Түркі мемлекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 14:04, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы педагогтік жоғары оқу орындары тарих факультеттерінің оқу жоспарларына «Түркі халықтарының тарихын» міндетті пән ретінде енгізу, Кеңестер Одағы тарағаннан кейін тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда болуына байланысты саяси конъюнктура үшін емес ал керісінше пісіп жетілген ғылыми - қоғамдық сұранысты қамтамасыз ету үшін дер кезіндс жүзеге асырылған. 70-тей дерлік халық пен жұрт -жалпы саны 200 млн-дай түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихы толыққанды тарих пәндерінің бірі ретінде оқытылуға әлдеқашан-ақ лайық еді.

Содержание

Типтік бағдарлама………………………………………………………………………… 3
Пәннің жұмыс бағдарламасы.................................................................................................13
Студентке арналған пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)................................................................................................................................32
Лекциялық материалдың мазмұны.......................................................................................35
пәннің семинар жоспары және әдістемелік нұсқауы....................................................................................................................................41
Глоссарий ...............................................................................................................................44
Студенттің оқытушының басшылығымен игеретін тақырыптары және
әдістемелік нұсқау..................................................................................................................46
Студенттердің өз бетімен игеретін тақырыптары.(СӨЖ)..............................................................................................................52
Студенттердің білімін бағалау жүйесі.................................................................................55
Аралық бақылау тапсырмалары............................................................................................57
Реферат сұрақтары..................................................................................................................58
Әдебиеттер..............................................................................................................................60
Курсты оқыту саясаты және процедурасы ..........................................................................61
Лекция материалдары...........................................................................................................................63
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы..............................................................117

Прикрепленные файлы: 1 файл

turki_hal_tar_umkd.doc

— 1.31 Мб (Скачать документ)

Түріктердің құрамында түрік,  түрікмен,  тахтадж, абдал,  зейбек т.б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың  біраз  бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі  болып тіршілік  етеді,  басым көпшілігі малшы  болды. Өзгелері  отырықшылыққа   айналады.

Шыңғыс  хан  әскерлерінің Түркістанды  жаулауға келе жатқанын  естіген Сүлейман  есімді  бір  әскер   басы  басқа  халықтарымен бірге  өз  жақындарын ертіп   көшіп  кетеді.  Сүлеймен  өзеннен өтіп   бара  жатып, ат –матымен суға  кетеді.  Оның Ерторғыл атты  ұлы қалады. Әкесінің  сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапынан жүріп кетеді.

Ерторғыл өз  серіктерімен  күндердің  күнінде  бір  тау аңғарына  келіп  жетеді. Осы  жерде  екі  әскер қарама –қарсы ұшырасып қалды. Қарсы  жолыққан  әскер соғыста  жеңіліп келе  жатқандықтан,  бұларды  көріп  тағы да  қашуға  әзірленеді. Сол сәт Ерторғылдың  оларға  жаны ашып,  жаралыларына көмек көрсету үшін   керуеннің  алдына  шығып тоқтады.  Кімнің  пайдалы,  кімнің  зиянды  екенін ойлап жатпастан,  әлсірей  келе  жатқан әскерлерге көмек  көрсетеді.  Соның  арқасында  жеңіліп  қашып келе  жатқан жақ  қайта күш  жинап,  жеңіп  қуып келе  жатқандарға қарсы соғысып,  оларға  күйрете соққы  береді. Алғашқы  соғыста  жеңілгендер – селжук түркілері, ал  қуғыншылар монғол – татарлар  еді. Осындай себеппен  әлсіздері әлділерді  жеңіп  шығады.

Өздеріне  көмек  көрсетіп,   жаудан  құтқарғаны  үшін  селжук түркілері әсіресе,  олардың  патшасы  Ғиясаддин Көксары Ерторғыл мен  оның серіктерін адал  дос ретінде  қабылдап,  оларға Анкара жақтан қоныс  береді. Түріктер өздеріне берілген жерге орналасып,  малын бағып,  тішілік етеді. Әр  уақыт селжук  түріктерімен  бірге жорыққа аттанып,  оларға қызмет  көрсетеді. Сөйтіп Селжук  мемлекетінің  біраз өмір  сүруіне септігін  тигізеді.

Осы  селжук  түркілері Константинопольдік  румдерге шабуыл  жасап,  Константинополь қаласын тартып алып, астана  етеді де,  Селжук  өкіметі атты  Түрік мемлекетін құрады.

Бұлардың басқа Иран  селжуктері атты  тағы бір  түрік  өкіметі  бар еді. Осман  мемлекетінің негізін  құрушы Түркия сұлтандарының атасы Осман хан  осы Ерторғылдың ұлы болатын. Ерторғыл 1281 жылды қайтыс  болды.

Осман  хан  түрік  шейхтарының  ішіндегі ең  бір  сыпайы,   білімді  кісісінің Малхатун атты  қызына  үйленеді. Осы  әйелден атақты Орхан  сұлтан туады. Осман хан осы  ұлы  Орхонның басшылығымен Бурса қаласын  басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан  халыққа соңғы өсиет,  аманаттарын айтып, қайтыс  болады. Өзінің  тәж – тағының Бурсаға  көшірілу және  оның  астана   болуы  керектігін  сол  өсиетінде  айтып кетеді.

Бурса  қаласының  османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі ұлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып,  беделі артты,  іргелі үлкен мемлекеттердің  қатарына енді. Бурса қаласы ол  кезде әсем  қала  болған. Дәл осы гүлденіп   тұрған   шағында   ол исламның орталығы  болды,  Осман  түріктерінің  астанасы  осында ауысты.

Осман хан  жігерлі,  заманына   лайық білімдар, көрген,  дүниеге  қызықпайтын  қанағатшыл,  діндар  адам   болған. Оның өте кедейлікте өмір  сүргеніне  жұрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына  қалдырған ешқандай  жеке дүние – мүлкі болмаған.

Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жэасында  қайтыс  болды.  Қабірі Бурса қаласындағы  Манастыр деп  аталатын  орынға  жерленген.

Түрік халқының қалыптасуы мен  мемлекетінің  нығаюында түркі  тілі  шешуші  рөл  атқарады.

Түрік (ескі аты – Осман  тілі) – түрік  халқының  тілі.  Түркиядан  басқа Жерорта  теңізі мен  Балқанға  тараған. Бұл  тілде 60  миллондай (1992 ж) адам сөйлейді. Ол түркі  тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі  диалектілік  топқа:  Батыс немесе  түрік –дунай  тобына  және  адакалий,  адрионополь, босния, македон  диалектілері мен  Шығыс  Анатолия (айдын, измир, карман, конии, сивас)  диалектілерін біріктірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби  тілінің негізгі болған Анкара  говоры  мен  Кипр  диалектісі де  шығыс  Анатолия тобына  кіреді. Түрік тілінде  жалпы  түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы  дауыстыларда сингармнизм заңы,  дауыссыздарда ассимиляция заңы  сақталған.

Түрік тілінің  негізгі сөздік қоры  түркі  тілдерімен  негізгі сөздік қоры түркі  тілдерімен  төркіндес. Қазіргі түрік әдеби тілінің  нормасы ХХ ғасырдың 30—50 жылдарында  орнықты.

Алғашқы  жазба ескерткіштері  ХІІ ғасырға  жатады. Жазу ісінде  1928 жылға  дейін  араб  алфавитін  қолданады.  1928 жылдан  бастап  латын алфавтінде көшті.

Түркі халқының  қалыптасуы мен  нығаюында түркі  тілі орасан  зор  рөл  атқарғаны  туралы Мұстафа  Кемәл Ататүрік былай деді : «Түркия  мемлекеттің  құрған – түркі  халқы,  түрік  ұлты. Түрік ұлты деген  сөз -  түркі  тілі деген  сөз.  Түркі тілі – түрік  ұлтының  қасиетті қазынасы. Өйткені,  түрік ұлты өткендігі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгершілігінің,  дәстүрінің, естеліктерінің,  мүдделерінің,  қысқасы,  бүгін  өзін  ұлт  ретінде қалыптастырған  барлық қасиеті тілінің арқасында  сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі -  түрік  халқының жүрегі, ақыл –ой».

