Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2013 в 21:36, реферат
г7еггон
Диссертация жұмысында Қазақстан өнерінің дамуының негізгі кезеңдерін қарастыратын А.С. Ғалымжанова, М.Б. Глаудинова, Т.А. Қышқашбаев, С.А. Шкляева, Қ.Қ. Мұратаев, Г.Ш. Елеукенова, Б.К. Барманқұлова сынды авторлар бірлестігімен шығарылған «История искусства Казахстана» жинағы материалдары пайдаланылды. [42]
Қолөнер тарихы бойынша республикамыздың белгілі ғалымдарының археологиялық зерттеу материалдарына құрылды.
«История исусства казахов» [41] атты еңбекте Қазақстан көркем мәдениетінің тәжірибе ретіндегі түрлі кезеңдер тізбектерін біріктіретін, яғни қазақтардың ежелгі кезең өнерінен бүгінгі күнгі өнеріне дейінгі дамуының нәтижесін көрсетудің тұңғыш тәжірибесі ұсынылған еңбектің негізіне құрылған көркем туындылардың кең аясы Қазақстан өнерінің дамуының мыңдаған жылдар тарихы бойлығындағы сабақтастық концепциясына айналды. Мұның өзі көркемдік-эстетикалық жағынан ерекшеленген, Қазақстан өнерінің ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қалыптасу заңдылықтары мен қайталанбас өзіндік жолын анықтап, қазіргі заман қазақ мәдениетінің дәстүрлі рухани құндылықтарымен сабақтастық байланысын пайымдайды. «История исусства казахов» зерттеу еңбегінде Қазақстан территориясындағы мәдениеттің дамуының түрлі кезеңдері сипатталып, көшпенді өркениеті өнерінің ерекшелігі мен бастаулары анықталып, әр түрлі тарихи дәуірлер өнерлері арасындағы дүниетанымдық сабақтастықтың шынайы тізбектері зерттелінеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және әдістемелік негіздері кешенді сипатқа ие және зерттеу жұмысының пәні мақсаты мен міндеттерімен байланысты. Диссертациядағы материалдарды зерттеу өнертанулық көзқарас пен салыстырмалы-тарихи және ғылыми талдау әдістемелерін қолдану негіздеріне құрылды. Жұмыстың әдістемесі эмпирикалық материалдарды зерттеу ұстанымдарын анықтап, сондай-ақ библиографиялық дереккөздер зерттелінді. Диссертациялық зерттеу жұмысы витраж өнері тақырыбы осыдан әрі қарай зерттеудің негізі бола алады және витраж өнері туындыларын атрибуциялауда пайдасын тигізеді.
Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық және тәжірибелік маңыздылығы 2009 жылдағы Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да дисертациялық жұмыстың авторымен ұйымдастырылған витраж цехының тәжірибелік қызметі Академияның шығармашылық қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының нәтижелері өнертану ғылымының әр түрлі салаларында өнер теориясы, өнер тарихы, көркем сын мен эстетика және мәдениеттану ғылымдарында қолдануға болады. Зерттелген материалдар өнертанушылар мен мәдениеттанушылардың кураторлық тәжірибесінде; суретшілердің шығармашылық жұмысында; жоғары көркем білім жүйесіндегі Мемлекеттік білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын құрастыруда; әдістемелі нұсқауларда; Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері бойынша арнайы курстарда; мұражайлық тәжірибелік зерттеулерде; сақтау қорлары мен экспозицияларында қолдануға ұсынылады.
Зерттеу жұмысының сыннан өткізілуі: жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері мақалалар мен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жарық көрді.
Зерттеу жұмысының материалдары
2011 жылы ҚР тәуелсіздігінің 20
жылдығына арналған «Көркем
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті диссертациялық жұмыстың құрылымын айқындады. Диссертация кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиет тізімінен, иллюстрациялық қосымшалардан тұрады.
Мәтін көлемі 60 бет, пайдаланған деректер тізімі 58 атаудан, қосымша 81 түрлі-түсті және ақ-қара түсті репродукциялардан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
«Витраж өнерінің пайда болуы мен дамуы» деп аталған бірінші тарау витраж өнерінің жалпы сипатынан тұрады. Оның пайда болу және даму тарихы сипатталады.
Бірінші тарауша витраж өнерінің пайда болу тарихына арналған. Шыны және шыны жасау ғылымының құрылуы жайлы қысқаша тарихи очерк беріліп, шыны материалының негізгі белгілері мен оның кристалдық және сұйық күйі, сондай-ақ шынының ерекше қасиеттерімен оған негізделген тәжірибелік қолданыс салалары сипатталады.
