Түркі мемлекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:04, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді.

Содержание

Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117

Прикрепленные файлы: 1 файл

turki_hal_tar_umkd.doc

— 1.31 Мб (Скачать документ)

          Алтайлықтарды моңғол халқы тұрғай тарихшылардың өзі жақсы біле бермейді. Ал,сол жоңғарлардан жапа шеккен қазақтар мен қырғыздар қаншалықты білген. Бұл арада тарихи құжаттарға жүгінейік.

          Таулы  Алтай аймағының негізгі халқы  алтайлықтар саны 56 мың (1970). Түркі тілдері тобына жататын алтай тілінде сөйлейді. Этнография жағынан алтайлықтар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. 1 топқа челкан, кумандин, шор кіреді. Бұлар ежелгі самодий, кет, угр, түркі тайпаларының ұзақ уақыт өзара қосылысуынан өрбіген. 2 топқа алтай қажи, төлеңгіт, төлеуіт. Бұлар ертедегі (V-VIII ғ.) алтайлықтардың түркі тайпаларымен және XIII-XV ғасырда келіп сіңген түркі, кейбірі моңғол тайпаларымен араласудан шыққан. Бұрын артта қалып шаман дінін ұстаған, экономикасы мен мәдениеті дамымай, жазуы мен жазба әдебиеті болмаған, патриархалдық, феодалдық құрылыста өмір кешкен дейді. («Қазақ Совет энциклопедиясы» I том. Алматы. 1972 ж. 295бет.)

«Алтайлықтарды жоңғарлықтар әулеті дегенді ешбір зерттеушілер айтпайтыны саясатқа байланысты болуы да мүмкін. Ал тек ғалым С.Бизаков былай тұжырым жасапты. «Қазан төңкерісіне дейін алтайлықтардың бірыңғай аты болмаған. Олар өздерін алтай кижи, теленгит, теле, телеуіт, кумадан деген тәрізді сан алуан тайпа атымен ғана атап келген. Оның үстіне алтай тіл жағынан да, тіпті нәсіл жағынан да біртекті болмады. Оңтүстік алтайлықтардың сырт пішіні моңғолдарға ұқсап тұрса, ал солтүстік алтайлықтар оңтүстік Сібір (Тұран) нәсіліне жатады. Алтайлықтардың негізі VI-VIII ғасырларда түркі, кет, угр тайпаларынан құрылған» дейді. («Түркістан халықаралықө энциклопедия» . Алматы 2000. 64 бет).

Бес ғасыр моңғол тайпаларымен араласып Жоңғар хандығы талқандалғаннан  соң алтайлықтар 1756 жылы Ресей патшалығының қолтығының астына өткенде аз ғана қашқан-пысқындары ғана қалған болатын. өйткені, Маньчжур патшалығы «Осыдан былай (1757) ойрат деген ел жер бетін басып жүрмейтіндей қырып-жойдық» деп акт жасап, құжат қабылдаған. Тіпті ойраттың соңғы ханы Амарсананы Тобелск қаласында шешек ауруымен өлгеннен соң 17 жылдан кейін көрден суырып алып Амарсана екенін дәлелдеген комиссия актысын Манж Цин патшалығы растап жарлық шығарған-ды. Бұл жоңғар халқын қайтіп бас көтертпестей етіп үрім-бұтағын құртуға бағытталған аса қатал шешім болатын. Бірақ, қандай бір қырғын соғыс болмасын халықты ұрпақсыз қырып жіберу мүмкін емес. Орыстардың дзунгары, қазақтың жоңғары, моңғолдардың ойраты (жақын туыс деген мағынада) осылайша қырғын-сүргіннен құтылғандарының да жырғағаны шамалы. Есінен таңған естісі қырылған елді Ресей патшасы жалғыз-жарыс жылдың ішінде христиан дініне кіргізіп, қалған халықты тұтастай шоқындырып жібереді. Арыдан діндар емес, тек ақсүйек нояндары мен хан ламалары ғана будда дінінің ламизмін тұтынатын ел-ілезде христиан болып шыға келген-ді. Ал қарапайым халық шаманизмінің от пен суға табынатын тәңірлік қағидасын да ұмыта бастады.

Тау-таудың қуысын паналаған аңшылық, малшылық кәсібін қуған ойраттар Алтай, Саянда жапсарлас отырған  тыва, тофа, шұлымдар мен тайгада  бұғы, маралмен ғана күн көретін  цатын сары ұйғырлармен қатынаста  болады. әсіресе, бір кездерде өздерімен бір одақта болған батыс Моңғолдағы ойрат нәсілі баяд, дөрбет, торғауыт, урианхайлармен байланысуға талпынса да азуы алты қарыс Ресей патшалығы Таулы Алтайдың жыныс ормандары мен тау қыраттарынан ұзатпай Алтай тауына қамап тастағандай еді.

Қазан төңкерісінің сәл алдында  жойылғай тұрған ойраттар тарихына үлкен  бетбұрыс жасалды. Кеңес Одағы езілген  қаншама халықты Ақ патшаның зұлымдығынан азат еткені сияқты, 1921 жылы Сыртқы моңғолды азат етіп Моңғол Халық Республикасы құрылды. Сонан кейін бір жылдан соң батыс моңғолға іргелес орналасқан ойраттарға бақытты тұрмыс жаратып 1922 жылы Ойрат автономиялық облысын құрды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі кейбір сатқындық әрекеттен барып көптеген автономиялы облыс пен аймақтар таратылып, кейіннен қайта құрылғаны сияқты 1948 жылы таулы Алтай автономиялық облысы құрылды.

Алтайлықтардың тарихы айқын. Олардың  шығу тегі ойраттарға байланысты екеніне  дау айтатын ешкім болмаса  керек. Алайда тарихшылар әдейі жаза ма, әлде көптеген халық тарихына қара дақ түсірген жоңғарлар әулеті бас тарта ма, оны да моңғол да емес, ойрат та емес деп көрсетуден «алтай» деген ат шығарып алғаны жұмбақ сырдың түйіні іспетті.

Әлем тарихына белгілі Тұранның кең алқабын арыдан мекендеген, шығу тегі жағынан туыстас алтай тілінің отбасында жататын тіл білімінің қалыптасқан жүйесі бар. Түркі тілі немесе Тұран тілдері емес, неге алтай тілі деп аталады? Бұл мәселенің бір жағы. Этнолингвистика мамандары, тіл білімінің білгірлері алтай тілінің тарихын әлі саралап айтып бере алған жоқ.

 

Алтай тауы туралы айтар болсақ, әлемге әйгілі тау. Өр Алтай, Таулы Алтай, Моңғол алтайы. 3000 километрге созылған, басын  мұзарт басқан, етегін жасыл орман  көмкерген құтты мекен. Соның  асқар шыңы Өр Алтайдың үш жағында  Қазақстан, Шығыс Түркістан қазақтары, Моңғолия қазақтары мекендейді. Алтаймен жапсарлар Саян, Ханғай, Хантэнгэр (Хантәңірі) тауларда байлығымен, құлын мүшесі бұзылмаған табиғатымен әлемге әйгілі. Алтайды «Алтын тау», «Алтынды тау» деп әр түрмен атап келеді. Егер ол алтынға байланысты аталса Алтынды тау, Алтынды сай, Алтынға бай тау деп неге айтылмайды?

Ертедегі Қытай жазбалары Алтай  тауын мекендеген халықты «Төрт  маусымды ел», «Қыс жазы», «Көктем, күзді  ел» деп өз шежірелерінде жазып-сызған. Неге дегенде Азия шығысында жалғыз-жарым  ғана маусым болған. Оларда қар жауса да тез еріп кетеді. Көлдер мен өзендері мұз болып қатып қалмағандықтан таулы, нулы-сулы жердің табиғатына таңданып алты ай қыс, алты ай жаз болғандықтан «Алты ай» деген ертедегеі түркі сөзін пайдаланып Алтай тауы деген сөз туындаған деген болжам шындыққа жуық. Егер тау аты алтынға байланысты айтылса көшпелілердің ата қонысындағы алтын, күмісінің дені далалық өңірден қазып алынып келіпті. әлі де солай. Сондай-ақ Алтай деген алтыннан да артық байлығы мол ұлы тау. өйткені 3000 километрге созылған Алтай тауларының қойнауы толған байлық. Тұнып тұрған мұндай байлықты мекенін «Асқар Алтай», «Аспан Алтай» деп тәу етіп келген халықтың бірі қазақ халқы. Қазақтар үшін Алтай деген тау аты, байлықтың түрі-темірдің пірі алтыннан да асып түсетін қасиетті ұғым. Олай болса бұл халықты орыстардың атап дағдыланған «Алтай» атымен емес, «Таулы Алтай» деп атаса болғандай.

Бұл халықтың нағыз тарихына жүгінсек, моңғол тектес ойрат халқының төрт руынан тараған шағын халық. Қазіргі  барлық саны 90 мыңнан аспайтын бұл халық түріктенген моңғолдар ма, әлде моңғолданған түріктер ме дегенді осы тараудағы түркі халқының басқадай Аралық бұтағына байланысты халықтардың тарихымен салыстыра сөз етіп көрейік.      

 

Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер

 

 

 

-30 лек бақылау сұрақтары.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.

2. Қырғыз Республикасы  мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы.

3. Өзбекстан Республикасының  құрылғаны туралы жариялауы.

4. Түркия жаңа және  қазіргі заманда  

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

  1. Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. -2 кітап. (XIV гасырдан XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейінгі кезең). —А., Білім, 2005. 320 бет.
  2. Бердібай Р. Байкалдан Балқанға дейін.- А., Қазақстан, 1996.- 256 б.
  3. Токтабай А.У. Түркі халықтарының этнографиясы. А., 2002.
  4. Қабышүлы Ислам түран элемі. Түркі-моңғол халықтарының тарихы.-А. Санат. 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай мемлекетік педагогикалық  институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен

 

Студенттің оқу жетістігін бағалаудың бақылау сұрақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-15 лекцияҚұмықтар –  құмық

14-15 лекцияҚұмықтар – құмық Ресей құрамындағы халық. Дағыстанда тұрады. Жалпы саны ТМД шеңберінде 228,4 мың адам, оның ішінде Дағыстан Республикасында 202,3 мың адам. Бірқатары шешен-ингуш және солтүстік Осетин Республикасында тұрады. Еуропалық нәсілдің кавказдық байкал-кавказ тобы нәсіліне жатады. Алтайлық түріек тобының қыпшақ бөлігіндегі құмық тілінде сөйлейді. Диалектісі: бұйнақ, қатақ, хасавюрт. Әдеби тілі бірнеше және соңғы тіл базасында. Жазуы- орыс таңбасына негізделген. Орыс тілі кең тараған. Діні- мұсылмен сүннит. Құмықтардың қалыптасуы Х-ХІ ғасырлардың басынан басталады. Этникалық негізін Дағыстан халқымен бірге: түрік тайпалары қалаған. Құмықтар аймағында негізінен феодалдық дәстүрлер сақталған, әсіресе ең ірісі Тарковск шамхалоствосы. Дағыстанның Россияға қосылуц экономикасының дамуына әсер етті. Дәстүрлі кәсібі-егін өсіру. Мал шаруашылығы оның ішінде мал жаю, бау-бақша , жүзім, мал өсірумен айналысты. Үй тұрмысында және қолөнерде бөз өндіру, тоқыма, мата, кілем тоқу, тері, ағаш, тас, металл өңдеу т.б. Ауылдары қатар салынған, дәстүрлі тұрғын-үйі саманнан, тастан төбесі жалпақ 1-2 қатарлы үйлер.

Ерлердің ұлттық киімі-жейде, штан, бешпет, бурка,папах, тері аяқ киімі. Әйел киімі құрамына – көйлек, штан, бас киім-орамал, чутку. Аяқ киімі  тері шөлки және арты ашық башмақ. Киімдерге сәнді зергерлік заттар тағылды. Тағамы – ұн,ет,сүт өнімдерінен тұрады. Патриархалды туыстық қатынас сақталған, туыстық қатынас араб үлгісінде. Тоталитарлық құрылыс құмықтардың тұрмысын түбірімен өзгертті. Жоғары механикаландырылған жер өңдеу, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы дамыды. Жүзімдік, бау-бақша, көкөніс өсіру қалыптасты. Құмықтар ірі өнеркәсіп орындарында жұмыс істеп қалалар мен ірі аудан орталықтарында тұрақтады. Құмық аылдары жаңа жетілдірілген үлгідегі жаңа үйлермен толықты. Фольклоры, әдеби, өлең, ән, ертгеі, жыр, музыкалық шығармалары дамыды.

Қарашайлар. Карачайлылар. Ресей құрамындағы халық. Негізінен қарашай- черкес республикасының жергілікті тұрғындары және Ставрополь өлкесінде тұрады. Жалпы саны ТМД-да 131,1 мың адам,оның ішінде қарачай- черкес республикасында 129,2 мың адам. Тілі – алтайлық түрік тобының батыс қыпшақ кабардин- балқар тілінде сөйлейді. Орыс тілі де кең тараған. Жазуы- орыс таңбасына негізделген. Діні – мұсылман сүннит. Қарашайлардың этногенезіне жергілікті қола дәуірінен бермен өмір сүрген – алан, көне болгар, қыпшақтардың әсері болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Қарашайларда феодалды – патриархалды қарым-қатынас сақталды. ХІХғасырда Қарашайлардың Россияға қосылуына сай капиталистік қатынас түрін орнату. Қарашай-черкес  АО құрылуына сай 1943 жылы қарашайлар таратылып, заңсыз басқа жаққа көшірілді, 1957 жылы қалпына келтіріліп өздерінің этникалық аймағына келтірілді.