Қорыта келгенде,  Түрік мемлекет  ХІV ғасырда  Кіші  Азия  жерінде  ұйымдасты. Бұл әскери – феодалдық  мемлекет  болды. ХІV-ХVІІ ғасырдың І  жартсында  оның   жер аумағы  кеңейеді,  бұдан  бұрын  ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда  түрлі мемлекеттік  бірлестіктердің – Хетт патшалығының,  Мидияның Ахемен әулиеті  билеген мемлекеттің, Александр Македонский  державасының, Селвк әулиеті  билеген  мемлекеттің, Цонтий патшалығының,  Пергаманың, Римнің (ежелгі),  Византияның, Коний  сұлтандарының  тағы  басқа мемлекеттердің құрамына  кірді.

Түріктер  Византияның Анатологиядағы  соңғы  иеліктерін  1326 жылы  Бурсаны (Түріктің  алғашқы  астанасы болған) алды.

 

 Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер                       

 

  №25. Тақырыбы: Қырым татарлары

Мақсаты:

Жоспар:

  1. Қырым хандығы.
  2. Қырымның қилы тағдыры.

Қырым татарлары  – түркі тілдес халық. Украина  Республикасы құрамындағы Қырым  автономды республикасының тұрғындары. Олар XVII-XVIII ғасырлыдағы  орыс жазбаларында  қырымдықтар деп,  XIX-XX ғасырларда татар деп, Қазан төңкерісінен кейін  Қырым татарлыр деп аталды.Қырым татарлары өздерін қыпшақ,  ноғай,  қырым түркілері, қырымдық  деп әрқалай атап келді.  Қырым татарлары диаспорасы Ресейдің  Краснодар, Ставрополь өлкелерінде,  Украинданың Херсон облысында, Өзбекстан мен Қазақстанда да кездеседі. Қырым татарларының  басым көпшілігі шетел елдерде тұрады. Түркиядағы 4,5 миллион Қырым татарлары түрік тілінде сөйлейді. 

Қырым татарлары жағалаулық, т аулық  және далалық болып үш топқа бөлінеді. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Қырым татарлары – Қырым түбігіндегі 7 ғасырдан бастап қоныс аударған хазар, қыпшақ, ноғай, т.б. түркі тайпаларының ұрпақтары, 1443 жылдан бастап үш жарым ғасырға жуық өмір сүрген .

Қырым хандығын 1783 жылы Ресей қаруыдың күшімен – өзіне қаратты. 1921 жылы Ресей Федерациясы құрамында Қырым автономия республикасы құрылды. 1944 жылы 12 мамырда Қырым татарлары Орта Азияға, Қазақстан мен Оралға күштеп жер аударылды. 1957 жылға дейін Қырым татарларын жеке халық ретінде атауға тыйым салынып келді. Тек 1991 – 1992 жылдары 200 мыңдай Қырым татарлары атамекені Қырымға   қайта оралды.

Қырым татарларының тілі мен үлттық мәдениеті, өнері мен салт-дәстүрі, бай ауыз әдебиеті қалыптасқан. Қырым  татарларының ұлттық музыкасы мен өнерінде, әдет-ғұрпы мен наным-сенімінде, тұрмыс-тіршілігі мен шаруашылығында қыпшақ ұлыстарымен ортақтық басым.

Қырым хандығы – Алтын Орда ыдырағаннан  кейін Қырым тұбегінде құрылған мемлекет (1430-1783).  13 ғасырдың аяғында  Қырым түбінде  Алтын Ордаға тәуелді  ерекше аймақ құрылыды. Оның орталығы – Солхат болды.  Алтын Орда  билеушілерінің өзара күрес-тартыстарынан кейін   Меңді Гирей хан (1428-1515).  1443 жылы тәуелсіз Қырым хандығының негізін қалады. Оған Қырым түбегінен басқа Днепрдің төменгі бөлігі да кірді. Ол хандықтың астанасын Бахшасарайға көшірді.

