Ұялы телефон: пайдасы қандай, зияны ше?

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 09:49, реферат

Краткое описание

Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде, яғни 1947 жылы Bell Laboratories зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс тастады. Одан кейін уақыт өте келе көптеген өнертапқыштар қалта телефонының үлгілерін жасап көрді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ұялы телефон.docx

— 23.35 Кб (Скачать документ)

Ұялы телефон: пайдасы қандай, зияны ше?

Ұялы телефон  — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.

Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде, яғни 1947 жылы Bell Laboratories зерттеу орталығы мобильді телефон жасау туралы ұсыныс тастады. Одан кейін уақыт өте келе көптеген өнертапқыштар қалта телефонының үлгілерін жасап көрді.

1973 жылы Motorola DynaTAC компаниясы ең алғашқы портативті ұялы телефонның прототипін шығарды. 1973 жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесі Джоэло Энгелоға қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын. Жоғарыда айтқан ұялы телефонның өлшемдері 22,5×12,5×3,75 см болса, салмағы 1,15 кг болған екен. Ал қазір мүлде басқаша.

Пайдасы мен зияны қатар жүретін бұл телефон…

Ұялы телефон  – сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазіргі кезде қалта телефоны зор маңызға ие болып үлгерді. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалта телефоны маңызды жұмысы бар азаматтарда ғана болса, қазір екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншектердің өзі бұл телефоннның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды. Ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға, бір нәрсе жайында сұрай салуға, алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне қалта телефоны тек ойын ойнауға, әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б. керек. Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді. Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе. Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник), еске салғышын (заметка), сағатын және т.б. пайдаланады. Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп. Бірақ әлем ғалымдары ұялы телефонның адам ағзасына зияны көп деп дабыл қағуда. Ғалымдардың айтуынша, 10 жыл бойы күніне жарты сағат ұялы телефонмен сөйлескен адамдардың глиома дертіне шалдығу қаупі 40 пайызға дейін ұлғаятын көрінеді. Ұялы телефондардың электромагниттік сәулелері жүйке, эндокриндік және жыныстық аурулардың асқынуына әсер етеді. Эпилепсия, жүйке аурулары, ақ қан сияқты дерттің де асқынуының негізгі себепкері де осы сымсыз телефон екен.

Дейтұрғанмен де ұялы телефон қазіргі адамдардың ажырамас бөлігіне айналды. Керек десеңіз бәз біреулердің жұмысы ұялы телефонсыз бітпейтіндей. Қысқа қайырғанда ұялы телефон айтарлықтай маңызға ие. Денсаулықтан қымбат не бар дейміз, алайда ұялы телефонның зиянын біле тұра не істемек керек? Әйел адамдар үнемі ұялы телефондарын сөмкелеріне салып жүргені дұрыс. Ер адамдарға да қазір әмиян секілді шағын, ұстайтын бауы (жіпшесі) бар сөмкелер (барсетка) шығарылған, сондай сөмкелерге салып жүргені абзал. Ал телефонмен сөйлескенде құлаққаппен (наушник) немесе дауыс көтергішпен (громкоговоритель) құлақтан алыс ұстап сөйлескені жөн, бұл айтарлықтай зиян емес.

Ұялы телефондар күрделі медициналық аппараттардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан да оны ауруханаларға алып кіруге болмайды немесе өшіріп кіру қажет.

Көлікте отырып телефонмен сөйлесу апатты жағдайларға алып келеді. Сол үшін қазір көптеген елдерде көлікте телефонмен сөйлесуге қатаң тыйым салынады. Ереже бұзғандар айыппұл төлейді. Ал сөйлесетін жағдай бола қалса, құлаққаппен (наушникпен) немесе дауыс көтергішпен (громкоговоритель) сөйлескен жөн.

Қалай қолданамыз бұл телефонды?

Ұялы телефонды қалай қолдануды бәрі де біледі десек артық айтқандық емес. Біздің айтпағымыз бұл да емес. Біз телефонды қолдану кезінде ескеретін жағдайларды айтқымыз келіп отыр. Мобильді телефоны бар адамдар үнемі телефонын қасында алып жүруі керек. Себебі, бір танысыңыз маңызды шаруалармен қоңырау шалса, сіз алмасаңыз, біріншіден ол кісінің ашуын келтіресіз, екіншіден, дер кезінде тұтқаны көтермесеңіз кейіннен кеш болып қалуы мүмкін. Қоғамдық орындарда да сөйлесуге болмайды. Өзгелерге кедергі келтірмес үшін тасалау жерге немесе адамдар аз орындарда мүмкіндігіне қарай сөйлесерсіз. Қандай да біреу қоғамдық көлікте немесе көпшілік орында жүргенде қоңырау шалса, жұмысын қаншалықты маңыздылығын біліп алып, сәлден кейін қоңырау шалсам бола ма деген секілді өтініш жасап көрген абзал. Не болмаса мынанша уақыттан кейін қайта хабарласа аласыз ба деген өтініш те айтып көріңіз. Ең бастысы көпшілікке зияныңыз тимесе болды.

