Авто ісі пәнін оқыту әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 18:34, реферат

Краткое описание

Кәсіпке баулу мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен ептілік беретін, оқу және еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиялармен таныстырып, олардың полутехникалық көзқарасын жоспарлы оқу үлгісі.
Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханалар мен кабинеттерді ұтымды пайдалануға, сапасы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы мынадай түрлері қолданылады: бір жылға арналған күнтізбелік - тақырыптық және әр сабаққа арналған жоспарлау.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Авто ісі.doc

— 220.50 Кб (Скачать документ)

Қозғалтқыштың майлау жүйесіне май кртердің табанынан  май қабылдағыш арқылы насосқа береді. Бұдан кейін май сүзгісіне  беріледі., ал одан әрі қысымның күшімен  цилиндр блогы бойына орналасқан  орталық май магистралына  және каналдардың бойымен иінді біліктің түпкі мойнына,  бөлгіш біліктің таяныш мойнына келеді. Иінді біліктің түпкі мойындарынан  май біліктің жақтарындағы  тесік арқылы шатунға беріледі.

Бөлгіш шестернялар  мен таяныш фланец бөлгіш біліктің артқы подшипнигінен аққан май ағыны тік каналмен артқы қуыс тесік жолымен күйенте өсінің каналына беріліп, одан тесік арқылы күйентенің втуласына, реттегіш винттер мен штангілердің  жоғары ұштарына беріледі. Штанглармен ақан май итергіштермен жұдырықшаларды майлап отырады. Қалған қозғалтқыштың бөлігі шашыраған немесе өздігінен аққан майлармен майланады.

 

 9. Оқу жұмысының нәтижелігін бақылау және есепке алу және бағалау

 Авто ісін оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау есепке ал, бақылау және бағалау оның аса қажетті құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдыстыра білуі, көптеген жағдайда оқыту процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап  отыру тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың маңызы  ерекше Бақылау көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру  дәрежесі анықталады.

Білімді бақылау  және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде  жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциялдық, және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты)-бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік- әрбір сабақ тақырып ьойынша  оқушылар оқу әрекетінің басқа буындармен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту қорытындылау, тақырыптық бақылау.

Жеке-дара қатынас  - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.

Жан-жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интелектуальдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциялдық қатынас - әрбір пәнің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге  оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі  әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау  педагогика ғылымы мен практикасында  белгілі бір әдістерді қолдану  негізінде жүзеге асады.

Олар мыналар:

  • ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық,  фронтальдық сұрақ)
  • жазбаша бақылау;
  • практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарынан,еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).машиналы бағдарламалап бақылау;
  • өзін-өзі бақылау.

 

10. Қозғалтқыштың  қоректендіру жүйесін оқытудың  тиімді әдістері мен формалары. 

Карбюраторлы  қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің  приборлары; отын багы, сүзгі тұндырғыш  немесе насос, карбюратор ауа сүзгісі, отын өтетін түтік, енгізу және шығару трубопроводтары, өшіргіш кіреді.

Жоғарыда айтылған приборлардың өзінің атқаратын қызметі  бар.

Отын багы –  автомобильдің бензин құяатын ыдыс.  Оны жүк автомобильдерінің  кузовының  астына, жеңіл автомобильдерінің  артқы жүк салатын багажнигінің састына бекітеді.

Отын сүзгісі – отынды бактан карбюраторға жеткізіп беру үшін керек  Оны автомобильдерде қозғалтқыштың, білігі жағынан картерге және қозғалтқыш цилиндірінің  қатар арасына  немесе бөлгіш шестернясының қақпағының бүйіріне бекітіледі.

Отынды мұқият тазартатын сүзгісі – карбюратордың алдыңғы жағынаорналасқан.

Карбюратор  – бензин мен ауадан жанғыш қоспаны  дайындау үшін керек. Ол қозғалтқыштың  енгізу тробопроводтарына орналастырылған.

Ауа сүзгісі  – ауаны механикалық қоспалардан  тазарту үшін керек. Ол карбюратордың үстіне, бөлек жерге орнатылып, карбюратормер труба арқылы жалғастырылады.

Отын трубопроводтары  –отын беретін приборларды бак  және карбюратомен  қосып жалғастыруға арналған.

Өшіргіш – қозғалтқыштан  жанып шыққан газдың даусын бәсеңдету  үшін керек.

Айналу жйілігін шектеуші иінді біліктің айналу жиілігін шектейді. Ол датчикпн шектеуіштен тұрады.

 

11. Мұғалімнің  кезекті сабаққа дайындалуы, оқушылардың  білімін бағалауы.

Кәсіпке   баулу  мұғалімнің  оқушыларға  техникалық,  технологиялық  білім  мен  ептілік  беретін,  оқу  және  еңбек  үрдісін  ұйымдастыратын,  балаларды  перспективалық  технологиялармен  таныстырып,  олардың  полутехникалық көзқарасын  жоспарлы  оқу  үлгісі.