1475 жылы Қырымға түрік әскері басып кіріп,  хандық Тұркияға тәуелді болды.  Қырым хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым әскерлерінің орыс жеріне жорықтары әсіресе Ливон соғысы (1558-1583) кезінде жиіледі.   16-17 ғасырларда Ресей өкіметі оңтүстік шекарасын Қырым  татарларынан қорғау үшін шекара бекініс шептерін құрды. Орыстардың 1687-1689 жылдары Қырымға жасаған жорықтары нәтижесіз аяқталды. 18 ғасырдағы орыс-түрік соғысында Ресей  жеңске жетіп,  Қырым хандығы әлсірей бастады.

1774 жылы Күшлік-Қайнарджа бітімі бойынша Қырым хандығы Түркияның қол астынан шығып, Ресейдің қарамағындағы тәуелсіз ел болып танылды.  1783 жылы Қырым хандығы Ресей империясының құрамына кірді.

 

 

№ 26. Тақырыбы: Қарақалпақтар

Мақсаты:

Жоспары:

Қарақалпақтар – түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Автаномды Республикасы. Оларды көрші халықтар қалпақ, қаралпұқ, қарағалпақ деп атайды. Бұрынғы Кеңесиер Одағындағы 424 000 Қ-дың 94 %-ы өз тілін ана тілім деп таныған (1989). Қ-дың антропол. типі орта-азиялық көне еур. нәсіл мен кейінірек келген моңгол тектес нәсілдің араласу нәтижесінде пайда болған. Зерттеушілердің пікірінше, Қ-дың арғы тегі біздің жыл санауымызға дейін-ақ Арыс жағалауынан бастап Жайық өзендерінің аралығын,  Солт. Кавказ бен Дешті Қыпшақ даласына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшіп-қонған тайпаларға саяды. Проф. Н.А. Баскаковтың атап өткеніндей, Үлкен Ноғай Ордасынан 15- 16 ғ.ғ. қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтары бөлініп шыққан. 1723 ж. Жоңғар қалмақтарының жойқын шабуылынан «ақтабан шұбырындыға...» ұшыраған қазақтармен Қ. да Ота Азия ішкі аудандарына, Ресей шекарасыеа ауа көшті, Кіші жүз қазақтарымен күш біріктіріп, қалмақтарды Жайық пен Жем бойынан ығыстырды. Қ. ерте кезден жартылай көшпелі халық болған. Мал ш-мен, балық аулаумен қатар көне дәуірден-ақ суармалы егіншілікпен шұғылданып келді. Бидай, арпа, күріш, тары екті, жүзім өсірді. Әр отбасының бау-бақшасы болды. КСРО тұсында Өзбекстанда ауланатын балықтың 90 %-ын Қ. беріп кеоген. Алайда Арал апатына байланыстыбалық аулау кәсібі үлкен күйзеліске ұшырады. Балық – Қ -дың сүйікті асы болып келген. Балықты көбінесе, қуырып жейді. Сондай-ақ, араластырып даярлайтын тағам түріне қарма, уылдырық нан, қақпаш (кептірілген балық) жатады. Қ-дың күнделікті қорегінде сүт тағамы, қауын мен асқабақ көбірек. Қол өнері дамыған. Қ. Ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Ұлттық мейрам мен ойындарға құрбан айт, ораза айт, наурыз мерекесі, сүндет той, бәйге, ылақ (көкпар), күрес (палуан жарысы), дәруаз жатады. Қ-тар сөзөнеріне ден қойған халық. Той-томалақ пен әр алуан жиындарда мас-қарапаздар (күлдіргі айтысы) жарысы өткізіледі. Қ. Ауыз әдебиеті бай. 18 ғ-да өмір сүрген ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Жиен жырау мен 19 ғ-дағы Әжінияз, Бердақ қарақалпақ әдеби тілінің дамуына лайықты үлес қосты. Әнші-жыршылар, сазеңдер мен қиссандар халықтың ертедегі муз. мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші болып табылады.

