Авто ісі пәнін оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:34, реферат

Краткое описание

Кәсіпке баулу мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен ептілік беретін, оқу және еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиялармен таныстырып, олардың полутехникалық көзқарасын жоспарлы оқу үлгісі.
Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханалар мен кабинеттерді ұтымды пайдалануға, сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы мынадай түрлері қолданылады: бір жылға арналған күнтізбелік - тақырыптық және әр сабаққа арналған жоспарлау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Авто ісі.doc

— 220.50 Кб (Скачать документ)

3. Лабораторияларда, оқу кабинеттерінде, шеберханаларда оқушыларға қазіргі заманғы ғылыми өндірістің негіздері жөнінде түсінік беріледі, тәжірибелік іс-әрекетінде, мамандықты таңдап алуға даяр болады.

 

  1. Мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың техникалық шығармашылық қабілетін дамыту. Политехникалық негіздегі кәсіптік білім беру.

16. Автомобильдің  транцмиссия бөлігін оқыту әдістемесі.

Трансмиссияның  жалпы құрылымы және атқаратын қызметі  тақырыбын оқытудағы  мазмұны қозғалтқыштың иінді білігінің айналу моменті трансмисия механизімі арқылы жетекші дөңгелектеріне беріледі. Бірғана артық жетекші мосты бар автомобильдерде трансмиссияіліністен, карданды берілістен негізгі берілістен диференциалдан және шолақ остерден тұрады. Ілініс пен беріліс қорабы қозғалтқыштың тікелей артына орналасады да, онымен қосылып бір агрегат құрайды, бұлар автомобильдің рамасына орнатылады.

Жетекші мост негізгі берілістен диференциял  және шолақ осьтермен бірге қосқыштар  арқылы рессорға бекітіледі. Айнымалы моменті беріліс қорабынан жетекші мостының негізгі берілісіне кардан беріліс арқылы беріледі. Ал негізгі беріліс дифференциал мен шолақ осьтер арқылы жетекші дөңгелекті айналымға келтіреді.

Автомобильдердің жол қолайсыздығына қарай тоқтап қала бермейтін артық  және алдыңғы жетекші мостылары болады. Автомобильдің трансмиссиясы құрамына жоғарыда айтылғандарға қоса мына механизімдер: беріліс қорап, қосымша кардан білігі және алдыңғы жетекші мост кіреді.

Алдыңғы жетекші мостының негізгі  берілісі, дифференциалы және карданы бар шолақ бар шолақ осьтер болады.

 

17. Сыналы  белдікті берілістер. Сыналы жетек  белдіктері.

Сынылы  белдікті берілістер

Сына тәрізді  белдіктердің көлденең қимасы тең бүйірлі  трапецияға ұқсайды. Белдіктің жұмыс  істейтін бүйір жақтары шкик ойығына  кірзізіледі.  Сына тәрізді белдіктер резина салыстырылып тоқылған арқаннан белдіктің ортасына орналасып, оны тартушы негізгі қабат болып, табылады. Сына тәрізді белдіктер қимасы және ұзындығы бойынша стандартталған. Олар ашық берілістерде бір немесе бірнеше белдік бірге жұмыс жасайтындай етіп жасалуы мүмкін. Белдіктердің санына байланысты үлкен қуат бере алады.

Сына тәрізді  белдіктер саны  1-ден 8-ге дейін, көп  жағдайда беріліс саны 1-ден 4-ке дейін  болып келеді.

Сына тәрізді  О, А, Б, В, Г, Д, Е. пішінді белдіктердің жылдамдығы 25м/сек-тан аспайды, ал Уа,УБ,УВ,УО белдіктернің жылдамдығы-30м/сек-тан аспайды

18. Авто  ісі пәнәндегі тежеу жүйесі  тарауын оқытудың әдістемелік  ерекшелігі.

Автомобильдің тежеу жүйесінің құрылсы, атқаратын  қызметі және ақауларын анықтау, ретке келтіру, техникалық қызмет көрсету жұмыстары оқушыларға түсіндіріледі. 

Тежеу жүйесі автомобилді  тоқтату, жылдамдығын бәсеңдету  және бірқалыпты орнында ұстап тұру үшін қажет.

Тежеу жүйесінің  түрлері;

  1. Механикалық.
  2. Гидравликалық.
  3. Пневматикалық болып бөлінеді.

