотығуын болдырмауға қажет. Ол бүйрек безі қабығында көп мөлшерде кездеседі және де стероидтар синтезіне қатысады.
Атап көрсететін жайт, құрқұлақпен (цинга) адамдар, маймылдар, теңіз шошқасы, үнділік жеміс жарқанаты, бұлбұл құс аурады. Қалған жануарлар витаминді өзіне синтездей алады.
Аскорбин қышқылы негізінен жас жемістер мен көкөністерде болады, ал ет пен сүт тағамдарында шамалы мөлшерде кездеседі. Аскорбин қышқылы тез тотығады және ашық ауада қыздырғанда бұзылады.
Малдың буаз кезінде, саулық уақытында, зілді ауруда жас организмнің қарқынды өсіп –жетілу кезеңінде аскорбин қышқылын қажетсінуі арта түседі.
Аскорбин қышқылы препарат
ретінде мынадай
Жоғарыда аталғандармен қоса аскорбин қышқылы инфекциялық ауруларда және улану кезінде организмнің төзімділігін арттырады, жара мен жарақаттың тез жазылуына ықпал етеді, вагинит пен метритке, жүрек, ревматизм, фурункулез, энтероколит, гепатит, қан аздық, гломеррулоннефрит ауруларын емдеуге қолданылады.
Аскорбин қышқылы кез келген жастағы жануарларға, олардың физиологиялық күйі қандай екендігіне қарамастан таза препарат түрінде, сондай –ақ итмұрын, қарақат, шатан жемістерінің тұндырмасы, қайнатпасы, концентраты түрінде қолданылады. Аскорбин қышқылының венаға құйылатын дозасы әдетте 0,03 -1,5 мл аралығында, оның өзі малдың салмағына байланысты. Препаратты әдетте малдар жақсы көтереді, әрі ешқандай қосалқы әсері болмайды [1, 2].
Н витамині (биотин). Бұл витаминнің аты «биос», яғни тіршілік атауынан шыққан.
Химиялық құрлымы жағынан күкіртті несеп нәрінің бицикликалық туындысы –монокарбон қышықылы.
Таза биотин суда ерігіш, жоғары температураға, жарыққа және оттегіне тұрақты кристалл.
Биотин жануарлар мен
құстар организмдегі зат алмасудың
қалыпты жағдайда өтеуне қажет. Ішек
пен қарындағы бактериялық
Биотиннің негізгі қаситеті –орталық жүйке жүйесінің қызметін реттеу, белок, қанттар мен май алмасуына қатысады.
Р витамині (цитрин, биофлавоноидтар). Өсімдіктер әлемінде кең таралған. Әрекет ету механизмі әзірге түсініксіз. Бұлардың негізгі физиологиялық қасиеті –ұсақ қан атмырларының нәзіктігін және өткізгіштігін азайтып, олардың қабырғаларын нығайтады. Бұл витамин жеткіліксіз болса капиллярдың үзілгіштігі, әр жерде қан құйылудың болуы, буындардың ауруы байқалады. Сондықтан Р витамині берілегн жануарлардың организміндегі С витамині көбірек болған, яғни Р витамині С витаминін қорғау ролін атқарады деуге болады [1, 2, 5].
2.3 Майда еритін витаминдер
Оратның рН мәнінің өзгеруіне, жоғары температураға тұрақты. Әдетте, пластикалық қызмет атқарады. Мал организмін түзілмейді. Оған жататындар: А, Д, Е, К, F [7, 8].
А витамині (антиксерофталмалық витамин, ретинол). Өзінің «А витамині» деген атын 1916 жылы алған. А витаминінің табиғи қосындылары А1, А2, А3 болып бөлінеді.
Химиялық құрлысы жағынан
А тобындағы витаминдер –түсі сарғыш, салқын температурада кристалданатын зат. 120º -130º -қа дейін қыздыруға төзімді. Оттегі бар жағдайда ол жылдам тотығып, бүлінеді. Күн сәулесінің әсерінен молекуласы тез бұзылады.
А витаминінің оргаизмде
«А» авитаминоздың ерекше белгілері:
1. Эпителийдің қабынып,
зақымдануы. Малдың тыныс алу,
ас қорту, жыныс органдары
Жұлын мен орталық жүйесінің кілегейлі қабаты қабыршақтанғандықтан жануарлардың жүріп –тұруы өзгеріп, бұлшық еттері босаңсып, тарамыстары тартылып, сал (паралич) ауруына шалдығады. Көздің тор қабытының зақымдануы. «А» витамині жетіспесе, көздің қараңғыда жөнді көрмеу салдарынан тауық соқырлығы немесе гемералопия пайда болады. Оның себебі мынада, көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин деген белок пен А витаминінен құралған. Жарық түскен кезде родопсин осы айтылған екі затқа бөлінеді. Қараңғыда екі зат бірігіп, қайтадан родопсин пайда болады. Ал, көздің жарық сезгіштігі осы родопсиннің шоғырлануына (концентрациясына) байланысты.