Тарихы

     Қ. жерін адамдар  тас дәуірінде-ақ мекендей бастаған. Б.з.б. 2 мж-тың аяғында мұнда суармалы  егішілік өркендеді. Қойқырылғанқала  діни құрылыстарын қазған кезде табылған ертедегі жазба ескерткіштнр (б.з.б. 4 ғ.), Топыраққала сарайы (3ғ. – 4 ғ. басы) – кейінгі антика дәуірінің үздік ескерткіші. Қ. Халқының этногенезі Сырдарияның сағасы мен Арал жағалауы даласын мекендеген түркі тайпаларына тығыз байланысты. Бұл тайпалар 5 – 15 ғ.ғ.-да әр түрлі мемл. Бірлестіктердің: Бат. Түрік қағадығы, оғыздар, қыпшақтар, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б. құрамында болды. Қ-дың көпшілігі 17 ғ-да және 18 ғ-дың орта кезінде Сырдарияның ортаңғы ағысы мен сағасындағы алапты мекендеп, Ноғай ордасына, ол ыдырағаннан кейін Қазақ хандығына қарады. Олар жартылай көшпелі болған, мал ш-н, егіншілікті, балық аулауды кәсіп еткен. 18 ғ-да Қ-тар қазақтардың Кіші жүзі құрамында болды. Тайпааралық қақтығыстардан қажыған ел 1742 ж. Ресей бодандығына қабылдауды өтініп, Орынбор мен Снакт-Петербургке елші жолдады. Ресей үкіметі олардың өтінішін қабыл алды. Ресеймен өзінің сыртынан мәміле жасасқанынашамданған Әбілқайыр хан 1743 ж. Қ-тарға жорық жасады. Қ-тар еж. қоныстарынан айырылып, Сырдарияның батыс атырауынан құятын Жаңадария бойына қарай ығысты. 18 ғ-дың соңында Хиуа хандарының шабуылы үдеді. 1811 ж. олар қарақалпақ елін жаулап алып, Әмударияның сағысына көшірді. 1855 – 56 және 1858 – 59 ж.ж. Қ-тар Хиуа езгісіне қарсы көтерілді. Бірақ, Хиуа әскерлері көтерілісшілерді аяусыз қырды. Патшалық Ресей әскерлерінің 1873 ж. шапқыншалық жорығынан кейін (Хиуа ханы Ресейге протектораттық тәуелділікті мойындату жөнінде 2 жақты келісімшартқа қол қоғаннан кейін) Әмударияның оң жағалауындағы қарақалпақтар Ресей мемлекетінің қол астына өтіп, Әмудария бөліміне бірікті. Бұл бөлініс 1887 ж. Түркістан ген-губ-ына қарайтын Сырдария обл-ның құрамына енді. Ал өзеннің сол жағалауын мекендеген Қ-р-ң аз бөлігі Хиуа хандығының қарамағында қалды. Тап осы кезде елде тауарлы мақта ш. дамып, шағын кәсіпорындар ірге бекітті. Алғашқы мақта өңдеу з-тттары іске қосылды. Ресей империясын шайқалтқан 1905 – 07 ж.ж.-ғы рев.толқулар, 1916 ж. Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық көтерілістер, сондай-ақ, 1917 ж. әлеум. төңкеріс өрті қарақалпақ жерін де шарпыды. Ел ішін жікке бөліп, дүрбелеңге түсірген азамат соғысы ж.ж.-ын бастан өткерді. 1920 ж. желтоқсанда оң жағалаулық қарақалпақ жері Түркістан АКСР-на қарайтын Әмудария обл. болып құрылды. 1921 ж. 21 маусымда осында Қарақалпақ обл. партия ұйымы құрылды. 1924 ж. 14 қазанда БРОАК Түркістан АКСР-ның қарақалпақтар тұратын аудандарының негізінде Қарақалпақ автоном. округін құрды, оған Хорезм республиканың Қарақалпақ округі қосылды. 1925 ж. ақпан айында өткен кеңестердің І құрылтай съезінде Қарақалпақ АО Қазақ АКСР-ның құрамына, 1930 ж. 20 наурызда Қарақалпақ АКСР болып, 1936 жылдан Өзбек КСР-ның құрамына кірді. 1920 – 30 ж.ж. жаппай ұжымдастыру жүргізіліп, байлар тәркіленді, а. ш-н суландыру жолға қойылып, жаппай мақта өсірілді, мақта тазалау өнеркәсібі пайда болды. 1941 – 45 ж. соғыс ж.ж.-ында майдан мен тылдағы ерліктері үшін мыңдаған қарақалпақтар ордендермен, медальдермен марапатталды, 14 адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыстан кейін мақта ш. Әрі қарай дамып, өнеркәсіп орт-тары (Нөкіс, Ходжейлі, Тахиаташ, т.б.) салынды. 50-жылдары Шарджоу – Қоңырат т.ж. салынып, 70-жылдары Бейнеу арқылы Мақатқа дейін ұзартылды, сөйтіп, Орта Азиядан Рсейге шығатын ең төте жолға айналды. Кеңес өкіметі тұсында Қ елінде сауатсыздық жойылып, ұлттық кадрлар өсіп жетілді, жоғары оқу орындары мен ғыл-зерт. мекемелері , мәдениет ошақтары, т.б. ашылды. 1990 ж. 14 желтоқсанда Қ. Өзбекстан Республикасының құрамындағы егемен мемл. болып жарияланды. 1992 ж. 14 желтоқсанда Қ. Жоғ. Кеңесінің 11-сессиясында – Мемл. Туы, 12-сессиясында – Конст-сы мен Гербі (1993 ж. 9 сәуір) қабылданды. 1991 ж. қарашада Қ-да президенттік басқару енгізіліп, 1992 ж. қаңтар айынан бастап ел Қарақалпақстан Республикасы деп аталды.

