Анатомия медицина ғылымының ірге тасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:05, творческая работа

Краткое описание

Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімініңнегізіболып саналады. Анатомия гректің “anatemno” “кесу, бөлшектеу” дегенмағынадағы сөзінен шыққан.Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.
Анатомия пәнінің алғашқы даму кезеңінде адамның мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген. Қазіргі кезде адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын жүйелі анатомия зерттейді.
Хирургиялық ем үшін мүшенің денедегі орнын дәл анықтаудың маңызы зор. Белгілі бір мүшенің денедегі орнын дәл анықтайтын анатомия ілімінің саласы топографиялық анатомия. Топографиялық анатомияның дамуы нәтижесіндекүрделі хирургиялық емдеу мүмкіндіктеріне жол ашылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Анатомия медицина ғылымының ірге тасы.pptx

— 165.66 Кб (Скачать документ)

 

    • Гиалин шеміршегі — қабырғаның төс сүйегінежабысқан алдыңғы ұшында, үлкен бронхта, мұрын аралығында, сүйектің буын бетінде, көмекейде ұшырайды.
    • Құлақ қалқанының, сыртқы есіту түтігінің, көмекей үсті шеміршегі серпімді немесе элластик шеміршектерге жатады.
    • Коллаген шеміршегі омыртқа аралағындағы дискіде, көкірек, бұғана, самай, төменгі жақ буынында, сіңірдің сүйекке жабысқан жерінде кездеседі.

 

    • Сүйекұлпасы- сүйек жасушасы мен құрамында бейорганикалық тұзы бар аралық заттан тұрады.Бейорганикалық зат құрамына күрделі қосылысты кальций тұзы кіреді, олар сүйекке беріктік қасиет береді. Сүйектің серпімділік қасиеті оның негізгі ұлпасы — остеонға байланысты. Сүйектің аралық затында сопақша қуыс бар, ол сүйектің тесігімен жалғасады.
    • Сүйек ұлпасының үш түрі бар: остеобласт, остеоцит, остеокласт. Остеобластан остеоцит пайда болады. Сүйек ұлпасы тұрпайы талшықты және жазық болып екіге бөлінеді. Тұрпайы талшықты сүйек ұлпасы ананың құрсағындағы ұрықтың сүйегінде, ересек адамның ми сауытының жігінде, сіңірдің сүйекке жабысқан жерінде кездеседі. Олардың жасуша арасында остеоциті бар коллаген талшығы пайда болады. Жазық сүйек ұлпасы адамның барлық қаңқа сүйегінде болады. Ол тығыз және борпылдақсүйек ұлпасыболыпекі топқа бөлінеді. Тығыз сүйек ұлпасының құрылыс бірлігі — “гаверс” жүйесі немесе “остеон”.
    • “Остеон” 5-20 талшықтан тұрады, ал оның ортасындағы өзек “остеон өзегі” немесе “гаверс өзегі" дем аталады. Өзекше, олардағы қан тамыры бір-бірімен және сүйек майының, сүйек қабының қан тамырымен қосылады. Сүйектің қабығынан сүйекке өтетін қан тамыры қоректендіру қызметінатқарады. Сүйектің сыртындағы қабығы “периост" деп аталады, ол дәнекер ұлпалы екі қабықтан тұрады. Сүйек жарақаттанғанда ішкі қабаттан өседі, ал сыртқы қабығы - қан тамыры мсн жүйкеге бай тығыз дәнекер ұлпа. Сүйектің түтігінің ішін қаптап тұрған қабығы “эндоост" деп аталады.  
    • Бұлшық ет ұлпасы (мышечная ткань, textus muscularis) — дененің қимыл аппаратының белсенді бөлігі. Бұлшық ет ұлпасының үш түрі бар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы және ерекше бұлшық ет ұлпасы.

 

    • Көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы негізінен қаңқа бұлшық еттерінде, ауыз, тіл, көмекей, жұтқыншақ, көкет (диафрагма), ымдау бұлшық еттерінде, өңештің жоғарғы бөлігінде кездеседі. Көлденең жолақты бұлшық еттер ұлпасы адам еркіне бағынышты жиырылып, босаңсиды, оның қызметіне көп энергия жұмсалады.

 

    • Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы ішкі мүше қабырғасында кездеседі. Олардың жиырылып, босаңсуына энергия жұмсалмайды, олардың қызметі адам еркіне бағынышты емес.
    • Бұлшық еттің ерекше түріне жүректің көлденең жолақты бұлшық еті мен миоэпителиалды бұлшық еті енеді. Жүректің көлденең жолақты бұлшық еті құрылысы жағынан қаңқаның бұлшық етіне ұқсас, бірақ адам еркіне бағынышсыз жиырылып, босаңсиды, оның қызметіне энергия жұмсалмайды. Жүректің көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының жасушасы - қардиомиоцит.

 

    • Бұлшық еттің ерекше түрінің бірі — миоэпителалды бұлшық ет ұлпасы. Сүт пен тері безі өзегінің бұлшық етінде болады. Олардың жиырылуы нәтижесіндеаталған бездердің сөлі сыртқа шығады. Көздің қарашығы мен цилиндр денесінің бұлшық еті көздің қарашығын тарылтып, кеңейтеді. Бұлшық еттің ерекше түрінің қызметі адам еркіне бағынышты емес.

 

    • Жүйке ұлпасы (нервная ткань, textus nетvosus) жүйке жасушасынан пайда болады. Жүйке жасушасының екі түрі бар: нейрон мен нейроглия. Нейрон тітіркенеді, қозады, тітіркеністі өткізеді, ол нейроглия жүйке ұлпасында тіреуіш пен қоректендіру қызметін атқарады. Жүйке жүйесінде әр түрліпішінде кездесетін олардың басқа жасушадан айырмашылығы өсінді болады. Жүйке жасушаның өсіндісі - аксон және дендрит болып бөлінеді. Бірнеше, қысқа дендрит арқылы тітіркеніс (импульс) жүйке жасушасының денесіне қарай бағытталады. Жүйке жасушасында аксон өсіндісі біреу ғана. Ұзындығы бірнеше миллиметрден 1,5 метрге дейін жетеді. Аксон өсіндісі арқылы тітіркеніс жүйке жасушасының денесінен басқа жасушаға немесе басқа мүшеге беріледі.

 

    • Өсіндінің санына байланысты жүйке жасуша үш топқа бөлінеді: бір өсінділі — униполяр, екі өсінділі — биполяр, үш және көп өсінділі — мультиполяр. Адамда көбіне мультиполяр жүйке жасушасы кездеседі. Жүйке жасушасы атқаратын қызметіне байланысты сезімтал немесе афферент, қимылдық эфферент және аралық немесе ассоциативтік болып бөлінеді. Жүйке жасушасы көбіне бір ядролы, ал ядросында 2-3 ядрошық болады. Жүйке жасушасының цитоплазмасында басқа жасушадан ерекше базофильді зат пен нейрофибрил болады. Базофилді зат жүйке жасушасының денесінде және дендритінде дене түрінде кездеседі. Олар жүйке жасушасында әр түрліболып өзгеріп тұрады. Мысалы, қанның құрамындағы оттегі азайып, көмір қышқыл газының мөлшері көбейгенде жүйке жасушаларындағы денешенің жоғалып кететіндігі байқалады.

 

    • Нейрофибрил - жүйке жасушасының денесінде, барлық өсіндісінде жіпше түрінде кездеседі, тітіркеністі өткізеді.
    • Нейроглия — пішіні, көлемі, атқаратын қызметі әр түрліжүйке жасушасы, олар макроглия, микроглия болып бөлінеді. Нейроглиялар мидың нейронының арасында, ми қарыншасының ішінде, жұлынның өзегінде. Микроглия амеба тәрізді қимылдайды, фагоцитоздық қасиеті бар.
    • Жүйке жасушасының қабықпен қапталған өсіндісі “талшықтары” деп аталады. Қабықтың түзілісіне байланысты жүйке талшығы миелинді және миелин қабықсыз болып екі топқа бөлінеді. Миелин қабықты жүйке талшығы соматик жүйке жүйесінде кездеседі. Миелин қабықты жүйке талшығының қабығы шванн жасушасынан (нейроглиядан) пайда болған. Оның екі қабаты бар, ішкі қабаты май сияқты заты бар миелиннен түзілген, ал сыртқы қабаты шванн жасушасынан пайда болған. Сыртқы қабаты “шванн қабаты” деп аталады. Жүйке талшығының ұзына бойына тарылған жері “ранвье айқастары” деп аталады. Бұл айқас шванн жасушасының көрші жасушаға өткен жеріне сәйкес келеді. Миелин қабықсыз жүйке талшығының қабығы тек нейроглиядан (шванн жасушасынан) тұрады, олар цитоплазмаға тығыз жабысып, сопақ ядролы өрім пайда болады.