Автомобильдің тежеу жүйесі, басқару жүйесі сияқты, негізгі бір жүйелердің қатарына жатады. Себебі автомобильдің жүріс қауіпсіздігі, динамикалық сипаттамасы т.с.с. көптеген көрсеткіштері осы тежеу жүйесінің қызметіне көп байланысты. Жалпы автомобильді тежеу дегеніміз оның массасының кинетикалық энергиясын тежеу түріне қарай азайту немесе мүлде жою болып табылады. Ал автомобильдерді тежеудің екі түрі болады: бірі қызметтік тежеу, екіншісі авариялық тежеу.

19. Кәсіпке  баулу мұғалімінің сабаққа дайындығы.

Кәсіпке   баулу  мұғалімнің  оқушыларға  техникалық,  технологиялық  білім  мен  ептілік  беретін,  оқу  және  еңбек  үрдісін  ұйымдастыратын,  балаларды  перспективалық  технологиялармен  таныстырып,  олардың  полутехникалық көзқарасын  жоспарлы  оқу  үлгісі.

   Технологиялық  еңбек  сабақтарын  жоспарлау  оқу  үрдісін  ұйымдастырудағы  нақтылықты,  бағдарламада  қойылған  мақсаттарды  жүзеге  асыруға,  шеберханалар  мен  кабинеттерді  ұтымды  пайдалануға,  сапасы  жоғары  өнім  дайындауды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.

     Мұғалімнің сабаққа дайындығы  мынадай түрлері  қолданылады:  бір  жылға  арналған  күнтізбелік  - тақырыптық  және  әр  сабаққа  арналған  жоспарлау.  

        Күнтізбелік  -  тақырыптық  жоспар. Күнтізбелік –тақырыптық  жоспар  бағдарлама  мен әдістемелік ұсыныстарды оқып  шығып,  жыл бойына берілген  сабақтарды  бөлімдер  мен тақырыптар  бойынша ойластыру негізінде құрылады.  Жоспарлау мұғалімнің  сабақ мазмұны мен реттілігін,  мақсатын  нақты анықтауына  мүмкіндік  береді.  Күнтізбелік – тақырыптық  жоспар мұғалімнің  сабақты  материалдық  -  техникалық  жағын  (материалдар,  саймандар т. б.)көрнекі  құралдар  мен  үлестірме  материалдарын  (технологиялық  нұсқаулық  карталарды,  кестелерді,  бұйымның  үлгілерін,  сызбаларын)  дайындап  ойластыруға  мүмкіндік  жасайды.

 

20,41.

  Автоісі  пәнін оқытатын ішкі көлемі  кемінде 60м  болуы қажет.

    Автоісі пәні бойынша териялық, техникалық күтім, жолда жүру ережелері және Автомобильті пайдаланудың негізі жөнінде сабақтар өткізіледі.

    Сонымен қатар, кабинете лабараториялық жұмыстармен практикалық сабақтар өткізіледі.

    Кабинетте кемінде 35 оқушыға есептелген үстелдермен орындықтар орналасады. Үстелдердің аралық өлшемдері бойлай 80 см, ал қатары 60 см дей болады. Үстелдердің тартпалы сурмасы болуы тиіс, оқушылар орындықтарымен дәптерлерін соның ішіне қояды. Үстел беті Автомобильтің жабдықтарымен бөлшектерімен лабораториялық жұмыстар орындауына жайлы болуы тиіс. Бұл жұмыстың мазмұны құрал жабдықтардың көмегімен бөлшектеу және жинақтау болып табылады. Үстелдер еденге металл бұрыштамамен бекітіледі. Мұғалімнің жұмыс орнында кафедра және арнайы демонстрациялау орналастырылыды. Кабинеттің алдыңғы қабырғаларында сынып тақтасы және бейнефилімдер көрсеткенге экран орналасады. Тақтадан төменде плакатармен жабдықталып, ашып-жабатын механизімі қашықтан басқару тетігімен жабдықталып қойылады. Қабырға бойымен шкафтармен сөрелер қойылады. Шкафтар мен сөрелерде оқу көрнекілік құралдары, Автомобильтің жабдықтары, механизімдері, бөлшектері сақталады. 

Автоісі пәні бойынша  териялық, техникалық күтім, жолда жүру ережелері және Автомобильті пайдаланудың негізі жөнінде сабақтар өткізіледі, сондықтан әр қайсысының өзіндік кабинеттері мен шеберханалары болуы қажет.

 

21. Сыныптан  тыс сабақтарда қолданылатын  оқыту формалары. 