Мәдениеті

     Қ-р-ң фольклорлық  шығармалары – «Қырық қыз», «Ашық  Ғарип», «Шадияр», т.б. батырлық, лиро-эпостық дастандары ерте ғ.ғ.-да дүние келген. Жазба әдебиеті 19 ғ-дан басталады. Осы кезде Жиен жырау Тоғайұлы (18 ғ.), Күнқожа Ибрайұлы (1799 – 1880), Әжінияз Қасыбайұлы (1824 – 78), Бердақ Қарғабайұлы (1827 – 1900), Омар Өтеш (1828 – 1902), Омар Сүгірбабатұлы (1879 – 1922), Құлмұрат (1838 – 1927), Сыдық Шаир (1857 – 1917) сияқты ақындардың өлең-жырлары ел ішіне кең тарады. Туыстас қазақ және Қ. халықтарының ауыз әдебиетінде ортақ үлгілері көп. Солар бірі – «Қырық қыз» дастаны. Ұлт әдебиеті кеңес өкіметі жылдарында сапалы кәсіби-шығарм. деңгейге көтерілді. Проза, драмматургия жанрында жаңа туандылар жазылып, әдеби сын дамыды, ұлтық әдебиеттаны ілімі қалыптасты. 20 ғ-дың 50 ж.ж.-нда жазылған А.Бегімовтің «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтің «Әмудария жағасын» (1958) романдары, сондай-ақ, Т.Қайыпбергеновтің «Қарақалпақ қызы» (1963 – 65) атты кітаптары қарақалпақ прозасын биік сатыға көтерді. Осы жылдары жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгул-абат», «Бердақ», А.Бегімовтың «Боз отау», «Ашық Ғарип», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», С.Қожаниязовтың «Сүймегенге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика театрларының репертуарларын байыта түсті.