«А» витамині аз болса, көздің мүйіз қабығы құрғап кетеді. Ол қабыршақтанып, кеуіп, мөлдірлігін жоғалтқаннан кейін ксерофтальмия ауруы пайда болады. Жас бөлетін бездер өзгерістерге ұшырайды. Жас ағуы азаяды. Көзге түскен шаң тозаңды жас жауып –шайып, өзінің құрамындағы лизоцим арқылы микробтарды жояды. Ал, ксерофтальмия жағдайында көздің мөлдір қабатына микробтар кіргендіктен ол қабынады, жұмсарады және онда жара (теріскен) пайда болады. Кейін осы жараның орны ағарып, ноғала пайда болады да, көздің көру қабілеті төмендеп жанары зақымдалады. Ақшам соқыр деп аталатын ауруға шалдығады. Бұл өзгерістерден соң көз жартылай, немесе толығымен көрмей қалуы мүмкін [1, 2, 5].
Кератомалиция (герк. keratos –мүйіз, malania –жұмсару, әлсіреу) ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды. Көптеген қарсы мал (бұзау, кейде торай, қозы) денесінде А витамині жетіспеуден, сондай –ақ титықтап арықтау салдарынан болатын дерт.
А витамині жануарлар клеткалары мен тканьдеріндегі химиялық процестерге қатысады, ол белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуына тікелей қатысады. Сонымен қатар тыныс алу және энергияның алмасуына да әсер етеді.
«А» витамин қоры денсаулық сақтауға, жоғары өнім алуға, А –авитаминозымен күресуге керек. өсімдіктер, балық өнімдері, жұмыртқа, теңіз жанурларының бауыры, жануар тектес азықтар, көк шөп, сүрленген жүгері А витаминнің негізгі көзі борлып табылады.
Өнеркәсіпте шығарылатын
А витаминінің концентраты
Д витамині (антирахиттық витамин, кальциферолдар). Д тобындағы витаминдердің ішінде Д2 (эргокальциферол) және Д3 (холекальциферол) витаминдері мал ауруынан алдын ала сақтандыру немесе емдеу үшін қолданылады.
Химиялық құрлысы жағынан Д витаминдері –жоғары молекулалы сприттер, циклопентанпергидрофенантрен туындысы болып табылады.
Бұл витаминдер түссіз, иіссіз, дәмсіз келеді. Майда, эфирде, спиртте, хлороформда, органикалық ерітінділерде кристалдар түрінде кезедседі. Олар 77 -115º С ыстыққа ұзақ уақыт төзе алады және сілтілердің әсерінен бұзылмайды. Формалин, сутек оксиді, миниралды қышқылдар витаминдердің құрамын бұзып, олардың емдік қасиеттерін жояды. Жануарлар мен өсімдік тканьдерінде физиологиялық активтігі жоқ Д провитаминдері пайда болады. Олар май тәрізді заттарға жатады. Бұл заттарда күннің ультракүлгін сәулесінің әсерінен Д витаминінің биологиялық активтілігі арта түседі [1, 2, 5, 6].
1.Рахит (грек. Rhachis –арқа қыры, омыртқа бағанасы) –мешел ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
Рахит бұрынан белгілі. Англияда жас балалардың арасында жиі тарағандықтан оны «ағылшын ауруы» немесе «жас өспірімдер ауруы» деп атаған.
Рахит мал төлдерінің барлық түрлерінде, әсіресе торайларда, құландарда, бұзауларда және балапандарда жиі кездеседі. Бұл ауруда төлдердің өсіп –жетілуі тежеледі, олар тәбетінен айрылады, қарны қампиды, іші өтеді, төсеніш, балшық, нәжіс сияқты қоректік қасиеті жоқ заттарға малшықтанады, тістері кеш шығады, ақсайды, жүргісі келмей жатып қалады. Жүйке жүйесінің күйзеліп еліруі, діріл қағуы, денесенің сіресуі, қалшылдауы, сүйектері жұмсарып, аяқтарының О және Х –тәрізді болып қисаюы байқалады. Қанда кальций мен фосфордың, ал сүйекте олардың тұздарының мөлшері тез төмендейді.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің олқылығы, қарбалас қалқанша без қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.
2.Остеомалияция (грек. Ostean –сүйек, malaria –жұмсару) сүйек жұмсаруы, басқаша –остеодистрофия ауруы. Орталық жүйке жүйесінің және оның вегетативтік бөлімінің қызметі бұзылғандықтан, мал мазасызданып, тәбеті азайып, аузының дәмі кетеді. Жануарлар айналадағы заттарды және бірін –бірі жалап, қабырғаны және ойықты кеміреді, несеп ішіп, астына төсеген сабанды және нәжісті жиді. Мал көп жатады, әзер дегенде тұрып, әрен жүреді. Бүгілген аяқтарын ұзақ уақыт жаза алмайды. Кейде олар ақсайды. Ешіклер мен шошқалар бұл жағдайда бөксесін көтере алмайды, жорғалайды. Ересек малдың тістері босайды. Бұлшық еттері, әсіресе жүрек еттері құрысқандықтан мал өліп қалуы да мүмкін.