Рефераты по безопасности жизнедеятельности

Ұялы телефон: пайдасы қандай, зияны ше?

09 Декабря 2013, реферат

Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде, яғни 1947 жылы Bell Laboratories зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс тастады. Одан кейін уақыт өте келе көптеген өнертапқыштар қалта телефонының үлгілерін жасап көрді.

Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу

13 Октября 2015, реферат

Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Сол себепті төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

әсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы

04 Декабря 2013, реферат

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

өмір қауіпсіздігінің негіздері

20 Октября 2013, курс лекций

ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ
Е.А.Батешовтың және З.М.Шаукерованың аудармасы

1 ТАҚЫРЫП: ТАБИҒАТ АПАТЫ
НЕГІЗІ
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.
Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.

Өндіріс орнындағы адам өмірінің қауіпсіздігі

19 Февраля 2014, курсовая работа

Компьютерлік графикамен жұмыс-дербес компьютерді пайдаланудың кең тараған түрлерінің бірі. Бұл жұмыспен тек кәсіпқой суретшілер мен дизайнерлер ғана жұмыс істемейді. Уақыт өткен сайын кез-келген мекемелерде газет-журналдарға жарнамалық хабарландыру жариялауға немесе жарнамалық үндеу парақтары мен буклеттер шығарып таратуға қажеттілік туындап отыр. Ірі фирмалар мұндай тапсырыстарды арнайы бюролар немесе жарнамалық агенттіктерде жасатады. Бюджеті шектелген шағын мекемелер мұны көбінесе өз күштерімен және тиімді программалық құралдардың көмегімен шешеді.

Өндірістік авариялар

17 Октября 2014, реферат

Қауіпті өнеркәсіптік объектіге ие жеке және заңды тұлғалардың міндеттерi:
• Қауіпті өнеркәсіптік объектілердің иелері: өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын сақтауға;
• Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері

25 Февраля 2014, реферат

Өндірістік жарақаттану - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:
Монографиялық әдіс – жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты.
Топографиялық сараптау әдісі - жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Өндірістік кәсіби аурулар

11 Мая 2014, реферат

Қазіргі өркениетті елдерде, ірі мемлекеттерде заманауи басты мәселелердің бірі – адам факторы. Өйткені адам — мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғамның тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйеқұраушы факторы болып табылады. Қоршаған орта мен өндіріске тәуелді болып отырған адам денсаулығының жағдайы туралы ақпараттың үнемі және жүйелі беріліп тұруы, қоғамдық макрожүйенің жұмыс тиімділігін арттыру мен еліміздің аймақтық әлеуметтік-экономикалық жоспарының басты қағидаларының бірі болуға тиіс. Қазіргі заманғы қызмет істеуші адамның денсаулық жағдайын және кәсіби қызметіне ықпалын жан-жақты талдау санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бүгінгі таңдағы басты бағыттарының бірі болып табылады.

Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамға тигізетін әсері

09 Октября 2013, реферат

Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім.
Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар.