Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2015 в 10:44, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Содержание

Кіріспе
4
1
Жылқы малының басты ерекшеліктері
6
1.1
Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер
6
1.2
Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы қолданыс жағдайлары
9
2
Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері
14
2.1
Қазақы жылқының негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі
14
2.2
Қазақы жылқының биологиялық белгілері және адамдар үшін пайдасы
28

Қорытынды
35

Қолданылған әдебиеттер тізімі
37

Прикрепленные файлы: 1 файл

жыл0 биол анара курсач.doc

— 483.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

4

1

Жылқы малының басты ерекшеліктері

6

1.1

Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер

6

1.2

Жылқылардың түрлері және шаруашылықтағы  қолданыс жағдайлары

9

2

Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері

14

2.1

Қазақы жылқының негізгі биологиялық белгілері мен шаруашылықтағы қызметі

14

2.2

Қазақы жылқының биологиялық белгілері және адамдар үшін пайдасы

28

 

Қорытынды

35

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

37


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған.

Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша қасиетін жақсы танып, терең зердерлеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру қалпы мен болмысына қатысты көптеген тұрақты сөз тіркестерін жылқы түлігіне қатысты қалыптастырған. Енді, соның бірнешеуін еске түсірсем, дегдар жұртым өзгесін өзі жетелеп әкетеді. Мәселен, жұмылған жұдырықтай жиын жүретін, саяғы аз, айрандай ұйып, бірлік−берекесі артқан әулетті торы айғырдың үйіріндей деп әспеттеді. «Күш−қайратың қайнап, әл−қуатың тасып тұрған жастық шағыңда ел−жер аралап, қыр−сырына қанық, көпті көріп көзінді аш» деген ұғымды атың барда жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп деп мақалдады. Ал адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасыретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырын ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр деп қайырса, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау, біртоға бәйбішені бес биенің сабасындай деп береке, құтқа балады.

Жылқы – халық өнерінің басты бір тұлғасы. Оның жүрісі мен дүбірі – ән мен күйде, екпіні – эпоста, кескін−келбеті – бейнелеу өнерінде бедерленіп отырған. Бұл ерекшелік – халқымыздың жадында жылқы рухының мәңгі сақталып, біте қайнасып келе жатқандығын көрсетеді. Қазақ түсінігінде жылқы – тектілік пен батырлықтың, достық пен адалдықтың, сұлулық пен асқақтықтың, бостандық пен егемендіктің символы. Ежелден бостандық аңсаған қазақ халқы еркіндік рухын жылқыдан алған. Сол себепті Елтаңбамызда күлте жалы төгілген жылқы−пырақ бейнесі кескінделген. Мұның өзі ұлттық идеямыз бен мемлекеттік идеялогиямыздың квинтэссенциясы тұлпар болуға тиіс дегенді меңзейді.

Қазақ тумысынан жылқымен жағаласып, жылқымен жарысып өскен. Жер жүзінде жылқының жасын, мінез−құлқын, түр−түсін, қадыр−қаиетін, түп тұқиянын өзгеден артық білетін бір жұрт болса, ол – қазақ. Соның үшін де қазақ тілінде жылқыға байланысты, соның ішінде тек атқа байланысты «ер қанаты− ат; атың барда ел таны желіп жүріп; жылқының үсті – жел, сүті – ем; атты тағаласаң есек аяғын көтереді; тигізбейді қазанат қамшы, азамат жоғын білгізбейді; ат айналып қазығын табар; ат тұяғын тай басар; ат аунаған жерде түк қалар т.б. толып жатқан мақал−мәтелдер туса, «ат төбеліндей; ат бауырына түсіп; ат құлағында ойнау; атқа мінер; аттың жалында қатарлы фразеологиялық тіркестер қалыптасты.