   Технологиялық  еңбек  сабақтарын  жоспарлау  оқу  үрдісін  ұйымдастырудағы  нақтылықты,  бағдарламада  қойылған  мақсаттарды  жүзеге  асыруға,  шеберханалар  мен  кабинеттерді  ұтымды  пайдалануға,  сапасы  жоғары  өнім  дайындауды  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді.

     Мұғалімнің сабаққа дайындығы  мынадай түрлері  қолданылады:  бір  жылға  арналған  күнтізбелік  - тақырыптық  және  әр  сабаққа  арналған  жоспарлау.  

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау  педагогика ғылымы мен практикасында  белгілі бір әдістерді қолдану  негізінде жүзеге асады.

Олар мыналар:

  • ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық,  фронтальдық сұрақ)
  • жазбаша бақылау;
  • практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарынан,еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).машиналы бағдарламалап бақылау;
  • өзін-өзі бақылау.

 

12. 44  Қарапайым корбюратордың жұмыс істеу принципін түсіндірудегі көрнекілік әдістер.

Карбюратор  қозғалтқыштың  қоректену жүйесі тақырыбын оқытудың мазмұнын  оқытудағы  көрнекіліктер: Қабырғалық  планшет,  буклет,  әдістемелік  нұсқаулар. Автомобильдермен тракторлардың карбюратор қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің   моделі, карбюратор  бөлшектері.

Кәсіптік оқыту  сабақтарында пайдаланылатын  көрнекіліктер  оқыту  үрдісін  дұрыс  ұйымдастыруға  ықпал  етеді, себебі  оқыту  үрдісінің  мазмұны  техникалық  үрдістер  және  объектілерге  байланысты.  Бұл  объектілер  мен  үрдістердің   зерделенуі  бірінші  құрылымның  екіншісімен  сабақтастығы  шарттарынсыз  жүзеге  аспайды.  Сондықтан  әрбір  сабақта  мынадай  көрнекіліктер  кеңінен  пайдаланылады:  объектілер,  үрдістер     моделі  және шартты  белгілер.  Бұлардың ара қатынасы  нақты дидактикалық  мақсатқа,  сабақ мазмұнына,  көрнекі құралдың  бар-жоқтығына,  олардың саны  мен сапасына  және  т. б. тәуелді түрін өзгертеді.

     Көрнекілік  жаңаны  тану  ретінде,  ой  немесе әңгімені  елестету, оқушылардың  аңғарымдығын  дамыту,  материалды  есте  сақтау  қабілетін  арттыру  үшін  қолданылады.

     Көрнекіліктер  оқыту  үрдісінің  барлық  кезеңдерінде  қолданылады:  жаңа  білімді  қабарлаған  кезде,  кейде  оқытушы  жаңа  білімді  хабарлауды  орнына (мысалы,  кинофильмді  көрсету,  тәжірибе  жасау);  білімді  орнықтыру  және  іскерлік  пен  дағдыны  жасау  кезінде,  үйге  берілген  тапсырмаларды  орындаған  кезде  (схемаларды  сызу,  таблицаларды  жасау,  суреттемелерді  орындау  және т. б.); меңгеруді  бақылаған  кезде  (мысалы,  кесте  бойынша  айтып  беру,  аспаптар  құрылысын  түсіндіру).

1. Карбюратерлік қозғалтқыштың қоректену   аспаптарының орналасуы, жұмысы, құрылымы, атқаратын қызметі. 

2. Карбюратерлік  двигательдің қоректенуінің принциптік схемасы.

3. Карбюраторлық  қозғалтқышты қоректену  ақаулары, оның белгілері, себептері және  жою жолдары.

Жанғыш қоспа  бензин булары мен ауадан тұрады; ауа-мен  араластырылған бензин тамшыларынан-жасалып, эмульсия деп аталатын қоспадан мұның айырмашылығы міне осында. Карбюраторлы қозғалтқышта  жанғыш қоспа цилиндрден тысқары, карбюратор деп аталатын    арнаулы   приборда жасалады.

 

13. Кәсіпке  баулу мұғалімдерінің жүргізетін ғылыми ізденіс жұмыстары. Теорияның  практикамен байланысы қағидасы.

Кәсіби  педагогикадағы ғылыми зерттеуді басқаруға  келетін болсақ оқушыларды кәсіпке және еңбек технологиясына баулудың мазмұндық және процесуальды жақтарын жаңа сапалы деңгейге көтеру, білім беру саласындағы оқытушы педагогтардың негізгі мақсаттары білім болып есептеледі.

Олар төмендегі  бағыттар бойынша зерттеу әдістерін  жүргізуді талап етеді.

