Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 10:44, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.
Кіріспе
4
1
Жылқы малының басты ерекшеліктері
6
1.1
Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер
6
1.2
Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы қолданыс жағдайлары
9
2
Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
14
2.1
Қазақы жылқының негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі
14
2.2
Қазақы жылқының биологиялық белгілері және адамдар үшін пайдасы
28
Қорытынды
35
Қолданылған әдебиеттер тізімі
37
Қазақы жылқының жал−құйрығы қою, түсі әр түрлі болады. Мұнда көбінесе торы, жирен, қара көк, құла түстілері кездеседі. Жүні қалың, суыққа тоңбайды. Биелері тебінде бағылғанына қарамастан, сүтті келеді, Шұрайлы жайылымдарда бағылған әр сауын биеден құлындағаннан кейінгі алғашқы айларда орта есеппен тәулігіне 12 – 15 литр сүт сауылады. Еттілігі жөнінен қазақы жылқының көшім, дон, қостанай жылқыларын буданының үлкен ерекшеліктері бар. Жайып семіртуден кейін олардың орташа тірілей салмағы 450 килограмм және одан да көп болады [6].
Ұланғайыр алып даланы, орасан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс−тіршілігі, салт−дәстүрі, әдет−ғұрыпы, салт−санасы, өнер−білімі, бар салтанаты, яғни, бір сөзбен айтқанда, бүкіл ғұмырлық мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатыр деп айтуға болады. Ғасыр бойы табиғи селекция үрдісі жүруінің арқасында дене бітімі шымыр, ауа райының қатаң жағдайларына төзімді, әрі жем−шөп талғамайтын жылқылардың түрлері де дүниеге келді. Жылқы малы сұрыпталып, ғылыми−зерттеулер оң нәтиже бергенін ешкім жоққа шығармайды. 1916 жылға дейін Қазақстанда 4 млн 640 мың жылқы болыпты. Ал кейінгі соңғы жылдың деректеріне көз жүгіртсек, елімізде ұзын саны 1 миллион 600 мың жылқы бар. Әр жыл сайын бұған 4−5 пайыз жылқы қосылады. Бірақ жылқы малы көбейіп жатқан жоқ. Себебі асыл тұқымды ақалтеке, дончан, т.б. тұқымдар азайып жатыр. Дүние жүзінде бұл түліктің 300−ден астам түрі болса, соның 7−еуі Қазақстанда өсіріледі. Олар Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында жақсы дамып, жақсы көрсеткішке қол жеткізгенімен кеңестік уақытпен салыстыруға келмейді. Ол кезде Қазақстанда жылқы шаруашылығына арналып, 19 асыл тұқым жылқы зауыты тұрақты жұмыс істеп, асылдандырылған асыл тұқымды жылқы фермалары құрылды. Мал басын көбейтуге аса мән берілді. Жылқының стратегиялық маңызы ескеріліп, әскерге, ауыл шаруашылығының жұмысына жүйелі селекция жүрді. Сонымен бірге жылқы еті өзге ет өнімдері ішінде үлесі 80 пайызды құраса, бие сүті сиыр сүтінен кейін екінші орында тұратын. Қазір ондай негіз аз. Көп шаруашылық жекешелендіріліп кетті. Ал қазіргі қымызға келер болсақ, оны тек өндіріп ғана қоймай, халықаралық стандарттың талабына сай өңдеп, экспортқа шығаруды міндеттеу қажет. Қымызбен айналысатын қожалықтар мен жеке адамдарға Үкімет тарапынан қолдауқажет. Сіңімді ет пен қасиетті қымыз қазақтың брэндіне айналуы тиіс деп ойлаймыз, бірақ іске аспай жатыр.
Қазақы жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1−ші және 5−ші саусағы мүлдем болмайды, 2−ші және 4−ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миы біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады. Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары − үлкен жылдамдық пен сақтылық.
Қазақ жылқыларының жақсы семіртілген жабы түріндегілерінің таза салмағы 3,5 жаста 430 килограмды құрайды, ішкі құрылысы тазартылған соң – 240 килограмды құрайды, ішкі қазы – 5 килограмды құрайды, тушадағы сүйектердің шығуы – 14,5, майы – 13,8 пайыз.