Оқушылардың  сыныптан  тыс  еңбектерін  ұйымдастыруы  түрлі  әдістер  мен  түрлерді  педагогика  негіздеп  қолдануды  ғана  емес,  сондай-ақ  оны  тиімді  түрде  жоспарлауды  талап  етеді.  І-ХІ  сыныптар  арасында  оқушылар  еңбегі  міндетті  болған  соң  қайсы  бір  мектеп  болмасын  сол  еңбекті  ұйымдастыруға  бағытталған  анық,  дәл  іс  жоспарының  болуы  шарт  (бұл  оқушылардың  тәрбие  жұмыстарына  тәуелді  болмауы  ти»с).  Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  процесінде  оқушылардың  жеке  тұлға  болып  қалыптасуы  мен шын болаттай  ширығуын  бақылауға қолайлы жағдай  туады.  Үйірме  жұмысына  даярлық және  жұмыс үстінде оқушыларға  бақылау орнатудың сан алуан түрі  болса,  екінші  жағынан бұл арнаулы іс-әрекет  болып табылады.  Бұл жерде оқушының   дербестік,  ұйымшылдық  көпшілік  қасиеттерін  зерттеуге  мол  мүмкіншілік  ашылады.  Еңбек  үстінде  олардың  еңбекке  бәсекеге,  өзіне  және  жолдастарына  деген  көз  қарасы  қалыптасады.  Мұндай  қарым – қатынас  еңбек  үстінде  ғана  мес  тұтас  көрініс  бере  алады.  Оқушының  жеке  тұлға  болып  қалыптасуы  да  іс-әрекет  үстінде  айқындалады.

 

22. Авто  ісі пәніндегі Басқару оргыны  тарауын оқытудың тиімді  әдістері  мен формалары. 

Рульдік басқару  механизм тақырыбын оқыту мазмұны  бойынша оқушыларға рульдік басқарудың көмегімен автомобильдің алдыңғы дөң-гелектерін (басқарылатын дөңгелектерін) өзара келістіріп бұру жүзеге асырылады да, соның нәтижесінде автомобиль қозғалы-сының бағыты өзгереді.  Рульдік басқаруда рульдік беріліс механизімдері және рульдік қозғалткыш тетіктері кіреді. Рульдік беріліс рульдік дөңгелектен, червякті валдан, роликті  валиктен, сошкадан және картерден тұрады. Рульдік дөңгелекті айналдырып бұрғанда червяк қоса айналып, сошканың роликті валигін бұрады. Сол кезде сошканың төменгі басы ілгері-кейінді қозғалып, рульдік қозғалтқышты өзіне ілестіріп әкетеді де, дөңгелекті бұрады. Алдыңғы ось, бұру рычагтары және рульдік көлденең тартпа  — рульдік трапеция деп аталатын төртбұрыш жасайды. Детальдардың былай орналасуы алдыңғы дөңгелектердің, автомобильдің осіне қатысты алғанда, әр түрлі бұрыштарға бұрылуын қамтамасыз етеді: ішкі дөңгелектің бұрылу бұрышы үлкен, ал сыртқы дөңгелектікі — кіші болуға тиіс. Тек осы жағдайда ғана алдыңғы дөңгелектер автомобиль бұрылған кездерде бүйір жаққа қарай тайғанамай, бір центрді айнала шеңберлер сызып дөңгелейтін болады.

 

23. Кәсіпке баулу  сабақтарында  оқытудың  политехниклық  қағидасын пайдалану әдісі. 

Политехникалық  білім беру қағидалары еңбек сабақтарының барысында қалыптасады. Егерде, политехникалық бағыт дамыған өндірістің теориялық және практикалық тұрғыдағы жалпы ғылыми негіздерін игеруді, оқушылардың жеке тұлғалық сапасын тәрбиелеуді қарастырса. Сонымен, политехника оқу пәні емес, ол оқу пәндері арқылы іске асады. Әсіресе физика, химия, биалогия, математика пәндері негізінде (Н.К. Крупская) делінген.

Оқыту үрдісіндегі техникалық ұғымдар  жүйесі

Техника деп біз материалды  игіліктеріді өндіру мақсатында табиғат  өнімдерін өңдеу мен игеру  үрдісінде адамның оргындарына  қосымша еңбек құралдары мен  заттарын түсінеміз. 

Оқыту үрдісіндегі технологиялық  ұғымдар жүйесі.