Негізгі дәстүрлі кәсібі – жайылымдыққа мал өсіру. Қой, ешкі, жылқы, ірі мүйізді  қара мал. Жер суландыру (тары бидай, бақташылық ). Ұсталық қол өнері – бөз жасау, жүн қалпақ жасау, оюлы сырмақ пен төсеніш, тоқыма жүн заттарын шығару. Кеңес дәуірінен бастап көп салалы өнеркәсіп және механикаландырылған шаруашылық дамып жаңа мәдени, оның ішінде техникалық дақылдар өңдірілді.

Дәстүрлі ауылы таулық кварталдарға бөлінген, тұтасымен бірге туған  – туыстас отбасылар тұрады. Мекен  – жайы – тік бұрышты екі  қабатты 1 – 2 бөлмелі шатырлы үй. Қазан төңкерісінен 1917 жылдан кейін  тегіс және ауылды ортаға орналасты. Ұлттық киімдері көршілес солтүстік кавказ халықтарына ұқсас, ерлердің бас киімі – тұлып сақталған. Ұлттық киімдерді көбінесе кексе әйелдер қолданады.

Негізгі тағамы – қайнатылған немесе қуырылған ет, ашыған сүт, ұннан немесе жүгеріден жасалған таба нан. Бай фольклоры сақталған, тарихи, еңбек, сықақ, махаббат және бесік жыры, мақал, мәтел, ән, қожанасыр туралы әңгімелер, би, сандырақ, жұптасып лезгинге билеу т.б. дәстүрлі музыка аспаптары: сыбызғы, екі ішекті скрипка, үш ішекті, соқпалы аспап.

 

Қарайымдар- қарайлар, ұлт атауы. ТМД халқы, Украина Республикасында, Литва, Москва, Ленинградта тұрады.   Саны ТМД-да -3,3 мың адам, бірқатары Польшада тұрады. Тілі  алтайлық түрік тобының қыпшақ қарапайым негізінде . Қырым,Галис және Тракай диалектісі бар, орыс  тілі кең қолданылады. Ұрпақтары Хазар  қағанаты құрамындағы Қырым тұрғындарының түрік тілдісіне жатады. Қарапайым атауы секта белгісіне қалыптасқан. ХІҮ ғасырдың аяғында Қарапайымдылардың бөлігі Литов княздігінен, Қырымнан әкетіліп Тракай поселкесіне және Литва шекарасына оларды қорғау үшін орнықтырды. Қарапайымдардың бір бөлігі Батыс Украина және Польшаға  қоныстандырылды. Дәстүрлі кәсібі – жер өңдеу, бау-бақша ,исауда, ұсталық. Қырымның Россияға  қосылуынан кейін қарапайымдарды әр жерге көшіру одан әрі жүргізілді. Орыстар мәдениетімен  қарым-қатынасы басталды. Көбінесе қалада тұрады, мәдениеті мен тұрмысы жақын көрші халықтардан көп айырмашылығы жоқ. Ассимиляцияға ұшырауына байланысты қарапайымдардың саны қысқара түсуде, фольклоры сақталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ (Студенттің өзіндік  жұмыстарының тақырыптары).

 

Тақырыбы және жоспары

Сағат

Әдебиет

Апта

1

Презентация жасау

3

Н.Ә-1, 2, 3, 5, 7, 20, 22, 24, 26, 27, 28, 30.

1

2

Термин құрастыру 

3

Н.Ә-2, 3, 5, 7, 20, 22, 24, 26, 27, 28, 30.

2

3

Институт кітапханасындағы әдебиеттердің картотекасын құрастыру

3

-

3

4

Облыстық кітапханадағы әдебиеттердің  картотекасын құрастыру.

3

-

4

5

100 тест  сұрақтарын құрастыру.

15

Н.Ә-2, 3, 5, 7, 20, 22, 24, 26, 27, 28, 30.

5

6

7

8

9

6

Лекция сабақтарын қайталау

3

-

10

7

Семинарға дайындық

3

-

11

8

СОӨЖ дайындық

3

-

12

9

Емтиханға дайындық

9

-

13

14

15

 

Барлығы

45

   

Информация о работе Түркі мемлекеттері