     Қ-да ұлттық қолөнер  мен зергерлік машық дәстүрлерін  дамытқан өнер шеберлері – мүсіншілер: Ж.Құттумұратов, Д. Төрениязов, кескіндемешілер: Ж.Беканов, Б.Серекеев, А.Құрбанбаев, Қ.Бердімұратов, Қ.Нәжімов, т.б. Қарақалпақтардың муз. мәдениеті 20 ғ-дың бас кезіне дейін халық шығарм. түрінде дамыған. Муз. аспаптары: дутар, қобыз, ғыржах, баламан, най, сырнай, дәп, шаңқобыз. 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап симф. оркестрге арналған шығармалар, хорлар, спектакльдерге арнап муз. Жазылды (композиторлар Ж.Шамұратов, А.Сұлтанов, К.Тұрдықұлов, К.Абдуллаев, М.Жиемұратов, Н.Махаматдинов). 1959 ж. Қарақалпақ халық әндерінің жинағы баспадан шықты. Республикада муз-драма театры, ұлттық филармония, муз-хореогр. уч-ще және бірнеше муз. мектеп жұмыс істейді. Осы шығарм. ұжымдар қабырғасында А.Шамұратова, С.Әуезов, О.Дәулетова, З.Зарипов, Ю.Мамұтов, Р.Сейітов, Г.Шеразиева, Т.Ахметова, Х.Сапаров, т.б. өнер шеберлері тәрбиеленіп шықты.

     Пайдаланылған әдебиет:  «Қазақ инциклопедиясы», V том / Бас  ред. Бүкітбай Аяған / Алматы, 2003 (578–580 б.б.).

Бақылау сұрақтары:

Әдебиеттер

 

№27-28.Тақырыбы:  Алтай түріктері. Алтайдағы қазақтар мен түріктер.

Мақсаты:

Жоспары:

1.Алтай түріктерінің шығу тарихы.

2.Алтайдағы қазақтар мен түріктер.

Түркі тектес халықтардан Аралық бұтаққа  жататын 14 ел бар.Тұран халқының  байырғы қоныстарында емін-еркін  көшіп-қонған көшпелі, мал шаруашылығымен шұғылданған бұл халықтарды түркі тектес халық деп жазыпкелген-ді. Бұлардың ішінде ең әйгілісі қырғыздар. Қырғыздар туралы да тарихшылар Моңғолия үстіртінде Орхан өзені бойында әжептәуір дәуірлеп тұрған «Қырғыз ұлысын» тілге тиек етеді. Енисей қырғыздары, Тянь-Шань қырғыздарының тарихқа түсуі VI ғасыр мерзімін тұспалайды. Сол қырғыздармен қанаттас жүріп, аралас-құралас өсіп өнген түркі халықтарының Аралық бұтағына жататын хакастар, сахалар, алтайлықтар, тувалар, тофалар, шұлымдар, шорлар, саларлар, сары ұйғырлар, долғандар, чуваштар түріктенген моңғол тектілер ме, әлде моңғолыланған түркі тектілер ме? Бұл туралы күні бүгінге дейін аталмыш халықтардың тарихын зерттеушілер әртүрлі жазып, сызып келгендіктен жаңағы сұраққа жауап таба алмаймыз. Тіпті мұндаға дейін жоңғардың үрім-бұтағы болып өздерін ойрат әулетінен тарататын алтайлықтарды түркі тайпасы деп жазып жүрміз. Олай болса олардың тарихы жоңғардың Галдан Боршигтысынан Давашы Амарсанаға дейінгі Орта Азияға орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм заманның сұрапыл оқиғасын мадақтаумен машықтануда. Тіпті Галдан Бошигт пен Амарсаналар қайта туылып (Будда дінінің өсиеті бойынша) алтайлықтарды азат етеді деп көк тәңірге жалбарланып келгені аңыз-хикаяларында жыр болып жалғасады.

Информация о работе Түркі мемлекеттері