 

    • Жүйке талшығы атқаратын қызметіне байланысты сезімтал немесе афферентті, орталыққа тепкіш, қимылдық, эфференттік немесе орталықтан тепкіш және аралық немесе ассоциативтік талшық болып үш топқа бөлінеді. Жүйкенің қозуы жүйке талшығы арқылы рецептордан орталыққа, ал эффектор арқылы бас ми мен жұлыннан жұмысшы мүшеге беріледі. Жүйке - нейрон талшығының бумасы мен әрбір талшықты және барлық буманы бүтін қаптаған дәнекер ұлпалы қабықтың жиынтығы. “Жүйке ұшы" деп жүйке талшығының мүшедегі, ұлпадағы немесе басқа жүйке жасушасындағы ұшы айтылады.
    • Жүйке ұшы үш топқа бөлінеді:
    • I. Рецептор - сыртқы және ішкі ортаның тітіркенімін  қабылдайтын афферент нейрон дендритінің ұштары. Рецептор қай ортадан тітіркеністі қабылдауына байланысты экстрроцептор,интрорецептор болып бөлінеді.
    • Экстрорецептор тітіркеністі сыртқы ортадан,ал интрорецептор дененің ішкі ортасынан қабылдайды.
    • Интрорецептордың өзі екі топқа бөлінеді: проприорецептор –тітіркеністі  бұлшық еттен, буыннан, сіңірден қабылдайды; висцерорецептор— тітіркеністі ішкі мүшеден қабылдайды. Висцерорецептор түрлітітіркеністі қабылдауына байланысты бірнешетопқа бөлінеді.
    • Мысалы: терморецептор - ыстықты, суықты, ол хемиорецептор — ішкі ортаның күрделі өзгерісін қабылдайды.
    • II. Эффектор - эфференті нейрон мен аксонның бұлшық еттегі, бездегі ұшы. Олар арқылы тітіркеніс орталық жүйке жүйесінен “жұмысшы” мүшеге беріледі.
    • III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.

 

    • Адам денесінің бір тұтастығын сақтауда жүйке жүйесі негізгі қызмет атқарады. Жүйке жүйесі мүше мен жүйенің қызметін реттейді, сыртқы және ішкі ортаның тітіркенісін қабылдап, синтездейді, денені сыртқы, ішкі ортаның өзгерісіне бейімдейді.

 

    • Мүше мен мүше жүйесі туралы түсінік
    • "Дене мүшесі” деп, дененің белгілі бір құрылысындағы, пішініндегі өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігіне айтылады. Мүшеге сүйек, бұлшық ет, без, асқазан, өкпе, бүйрек, жүрек, жіңішке, жуан ішек және т.б. жатады. Әрбір мүшенің құрылысына ұлпаның бірнеше түрі қатынасады. Бірақ мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады. Сол ұлпа мүшенің негізгі қызметін атқарады: мысалы, сүйектің құрамында сүйек ұлпасы, шеміршек және басқа дәнекер ұлпалар болады. Бірақ сүйектің құрылысының негізгісі сүйек ұлпасы. Сүйек ұлпасы сүйекке қаттылық қасиет береді. Сондықтан сүйек денеде тіреуіш, корғаныс қызметін атқарады, дененің қимылына қатынасады. Кейбір мүшенің құрылысында екі-үш түрліұлпа басты қызмет атқарады, мысалы: асқазан мен ішекте кілегей, дәнекер, бұлшық ет ұлпалары болады. Олар сөл бөліп шығарады, қимылдайды, қозғалыста болады. Асқазан мен ішектің сөлін олардың безді кілегей ұлпасы бөліп шығарады, ал қимыл осы мүшелердегі бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылып, босаңсуынан пайда болады. Ал бұл мүшелердің құрылысының құрамында жүйкелер, қан және лимфа тамырлары болады.

