Анатомия медицина ғылымының ірге тасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:05, творческая работа

Краткое описание

Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімініңнегізіболып саналады. Анатомия гректің “anatemno” “кесу, бөлшектеу” дегенмағынадағы сөзінен шыққан.Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.
Анатомия пәнінің алғашқы даму кезеңінде адамның мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген. Қазіргі кезде адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын жүйелі анатомия зерттейді.
Хирургиялық ем үшін мүшенің денедегі орнын дәл анықтаудың маңызы зор. Белгілі бір мүшенің денедегі орнын дәл анықтайтын анатомия ілімінің саласы топографиялық анатомия. Топографиялық анатомияның дамуы нәтижесіндекүрделі хирургиялық емдеу мүмкіндіктеріне жол ашылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Анатомия медицина ғылымының ірге тасы.pptx

— 165.66 Кб (Скачать документ)

Анатомия медицина ғылымының ірге тасы

 

К I P I С П E

 

   Адам анатомиясы мен физиологиясы  медицина ілімініңнегізіболып саналады. Анатомия гректің “anatemno” “кесу, бөлшектеу” дегенмағынадағы сөзінен  шыққан.Адам анатомиясы дененің  пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін  және оның сыртқы ортамен ара  қатынасын зерттейді.

   Анатомия пәнінің алғашқы даму  кезеңінде адамның мүшелерін  сипаттаумен ғана шектелген. Қазіргі  кезде адам денесінің әрбір  мүшесінің құрылысын, даму сатысын  жүйелі анатомия зерттейді.

    Хирургиялық ем үшін мүшенің  денедегі орнын дәл анықтаудың  маңызы зор. Белгілі бір мүшенің  денедегі орнын дәл анықтайтын  анатомия ілімінің саласы топографиялық  анатомия. Топографиялық анатомияның  дамуы нәтижесіндекүрделі хирургиялық  емдеу мүмкіндіктеріне жол ашылды.

    Анатомия ілімінің тағы бір  саласы жас ерекшеліктеріне байланысты  дене пішінінің құрылысын және  сыртқы ортаның оған тигізетін  әсерін зерттейді.

Функциональдық анатомия дене мүшелерінің атқаратын қызметін жинақтап зерттейтін анатомияның бір саласы.

 

    • Анатомия мен физиологияпәндері бір-бірімен өте тығыз байланысты.Физиологиямүшелердің, жүйелердің, тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ілім. Физиологиянегізінде тіріні өліден саналық жағынан айыратын маңызды тіршілік әрекеттердің заңдылықтарын зерттейді.
    • Физиологияжалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы физиология тірі денеге сыртқы орта әсерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Оның бір саласы жасуша физиологиясын зерттейтін ілім - цитология. Салыстырмалы физиологиятүрлердің және дененің дамуын салыстырып зерттейді. Жас ерекшелектері физиологиясы дененің бүкіл қызметінің қалыптасуы мен дамузаңдылықтарын, ал физиологияның бір саласы жеке мүшелердің, жүйенің қызметін анықтайды. Мысалы: ас қорытужүйесі, қан айналу, несеп-зәр шығару жүйесінің    физиологиясы.
    • Анатомия мен физиология гистологиямен тығыз байланысты. Гистология (histos,ткань,ұлпа) - ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Жалпы гистология цитология және гистология болып бөлінеді.
    • Цитология жасуша туралы ілім. Жеке гистология немесе микроскопиялық анатомия мүшелерді 5-50 мкм қалыңдыққа дейін кесіп, бояп, қатырып, олардағы жасуша мен ұлпа құрылысын зерттейді. Қазіргі заманғы гистология өте күрделі зерттеу құралдарымен (люминисцентік, электрондык, микроскоп) өте нәзік гистологиялық әдістерді қолданады.
    • Анатомия, физиология медицина және биологиялық ілімнің   негізі. Мүшелердің қалыпты жағдайдағы денедегіорнын білу нәтижесінде ауруды анықтап, адам денсаулығы үшін күресу мүмкін болады.

 

    • Адам денесінің құрылысын зерттеген деректер біздің эрамызға дейінгі 2550 жылдардағы ежелгі Египетте Эверестің “Құпия дәрігер кітабында» сақталған. Бұл кітапта адам жүрегі мен қан тамырларының құрылысы туралы мәліметтер бар. Біздің эрамызға дейінгі ХІ-ХІІ ғасырлардағы қытайдың “Ней-Чин” кітабында адам анатомиясы туралы мәліметтер сақталған.
    • Ғылымның көптеген саласының дамуына ежелгі Грецияда қолайлы мүмкіндіктер болды. География, экономика және басқа ғылым салаларымен қатар медицина ерекше даму сатысына көтеріледі.
    • Ежелгі Грецияда дәрігер, әрі ғалым Гиппократтың абыройы өте күшті болады. Ол біздің эрамызға дейінгі 460-370 жылдарда ежелгі Грецияда өмір сүрген. Анатомияны бүкіл медицинаның негізі деп бағалады. Гиппократ адам денесіндеті бұлшық еттердің, жүрек қабырғасының кұрылысын, ми сауытының кақпақ сүйектерін, олардың арасындағы жіктерді суреттеді. Сонымен бірге ішкі мүшелердің орналасуы мен қаңқаның құрылысын анықтады. Гиппократ адам денесінің негізі түрлісұйықтықтардан: өттен, қаннан, шырыш және қара өттен пайда болған деп ойлады. Осы сұйықтарға сәйкес адамдардың мінезін төрттүргебөлді: флегматик, холерик, сангвиник, меланхолик. Гиппократ артерия қан тамырында ауа бар, адамның миы шырыштан тұрады, ал оның сұйықтығы жұлын арқылы жыныс мүшелеріне барады деп болжам жасады.

 

    • Анатомияның дамуына Платон (б.э.д. 427-347 жж.) мен Аристотельдің (б.э.д 384-324 жж.) қосқан үлестерізор. Платон хайуанаттарды зерттеу нәтижесіндебас ми жұлынның алдыңғы бөлігінен дамиды деген тұжырымға келеді. Аристотель қанның, май ұлпасының сүйектің, сіңірдің құрылысын анықтады. Аристотельді эмбриология ілімінің негізін қалаушы деп атайды, себебі ол бірінші рет ұрықтың дамуы туралы болжам жасаған. Аристотель қанды қозғаушы орталық мүше деп есептеді.
    • Гиппократтан кейінгі медицина дамуына үлкен үлес қосқан Рим философы, биолог-анатомы Гален (130-200 жж.). Гален бұлшық еттер мен сүйектердің құрылысын, бас мидың 12 жұп жүйкесінің жетеуін дұрыс сипаттаған. Гален бас мидың, бауырдың, бүйректің, жүйкелердің құрылысы туралы мәліметтер жазған.

 

    • Медицинаның дамуында Аль-Фараби Абунаср Мухаммед бин Тархан (870-950) және Абу Али ибн Сина (980-1037) үлкен үлес қосқан. Тәжік философы, дәрігері Абу-Али-ибн-Синаның “Дәрігерлік ғылымның заңы” кітабын XVI ғасырға дейін Батыс және Шығыетың дәрігерлері қолданып келді.
    • Анатомияның дамуы “Қайта өрлеу” жылдарында өмір сүрген А.Везалий, В.Гарвей, Леонардо да Винчи есімдерімен тығыз байланысты.
    • Леонардо да Винчи (1452-1519 жж.) пластикалық анатомияның негізін қалады.
    • Андрей Везалий (1514-1564 жж.) “Адам денесі құрылысының жеті кітабы” дегенқолжазба қалдырды. А.Везалийден кейін Фаллопий (1523-1562 жж.), Евсгахий (1574 жылы өлген), Фабриций (1537-1619 жж.) анатомия мен физиология ілімінің дамуына үлкен үлес қосты. Олардың ашқан мүшелері осы уақытқа дейін өздерінің атымен аталады. Мысалы: жұтқыншақ пен дабыл қуысының арасындағы жіңішке есіту түтігі Еветахий түтігі деп аталады.
    • Вильям Гарвей (1578-1657 жж.) “Хайуанаттар жүрегі мен қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу” дегенкітабында қан айналымында, артерия мен вена қан тамырларының арасын өте ұсақ кан тамырлар қосып тұрады деп жорамалдады.Осы болжамның дұрыстығын 1661 жылы Мальпиги дәлелдеді. Мальпиги өзі ойлап тапқан микроскоппен қыл тамырлардың құрылысын зерттеді.
    • XIX ғасырда анатомия мен физиология ілімнің дамуына жасуша, тұқым қуалаушылық және түрлер дамуының эволюциясы туралы ашылған жаңалықтардың үлкен әсері болды. 1839 жылы Т.Шванн (1810-1882 жж.) “Өсімдіктер мен хайуанаттардың дене құрылысы мен өсуіндегі микроскопиялық сәйкеетік туралы” дегенкітабында барлық тірі денелердің негізі жасуша екенін дәлелдеді.
    • 1859 жылы ағылшын ғалымы Ч.Дарвин (1809-1892 жж.) “Түрлердің шығуы” дегенкітабында сыртқы ортаның әсерінен жан-жануарлар денесінің құрылысында эволюциялық өзгерістер, дамулар болатынын дәлелдеп, адам - эволюциялық даму салдарында адам тәрізді маймылдан пайда болған деген тұжырымға келді.

 

    • Чех ғылымы Грегор Мендель тұқым қуалаушылық туралы ілім генетиканың негізін қалады. Ол “Өсімдік гибридтеріне тәжірибе” дегенкітабында адам және барлық тірі денедегі белгілер, сол түрге ғана тән ерекшеліктері ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалай берілуінің заңдылықтарын ашты.
    • XVII-XIX ғасырларда анатомияның дамуына орыс ғалымдары М.В.Ломоносов (1711-1765 жж.), П.А.Загорский (1764-1846 жж.), Лесгафг (1857-1909 жж.) үлкен үлес қосты. Н.И.Пиротов 1810-1881 жж.) адам денесінің, топографиялық анатомиясы және қан тамырларының орналасуы туралы құнды еңбектер жазды. Көптеген жаңалықтарды ашып, топографиялық, анатомияның дамуына, қалыптасуына негіз салды.
    • Анатомия ілімінің дамуында Кеңес үкіметі дәуіріндегі орыс ғалымдары В.Н. Тонкос (1870-1952 жж.), ДА.Жданов (1908-1971 жж.) зор үлес қосты.
    • Физиология ілімі анатомиядан XIX ғасырдан бастап бөлініп, өз алдына ілімнің бір саласы түрінде дами бастады. Физиологияның дамуына жасуша, тұқым қуалаушылық, түрлердің эволюциялық дамуы туралы жаңалықтардың ашылуы күшті әсерін тигізді.Орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов, С.Н.Боткин,
    • В.М. Бехтерев медицинадағы жаңа бағыт жүйке жүйесінде көптеген жаңалықтар ашты. И.М. Сеченов 1862 жылы “Бас ми рефлекстері” дегенеңбегін жариялады.
    • И.П.Павлов жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесініңқызметі, ми қыртысы, екінші сигнал жүйесі туралы жаңалықтар ашты. “Негізгі ас қорытубездерінің қызметі туралы дәрістері” дегенкітабы мен ми физиологиясы ілімінің дамуына қосқан үлестері үшін И.П.Павловқа 1904 жылы Нобель сыйлығы берілді.

 

    • Физиология ілімінің дамуы электроника мен радиотехникалық ілімдердің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде медицинаның анатомия, физиология, гистологиясаласында электрофизиологиялық зерттеулер үлкен орын алады. Жүректің қызметін электрокардиографияда, мидың қызметін электроэнцефалография арқылы зерттейді.
    • Қазіргі күнде физиологиядағы күрделі мәселелерді шешу, оның биохимия, биофизика, математика т.б. ғылым салаларымен тығыз байланыста болуын талап етеді.
    • Ерте заманнан кең далада мал бағумен айналысқан қазақ халқының арасында ауруға шалдыққан адамды дәрілік шөптермен емдеу кеңінен таралған. Ертеде өмір сүрген Шығыс ғалымдары Насыр әл-Фараби, Абу Әли ибн-Сина, Бируни, әл-Джуржанидың қазақ халық медицинасының дамуына ықпалы зор болды. Бұған қоса қазақтың  халық медицинасы көршілес Ресей, Иран, Қытай, Моңғол, Тибет, Ауғаныстан сияқты халықтардың медицинасындағы деректермен байытылып одан әрі дамыды. Дегенмен, адам денесінің құрылысын зерттеген мәліметтер сақталмаған.

 

    • Қазақстанда Кеңес үкіметі дәуірінде ғылым мен мәдениет жаппай өркендеді, сонымен бірге бұл дәуір медицинаның бір саласы болған анатомия ілімінің даму кезеңі болды. Аса көрнекті дәрігер ғалым, профессор, Ресей ғылым академиясы өлке тану бюросының корреспондент-мүшесі Халел Досмұхамедұлы (1883-1939) бірінші рет қазақтілінде медицина техникумына арналған анатомия оқулығын жазды. Оқулық “Адамның тән тірлігі" дегенатпен 1922, 1927 жылдары Қызылорда, Мәскеу қалаларында баспадан шықты. Бұл кітапта анатомияға “адамның денесінің қалай түзілгенін тексеріп, анықтайтын” немесе “тән жүйесін тану” ілімі деп анықтама берілген. Денедегі мүшелердің жұмысын тексеретін немесе тән тірлігін танытатын ілім физиология делінген. Кітапта “Сүйек жүйесі”, “Сүйектердің байланысуы”, “Ет жүйесі”, “Қимыл заңдылықтары”, “Қан жүйесі”, “Лимфа жүйесі”, “Тыныс, ас қорытужүйесі”, “Шағылыс-тұқым жүйелері”, “Жүйке жүйесі” және “Сезім жүйелері” дегентараулары бар. Кітапта анатомиялық аталымдардың 466-сының қазақ тіліндегі баламасы берілген.

