Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 10:44, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жылқы малының басты ерекшеліктері
6
1.1
Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер
6
1.2
Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы қолданыс жағдайлары
9
2
Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
14
2.1
Қазақы жылқының негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі
14
2.2
Қазақы жылқының биологиялық белгілері және адамдар үшін пайдасы
28

Қорытынды
35

Қолданылған әдебиеттер тізімі
37

Прикрепленные файлы: 1 файл

жыл0 биол анара курсач.doc

— 483.50 Кб (Скачать документ)

Қымыз жүйке ауруларына бірден−бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.

Қымыз организмге жан−жақты әсер етеді. Ол ас қорыту органдарының , жүрек−қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыздың әсері бүкіл организмді өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процестер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді.

Бие сүті мен қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерекше. Бие сүтінен жасалған қымыз ерте заманнан белгілі және ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымыз бұл азық−түлік, бие сүтін ашыту арқылы арнайы ашытқымен алады, оның құрамына сүт қышқылдық бактерия және сүт қышқылдық ашытқылары кіреді. Тек бие сүтінен дайындаған қымыз – нағыз қымыз деп атауға болады. Нағыз дайындалған қымыздың құрамын өте жоғары жеңіл қорытылатын белоктарға бай, майларға және көмірсуларға, тағы да бағалы витаминдер комплексіне, минералды және биологиялық активті заттарға бай.

Нағыз қымыздың емдік қасиетімен бірқатар ауруларға шипа. Қымыз адам организмін жасартады, тіршілік күштерін көбейтеді, денсаулықты нығайтады, клеткалардың жаңаруына үлес қосады және бірқатар ауруларға алдын алуға көмектеседі.

Бие сүтінің жалпы белогындағы амин қышқылдарының мөлшері жөніндегі айырмашылықтар үшінші және он үшінші тәуліктегі және құлындағаннан кейін үшінші күні сауылған сүтте анық байқалады. Бұған көз жеткізу үшін ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары қалай өзгеретіндігін бақылау керек. Үшінші тәулікте сауылған сүттің жалпы белогында: лизин – 9,3%, ал 13 тәуліктегіде – 6,7%, осыған сәйкес гистидин – 2,9%, глютамин қышқылы – 1,8, треонин – 12,0, триозин – 8,0%, валин − 5%, метионин – 4,3%, аргинин – 6,2% және 6,1 болады.

Бие сүтіндегі белоктардың биологиялық және емдік қаситтері бар екендігі анықталған.

Казеин – негізінде ірімшік, сыр және т.б. құнды тағамдар дайындалады. Қазақы бие және желгіш будан сүтінде де орта есеппен казеинге қарағанда сарысу белоктары көбірек болады. Лактоферрин− полифункционалды белок. Ол антиканцерогендік эффектпен қатар, жоғары антибактериалдық, антивирустік, детоксикациялық және қабыну процесне төтеп бере алатын қасиетке ие. Сонымен қатар табиғи иммунитетті реттеп, организмде қатерлі ісіктердің пайда болуын тежейді. Лактоферрин негізінде бірнеше емдік препараттар дайындалған [16].

2000 жылдан кейінгі кезеңде  республика мал шаруашылығының  бірте бірте қайта өрлеуі байқалуда. Оның негізгі себептерінің бірі  ретінде 1998 жылғы қабылданған «Асыл  тұқымды  мал шаруашылғы  жөнінде» , 1999 жылғы қабылданған «Мал шаруашылығындағы селекциялық жетістіктерді қорғау жөнінде» заңдардың, Республика Үкіметінің 2000 жылғы 1 тамызда қабылдаған «2001−2005 жылдардағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарларының, микроорганизмдерінің тектік қорын сақтау, дамыту және пайдалану» атты 1167 санды қаулысының, 2001 жылдың 14 желтоқсанында қабылданған «Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнінде заңға өзгертулер мен толықтырулар» сияқты мемлекеттік деңгейде қабылданған оң шешімдерді атауға болады.

