Д витаминің алу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа

Краткое описание

Витаминдер –әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғңалымы Н.И.Лунин ашты. Ол тәжірибені ақ тышқандардың 2 тобына жүргізді. Бірінші топтағы тышқандарға қолдан жасалған рацион (су +казеин+лактоза+май+тұз), ал екіншіге –сүт берген. Бірінші топтың тышқандары 20-30 күннің арасында өлген. Екінші топтың тышқандары тәжірибе жүргізілген 10 аптаның ішінде сауығып кеткен. Тәжірибесіне сүйенген Н.И.Лунин тіршілікке өте аз мөлшерде қажетті, тағамның құрамды бөлігі болып табылатын, тағы бір әлдеқандай қосылыстардың керек екендігін анықтады.

Содержание

Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар .................................................3
1 Кіріспе......................................................................................................................4
1.1 Витаминнің сипаттамасы..........................................................................4
2 Негізгі бөлім............................................................................................................5
2.1 Витаминнің атауы және жіктелуі..............................................................5
2.2 Суда еритін витаминдер.............................................................................5
2.3 Майда еритін витаминдер........................................................................10
2.4 Витамин тәріздес заттар...........................................................................14
2.5 Кейбір витаминдерді алу технологиялары.............................................14
2.5.1 Д витаминін алу технологиясы ............................................................17
Қорытынды..............................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................21
Қосымшалар.............................................................................................................22

Прикрепленные файлы: 1 файл

Д вит. алу технолгиясы.doc

— 896.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар

Авитамионз дегеніміз белгілі бір витаминнің көп мөлшерде жетіспеуінің салдарынан болатын организмдегі қалыптан тыс өзгерістер, құбылыстар.

Гиповитаминоз –витаминдердің беруінің аздаған бөлігі жетіспегенде болатын құбылыстар, өзгерістер. Әрине, гиповитаминоздың қай витаминнің жетіспеуінен пайда болатынын анықтауға қиынға соғады. Себебі, бұл өзгерістердің сыртқы белгілері көмеске келеді.

Поливитаминоз деп организмге көптеген витаминдердің жетіспегендігінен болатын өзгерістерді айтады.

Гипервитаминоз, егер витаминдердің үздіксіз өте көп қабылдаса пайда болады. Витаминдердің азықта шектен тыс көп болуы зиян келтіреді.

Рахит (грек. Rhachis –арқа қыры, омыртқа бағанасы) –мешел ауруы организмдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады.

Кератомалиция (герк. keratos –мүйіз, malania –жұмсару, әлсіреу) ауруы кезінде көздің мүйізгек қабығы жұмсарып, ыдырайды.

Остеопорз (грек. Ostean –сүйек, poros –саңылау, тесік) сүйек қалыптасқан кезде сіңу процесінің түзілу процесінен сүйек қалыптасқан кезде сіңу процестерінің түзілу процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады.

Остеомалияция (грек. Ostean –сүйек, malaria –жұмсару) сүйек жұмсаруы, басқаша –остеодистрофия ауруы.

Белгілеулер

оС, гр, мл, мг, мкг/г, г/кг, мг/л, м2, нм, %, мг/г, мг/л;

Қысқартулар

рН – ерітіндінің қышқылдығы

НАД, НАДФ

5,6 –ДМБ -5,6 –диметилбензимиддазол

1 Кіріспе

1.1 Витаминдердің сипаттамасы

Витаминдер –әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.

Витаминдерді 1880 жылы орыс ғңалымы Н.И.Лунин ашты. Ол тәжірибені ақ тышқандардың 2 тобына жүргізді. Бірінші  топтағы тышқандарға қолдан жасалған рацион (су +казеин+лактоза+май+тұз), ал екіншіге –сүт берген. Бірінші топтың тышқандары 20-30 күннің арасында өлген. Екінші топтың тышқандары тәжірибе жүргізілген 10 аптаның ішінде сауығып кеткен. Тәжірибесіне сүйенген Н.И.Лунин тіршілікке өте аз мөлшерде қажетті, тағамның құрамды бөлігі болып табылатын, тағы бір әлдеқандай қосылыстардың керек екендігін анықтады.

Голландия дәрігері Х. Эйкман 1895 жылы аса таңырқалық құбылысты  байқады. Ол адамдардың ұзақ уақыт бойы ақталған күріш жеуінен аса қатерлі  дерт «бери –бери» деген ауруға ұшырайтындығын анықтады. Ақталған күрпішке оның кебегін қосқанда, тәжірибедегі тауық та, ауруға шалдыққан адам да сауыға бастады. Осыны негізге алған Эйкман, күріш кебегінде зат алмасыуға өте қажетті белгісіз бір зат бар деген болжам жасайды.

1912 жылы поляк ғалымы  К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин (лат. Vita –тіршілік, amin –амин) деген ат берді [1,2].

Бұдан кейінгі кезендерде витамин мәселесін тереңірек зерттеу ісі басталды. Витаминдерге ұқсас заттар да тексерілді, химиялық аттар қойылды. Витаминдердің организмге тигізетін әсерлерін анықтала басталды, сауықтындыратын мөлшерлі тескеріледі, оларды зерттеу жұмыстары үдей түсті.

Витаминдердің жетіспеуі  –цивилизацияның ауруы. Бүгінде  бұл құбылыстардың себептері  айқындалады.

Авитамионз дегеніміз белгілі бір витаминнің көп мөлшерде жетіспеуінің салдарынан болатын организмдегі қалыптан тыс өзгерістер, құбылыстар.

Гиповитаминоз –витаминдердің беруінің аздаған бөлігі жетіспегенде болатын құбылыстар, өзгерістер. Әрине, гиповитаминоздың қай витаминнің жетіспеуінен пайда болатынын анықтауға қиынға соғады. Себебі, бұл өзгерістердің сыртқы белгілері көмеске келеді.

Поливитаминоз деп организмге көптеген витаминдердің жетіспегендігінен болатын өзгерістерді айтады.

Гипервитаминоз, егер витаминдердің үздіксіз өте көп қабылдаса пайда болады. Витаминдердің азықта шектен тыс көп болуы зиян келтіреді [1,5].

2 Негізгі бөлім

2.1 Витаминдердің атауы және жіктелуі

Қазіргі уақытта витаминдердің 30-ға жуық түрі жақсы зерттелген. Витаминдердің осы уақытқа дейін, латын алфавитының үлкен әріптерімен атайды (А, Д, Е, К). Витаминдер жайында ілімнің даму барысында әріптік белгілеуді кеңейтіп, оған сандық белгіні қосты (В1, В3, В6, В12). Кейінен химиялық құрлысы бойынша атау ұсынылды (тиамин, рибофлавин және т.б). кейбір витаминдердің шартты аттары қолданылып жүр: Д2 –кальциферол, Н –биотин.

Аурудың өзіне тән  ерекшелігі екі жолмен аталады:

    1. арнайы медициналық атымен. Мысалы: рахит, скорбут.
    2. латын алфавитының әріптерімен. Мысалы: авитаминоз Д.

Авитаминоздық аурудыңатының алдына «анти» қосымшасын қою

арқылы атауыда бар. Мысалы: антирахиттық.

Сонымен, қазіргі уақытта  әріптік, тривиальды (организмге тигізетін  әсерінің ерекшілігі бойынша) және химиялық аттары қолданылады.

Витаминдердің физикалық  және химиялық жіктеулерге бөледі. Химиялық жіктеулер молекуласының құрлысына негізделген (ароматтық немесе гетероциклді және т.б. қатардағы).

Физикалық жіктеуде витаминдер ерігіштік белгісіне қарай екі  үлкен топқа: майда және суда еритін витаминдер болып бөлінеді. Бұл көпшілікке танылған жіктеу (1-кесте) [3, 4].

2.2 Суда еритін витаминдер

Суда еритін витаминдерге В1, В2, В3, В5 (РР), В6, ВС, В12, С, Н және Р жатады.

В тобындағы витаминдер –суда ериін, организмдегі зат алмасуға үлкен әсер ететін активті заттар. Бұл витаминдер және олардың туындылары көптеген ферметтердің құрамына кофермент ретінде енеді. Организмдегі зат алмасудың жүйелігі және бағыты осыларға байланысты. В тобындағы витаминдердің біреуі жетіспесе, оргаизмдегі биохимиялық реакциялары бұзылып, алуан түрлі патологиялық поцестер пайда болады. Терінің қабынуы, жүйке жүйесі қызметінің бұзылу салдарынан құрысу мен жансыздану, көз бен ішек –қарын ауруы, төлдің баяу өсуі, ұрғашы малдың нашар ұрықтануы, туатын төлдердің әлсіздігі, қанның сары суында антиденелердің пайда болуы азайып, организмнің қорғанушылық қасиеттері төмендеуі сияқты өзгерістер кездеседі.

 Белоктың мөлшері  азайып, сапасы төмендеген жағдайда  жануарларда В тобындағы витаминдер  жетіспейді. Екінші жағынан рибофлавиннің,  холиннің, пиридоксиннің, никотин қышқылының, кобаламиннің жетіспеуі белок алмасуын бұзады [1].

В тобындағы витаминді  өсімдіктер, ашытқы клеткалары және әр түрлі микрооргаизмдер, соның ішінде әсіресе бір камералы малдың ішек бактериялары түзеді. Жануарлар клеткалары мен тканьдерінің мұндай қабілеті жоқ.

Күйіс қайыратын малдың асқазанында, негізінен таз қарында, микроорганизмдер әрекетінің арқасында  В тобындағы витаминдер пайда  болады. Сондықтан олар бұл витаминдердің  азық арқылы енгізілуіне қажет етпейді. Тек күйіс қайыратын мал төлдеріне алғаш айларда, таз қарындағы микрофлораға жетіспеген кезде мінетті түрде олары азыққа және сүтке қосып беру керек.

Бір қарынды жанураларда (жылқы, шоқа) микроорганизмер тоқ, тік  және соқыр ішекте болады. Бұлардың В тобындағы витаминдер аз түзіледі және нашар сіңіріледі.

Сондықтан аталған түлектер В тобындағы витаминдердің азықтарда көп болуын қажет етеді [1, 2].

В1 витамині (тиамин). Тиамин орталық нерв жүйесінің, жүрек –тамыр жүйесінің және өзге де тканьдердің тотығу –тотықсыздану процестеріне қатысады.

Тиаминнің тапшылығы  шеттік неврит, орталық нерв жүйесі талшықтарының демиелинизациясы, жүрек  жетімсіздігі, азық қорытылуының бұзылуы, ісіну және гепотания түрінде  білінеді. Жас малдардың өсіп –жетілуі баяулайды.

Малдәрігерлік практикада тиаминді қою үшін тиамин хлорид және бромид түрінде пайдаланады және «пушновит» препаратының жиынтық құрамына енеді.

Оларды гиповитаминозды  және авитаминозды, орталық және шеткі  нерв жүйелерінің ауруларын емдеу, олардан сақтандыру үшін, секрет бөлінуін арттыру, қарын сөлінің қортылыуын жақсарту үшін, торайлардың нейротоксикалық деспепсиясын емдеу, тетрациклин, левомицетин, неомицин сульфат тобындағы антибиотиктермен емдеген кезде, әртүрлі инфекциялық ауруларда және мал мен құстың өсіп –жетілуін жақсарту үшін қолданады.

Препаратты тері астына және бұлшық етке мынадай дозада құяды: ірі қараға -0, 1 -0,5 гр; бұзауға -0,05-0,1 гр; торайға -0,01-0,02 гр; балапанға -0,001- 0,002 гр; ішкізгенде: торайға -0,025 -0,040 гр; балапанға -0,003 -0,004 гр; қара күзенге – 0,005 -0,01 гр.

«Пушниковит» препаратының құрамына Е, С, В1, В2, В6 витаминдерінің жиынтығы және кальций пантотенат бар. Ол тотығу –тотықсыздану процесстерін реттейді, малдың тәбетін, зат алмасуын және мамықты андардың өсіп –жетілуін жақсартады, жүннің өсуі мен пигметтелуінің бұзылуынан қорғайды.

 «Пушниковитті» сақтандыру мақсатында ересек және жас андарға қолданады. әдетте оны азыққа қосып әр қара күзенге 1 грамнан, түлкіге 2 грамнан береді. Препаратты шілдеден қарашаның соңына дейін күн сайын береді.

Препаратты дұрыс қолданған жағдайда организмге ешқандай қосалқы әсері болмайды [1, 2, 6].

В2 витамині (рибофлавин). Бұл тиамин секілді тотығу –тотықсыздану процессеріне қатысады. Оның кілегей қабық пен тері құрлымына рөлі бар екендігі, қандағы қант деңгейін, гемоглабин синтезін сақтайтығы анықталған.

Рибофлавиннің тапшылығы стоматике, тілдің және көздің мүйіз қабығының қызаруына, майлы дермитке, зілді жағдайда көздің көрмей қалуына шалдықтырады. В2 гиповитаминозы сонымен қоса қан аздыққа және гипотанияға әсер етеді.

Малдәрігерлік практикада оны «Гранувит В2» перапаратының түйіршігі және жиынтық препарат түрінде қолданады.

Препарат былайша дозаланады: бастапқы негізгі әсері ету заты есебінен 1 тонна құрама жемге ребофлавинді мынадай мөлшерде қосады: мегежін мен қабанға -4 гр; емшектегі торайға -5гр; енесінен бөлінген және 6 айға дейінгі торайға -3 гр; тауыққа -4гр; күркетауыққа -6 гр; үйрек пен қазға -3 гр.

Авитаминозды емдеу үшін В2 гарнувиттің дозасы (рибофлавин есебінде) мынадай (1 малға мг есебінде): бұзауға -10 -20; қозыға -3-5; торайға -2-5; шошқаға -15-20. Преапаратты осындай дозада ауру белгісі сейілгенше береді, содан кейін сақтандыру дозасында қолданады [1, 2].

В3 витамині (пантотен қышқылы). Пантотен қышықылы (грек. Панто –желаяқ) 1943 жылы қолдан жасалды. Пантотен қышықылы ашық сары, жабысқақ сұйық. Жоғары температураға, сілітілер мен қышықлыдардың әсеріне тұрақсыз.

Бұл қышықыл өзінің биологиялық  активтігін организмде А коферменті ретінде көрсетеді. Ал А –коферменттің  зат алмасуындағы алаын орны белгілі. Патотнет қышықылы жетіспегенде құрамында В тобындағы витаминдер кіретін көптеген ферметтердің пайда болуы төмендейді [1, 2].

В5 витамині (никотн қышықылы, -РР витамині). 1914 жылы К. Функ пеллагра ауруын жазатын заттың табиғатын анықтады. Бұл зат никотин қышқылы болып шықты.

Никотин қышқылы –ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, кристалдар. Ол жоғары температураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілі ерітінділерге тұрақты. Никотин қышықлы амидінің де витаминдік қаситеі бар.

Химиялық тұрғыдан никотин қышықылы β –пиридин –карбон қышықылы.

Организмге енгізілітін никотин  қышықылы қарын мен онекіелі ішекте нуклеотидтермен қосылып, никотин  қышықылының амидіне ауысады  да биологиялық активке ие болады.

Информация о работе Д витаминің алу технологиясы