Технология (технологиялық  үрдіс) - өндірістік үрдістің негізгі  бөлігі. Бұл мағында технология тау  кен өндірісі, өңдеу, қайта өңдеу, тасмалдау және т.б. техникалық бақылау, кейбірде өндірістік үрдістерді сипатау  мен орындау бойынша ережелер беріледі.

Механикалық (физика – механикалық) амал еңбек затарына механикалық ықпал нәтижесінде жасалатын технологиялық үрдістерді қамтиды, мысалы; ағашты аралау, сүргілеу, жону, металды аралау, шабу, винтермен бөлшектерді біріктіру сығымдау т.б. Бұл амал мысалы әртүрлі еңбек технологиясындағы жұмыстарды орындауда кең қолданылады.

Химиялық амал реакциялар есебін еңбек затарын өзгерту бойынша технологиялық үрдістерде іске асырылады. Бұл амал химиялық өндірісте, сонымен қатар электротехникалық өндірісте кең қолданылады. Мысалы электро изолясиялық және өткізгіш материалдарды алу кезінде химиялық амалдар жартылай түрде дәнекерлеу, біріктіру мен байланысты жеке жұмыстарды орындауда  қолданылады.

Биологиялық амал еңбек затары мен микро ағзалар ықпалынан өзгеріске ұшырауын сипатайды. Биологиялық амал өндірістің көп саласында кең қолданылады мысалы тамақ өндірісінде.

Энергетикалық  амалдар электр, ядролық және қуаттың басқа түрлерін тікелей қолдануды іске асыратын технологиялық үрдістерді қамтиды. Мысалы; мыс пен алюминйді электролиз арқылы алады, көптеген бөлшектерді жоғары жиілікті токпен шыңдайды,  электростатикалық амалмен кейбір электротехникалық амалмен іске асырады, заттарды кептіру үшін электротехникалық жұмыстарды орындайды.

Оқыту үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастыру  ұғымдарның жүйесі.

Еңбек технологиясы сабақтарында өндірістік кәсіп орынды ұйымдастырудың экономикалық қағыидаларына оқыту оқушылардың экономикалық даярлығына ықпал берері сөзсіз. Қазіргі білім беру саласына қойылып отырған талаптарға сай оқушыларды өндірістік қатнастарға іс жүзінде ендіріп, олардың өндірістік тәртіп, еңбек ақы, жоспар, кәсіпорын, қоғам меншігі жөнінде пікірді қалыптастыруға жағдай жасау қажет. 

 

24. Берілістер  қорабы тақырыбын оқытудың тиімді  әдістері мен формалары. 

Автомобильдің дөңгелектегі тарту  күші айнымалы шама. Дөңгелектердің тарту  күшін өзгерте отырып,  біз  көбінесе сонымен бірге автомобильдің қозғалыс жылдамдығын өзгертеміз.

Автомобильдің айналдару моментін өзгерту және оны жеткізіп тұру үшін тісті берілістер қолданылады. Берілетін  күш бір пар шестерняда былай  өзгереді. Автомобильдің күш берілісінің санын өзгерту үшін, демек, дөңгелектердегі айналдырушы моментті өзгерту үшін конструкциясы түрліше берілістер қорабы қолданылады.

Автомобильдің берілістер қорабы дегеніміз шестернялары өзара түрлі комбинацияларда  ілінісіп,  түрлді беріліс санадар  басқыштар бере алатын тісті редуктор. Ілгері қозғалу үшін қорабтың үш тен беске дейін басқышы болуы мүмкін, ал кері шегіну үшін көбінесе қорабта бірақ басқыш болады Басқыш саны автомобильдің типіне байланысты. Сөйтіп, берілістер қорабы иінді біліктің автомобильдің жетектеуші дөңгелектеріне берілетін айналдырушы моментті өзгртеді. Мұнда механиканың негізгі ережесіне сәйкес жетектеуші дөңгелектердің оборот санының азаюы айналдырушы моменттің  ұлғаюуына, сонымен қатар дөңгелектегі тарту күшінің де ұлғаюуына әкеп соғады. Соның арқасына автомобильдің қозғалтқышы ең тиімді оборот санында жұмыс істейді де, бірсыдырғы тұрақты дерлік айналдырушы момент өндіреді, оны берілістер қорабы басқышты түрде өзгертіп отырады.

 

  1. Мұғалімнің кезекті сабаққа дайындалуы, Оқушылардың білімін бағалау.

Информация о работе Авто ісі пәнін оқыту әдістемесі