Әсіресе, бұл тұқымдағы жылқылар еттің өнімділігінің жоғары көрсеткішіне ие, жергілікті табиғат жайылымдық жағдайларына бейімделген. Жақсы нәтижелерді алуда жергілікті жабы тұқымдастардың пайдасы зор. Қазақтың аталмыш жылқыларының түрлері өсу барысындағы жоғары энергияға ие, салмақты да жақсы қосады. Семірту кезінде (50—60 күн) бұндай жылқылардың орташа сөткелік салмағы 1 килограмнан асады. Сол сияқты бордақылау мен семіртуге қолайлы деп саналатындары – адайлық және күшім тұқымындағы жылқылар [7].
Майдың еттегі құрамы жылқыларда жасына қарай өзгереді. Жабы тұқымындағы алты айлық құлындардың тушасында майдың мөлшері − 2,64 пайыз, ал 1,5−жастағыларда — 3,60, 2 жастағыларында — 4,85, 2,5 жастағыларында — 6,1, ал 3 жастағыларда − 10,1 пайыз тушаның салмағынан. Ұлттық кулинарлық өнімдер (қазы, қарта, жал, жая, шұжык) майлы ет керек, майлы жылқы етіне деген сұраныс республика бойынша артуда.
Қазақы жылқыларының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтың жабы жылқысы қазақпен бірге жасасып келеді. Жүйрік ат ұстау атадан балаға жалғасқан. Осыдан барып, «Ат – ердің қанаты», «Ат – жеткізер мұратқа» деген мақал−мәтелдің шығуы бекер емес. Қазақтың жабы жылқысы шаппайды, бірақ шыдамды келеді. Жабы деген табиғаттың қатал сынына да төтеп береді, әрі төзімді, тебінге мықты жануар. Жер жүзіндегі жылқылардың ішінде қазақ жылқыларында, мұғалжарда алғашқы жабайы жылқы тұқымының бірінші гені барын анықтаған. Басқа тұқымдарда бұл ген жоқ. Қазақ жылқысының шыдамдылығы сол – алғашқы жабайы жылқының генінің барлығы сақталған. Ол тарпаңнан қалған. Ертеде қазақтар жабайы тарпаңдарға бие қосып, тұқым алған. Сол жабайы жылқылардан қазіргі қазақ жылқылары. Оның жұрнақтары біздің жылқыларда кездеседі.
Қазақстан табиғатына сай, заман мүддесі мен мүмкіндігіне бейімдей сұрыптаудың нәтижесінде қалыптасқан жергілікті тұқым. Салт міну, жүк тасу, ет пен сүт өңдіру үшін өсіріледі. Ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, жал−құйрығы қою, мойны жуан, арқасы берік, жұмыр денелі, жатаған, аяқтары сіңірлі, тұяқтары шымыр. Қазақы жылқының кейбір аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне және басқа жылқы тұқымдарының ықпалына байланысты қалыптасқан бірнеше түрлері (Адай жылқысы, Жабы) бар.
Республикада әсіресе жабы көп. Мұнда 317 мың қазақы жылқы бар (1980), оның 47,7 мыңы − таза тұқымды. Түсі: торы, жирен, құла, қарагер, сары, т.б. Басы ірі, тұрқы ұзын, алқымы кең, сирағы қысқа, сом денелі мал. Шоқтығына дейінгі биіктігі−144 см(айғыры), тұрқы−152 см, кеуде орамы−179 см, жіліншік орамы− 20 см; салмағы− 600 кг. Шоқтығына дейінгі биіктігі−143 см(биесі), тұрқы−149 см, кеуде орамы−178 см, жіліншік орамы− 187 см; салмағы− 550 кг. Ет түсімі 54−60%, 100 биеден 90−95 құлын алынады. Таңдау үйірлері Мұғалжар, Талды, Қызылорда облысының Басым жылқы зауыттарында. Қазақы жылқыны одан әрі жақсарта түсу жұмысымен Қазақ қой шаруашылығы технология ғылыми−зерттеу институты шұғылданады [8].