 

    • Қазақстанда анатомия ілімінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық, ғылым Академиясының мүше- кореспонденті Қазақ Мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алшынбай Рақышұлы Рақышев. Оның “Анатомия терминдерінің қазақша-орысша-латынша сөздігі” (1963, 1964, 1966), "Адам анатомиясы” атты оқулығы қазақ тілінің лексикалық бай мүмкіндіктерін жоғары көтерумен қатар мемлекеттік тілдің медицина саласында тезірек қолданылуына әсерін тигізді.
    • 1990 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы “Тіл туралы заңының” күшіне енуіне байланысты орта буынды медицина мамандарын дайындайтын оқу орындарының оқушыларына арналған қазақ тіліндегі оқулықтар жазу міндеті қойылды. Осыған байланысты 1992 жылы қазақ тілінде М.М.Дайырбекованың “Адам анатомиясының практикумы”, Р.С.Смағұлов, Б.Нәрібаев, ЕКерімбековтың ‘Тәнтану” (1994) және Е.Керімбековтың “Адам анатомиясы” (1992) сияқты еңбектер жарық көрді.

 

    • Осы уақытқа дейін 1927 жылы Қызылорда қаласында шыққан Халел Досмұхамедұлының “Адам тән тірлігі” кітабынан басқа қазақ, тіліндегі мемлекеттік стандарт оқу бағдарламасына сай орта буынды медицина мамандарын дайындайтын оқу орындарына арналған адам дене құрылысы туралы оқулық жоқ. Оның өзі пайдаланылмай, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында сақтаулы.
    • Ал ұсынылып отырған “Адам анатомиясы” оқулығы мазмұны жағынан осы пәннің  қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес колледж оқушыларына арналып жазылды. Оқулықтағы медицина сөздерінің латынша-орысша-қазақша баламалары А.Рақышевтің “Латынша- орысша-қазақша анатомия терминдерінің сөздігі” (1963, 1%9, 1992), “Орысша-қазақша сөздікке” (1978, 1992) сәйкес алынды.
    • Оқулықты жазуда өзіндік қиындықтар болмай қалған жоқ, сондықтан да оқырман қауымның ой-пікірін ризашылықпен қабылдаймыз.
    • Осы оқу құрамының дүниеге келуіне атсалысқаны және құнды кеңестері үшін медицина ғылымының кандидаты, Республикалық медицина Колледжі директорының орынбасары Е.Г.Жахметовке шын көңілден алғысымызды айтамыз.

 

ЖАСУША, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  

 

    • Жасуша (клетка, cellula) - дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім - гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т.Шванн (1810-1882 ж.ж.). Т.Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдеді.
    • Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі. Ол сопақ, домалақ және т.б. түрде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 млмикроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.

 

    • Жасуша (клетка) цитоплазма мен ядродан тұрады.
    • Ядро (nucleus) — жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша, т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дезоксирибонуклеин қышқылы бар. Дезоксирибонуклеин қышқылында нәсілден-нәсілге өтетін хабаршы (информация) “ген” сақталады.
    • Ядроның құрамында оның сұйықтығы - кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Қариоплазма судан, жай ақуыздан, дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.

 

    • Ядрошық, (ядрышко) — жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК), дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және ақуыздар болады.
    • Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады.
    • Цитоплазма - жасушаның негізгі бөлігі. Оныңқұрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады. Гиалоплазма (hyalo) гректің “шыны” дегенсөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллалар ядро мен цитоплазманың  байланысын қамтамысыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады.Жасушаның органеллаларына митохондриялар, эндоплазмалық, тор, Гольджи аппараты, жасуша орталығы, лизосомдар жатады.Олар жасушада әр түрлі қызмет атқарады. Эндоплазмалық тор ақуыздың синтезделуіне қатынасады, ал митохондриялар протеиндер мен ферменттерге бай. Олар негізінен жасушаның энергия көзі болып саналады. Жасуша орталығы - домалақ дене. Оның ішіндееңқаттыдене - центрололар болады.

Информация о работе Анатомия медицина ғылымының ірге тасы