Қызықты ақпарат

2008 жылдың  қазанында Вьетнам елінің Нгуен Суан Лин деген азаматы елдің назарына ерекше ұялы телефон ұсынды. GSMстандартында жасалған бұл телефонның салмағының 300 кг тартатындығы бізге ерекше деп айтқызып тұрған. Сонымен қатар, аталған ұялы телефонның биіктігі  3,2 м, ені болса жарты метр шығады. SMS жіберу функциясының болуымен қатар 2 мегапикселді бейнекамера мен Bluetooth-модулі бар, динамигінің қуаттылығы100 ватт, ең қызығы дисплей орнына 42-дюймдік теледидар орнатылған. Осылайша ерекшелігі жағынан алғашқы орынды иеленетін бұл ұялы байланыс құралы жарты жылда құрастырылыпты.2011 жылдың аяғына қарай Малайзиялық Enmac компаниясы мұсылман қауымына ерекше сый жасады. Құбыланың орналасқан бағытын көрсететін, намаз уақыты кіргенде автоматты түрде дыбыссыз режімге көшетін және өзге де “ақылды” функциялары бар мобильді телефон шығарды. Телефонға араб тілін қоса алғанда барлығы 30 ұлттың тілінде Құран мәтіні орналастырылды. Сондай-ақ аталған телефоннан Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін де кездестіресіз. Сонымен қатар телефонда орнатылған “Qibla Compass” бағдарламасының көмегімен құбыланың орналасқан бағытын білуге болса, “Zakat Calculator” арқылы зекеттің құнын тез арада есептеп шығара аласыз.

Біздің асыққан заманда ұялы телефон – уақытымызды үнемдейтін таптырмас көмекші. Алайда, оның зияны жоқ емес.

Бір-бірімізбен хабар алмасып, қоңырау шалып, хабарлама жазамыз. Ұялы телефондарға суретке түсіп, интернет пен әлуметтік желілерде "отырамыз". Ойындар ойнап, фильм қарап, кітап оқимыз, оятар қойып, сүйікті әуендерімізді тыңдаймыз. Осыншама функционалды дүние қалайша зиян бола алады? Асықпаңыз...

Біз сізге ұялы телефоныңызды қауіпті деп санауға 3 себеп айта аламыз.

"Канцерогенді болуы мүмкін" – Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефоннан шығатын, көзге көрінбейтін электромагнитті толқындарды осылайша сипаттады. Ғалымдар қауіпті

аурулар мен телефонның толқындары арасында тікелей байланыс тапқан жоқ, дегенмен зерттеулер жалғасуда, ал "мүмкін" сөзі қорқуға себеп береді.

Ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша, адам ұялы телефонды қолданғанда оның миы басқаша жұмыс істей бастайды. Бір сағаттық әңгіме нәтижесінде, телефон қойылған жақтағы мидың бөлігінде көбірек глюкоза алмасуы болады. Бұл зерттеулер де әлі жалғасуда, мамандар бұл факті адамның денсаулығына қалай әсер ететінін айта алмай отыр. Алайда телефон миымызға әсер етіп, жұмысын өзгертіні рас.

Соңғы жылдары бас аймағында ісіктерге шалдыққандардың саны өскені белгілі. Дәрігерлердің көпшілігі бұны ұялы телефонмен байланыстырады.

Ұялы телефонды көбірек қолданған сайын, ісік сияқты  қауіпті ауруларға тап болу мүмкіндігі өседі. Ғалымдардың телефонды мүлде қауіпті деп, оған тыйым салғанын күтпей-ақ, қазірден бастап қорғаныңыз.

Заманауи адамға телефоның өте қауіпті десе де, онсыз өмір сүруге келіспес еді. Ұялы телефонды тастауға асықпай, кейбір шараларды қолға алсаңыз, оның жаман әсерінен кішкене болса да, сақтана аласыз.

Ұялы телефонға құлақшын жалғап, сол арқылы сөйлесіңіз.

Телефонды қалтада, белдікте, ұстамаңыз. Телефонды қолда ұстап, жастықтын астына салып ұйықтамаңыз.

Мүмкіндік болса, қоңырау шалғанның орнына хабарлама жаза салыңыз.

Желі "ұстамайтын" жерлерден қайта-қайта телефон шалуға тырыспаңыз. Бұндай кездері телефон одан бетер көбірек толқындар шығарады.

Балалар электромагнитті толқындардың әсерінен көбірек зиян алады. Сондықтан кішкентайларға телефонды бергеннің алдында, оны "автономиялық" режимге қойыңыз.

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефонның жүргені белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.

 Әрине,  мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін қалтафонды есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Оны ұстаған бала алдымен аузына салады, жалайды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, телефон, ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

Қалта телефонының  және бір еліктіргіш тұсы — ұялы агент. Онымен қазір бәрі шұғылданады. Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары — бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефон арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, титімдей телефонның қаншама нәрсеге залалын тигізіп отырғанын.

Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса телефонды несиеге әпереді. Онымен қоймай, ай сайын ішіне ақшасын да салып отырады. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.


Информация о работе Ұялы телефон: пайдасы қандай, зияны ше?