Қазіргі таңда еліміздің жылқы шаруашылығындағы басты қызығушылық ет пен сүт өнімдерін мол беретін, өндіріс шығыны аз қазақы жылқыны өсіру. Жабы типті қазақы жылқы, басқа жылқыларға қарағанда, өзіне тән ерекшеліктерімен артық: жыл бойы жайылымда тебіндеп жайылуға бейімділігімен, ірілігімен және тірілей жоғары салмағымен ерекшеленеді. Қазақы жылқының басы дөрекі, жалпақ бетті, жақ сүйектері жетілген, мойны бұлшық етті, қысқа, тұрқы ұзындау, орта бойлы, арқасы тік, белі мықты әрі жалпақ, сауыры етпен білеуленген, аяқтары қысқа да сүйекті, артқы аяқтары түсіңкі, жалы қою, қылы ірі талшықты, терісі қалың, жүні қыс айларында түкті, ұзындығы 4−5 см−ге дейін келеді. Қоңдылығы жоғары жабы типті қазақы жылқының тірілей салмағы 450−530 кг−ға дейін жетеді. Көктемгі және күзгі жайып семірту кезінде тез қоң алу қабілеті өте жоғары. Биелері тәулігіне орташа есеппен 10−15 литр, ал ең үздіктері құлынның емген сүтімен есептегенде 21 литрге дейін сүт береді. Жылқының адам бойына күш, рух сыйлайтын ала−бөтен қасиеті бар. Ол – намыс, ол – ұлттық сана−сезім, ол – тектілік рухы еді. Қазақ үшін бұл – қазіргі уақытта тіптен қажет.
Кезінде Қазақстандағы табынды жылқы шаруашылығының сапасын арттыру мақсатында, селекционер−ғалымдар тұқымаралық будандастыру жұмыстарын кеңінен қолданды. Тіршілік ету ортасына жақсы бейімделген жергілікті қазақы жылқының биелерін, шабысы жақсы, ірі денелі зауыттық жылқы тұқымдарының айғырларымен шағылыстыру арқылы қазақы жылқыларға қарағанда ірілеу келген, бейімделу қабілеті кем түспейтін будандар ала бастады. Осындай селекциялық жұмыстар нәтижесінде, ғылыми түрде айтсақ, жергілікті қазақы биелерді, таза қанды мініс, дон, желісті тұқымдардың аталықтарымен күрделі зауыттық будандастыру арқылы алынған ұрпақтарын «өзара өсіру» негізінде жаңа көшім тұқымдық жылқыларын шығарды. Алынған будандарды ұрпақтан−ұрпаққа жетілдіре отырып, 1976 жылы көшім жылқы тұқымы болып бекіді. Қазір көшім тұқымының негізгі топтары Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында өсіріледі. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің №156 бұйрығымен мұғалжар тұқымы бекіді. Бұл тұқымның шығуына, тағы да қазақы жылқының қатысы бар. Мұғалжар тұқымын шығаруда, жергілікті қазақы жылқының ең үздік жабы типті айғырларын тұқымдық және өнімдік қасиеттеріне қарай тиянақты іріктеп алып, Қазақстанның әр аймағына тарата отырып, таза тұқымды мал өсіру әдісімен көбейтіп жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Қазіргі таңда мұғалжар тұқымының ішінде өсіру ортасына және өнімдік деңгейіне байланысты төрт генетикалық типке бөлінген жылқылар өсіріледі. Олар Қызылорда облысының Арал ауданында ЖШС «Құланды» жылқы зауытында өсірілетін құланды типі, Қарағанды облысы, Шет ауданында «Шолақ Еспе» жылқы зауытында Қожамберді типі, Ақтөбе облысының асылтұқымды шаруа қожалықтарында қайыңды және ембі тип жылқылары өсіріліп жатыр. Бұл жылқылардың генетикалық құрылымдары анықталып, одан әрі оларды жетілдіру де жоспарлы жүргізіліп келеді. Аталған барлық типтің ішінде құнды тұқымдық айғырлардан бастау алатын, ата−тегінің шежіресі анықталып қаланған ұрпақтарынан зауыттық аталық іздері бар [9].
Тәуелсіздікке «тұлпар ізімен» жеткен қазақ халқы үшін, қазіргі таңда жылқы шаруашылығының орны бөлек. Әрине, кешегі кеңестік кезеңге дейінгі қазақтың сайын даласында қаншама табын жылқы еркіндікте жүрді. Қазақ халқының сол кездегі байлығы да осы – жылқы еді. Жабы типті қазақы жылқымен асылдандыру жұмыстары Павлодар (Кереку), Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі жүргізіліп келеді. Асылдандырудың басты бағыты осы жылқыларды тиянақты іріктеу мен жұптастыра отырып, әрбір аймақтың табиғи−климаттық жағдайына байланысты ерекшеленетін өзіндік зауыттық типтерін, аталық іздері мен аналық ұяларын шығару. Павлодар (Кереку) облысында жабы типті қазақы жылқының селеті зауыттық типі апробацияланды. «Алтай Қарпық − Сайдалы Сарытоқа» шаруа қожалығында өсіріледі.
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында жергілікті қазақы жылқылардың аналықтарын кеңестік ауыр жүк тартатын тұқымның аталықтарымен жай зауыттық будандастыру негізінде қазақы жылқының қаба етті тип жылқылары шығарылды. Қазіргі таңда Қарой ауылындағы «Қызылашы» шаруақожалығында өсіріледі. Бұл жылқылардың тірілей салмағы мен дене өлшемдері тұқымдық айғырларында орташа есеппен шоқтық биіктігі 147,0 см; тұрқының ұзындығы 153,0 см; кеуде орамы 188,0 см; жіліншік орамы 21,5 см және тірілей салмағы 540−560 кг−ға тең. Алайда қазіргі уақытта бұл жылқылардың саны азайып кетті. Асылдандыру жұмыстары қаражаттың жоқтығынан жүргізілмей жатыр. Жылқылардың негізгілері әрбір шаруашылыққа бөлініп, жойылып кету алдында тұр. Егер Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы қолға алып, қаражат жағынан көмек берсе, бұл жылқыларды қалпына келтіруге болады.
Қазақстанның алуан түрлі табиғи климаттық жағдайына байланысты бөлінген, қазақы жылқылардың ішінде әлі де толық тұқым болып бекімеген тұқымдық топтар (отродье) баршылық. Оның ішінде Маңғыстау облысы мен Атырау облысының бірқатар аудандарында өсірілетін адай жылқысы. Адай жылқысының экстерьерлік ерекшеліктері: басы біршама жеңіл, дене тұрқы шағын, шоқтығы ерекше, арқасы тік, сауыры қақпақ тәрізді етсіздеу, аяқтары сидам, жіңішке, сіңірлері жақсы жетілген. Бұл жылқылардың шағын денелі болып қалыптасуына түркменнің ахалтекесі, иомуд және қарабайыр жылқылар әсер етсе, екінші жағынан жайылым жағдайының жұтаңдығы да көп әсер етті. Адай жылқысы салт мінуге өте жарамды, шыдамды келеді [10].
Адай жылқысымен 60−70 жылдары А.И.Иманғалиев жүйелі түрде жұмыс жүргізді. Уақытында адай жылқысын зерттеумен айналысқан Я.Я.Полферов (1873), И.Н.Чашкин мен Н.И.Кузьмин (1939), А.В.Мишарев (1949), Б.Х.Садықов (1959) әртүлі қашықтықтағы шабыста төзімділігіне аса мән берді. А.Иманғалиев адай жылқысы тай−құлындарының өсіп жетілу заңдылықтарын, ет−сүт өнімділігін, әртүрлі қашықтықтағы шабыс төзімділігін зерттеді. Адай жылқысын жетілдіру нәтижесінде Өрендік, Еңсеген−торы, Қибаскөк, Бекес−торы, Есполай−торы, Есполай−жирен, Ізтұрған зауыттық аталық іздері қаланды. Қазіргі таңда осы адай жылқысының генеалогиялық және генетикалық құрылымдарын қайта зерттей отырып, толық бір тұқым ретінде бекуіне жан−жақты жұмыс жасау қажет болып отыр.