Бірінші тараудың екінші тараушасы батысеуропалық витраж өнерінің дамуына арналған. Витраж өнерінің даму тарихына үңілсек, аталмыш өнерде қолданылатын әдіс-тәсілдері стильдері мен мақсаттарында біршама айырмашылықтарды көреміз. Бұл өзінің әсемдігін күшейту үшін, жарық қолданылатын өнердің нәзік түрі екендігіне көз жеткіземіз.
Көптеген еуропалық қалалар готикалық немесе роман стилінде тұрғызылған. Сол сияқты барлық қалаларда дерлік керемет сәулет өнері ғимараттарын көруге болады. Ондағы өте әсем готикалық шрифт бүкіл әлемге танымал.
Витраж өнерінің дамуының
бірнеше дәуірін қарастыра
Бірінші тараудың үшінші тараушасында Ресейдегі витраж өнерінің даму мәселелері қарастырылады. Ұсынылған еңбекте Ресейдегі витраж өнерінің тарихы қарастырылған. Витраж өнерінің эволюциясы тізбектеліп, оның негізгі өндіріс орталықтары айқындалады.
1930-шы жылдары Ресейде
классикалық витраж өнері «
Екінші тарау ХХ-ХХІ ғасырлар ширегіндегі Қазақстандағы витраж өнерінің дамуының әлеуметтік және экономикалық алғышарттарын зерттеу мәселесіне арналады.
Қазақстанда витраж өнерінің тарихы ХІХ ғасырдың соңында басталады. Алайда, шыны жасау тарихы әлдеқайда ертеректе бастау алған болатын.
Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінде шыны түрлі бұйымдарды әшекейлеудегі кеңінен қолданылатын болған.
Екінші тарау зерттеу тақырыбы аясындағы тарихи экскурстан тұрады. Екінші тараудың бірінші бірінші тараушасы ХХ-ХХІғғ. ширегіндегі Қазақстандағы витраж өнерінің дамуының әлеуметтік-экономикалық алғышарттары мәселелеріне арналған.
Қазақстанда ХХ ғасырдың соңында 60-шы жылдарда, қазақстандық монументалистер тәжірибесіне сәулет өнерінде қолданылатын құйма шыныдан жасалатын витраж түрі енеді.
Республикада мұндай витраждық көркем туындылардың алғашқысы Қазақстанның ЦК ЛКСМ ғимаратында орындалады (1969ж., авторлары Г. Завизионный, А. Симаков ). Бұл уақыттың витраждарына түстік түзілім қатаңдығы мен сызықтарының нақтылық сипаты тән. Туындылардың тақырыбы көбінде кеңес идологиясына арналады. Жарқын болашаққа күмәнсіз сенетін кеңес кезеңі адамы қаһарман бейнесінде , еңбек олар үшін ерен ерлік коцепциясында өрбиді. Дегенмен осы кезеңнің витраждық көркем туындыларында баяндаушылық, нарративтілік, суретшінің көрерменге түсінікті тілмен жеткізу ұмтылыстары байқалады.
1970-ші жылдардың орта
шенінде сәулетшілер мен
Жалпы Қазақстанның осы уақыттағы витраж өнері романтикалық және идеалдық бейне ұмтылысымен айқындалған кезеңнің «қатаң стиль» аясында дамиды. Композиция, ырғақ, пішін, түс барлығы өзгереді. Ендігі жерде, бұрынғыдан қарағанда поэтикалық және арманшыл сипатқа ие болады.
1980-ші жылдар көркем туындылар композицияларында интертекстуалды меңзеу пайда болады, ондағы басты нысан ұлттық символдар болды. Бұл уақыт жаппай әр ұлттың өзінің бірегейлігін таныту үрдісінің басталуымен сипатталады және ол өнерде өзінің мәнерлік шешімін таппай қоймады. Ол әрине бейнелеу өнерінде, музыкада, әдебиетте және тағы басқа өнер түрлерінде.
1980-ші жылдары сол
кездегі қоғамның белсенді «
1980-ші жылдардың орта
шені мен 1990-шы жылдардың
Ендігі жерде, суретші дәуірлік идеалдарын кеңес кезеңі қаһарманы бейнесі емес, ұлттық, архетиптік бейнелерді сомдауға ұмтылады.
Бұл уақыттың витраж өнері шығыс миниатюрасымен тығыз байланысты болып келеді. 1980-ші жылдардың соңында қоғамдағы саяси, экономикалық өзгерістер және осыған тікелей байланысты мәдени жағдайдың өзгеруіне әкеледі. Жағдайдың біртіндеп өзгеруіне елдегі тәуелсіздіктің жариялануы мен ондағы демократиялық реформалар, елдің капитализациялануы үлкен ықпал-әсерін тигізді.