          Жылқы шаруашылығында жаңа экономикалық  өзгерістер мал тұқымдарына ерекше талаптар қоюда. Қазақстанның көп  облысында мал шаруашылығының дамыған саласының бірі жылқы малын өсіру болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның әр облысында лайықты түрді жылқы малы шоғырланған. Жылқы малы шаруашылығын дамытудың негізгі резерві өсіріліп жатқан мал тұқымдарының өнімділік және нәсілдік қасиеттерін жетілдірумен қатар олардың жаңа өнімді мал тұқымдарын, желілерін шығару және топтарын құру да өзекті де тиімді мәселе болып саналады.       
Қазақ елі үшін  жылқы шаруашылығы ата кәсібі болса да, осы шаруашылық саласы еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінің басшысы қолдауымен, яғни арнайы жоспарланған «2016−2020 жылдарға арналған бағдарлама», «Қазақстанда жылқы малы етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобалары арқасында, тек ішкі сұранысты емес, сондай−ақ көрші елдердің жылқы етіне деген сұранысын есепке ала отырып, жылқы етін нарықтық деңгейге шығару көзделуде.

Қазақстанда жылқы малы шаруашылығын дамыту үшін өте қолайлы жағдай және етін өндіру үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Өйткені, жылқы малын өсіру үшін көптеген бос жатқан жайылымдық жерлерді пайдалануға болады. Сонымен қатар жылқы өнімі экологиялық жағынан таза болып табылады. Осы жобаларды іске асыру арқылы келешекте мал етіне деген бағаны төмендетуге болады.

Жұмыстың мақсаты: қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктерін қарастыру.

Жұмыстың міндеттері:

− қазақы жылқының негізгі белгілеріне назар аудару;

− қазақы жылқы өсіруге ұтымды ахуалдарды айқындау;.

−қазақы жылқы  мал шаруашылығын дамытудағы проблемаларын айқындау;

− қазақы жылқы етінің өнімділігіне ықпал ететін факторларға назар аудару;

    −жылқы етінің тағамдағы құндылығына қатысты зерттеу жұмыстарын іске асыру.

Жұмыстың зерттелу көздері. Жылқы шаруашылығы, оның ішінде қазақы жылқылары мәселелерін соңғы жылдары терең зерттеп, республикалық деңгейдегі жағдайын нығайтуға үлес қосқапн отандық ғалымдар: М.Кемел, Ж.Ж.Сүлейменов, Ә.М.Жұманов, Ж.С.Сүндетов, А.Б.Молдашев, Ш.К.Көпешов, Ә.Ә.Сатыбалдин, Б.Ж.Иманбердиев, Ғ.А.Қалиев, С.Д.Тәжібаев, А.А.Никонов т.б.

      Зерттеу әдістері: жүйелеу, салыстыру, талдау, статистикалық.

      Зерттеу құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттер тізімі бар.

1. Жылқы малының басты ерекшеліктері

 

 

1.1 Жылқы малына тән негізгі ерекшеліктер

 

 

Мал шаруашылығының басты салалары − жылқы малы шаруашылығы. Бұл шаруашылықтың түрі адаммен байланысты дамып қалыптасқан. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының басты саласы, бұл шаруашылықпен дүние жүзінің түгелдей халықтары айналысады. Әр елде әр түрлі аймақтарда әр шаруашылықпен айналысатын өзіндік ерекшеліктері бар.

Еліміз егемендік алғаннан бері жеке адамдардың, фермерлердің, және шаруашылықтардың жылқы бағу, жылқы өсіру, жылқы тұқымдарын асылдандыру жұмыстары күннен күнге артты. Қазіргі күні жылқы санын 5 млн−ға жеткізу жөніңде күнделікті баспасөзде мәселелер қозғалуда. Қазақстанда ХХІ ғасырдың өзінде күні бүгінге дейін 1,5 млн бастай жылқының 75−80 % бұрынғы халықтың тәсілдерімен бағылуда. Жылқы өзін−өзі қамтамасыз ететін энергия көзі, қуат күші, ешқандай жанар−жағармай тілемейді, жөндеу, күттірмейді. экономикалық жағынан тиімді. Өкінішке орай қазақтар Кеңес заманында жылқыдан шеттеліп, жатсынып қалды. Трактор мен машина жылқыны ығыстырып көбінесе арзан еттің көзіне айналдырды. Қазіргі таңда жылқыны фермерлік шаруашылықтарға жан−жақты пайдалануға халқымыздың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған тәжірибелері мен білімдері, ер−тұрман, тері ыдыстар жасау т.б. жетіспейді. Демек жылқы туралы халықтың білімін мейлінше кең насихаттау қажеттілігі туып отыр [1].