Алматы облысы Алакөл ауданының таулы аймағында қазақы жылқының найман тұқымдық тобының генетикалық мүмкіншілігін арттыру мақсатында асылдандыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жылқылардың дені – Алакөл ауданының ЖШС «Тоқжайлау» шаруашылығында шоғырланған.
Тағы бір айта кететін жайт, қазақы жылқының биелерін дон, таза қанды мініс, орлов желісті және стрелец тұқымдарының айғырларымен күрделі будандастыру негізінде алынған ұнамды тип будандарын өзара өсіру барысында Қазақстанда 1956 жылы бірінші рет спорттық бағыттағы қостанай тұқымы шығарылды. Қазір қостанай тұқымының қатысуымен «қазақ тұлпары» тұқымын шығару бағытында жұмыс жүргізілуде. Қазақ өмірімен біте қайнасқан жылқының сырын біздің халықтай білетіндер кемде−кем. Құнды мәліметтерді өзгелердей қағазға қаттамаса да, қазыналы қарттарымыз көкірегінде жаттап, құпиясын бұзбай сақтап, ұрпақтан−ұрпаққа аманаттады. Қазақ жылқы тұқымдарының дәл өзі болмаса да, көзі бізге жетті.
Қазіргі таңда ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми зерттеу институты» ғылыми қызметкерлері өнімді бағыттағы жылқыларды бағып−күту технологиясы бойынша жасалған ғылыми тұжырымдарды кеңінен қолдана отырып, отандық жылқы тұқымдарын жоспарлы түрде асылдандыру жұмыстарын жүргізіп, жылқыларды жетілдірумен қатар, олардың арасынан жоғары өнімді жаңа тип, аталық із бен аналық ұя шығарумен айналысуда. Жылқы қозғалысты, белсенділікті қалайтын жануар ғой, олай болса, бұл жыл белсенді жобаларды іске асырып, тез қимылдап табысқа кенеліп, жедел желіп бақытқа жететін мезгіл деп қабылдағанымыз жөн.
Қазақы жылқыда тоқ ішектің қабығында бүрлер жоқ та, көптеген бокал тәрізді клетка болады. Ас қорыту жолының бұл бөлігінде аз ғана шырын (сөл) бөлінеді және оның құрамында көп мөлшерде кілегей кездеседі. Сөлдің сілтілік көрсеткіші минус 7,6, минус 9,0. Тоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөліктерінде қорытылып үлгерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Бұл процесс ащы ішектен келіп түскен ферменттер мен мұндағы алуан түрлі микроорганизмдердің (1 г химуста 15 млрд. бактерия болады) әсерімен жүреді. Ішектің бұл бөлімінде қорытылмаған белок қалдықтары шіріп, углеводтар ашиды. Углеводтардың ашу процесі кезінде ұшпалы май қышқылдарының едәуір мөлшері түзіледі.
Бүйенде, мес қарындағы сияқты белоктар ыдырап, амин қышқылдары қайта түзіліп, аммиак пайда болып, бактерия белоктары синтезделеді, белокка жатпайтын азотты заттар сорылып және қайтадан бөлініп отырады. Бүйен мен мес қарын арасындағы теңгерме қатынас қалыптасады: мес қарындағы биохимиялық және микробиологиялық процестер күшейсе, олар бүйенде бәсеңсиді және керісінше бұл процестер мес қарында бәсеңсісе, бүйенде – күшейеді. Бүйен микроорганизмдері түрлі амин қышқылдарды да түзуге қатынасады. Бүйен мен қан айналу жүйесінің арасында алмасу процесі қарқынды жүреді. Бүйен қандағы үглеводтардың ыдырау өнімдерінің, амин қышқылдарының құрамдық сипатын сақтауда маңызды роль атқарады [11].
Информация о работе Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері