Басқарушылық талдаудың ақпараттық базасы және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:57, реферат

Краткое описание

Кәсіпорын шаруашылық қызметі мен талдаудың пәні болып жұмыстың қорытындысы, оның өзгеру себебі мен болуы мүмкін экономикалық зардаптарды шаруашылық жүргізудің қорытындысы кәсіпорынның қаржылық жағдайымен алынған пайда көлемімен,өндірілген және сатылған өнім көлемімен және техникалық жағдайымен байланысты болуы мүмкін.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4 апта срсп практика.docx

— 218.18 Кб (Скачать документ)

Тарифтік  сеткалар –  еңбектің күрделілігіне (біліктілігіне) қарай еңбек ақыны дифференциациялау  құралы болып табылады. Ол  әртүрлі  топтағы жұмысшылардың  еңбек  ақыларының шкаласы түрінде болады, онда разрядтар саны мен оларға сәйкес тарифтік коэффициенттер көрсетіледі. Қандай да болмасын разрядқа сәйкес келетін  тариф ставкасын – 1 разрядты тариф  ставкасын қажет разрядтың тарифтік коэффициентіне көбейту арқылы табады.

          Материалдық салада еңбек ететін  адамдар мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы деңгейлерін жақындастыру үшін жаңа Бірыңғай тарифтік кесте белгіленді. Ол экономиканың барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды - бірінші разрядтан 21 разрядқа дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мәселен, 2 кестеге сәйкес  бұрын Бірыңғай тарифтік кестедегі бірінші разрядтың тарифтік коэффициенті - 2-ге, ал жиырма бірінші разряд — 13,08-ге тең болса, жаңа тарифтік кесте бойынша олар тиісінше — 1 және 4,24-ті құрайды.

 

Кесте 2.

Бірыңғай  тарифтік сетка

 

Еңбек ақытөлеудің  разрядтары

Тарифтік коэффициенттер

Еңбек ақы төлеудің разрядтары

Тарифтік коэффициенттер

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

   

 

Бірыңғай тарифтік кестенің негізіне еңбекке ақы төлеудің принципті жаңа жүйесі алынған.

1993 жылдын 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай тарифтік тор халық  шаруашылығындағы қызметкерлердің  барлық дәрежесіне қосылған болатын.

Бірыңғай тарифтік торда  бірінші разрядтағы жұмысшылардан  басталып, басшылардан аяқталатын, қызметқерлер разрядтарының тарифтік коэффи-циенттерінің мәтіні көрсетіледі.

Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге таратылады. 21 тарифтік разряд шаруашылыктағы жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға  тәуелсіз барлық кәсіпорыпдарға арналған:

  • 1-8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;
  • 6-15 разрядтар бойынша - сызықтық кызметкерлер;
  • 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;
  • 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;
  • 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық кызметтердің басшылары;
  • 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер.

Жұмысшылардың дәрежесі халық  шаруашылығының барлық саласындағы  еңбек процесінде орындалған жалпы  қызметтердің бағдарына байланысты болған соң, жұмысшылардың дәрежесі бір топта көрсетіледі.[18].

 

 

 

 

Жұмыс орнын жарақтандыру

Жұмыс орны негізгі және көмекші жабдықтармен‚ технологиялық және ұйымдық жарақтармен қамтамасыз етілуге тиіс.

Негізгі жабдықтарға жұмыс орнында ұдайы тұратын станоктар‚ агрегаттар‚ машиналар; көмекші жабдықтарға транспортерлер‚ рольгагтер‚ арбалар және еңбекті жеңілдететін басқа да қондырғылар жатады.

Технологиялық жарақ – өлшеу‚ кесу аспаптарынан‚ көмекші және басқа аспаптардан құралады.

Ұйымдық жарақ бейімдемелерді‚ аспаптарды‚ көмекші материалдарды‚ қосалқы бөлшектер мен құжаттарды‚ дабыл мен байланыс‚ күтім жасау құралдарын‚ қоршау‚ қорғаныш және басқа құрылғыларды қамтиды. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыру, яки басы артық‚ қолайсыз немесе орындалуы қиын қимыл жасамай‚ күш пен уақытты барынша аз жұмсай отырып‚ өнімділігі жоғары еңбек жағдайын жасау еңбек өнімділігін арттырудың басты шарты болып табылады. Жұмыс орнын ұтымды ұйымдастыруда оны еңбек құралдарымен және заттарымен қамтамасыз етудің‚ жұмыс орнына қызмет көрсету желісін жасаудың маңызы елеулі. Жұмыс орнындағы өндірістік орта мен еңбек процесінің барлық факторлары‚ қызметкерлердің еңбек қызметі барысында денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторлар кешенді түрде бағаланады.

[өңдеу]Жұмыс орнын аттестаттау

Ол негізінен, кәсіпорын  қайта құрылғанда‚ жаңа техника мен технология енгізілгенде‚ шикізат пен материалдардың жаңа түрлері пайдаланылғанда, еңбек жағдайы мен сипаты өзгергенде, ұйымдық-технологиялық шараларды жүзеге асыру есебінен еңбек жағдайы жақсартылғанда, жалдаушының немесе оған уәкілетті органның‚ кәсіподақ комитетінің немесееңбек ұжымының басқа сайланбалы органының‚ кәсіпорын қызметкерінің бастамасымен өткізілуі мүмкін. Жұмыс орнын аттестаттау үшін арнаулы аттестациялық комиссия құрылады. Ол:

қажетті құқықтық‚ нормативтік-анықтамалық базаны тұжырымдайды‚

оны зерделеуді ұйымдастырады;

мүдделі органдармен (еңбек  жағдайының сараптамасымен‚ санэпидемиологиялық  қызметпен‚ еңбек инспекциясымен) және кәсіподақ органдарымен өзара  іс-қимылды айқындайды;

аттестатталуға тиіс жұмыс орныдарының тізбесін жасайды;

орындаушылардың барлық кезеңдерде жүргізілетін жұмысының барысына ұйымдық‚ әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;

жұмыс орнының техология  және ұйымдастырылу деңгейінің жобалық  құжаттарға‚ еңбек қауіпсіздігінің  стандарттарына‚ құрылыс және санитарлық ережелерге сай келуіне өндірістік баға береді;

эиянды және қауіпті өндірістік факторларды зерттеулердің көлемін айқындайды және оларды жүргізеді;

жұмыс орнының ұйымдық-технологиялық деңгейін бағалау картасын‚ жұмыс орнындағы еңбек жағдайының картасын және жұмыс орнын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдістемесінде көзделген басқа да құжаттаманы жасайды.

Жұмыс орнын аттестаттау нәтижелері бойынша қызметкерлері ерекше еңбек жағдайына байланысты жасы бойынша зейнетке шығуға құқығы бар. Жұмыс орныдарының‚ өндірістердің‚кәсіптер мен қызметтердің‚ қолайсыз еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қызметкерлеріне үстеме ақы төленетін жұмыс орныдарының‚ өндірістердің‚ кәсіптер мен қызметтердің‚ жұмыс орныдарын еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сай келтіру мақсатында оларды оңтайландыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шаралардың тізбесі жасалады.[

 

 

Жалақы және еңбектi нормалау

 

      70-бап. Жалақы     

1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi. 
      2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.  
      3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi.  
      Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн.  
      4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушiнiң актiлерiмен белгiленедi.  
      5. Жұмыс берушi қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделiлiгiн жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы негiзiнде белгiлейдi. Аталған анықтамалықтарды әзiрлеу мен оларды қолданудың тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгiлi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядтарын берудi жұмыстардың және жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргiзедi. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Ескерту. 70-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.      

71-бап. Жалақының  мөлшерi     

 Жалақының  мөлшерiн жұмыс берушi дербес  белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек.       

72-бап. Қызметтердi қоса атқару (қызмет көрсету 
             аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша 
             болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау 
             кезiндегi жалақы     

1. Белгiлi бiр ұйымда өзiнiң жеке еңбек шартымен келiсiлген негiзгi жұмысымен қатар өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндетi бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленедi. 
      2. Қызметтердi қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткенi) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн қосымша ақылардың мөлшерiн қызметкермен келiсiм бойынша жұмыс берушi белгiлейдi.      

73-бап. Мерзiмнен  тыс жұмыстарға, мереке және 
             демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу. 
             Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу     

1. Мерзiмнен  тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi. 
      2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде төленедi. 
      3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы мүмкiн. 
      4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.       

74-бап. Бос  тұрып қалған уақытқа ақы төлеу      

1. Жұмыстың  бос тұрып қалған уақытына  ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары  жеке еңбек немесе ұжымдық  шарттармен белгiленедi. 
      2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс. 
      3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен болған iркiлiс уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен айқындалады және ол орташа айлық жалақының елу процентiнен кем болмайтын мөлшерде белгiленедi. 
      Ескерту. 74-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.      

75-бап. Еңбек  нормалары     

1. Еңбек нормалары  (жұмыс iстеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемi болып табылады және қызметкер үшiн техниканың, технологияның, еңбек өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне сәйкес белгiленедi.  
      2. Еңбек нормаларын енгiзудi, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушi жүргiзедi.  
      Еңбектiң жаңа нормаларының енгiзiлетiнi туралы қызметкерлерге кемiнде бiр ай бұрын хабарланады.  
      Еңбектiң үлгiлiк (бiрыңғай) нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмiмен оларды бекiткен органдар жүзеге асырады. 
      3. Қызметкерлердiң жұмыс iстеу нормаларын орындауы үшiн жұмыс берушi қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттi.  
      4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс iстеу нормалары жеке еңбек шартына сәйкес он сегiз жасқа толмаған адамдарға арналған жұмыс уақытының ұзақтығына бара-бар қысқартылған ересек қызметкерлерге арналған жұмыс iстеу нормаларын негiзге ала отырып белгiленедi.       

Ескерту. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

76-бап. Жалақы  төлеу мерзiмдерi     

1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың бiрiншi он күндiгiнен кешiктiрiлмей төленедi. Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда көзделедi. 
      2. Жалақы төлейтiн күн демалыс немесе мереке күндерiне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргiзiледi.  
      3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде - оған тиесiлi басқа да төлемдер белгiленген мерзiмдермен салыстырғанда кешiктiрiлген кезде жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақы төлейдi. Өсiмақының мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгiленедi және төлем жүргiзiлуге тиiс болған күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептелiп төленген күнмен аяқталады.  
      4. Жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.  
      Ескерту. 76-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.       

77-бап. Жалақы  төленетiн орын

  1. Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше көзделмесе, әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде жүргiзiлуге тиiс.      
  2. 2. Тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда, тапсырысшының ұйымдарында және басқаларында) жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы қызметкердiң жалақысын жеткiзудi жұмыс берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс. 
          Ескерту. 77-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 

 

      78-бап. Қызметкердiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi     

3ейнетақы  төлемдерiн, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктiлiк пен босану жөнiндегi жәрдемақыларды және басқа да төлемдердi есептеу үшiн ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 

 

Әлеуметтік қорғаудың дамыған  жүйесі фундаментальді компания пен  нарықтық басқарудың сурапалық модемнің ерекшелігін көрсетеді. Керекті  инститтар демографиялық және экономикалық қозғамті резінде туындайтын әлеуметтік шиеленісті басуда маңызды роль атқарады.

Бір қарағанда, Еуроодак елдерідегі әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйесінде ұқсастықтарға  қарағанда айырмашылықтары көбірек. Себебі, әр мемлекет әлеуметтік саясатты қалыптастыруда өзі таңдаған жолмен жүрді.

Әлеуметтік қорғаудың моделі әлеуметтік қамту бағдарламасының қалыптасуы мен ұйымдар ұстанымын түсіндеру  негізінде жасалған сурапалық комиссияның 1995 ж. есебіне қарағанда Еуроодақ елдерінде негізгі төрт модель бар: континентальдық, англосаксондық, скандинавиялық және оңтүстік еуропалық.

Информация о работе Басқарушылық талдаудың ақпараттық базасы және ұйымдастыру