Қазақстанның қай аймағында болмасын жүйріктерді жақын жерге және алыс қашықтықтарға – аламанға шабатын деп екіге бөліп айтады. Кейде жақын жерге шабатындарды тыз етпе – ұшқыр десе, алысқа шабатындарды – қыза шабатын аламан−бәйге жүйрігі деп жатады. Ал шетел қазақтарында жүйріктерді түрге бөлудің бірнешеуі ежелден қалыптасқан, кейде жеке сыншылардың да өзіндік жүйесі болады. Бірнеше атбегілердің сөзіне қарағанда жылқы үш түрге бөлінеді:

1. Ақалақ жылқы – жауға  мінетін ат шығады, жауға мінетін жылқы бұқпа болады.

2. Ақсақал жылқы – жүйрік, тұлпарлар осы топтан шығады.

3. Бақал (мұзбүйрек) жылқы  – ең төменгі топ, шабан, шобыр  аттар. Мал қайырып мінуге, жүк  тасуға, тартуға, шаруаға пайдаланылады.

Ақсақал жылқы 10 түрге бөлінеді:

1. Арқар жүйрік – ой−қырға бірдей жүгіреді.

2. Жайран жүйрік – ой−қыр демей шабады.

3. Қоян жүйрік –  өрге  шабады, арты биік, алды аласа  келеді.

4. Түлкі жүйрік – жазыққа  шабады.

5. Күдір жүйрік – күшті  өрге шабатын жүйрікті тауға−тасқа жүгіретін күдір аңға ұқсатқан. Екі мықын – жая мен қабырғаның ортасы бір сүйем ғана болады (сүйем бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы), ал жазыққа шабатын жүйріктердің жая мен бұғанасының ортасы бір қарыс (бір қарыс шамамен 20 см). Күдір жүйрік құйрығын көтеріп шабады.

6. Шаңтимес – бірден шаба жөнеледі, зу етіп алға шығады, тыз етпе, ұшқыр.

7. Аламан жүйрік – алдыңғы  атты қуып жетіп, басып озып  отырады, алысқа шабады.

8. Төңірек жүйрік –  бұрқырап шабады. Төңіректі кейде  тесік өкпе деп те атайды. Екі  өкпесінің тұсындағы орайының ортасындағы тесіктен, аяз күндері бу шығып тұрады.

9. Желбегей – алдыңғы  екі аяғы ширатылған арқан  тәрізді елестейді, артынан қарағанда  шабынған бураның артындай төңкерілген  тұрпаты ұзын, шойыннан құйғандай  келісті келеді.

10. Қызбел (босбелбеу) – жайран бас, көзі отты, мінезі ұшқалақ, жеңілтек. Жал−құйрығы жұқа, құндыздай жылтылдаған жұмсақ жүнді. Ұшасы мен төбе сүйегі биік, түлкі тұмсық, теке мұрын, танауының ауқымы тар. Қызбелдер бәйгеге келмейді, нағыз көкпардың аты.

Созақ елінің (Оңтүстік Қазақстан) атбегілері бәйге аттарын үш топқа бөледі:

Арынды жүйрік – шүу дегенде жарқырап алға шығады, көзге тез көрінеді. Оны ұшқыр деп те атайды. Арынды жүйріктердің бағы көкпарда жанады. Салым салатын аттар сол арынды жүйріктер тобына жатады.

Ағынды жүйрік – бірқалыпты, ағып шабатын жүйрік. Ол алғашқы шабысынан танбайды, ұзаққа сілтейді, аламан бәйгеде көзге түсіп, көпшіліктің мақтауына ілігеді.

Сарынды жүйрік – үдемелі жүйрік, айқай−шуды естігенде, дүбірлі шабыс тақалғанда еліре−екілене шабатын, құлағын үнемі сарынға тігіп отыратын, бүйірі дуда қызатын жүйрік. Мұндай жүйріктер қолға сирек түседі.

Қазақстанда жылқыны пайдаланылуына және жүрісіне қарай түрге бөлу кездеседі. Мұны ең алғаш байқап жазған М. Бабаджанов. Автор қазақ жылқылары: берік, жүрдек, жүйрік (жүйрікті үшке бөледі: ұшқыр, қарғыншыл, аламан−жүйрік), аяңшыл, жорға. Бұл жерде М. Бабаджановтың ұшқырын Моңғолия қазақтарының шаңтимесімен, қарғыншылды қызбелмен шендестіруге болады. Күні бүгінге дейін жүйріктердің топқа жіктелуі әлі толық қалыптасқан жоқ деп айтуға болады [2].

Қазақтың ат жарату өнерінде сыншылардың орны ерекше. Сыншы жылқының сыртқы тұрпатынан, ішкі құрылысына дейін – анатомиясын, мінез−құлқынан бастап, көңіл күйіне – психологиясын бір қарағанда білетін, қазіргі тілмен айтсақ, интеллектуалды маман. Сондықтан қазақ қоғамында сыншылардың әлеуметтік мәртебесі де жоғары болған. Қазақстанның көп жерлерінде, әсіресе Орталық, Шығыс Қазақстанда «атбегі», Батыс Қазақстанда (кіші жүзде – А.Т.) «атсейіс», болмаса «сейіс», Оңтүстік Қазақстанда «бапкер», Шыңжаңда «тапкер», «сайыскер», «дадагер» сияқты атаулар қолданылады.

Қазақтың ат баптау өнері – білімділік пен қажымай−талмай еңбексүйгіштікті талап ететін бірнеше сатыдан тұратын үрдіс.

1. Құлын, тай кезінен жүйрікті тану.

2. Құнанында үйретіп құнан бәйгеге қосу.

3. Дөненінде пішіп, табынға қоя беру.

4. Бестісінде жарату. Жаратудың өзі үш құрамдас бөлімнен тұрады:

әртүрлі домалақ дәрілер қосылған жеммен күш−қуатын молайтып жемдеу;

жаттығулар жасау (аяң, қара жарыс, шабу, т.с.с.);

терін алу.

Атты бәйгеге баптау туралы көп жазылып біраз зерттелгенімен жорға жықтыру және салыстыру өнері мүлдем қалыс қалған деуге болады. Қазақта жорғаны: екі аяқты жорға, шалдыр жорға, үш аяқты жорға, төрт аяғы тең жорға, қой жорға, жол жорға, кекірек жорға (жортақы), шапқын жорға, түйе жорға, көташар жорға, бес құлаштық жорға, он құлаштық жорға, су жорға, су төгілмес жорға, табақ тартар жорға, төкпе жорға, айдама жорға, шайқалған жорға, тайпалған жорға деп бөледі. Жорға аттары негізінен бүкіш бел, бота тірсектеу болып келеді. Жорға – туа біткен қасиет. Жорға тудыру үшін екі аяқты, не үш аяқты жорғасы бар айғырдан қою керек, не енесінің мықты жорға болғанынан қояды, көбінесе жорға енесіне тартады.

Қазақ жылқысының тұқымдары ерте кездерден − ақ пайдаланылып, көптеп өсіріліп келеді. Бұлар осіп−өну ортасына қарай әр түрлі болып келеді.

Қазақ жылқылары онша ірі болмағанымен, шыдамдылық, еттілік, сүттілік, күш−көліктік жағынан жақсы жетілген. Қөшпелі тұрмысқа сәйкес қазақ халқы жылқыларды қысы−жазы бағуға қолайлы болуы үшін, үйірлерге бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болды. Мұндай айғырлар үйірінен шашау шығармай, үйірін қорғап, ит−құсқа жегізбей қысы−жазы қориды. Бірнеше үйір жылқы қосылып, бір табын құраған. Үйіріндегі жылқылардың көп болып жүруі, аттардың үйірге қосылуы айғырға байланысты. (Бір табында 500−ден 1000−ға дейін жылқы болады. Қазақ «табын» орнына «қос» деп те атайды.

Күйлі айғыр сәуір айынан бастап 15 шілде дейін үйіріндегі биелерді бауырына алады. Осы мерзімнің ішінде биелер құлындап, күйлі биелер мен байталдар айғырдан ерте шығып кетеді. Ал қоңсы, күйі төмен биелер айғырдан кеш шығып, кенже құлындайтын болады [3].

Информация о работе Қазақы жылқылардың биологиялық ерекшеліктері