  1. Білім сапасын арттыру бағытындағы оқушының білімін және ептілігін дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдарын іздеу.
  2. Оқушылардың еңбек технологиясына қызығушылығын қабілетін, икемділігін арттыру жолдарын зерделеу.
  3. Оқушыларды еңбек тәрбиесіне соның ішінде ұқыптылыққа еңбек сүйгіштікке еңбекті қажетілік деп тануға баулу бағыттарын жетілдіру жлдарын іздеу.

Әдетте педагог  өздерінің ғылыми зерттеулерін жұмысын  мектептегі оқу тәрбие жұмысын зерттеуден бастайды, яғни мектепте сабақ беретін жоғары деңгейде қалыптасқан және өзі тәжірибесі мол, көрсеткіші жоғары ұстаздар жүргізетін педагогикалық үрдісін зерделейді.

Теория мен тәжірибенің байланыстылығы қағидасы.

     Бұл қағида «филосопияның» «тәжірибе» танымының ішкі бұлағы қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жтыр; оқытудың сапасы мен тимділігін тәжірибе өмірмен, тығыз байланысты, теория мен тәжірибе байланысты оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапалы жоғары болса олар өндіріске тез икемделеді.

 

 

 

14. Автомобильдің  Электр жабдықтары тарауын оқытудың  тиімді әдістері мен формалары. 

Тақырыптық  жоспар бойынша «Автомобильдің электр жабдықтары» жалпы құрлысымен қызметін  қабырғалық  планшет,  плакат,  әдістемелік  нұсқаулар, электр жабдықтарының бөлшектерін пайдалана отырып сабақты түсіндіреді.

Электр тогы автомобильде карбюраторлы қозғалтқыштың  жұмыс қоспасын жандыру, стартердің көмегімен қозғалтқышты оталдыру, жолға, кабинаға жарық түсіру, дыбыс беріп қосымша жабдықтарды қоректендіруде қолданады.

Ток көзі деп  – энергияны  түрлерінің бірін  электр энергиясына айналдыратын приборларды  атайды. Автомобильде механикалық энергияны  электр энергиясына айналдыратын генератор  және химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын аккумулятор батареясы ток көздері болып саналады.

Автомобильде  ток  көзі  ретінде  аккумуляторлы  батарея  мен  генераторды  қолданады.

Қозғалтқыш  жұмыс  істемей  тұрған  немесе  зая  жүрістің  кіші  айналымында  жұмыс

 істеп   тұрған  кезде  тұтынушыларды   аккумуляторлы  батарея  қоректендіреді,  ал 

 генератор   тұтынушыларды  қозғалтқыштың  орташа  және  үлкен  айналымдарда 

 жұмыс   істеуі  кезінде  қоректендіреді  және  аккумуляторлы  батареяны   зарядтайды.

 

15. Жалпы  білім беретін мектептерде оқушыларды  кәсіпке баулудың міндеттері  мен мазмұны 

Мектепте берілетін  білімнің мазмұны мына мәселелерді  қамтуды көздейді:

- табиғат, қоғам,  техника, мәдениет, адам жайындағы  білімдермен;

- дүние танымын  қалыптастыру.

- адамды жан-жақты  дамыту міндетерін шешуге бағыттау;

- жастарды өмір  сүре білуге, еңбекке, білім алуға,  мамндықты дұрыс таңдауға мүмкіндігінше  дұрыс тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарда

а/ түрлі материалдарды  пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін үйренеді;

ә/ ауылшаруашылық  дақылдарын мектептің тәжірибе аулаларында  өсіруге қатысады;

б/ көрнекі құралдарды жөндеу, жаңарту, толықтыру;

в/ балаларға  таныс мамандықтар жайында кәсіптік  бағдар беру жұмысын өткізу т.б.

Ү-ІХ сынып оқушыларына.

а/ ағаш, металл өңдеуді үйренеді;

ә/ электротехникалық, металтану, графикалық жұмыстың негізімен  танысады;

б/ халық шаруашылығының басты салалары туралы түсінік алады;

в/ мектеп шеберханасында, мектеп аралық оқу өндірістік тәжірибелер  жинақтайды;

г/ кәсіптік бағдар беруге ерекше мән беріледі.

Х-ХІ сыныптарда түрлі мамандық бойынша оқушыларды  кәсіпке баулу барысында жүзеге асырылады

1.  Жаратылыстану  – математика пәндері және  өндіріс негіздері. Мамандық таңдау, есептеу техникасы және информатика  негіздері жаңа пәндер бойынша оқушыларды қазіргі өндірістің ғылыми негіздерімен таныстырып, оларға қажетті білім беру.

2. Оқушыларды  сабақтың барысында түрлі оқу  аспаптары, жаңа құралдармен таныстырып, олармен жұмыс істей білуге  үйрету, дағдыландыру.

Информация о работе Авто ісі пәнін оқыту әдістемесі