Жылқы шаруашылығын тиімді дамыту үшін малды есепке алудың және сәйкестендірудің қазіргі заманғы әдістері, селекциялық−генетикалық жұмыстың халықаралық әдістері енгізіледі. Қазақстанда жылқы малының сипаттамасын болжауға мүмкіндік беретін ұрпақтық көрсеткішті индекстік бағалаудың әлемдік тәжірибесі енгізілуде. Осының бәрі малды өсірудің, соның ішінде тауарлы табынды өсірудің процесін жедел мерзімде ұйымдастыруға және ұйымдастыру мен қаржылық шығынның аз жұмсалуына мүмкіндік береді. ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі өз кезегінде лизинг бағдарламаларын жем−шөп дайындау техникасына және ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру бойынша мамандандырылған техникаға қайта бағдарлау арқылы қайта қарастырды. Жобаның айналасындағы іс−шаралардан басқа ветеринариялық саулықты қамтамасыз ету бойынша, малды есепке алу жүйесін енгізу бойынша жүйелі қосымша шараларды қабылдауы қажет. Осы жобаны тиімді іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде қолданыстағы субсидиялау бағдарламасын қайта бағдарлау және үйлестіру қажет.

Қазақы жылқылардың қарындары қоректік заттарды тез және қарқынды қорытуға бейім. Сол себепті олардың қарнында сөл бөлетін безді бөліктер аймағы едәуір үлкенірек. Қазақы жылқылардығ қарнында бактериялық ашу процесі мардымды жүретін безсіз бөлік көбейген. Сыртқы ортаның, әсіресе қоректік заттардың құрамы мен құнарлылығының әсерінен тек қарынның құрылысы ғана емес, оның сөл бөлу қабілеті де өзгереді. Сұлы, пішен сияқты азықтар қарын сөлінің бөлінуін баяу, ал қияр, сұлы жармасы, бидай кебегі өте тез күшейтеді. Жылқыда қарын сөлі үздіксіз бөлінеді және оның бөліну қарқыны организмнің физиологиялық жағдайларына өзгереді. Қазақы жылқының қарынының кілегей қабығындағы аймақтардың пішіні, көлемі рацион құрамына қарай бейімделе өзгереді. Таза шөп, жемге көшкенге дейін барлық тұқым жылқысының қарындары пшін және кілегей қабығының құрылысы жағынан өте ұқсас келеді. Ал өсімдік тектес азыққа көшкеннен кейін қарынның құрылысында айтарлықтай өзгерістер пайда болып, оның кілегей қабығындағы безді және безсіз бөліктердің арақатынасы өзгере бастайды [17].

Жылқы еті — аса бағалы тағамдық шикізат, жылқы өнімі. Жылқы еті бірінші, екінші санаттағы және құлын еті деп үшке бөлінеді. 1 санаттағы жылқы етінің құрамында 69,6 % су, 19,5% белок, 9,9% май, 1,0% күл болса, екінші санаттағы жылқы етінде 73,9 % су, 20,9% белок, 4,1% май, 1,1% күл бар. Жылқы етінен көптеген ұлттық тағамдар жасалады. жемшөп түрлері әсер етеді.

Мал шаруашылығының басты салалары – жылқы шаруашылығы. Бұл шаруашылықтың адаммен байланысты дамып қалыптасқан. Жылқы шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы, бұл шаруашылықпен дүние жүзінің түгелдей халықтары айналысады. Әр елде әр түрлі аймақтарда әр шаруашылықпен айналысатын өзіндік ерекшеліктері бар.

Бие сүтіндегі белоктардың биологиялық және емдік қаситтері ерекше. Казеин негізінде ірімшік, сыр және т.б. құнды тағамдар дайындалады. Қазақы бие және желгіш будан сүтінде де орта есеппен казеинге қарағанда сарысу белоктары көбірек болады. Лактоферрин − полифункционалды белок. Ол антиканцерогендік эффектпен қатар, жоғары антибактериалдық, антивирустік, детоксикациялық және қабыну процесне төтеп бере алатын қасиетке ие. Сонымен қатар табиғи иммунитетті реттеп, организмде қатерлі ісіктердің пайда болуын тежейді. Лактоферрин негізінде бірнеше емдік препараттар дайындалған. Лактоферинді қолдану бағыттары:

 − күйіктерде;

 − артритте;

 − ісік ауруларында;

 − асқорыту мүшелерінің ауруларына.