Елімізде шетел фирмалары, дипломатиялық өкілеттіктер, елшіліктердің пайда болуымен байланысты шетел тұтынушылар нарығы туындайды. Қазіргі нарықтық экономика және әлеуметтік-мәдени жағдайында витраж өнері белсенді түрде коммерциялық болуға ұмтылуда.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты ұлттық сана-сезім серпінімен қолданбалы-монументалды өнердегі түбегейлі өзгерістер байқалады. Көптеген қазақ суретшілерінің көркем туындыларында ұлттық-романтикалық бағытпен байланысты өзіндік көркем ой-пайым айқындалады.
Екінші тараудың екінші тараушасында технологиялардың витраждық кескіндеме өнеріне тигізген ықпал-әсері мәселелері қарастырылады.
Бүгінгі күнде орындау техникасына байланысты витраждың бірнеше түрі айқындалған.
Классикалық витраж (Тиффани технологиясы) – араларына жұмсақ иілгіш металл немесе пластикалық материалы өткізілген мөлдір шыны шақпақтарынан тұратын өнердегі көркем туынды түрінің жасалуы ерекше көркем мәнерлеу құралдарының синтезі болып табылады.
Витраждың өзіндік көркем мәнерлеу құралы, сурет, түс, түстік түзілім (колорит) және жарық арқылы көркем бейне шынайылықты көрсетуге көмегін тигізеді. Егерде фреска мен мозаика интерьерді көркемдесе, ал витраж құлпыртып жібереді. Оның өзіндік ерекшелігі витраж туындысының жарық түсуіне байланысты, әр кезде әртүрлі болады. Мұның өзі витраж өнерін қайталанбас ерекшелікке жеткізеді. Шыныдан өтетін жарық жан-жаққа түрлі –түстермен сәулеленіп, күнделікті тіршілікті мерекеге, ал жабырқаулықты жалындағын отқа айналдырады.
Аралас витраж — үйлестірілген
витраж, түрлі технологияларды
Екінші тараудың үшінші тараушасында ХХ-ХХІ ғғ. ширегіндегі Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнеріндегі витраждық кескіндеме өнерінің мәселелері зерттеледі.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басындағы оқиғалар, оның ішінде ең бастысы республикамыздың егемендік алуы – Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге өтуіне себепкер болды. Осы себептен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі қала құрылысы мен сәулет құрылысы салаларындағы ізденіс бағыттары сипатын анықтайды.
Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік даму жолдарының ізденісі өзгерген күрделі геосаяси жағдайында өтеді. Кеңес заманы идеологиялық әміршілдігінен еркіндік алған суретшілер алғаш өздерін нарық арқылы жариялауға мүмкіндік алады. Сонымен жалпымәдени тенденциялардың әсерімен витраж өнері белгілі бір өзгерістерге ұшырайды және олардың хронологиялық шектерін ажыратып белгілеу қиынға соғады. Дегенмен жеке шеберханалар өзара байланыстарымен анықталады.
Витраж өнері осы уақытқа жете келе жоғары деңгейге жетеді. Бұл өнер түріне жалпы кескіндеме өнерлерінің ықпал-әсері тиеді. Жаңа бояу түстерінің пайда болуы (басты түстер ертеготикалық «ыстық қызыл» және «о дүниелік көк» деп аталатын түстер) суретші палитраларын кеңейте, байыта түсіп, нәзік түстік түзілім нюанстарын, жарық пен көлеңкенің ойнауын айқындайтын мүмкіндіктер туғызады. Витраждық кескіндеме күрделеніп, терезелер өрнектеліп көркемделеді. Осы кездегі қарқынды құрылыстармен бірге, витраж өнерінің қалыптасуы мен дамуы қатар жүреді.
Негізгі тапсырыс берушілер жеке меншік және мемлекеттік мекемелер болды. Мұның өзі құрылыс пе витраж байланысын анықтап және бұған 1994 жылдан бастап белсенді түрде білім беру орталықтары мен демеушілер қолдау көрсетеді.
«Домовой», «Алкион», «Стеклянная фантазия», «Art Glass» «Stounhead», «Sat Glass» серіктестіктеріне қатысты бірталай витраж өнері туындылары тарих есінде қалады.
Автордың алғашқы рет зерттеу мәселесіне назар аударуы, көрме идеясының сабақтастық сипат алуына мүмкіндік туғызады. Өйткені көрмеге қатысушы студенттердің республикамыздың әр түрлі аймақтарынан келуі, болашақта академияны аяқтап, еліміздің әр өңірінде жаңа ұлттық витраж шеберханаларын ашу мүмкіндігін қарастырады.