 

    • Денедегі барлық мүше - құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді.
    • 1. Қимыл жүйесіне барлық сүйек, оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бұлшық ет кіреді. Сүйектер тіреуіш қызметін атқарады. Олардан қуыстар пайда болады. Қуыстар мүшелерді қорғау қызметін атқарады.
    • Ас қорытужүйесі - тағамды қабылдайды, ұсатады, жұтады, қорытады, сіңіреді, қалдықтарды сыртқы ортаға шығарады. Бұл жүйеге — ауыз қуысы, тіл, тістер, сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, жіңішке және жуан ішіктер, ұйқы безі, бауыр жатады.
    • Тыныс алу жүйесініңқатынасуымен ішкі және сыркы тыныс алу, газ алмасу құбылыстары өтеді. Бұл жүйе денені сыртқы ортамен байланыстырады. Тыныс алу жүйесіне мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, өкпе, плевра қатысады.
    • Несеп-зоршығару жүйесі. Денеде тіршілік әрекеті нәтижесіндепайда болған керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Бұл жүйеге - бүйрек, несеп ағар, қуық, несеп шығару түтігі жатады.
    • Адам денесі — ас қорыту, тыныс алу, несеп шығару жүйелері арқылы сыртқы ортамен байланысады.

 

    • Жыныс жүйесіне көбею мүшелері кіреді. Олар: әйелде жатыр, оның түтігі, қынабы, аналық жыныс безі, әйелдің сыртқы, ішкі жыныс мүшелері. Жыныс мүшелері мен несеп-зәр шығару мүшелерінің дамуы тығыз байланысты. Соның үшін несеп-зор шығару және жыныс мүшелерін бір жүйеге біріктіріп зерттейді.

 

    • Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер - ерекше синтезделген химиялық заттар - гормондар бөліп шығарады. Олар қан және лимфа тамырлары арқылы бүкіл денеге тарқалып, оның қызметіне әсер етеді.

 

    • Жүрек-қан тамырлар жүйесіне-жүрек, артерия, вена, капилляр және лимфа тамырлары жатады. Жүрек қанды насосша вена қан тамырларынан тартып алып, оны артерия қан тамырларына айдайды. Қан — артерия қан тамырлары арқылы бүкіл денеге тарқалады. Қан денеге оттегін, қоректік заттарды тасымалдайды, денеден зат алмасуы нәтижесіндепайда болған керексіз заттарды (С02, азот) сыртқы ортаға шығарады (бүйрек, тері, өкпе).

 

    • Сезім жүйесі - сыртқы ортаның тітіркеністерін қабылдайды. Оларға көру, есту, тепе-теңдік, иіс сезу мүшелері кіреді.
    • Жүйке жүйесіне бас ми мен жұлын, олардан тарқалған жүйке талшықтары - 12 жұп бас ми жүйкесі мен 31 жұп жұлын сегменті кіреді.Бас ми мен жұлын “жоғарғы жүйке жүйесі”, ал олардың тармақтары “шеткері жүйке жүйесі” деп аталады. Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесіне бас ми сыңарлары жатады. Жүйке жүйесі сезім мүшелері, рецепторлар арқылы сыртқы және ішкі ортадан тітіркеністерді қабылдап, мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейді.

 

    • Денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметі бір-бірімен тығыз байланысты екені белгілі.Оларды бір-бірінен бөлу мүмкін емес. Сүйектер бір-бірімен буындар, шеміршектер, сіңірлер арқылы жалғасады. Ал бұлшық еттер сіңірлері арқылы сүйектерге жабысып,оларды қимылға келтіреді.
    • Қан тамырлары, жүйкелер, бүкіл денедегімүшелерге тармақталады. Бүкіл дене мүшелерінің қызметі бір-бірімен тығыз байланысты; мысалы, ас қорытужүйесі арқылы бүтін денеге қоректік заттар, ал тыныс алу жүйесі арқылы оттегі қабылданады. Тіршілік әрекеті нәтижесіндепайда болған керексіз заттар, денеден несеп-зор жүйесі арқылы сыртқы ортаға шығады.

Информация о работе Анатомия медицина ғылымының ірге тасы