 Мал шаруашылығында бие сүті өндірісінің маңызы үлкен, біріншіден, 2012 жылғы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі бие сүті өндірісінің үлесі 24,2%, ал мал шаруашылығы өніміндегі үлесі 42,4% болса, екіншіден,  сүт адамзаттың тұтынуындағы міндетті және айырбасталмайтын тағам. Соңғы жылдары республикамызда сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері нарығының дамуы байқалуда. Оның жыл сайынғы орташа өсімі 7,9% құрап отыр.

Әр тұқымдағы бие сүтінің шипалы қасиеті де түрлі сапалық ерекшелікке ие. Оның ерекше химиялық құрамына байланысты оның өте жоғары емдік қасиет көрсетеді. Бие сүтімен өскен балалардың денсаулығы, физикалық тұлғасы және ақыл−ойы зерек өте жақсы болып өседі. Себебі, бие сүтінде, сиыр сүтімен салыстырғанда көп мөлшерде қант галактоза, аминоқанттар болады. Ол баланың ми клеткаларының дамуына әсер етеді.

Әр тұқымдағы бие сүтінің тағамдық сапасы оның құрамында белок, май, көмірсу болумен ған емес, сонымен қатар витаминдерге де байланысты. Әр түрлі авторлардың айтуына С – витамині 8,9−33,3 мг/100 г. өнімде, В1 – витамині 291−454 мкг/л, В2 – витамині 261−416 мкг/л, В3 – витамині 229 мкг/л дейін кездеседі. Бие сүтінде сонымен қатар, табиғи құрамы толық зерттелмеген кейбір ферменттер кездеседі. Бие сүтінің лактозасы сиыр сүтімен салыстырғанда тез ыдырайтыны белгілі. Бие сүтінде липаза және редуктаза, аспартат және аланинаминотрансфераза ферменттері кездеседі.

Тұжырымдайтын болсақ, биенің сүтін қолға алу, одан сапалы өнімдер дайындау – бүгінде көптеген шаруашылықтардың белсенді түрде қолға алып отырған әрекеттерінің қатарынан орын алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс−тіршілігі, өмір−салты, өнер−білімі, әдет−ғұрпы, салт−санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.

Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ.

Курстық  жұмыс бойынша жасалған тұжырымдар:

1.Қазақстандағы қазақы жылқы  мал шаруашылығын дамыту – ел үшін өзекті әрекет.

2.Қазақы  мал шаруашылығының қазіргі жағдайына зер салу – қазақстандық әр азаматтың парызы.

3.Қазақы жылқы  мал шаруашылығы жақсы өркендеген елдердің тәжірибесіне үңіле отырып, нәтижелі әрекеттерді іске асыру –мал шаруашылығын дамытудың негізгі алғышарты.

4.Әр облыста, әр ауданда  қазақы жылқы мал шаруашылығын күту, өсіру жағдайларына қатысты лайықты шараларды қолға алу – аталмыш шаруашылықтағы әр маманның, әр азаматтың парызы.

Қазақы жылқы шаруашылығын тиімді дамыту үшін малды есепке алудың және сәйкестендірудің қазіргі заманғы әдістері, селекциялық−генетикалық жұмыстың халықаралық әдістері енгізіледі. Қазақстанда қазақы жылқы малының сипаттамасын болжауға мүмкіндік беретін ұрпақтық көрсеткішті индекстік бағалаудың әлемдік тәжірибесі енгізілуде. ҚазАгро ұлттық басқарушы холдингі өз кезегінде лизинг бағдарламаларын жем−шөп дайындау техникасына және ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру бойынша мамандандырылған техникаға қайта бағдарлау арқылы қайта қарастырды. Жобаның айналасындағы іс−шаралардан басқа ветеринариялық саулықты қамтамасыз ету бойынша, малды есепке алу жүйесін енгізу бойынша жүйелі қосымша шараларды қабылдауы қажет. Осы жобаны тиімді іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде қолданыстағы субсидиялау бағдарламасын қайта бағдарлау және үйлестіру қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер тізімі

 

 

1.Несіпбаев Т. Жануарлар  физиологиясы. – Алматы:  Қайнар, 2005. – 352 бет.

2. Қазақ жылқысының тарихы. – Алматы:  Алматыкітап, 2010. – 596 б.1. .

3. Қазақтың әдеттік құқығындағы  жылқының рөлі // Отан тарихы. − 2008. − № 1. − 48−57−бб.

4. Аспандияров Д. Ш. Төрт түліктің қасиеті (қазақтың мал шаруашылығына байланысты әдет−ғұрыптары). – Алматы: Қазбаспа−ҚТ, 2005. (Ж.М. Сейтқұловамен бірге). 191−б.

5.Төлеубекова Р.К. Жылқы малын өсірудің негіздері. 10− дәріс. – Алматы, 1991. – 254 бет.

6.Бегалиев Т.Б. Мал шаруашылығы. Қысқаша лекциялар курсы. – Тараз, 2002. – 156 бет.

7.Сапарова Ш.Е. Жылқы өнімдері  тағамдары – ұлттық тәрбие құралы. «Қазақстандағы тарихи−мәдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы». Марғұлан оқулары . –  Жезқазған, ЖезУ, 2000. –  218−224 б.

8.Сәлімова Е.Е. Жылқы  өнімдері  бойынша бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың негізгі тәсілдері  мен механизмдері (мақала) баспа  «Саясат−POLICY» №4, Алматы,. 2009, б.42−44.

9. Өстеміров К. Кәсіптік  оқыту әдістемесі: оқулық. – Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006 – 240 бет.

10. Сапарбекова Ж. Д. Жылқы халық медицинасында // Денсаулық. − 2009. − № 6−7. 15−16−бб.

11.Нұрбеков Д. Е. Қазақтың мал патшасы – жылқыға байланысты әдет−ғұрыптары мен наным−сенімдері // Қазақтың әдет−ғұрыптары мен салт−дәстүрлері: Өткендегісі және бүгіні. Мақалалар жинағы. – Алматы: Ғылым, − 2001. − 201−222−бб.

12. Үсенова Л. Жылқының Жеті жарғы әдеттік құқығындағы орны мен рөлі // Қазақтың ата заңдары. − Алматы: «Жеті жарғы», 2009. – 9, т. − 527−538−бб.

13. Хасанов Ш.Е. Түркі өркениетіндегі жылқының ролі // «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің ролі» атты халықаралық ғылыми симпозиум материалдары. 28−29 сәуір. − 2009. − Алматы. − 126−131−бб.

14.Сапаров  А. Б. Жылқы малын күту технологиясы (хабарлама 2) //ОңҚаз.ҒТХО ақпар.парағы. –Шымкент, 2001 −8 б.

15.Мағауина Б. О. А. Қымыз дайындау тәсілдері //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2002. −№7. –Б.44−45.

16. Нақыпбекова Н.Е. Қымыз дайындау //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2002. −№10. –Б.59−61.

17.Мұратов  Жылқы шаруашылығы технологиясы. –Шымкент: Гүлназ, 2003. −132 б.

18. Құрманбек Г.Ш. Жылқы етінен жасалатын тағамдар //Жаршы. –Алматы: Бастау, 2002. −№12. –Б.47.

19.  Орақова А. Жылқы – киелі жануар // Ақиқат.−2005. −№9. −  6−9 б.

20.Төрт түліктің қасиеті (қазақтың мал шаруашылығына байланысты әдет−ғұрыптары). – Алматы: Қазбаспа−ҚТ, 2005. (Ж.М. Сейтқұловамен бірге). 191−б.

21. Исхан Қайрат Жәлелұлы. Жылқы шаруашылығы (оқу құралы) «Нур-Принт» баспа орталығы, Алматы, 2009 жыл. 210 бет.

 

 

 


Информация о работе Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері