Анатомия медицина ғылымының ірге тасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2014 в 13:05, творческая работа

Краткое описание

Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімініңнегізіболып саналады. Анатомия гректің “anatemno” “кесу, бөлшектеу” дегенмағынадағы сөзінен шыққан.Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді.
Анатомия пәнінің алғашқы даму кезеңінде адамның мүшелерін сипаттаумен ғана шектелген. Қазіргі кезде адам денесінің әрбір мүшесінің құрылысын, даму сатысын жүйелі анатомия зерттейді.
Хирургиялық ем үшін мүшенің денедегі орнын дәл анықтаудың маңызы зор. Белгілі бір мүшенің денедегі орнын дәл анықтайтын анатомия ілімінің саласы топографиялық анатомия. Топографиялық анатомияның дамуы нәтижесіндекүрделі хирургиялық емдеу мүмкіндіктеріне жол ашылды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Анатомия медицина ғылымының ірге тасы.pptx

— 165.66 Кб (Скачать документ)

 

    • Лизосомдар жасушада фагоцитоз қызметін атқарады. Лизосомдар фотоцитозға қатынасатын лимфоциттерде, моноциттерде, бауыр және жіңішке ішектің жасушаларында көп болады. Гольджи аппаратын 1898 жылы жүйке жасушаларынан Гольджи тапқан. Олбарлық жасушада кездеседі. Оның жасушадағы қызметі толық анықтамалған.
    • Жасушаның цитоплазмасында органеллалармен бірге ақуыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы, ферментер, бейорганикалық заттар, су, липидтер болады. Цитоплазмада 5%-тен 8%-ге жуық ақуыз, 1-5% көмірсу, 5-9% май болады. Су жасушаның 75-85% салмағын алады. бейорганикалық заттар — калий, магний, тұздары, нуклеин қышқылдары. Акуыз жасушадағы су мен тұздар, сонымен бірге оның осмотик қысымын, электрлік зарядын қамтамасыз өтеді. Нуклеин қышқылы ақуыздың биосинтезіне қатынасады. Биосинтездің негізінде дененің дамуы, өсу механизмі, нәсілден-нәсілге өтетін белгілер қалыпты жағдайда сақталады.

 

    • Жасушаның негізгі қызметі. Тірі жасуша күрделі - динамикалық өзгерістер өтіп тұратын жүйе. Онда зат алмасуы, жаңару, өсу, көбею сияқты өзгерістер болып тұрады. Жасушаның өмір сүру қабілетіне оның тітіркенгіштігі, қозғыштығы, өсуі, көбеюі кіреді. Жасушадағы зат алмасуы немесе қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін сыртқы ортадан өзіне керекті заттарды қабылдайды, сіңіреді, оларды қорытады, ал керексіз заттарды сыртқы ортаға шығарады. Қысқаша айтқанда, жасушада ассимиляция және диссимиляция процесі үздіксіз жүріп тұрады. Жасушадағы зат алмасуы бір-бірімен тығыз байланысты, оған белгілі бір ретпен өтетін көптеген химиялық реакция жатады. Бұл реакциялардың жеделдетушілері (катализаторлары) фермент болып саналады. Жасушаларда өтетін ферменттік реакциялардың жиынтығын “метоболизм”, ал оның өнімдерін “метоболиттер” деп атайды. Жасушадағы барлық биохимиялық реакция орталық жүйке жүйесініңбақылауында болады.
    • Жасушалардың тітіркенгіштігі мен қозғыштығы. Жасуша ішкі жәнесыртқыортаның өзгерістеріне тітіркенумен жауап береді. Тітіркену, қозу нәтижесіндежасушаларда, бүкіл денеде қимыл әрекеті пайда болады.

 

    • Жасушаның көбеюі. Жасушаның көбеюі үш түрде өтеді: 1.митоз (қариокинез); 2.мейоз (жыныс жасушаларының пайда болуы); 3. Амитоз (тіке бөліну). Митоз — өсімдік пен жан-жануарлар денесіне тән көбею. Жасушаның мейоздық көбеюі 4 сатыдан тұрады: профаза, метофаза, анофаза, телофаза. Профазада жасушаның ядросында домалақ немесе таяқша дене пайда болады, жасуша орталығы үлкейеді, ядроға жақындайды.

 

    • Профаза хромасоманың пайда болуы, ядрошықтың жоқ болуымен аяқталады. Метофазада хромасома бөлінеді, ядроның қабығы ериді, нәтижесіндехромасома цитоплазмада еркін жатады. Жасуша орталығы ұршықшаланып өзгереді. Ал хромасомадан ұршықтың ортасындаорталық сызық пайда болады, кейін осы жерден жасуша бөлінеді. Метофаза әрбір хромасомада ұзынша саңылау пайда болуымен аяқталады. Анофазада хромасоманың аналық бөлінуінен “қыздық” хромасомалар пайда болады. Олар ұршық полюсіне жақындайды, нәтижесіндеекі бірдей комплекс пайда болады. Телофазада жасушаның денесі жұқарып, “қыздық” ядро пайда болады, жасуша эквотраль немесе орталық пластинкадан бөліне бастайды. Жасуша митоз жолымен көбейгенде оның цитоплазмасы ғана емес, органелларында да өзгеріс пайда болады. Әр түрліжасушалардың мейоздық көбеюі 30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады. Жасушаның мейозды көбеюінің түрлер белгілері сақталуында үлкен маңызы бар. Себебі, бөлінуден пайда болған “қыздық” жасушалар аналық жасушаның хромасомаларын өзгеріссіз қалдырады, хромасома түрлердің қасиетін сақтайды. Жыныс жасушалары жетілгенде, мейоздық көбейгенде, хромасомалардың саны екі есе кемиді. Жыныс жасушалары ұрықтанғанда хромасомалардың саны толығады. Хромасомалардың санының азаюы “гаплоид”, толығуы “диплоид” деп аталады. Адамдағы хромасомның толық саны 46.
    • Жасушаның тікелей бөлінуі — амитоз. Жасушаның амитоздық бөлінуі ядрошықтанбасталады. Ядро арқандалып екі бөлікке бөлінеді, кейін цитоплазма бөліне бастайды.

 

    • Жасуша өлуінің үш түрі белгілі. Олар:
    • Пикноз - жасушаның ядросының тығыздалуы мен көлемінің кішіреюі, оның денешелерінің жоғалуы.
    • Қариорексис - ядро мен оның денешелерінің ыдырауы.
    • Қариолизис - ядро мен ядрошықтың еріп кетуі. Денедегі әр түрліжасушалардың өмір сүру мерзімі белгілі. Мысалы, дененің эпидермис қабатының жасушалары 3-7 күн, эритроциттер 120 күн өмір сүреді, ал адамның бұлшық еті мен жүйке жүйесініңжасушаларының өмір сүру мерзімі адам өмірінің ұзақтығымен бірдей.

 

Ұлпа(ткани)  

 

    • Кілегей ұлпасы (эпителиальная ткань, textus epithelialis) денені сыртынан жауып, ішкі қуыс мүшелердің шырышты қабатын қаптап тұрады. Кілегей ұлпасы бездердің құрамына кіреді. Ол жасуша меи аралық заттардан тұрады. Басқа ұлпалардан ерекшелігі — оның аралық заты өте аз, жасушаның пішіні әр түрлі. Атқаратын  қызметі: денені механикалық, химиялық, және т.б. сыртқы ортаның әсерінен қорғайды, денедегі зат алмасуына, сорылу, сөл бөліп шығару қызметіне қатынасады. Денеде кілегей ұлпасының негізінен үш түрі кездеседі: 1.бір қабатты; 2. көп қабатты; 3. безді кілегей.

 

    • Бір қабаттының өзі кілегей ұлпасы жасушаларының пішініне байланысты бір қатарлы, көп қатарлы болып бөлінеді. Бір қабатты кілегей ұлпасының цитоплазмасында ерекше қосымшалар болады. Олар: түтікше, жіпше, кірпікше, тонофибрил. Түтікшелер - кілегей жасушаның цитоплазмасының өсінділері. Олар ішекте, бүйректің түтікшелерінде болады жәнебұл мүшелердің шырышты қабатының сіңіру, сору көлемін кеңейтеді. Жіпшелер - қозғалғыш, еркектердің жыныс жасушаларында кездеседі. Кірпікшелер — жіңішке қозғалғыш өсінді. Кірпікшелері бар кілегей ұлпаларын “жыбырлағыш кілегей” деп атайды. Олар тыныс жолдарында, әйелдің жыныс мүшелерінде кездеседі. Тонофибрильдер кілегей ұлпасына беріктік береді.

 

    • Бір қабатты кілегей ұлпасы призма, цилиндр, кубшалау және жазық болып кездеседі. Бір қабатты призма, цилиндр кілегей ұлпасы асқазанның, ішектің, жатырдың және бүйректің түтікшелерінде кездеседі. Ішектің кілегей ұлпасында микротүтікше болады. Олардың ішінде безді жасуша да болады. Безді кілегей жасушалары сөл бөліп шығарады. Бір қабатты кубшалау кілегей ұлпасы майда бронхтарда, бездің өзегінде және бүйрек түтікшесінде болады. Бір қабатты жазық кілегей (мезателий) шарбының, плевраның, перикардтың бетін қаптайды. Сондықтан бұл мүшелер қимылдағанда өте тез жылжу қасиетіне ие болады. Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі кілегей жасушаның ұзындығы әр түрлі, сол үшін олар көп қатарлы болып орналасқан, ал бос ұшында кірпікшелер болады. Олар тыныс жолының мұрын қуысын, көмекей, кеңірдек, бронхтың және жыныс мүшесінің шырышты қабатын қаптайды.

 

    • Көп қабатты кілегей ұлпасы ауыз қуысын, өңешті, көздің қасаң қабығын, несеп-зор шығару мүшелерінің шырышты қабатын қаптайды. Ол негізінен қорғаныс қызметін атқарады. Көп қабатты кілегей ұлпасының үш түрі бар:1._ түлейтін; 2. түлемейтін; 3. көшпелі. Көп қабатты түлейтін кілегей - терінің эпидермис қабаты. Морфологиялық белгісіне байланысты көп қабатты кілегейдің жасушалары бес қатарға бөлінеді. Олар: 1. базаль немесе негізгі; 2. тікенекті; 3. денешелі; 4. жалтырық;5. мүйізді. Көп қабатты кілегейдің бірінші екі қабатын “өсу қабаты" деп атайды, себебі бұл қатардағы эпителиоцит өсу қабілетіне ие. Денешелі қабаттағы жасуша бүрісіп, цитоплазмасында ерекше ақуыз “кератинді” сақтайды. Көп қабатты кілегейдің жалтырақ қабатының жасушалары жазық мүйізденіп, қабыршықтанып өлуге даярланып тұрады. Мүйізді қабат – ең беткейдегі қабат. Терінің кілегей жасушалары базаль қабатында өсіп, беткейдеті қабаттарда өліп, түлеп, орнын жаңа жасуша басып отырады. Көп қабатты түлемейтін кілегей көздің қасаң қабатында, ауыз қуысының, кілегей қабатында кездеседі. Оның үш қабаты бар: негізгі, тікенекті және эпителиоцит бар жазық қабат. Түлемейтін кілегей ұлпасының негізгі қабатындағы цилиндрше жасуша өсу қасиетіне ие. Соның үшін бұл қабатты “өсу қабаты” деп атайды.

 

    • Көпшелі кілегей несеп-зор шығару мүшелерін - несеп ағар, қуықтың шырышты қабатын қаптап тұрады. Көшпелі кілегей екі қабаттан тұрады: негізгі және беткейдегі. Негізгі қабатында көптеген көп қырлы жасуша бар. Беткейдеті қабатта көптеген сығылып, қысылған жасуша болады. Мүше кеңейгенде олар жұқарады, ал мүше тарылғанда кілегей жиырылып қалыңдайды. Безді кілегей жасушасының пішіні әр түрліболады, бірақ барлығына тән қасиетсөл бөліп шығарады. Безді кілегей жасушаларында Гольджи аппараты, митохондрия көп Гольджи аппараты сөлдің бөлінуіне қатынасады. Бездің сөлін бөліп  шығаруына байланысты оларды эндогенді және экзогенді без деп екі топқа бөледі. Эндогенді бездің өзегі болмайды, олар сөлін қан мен лимфа тамырларына шығарады. Экзогенді бездердің өзегі дененің қуыстарына ашылып, сөлін сол қуыстарға шығарады. Мысалы: тер безі терінің бетіне, ал сілекей безі сілекейді ауыз қуысына шығарады. Бездің сөлінің құрамы әр түрлі. Оның құрамында ақуыз, шырыш, минеральді тұздар, май болуы мүмкін.
    • Дәнекер ұлпаға (соединительная ткань, textus connectivus) жасуша мен жасуша аралық зат кіреді. Жасуша аралық зат талшықтан және негізгі заттан құралған. Дәнекер ұлпаның түрлері: борпылдақдәнекер ұлпа, тығыз дәнекер ұлпа, дәнекер ұлпаның ерекше түрі. Тығыз дәнекер ұлпа реттелген және реттелмеген болып екі топқа бөлінеді. Тіреуіш трофикалық ұлпаның ерекше түріне ретикуляр ұлпасы, май, шырышты және пигменті ұлпа кіреді. Тіреуіш ұлпа шеміршек және сүйек ұлпасы болып бөлінеді. Дәнекер ұлпаның атқаратын қызметі: 1. трофикалық зат алмасуына; 2. қорғаныс, фагоцитоз қасиеті бар иммунитетке_ 3. механикалық (тіреуіш. байлам, сіңір, шеміршек, сүйек, тамырмен бірге мүшенің негізін қалайды); 4. пластикалық - жасуша ретенерациясына қатынасады.

 

    • Дәнекер ұлпаның аралық затының құрылысы өте күрделі. Оның құрамында көмірсу, полисахаридтер, ақуыз болады. Дәнекер ұлпаның негізгі аморф заты сұйық, қою болуы мүмкін. Олар негізінен қан тамырын қоршап тұрады. Аралық заттағы  желім беруші талшықтың түрі таспаға ұқсайды. Аралық заттың серпімді талшық, көлденең жолақты протофибрильден, цемент беруші заттан құралған. Пигмент жасушалары цитоплазмасында жасушаға түрберетін меланин затын сақтайды. Бұл жасуша тік ішектің, емшек ұшының айналасында, еркектің енінде, көздің тамырлы қабатында өте көп болады. Дәнекер ұлпаның эндотелий қабаты қан мен лимфа тамырының ішкі қабырғасын қаптап тұратын, пішіні мен үлкендігі әр түрліжасуша – эндотелиоцит.

 

    • Дәнекер ұлпаның ерекше түрлері - ретикуляр ұлпасы. Олар ретикуляр жасуша мен оның талшығынан тұрады.Ретикуляр жасуша бір-бірімен өсінді арқылы торшаланып қосылады, олардың талшығы әр түрлібағытта орналасқан. Ретикуляр ұлпа жіліксүйегініңбасында, лимфа түйіндерінде, көк бауырда, ішектің, бүйректің шырышты қабатында көп кездеседі.
    • ”Ретикулэндотелиал жүйе” деп денеге түскен бөгде бөлшекті қармап алып, жасушаның цитоплазмасына өткізетін жасуша жиынтығын айтады. Бұл жасуша денеге түскен бөгде затты қармап алып, оларды жояды, иммунитет пайда болады. Ретикулоэндотелиал жасушаға қан жасап шығарушы мүшедегі макрофаг, бауыр капиллярындағы жасуша кіреді.

 

    • Дәнекер ұлпаның денеде көп таралған жасушаларының бірі — фибробласт. Пішіні ұршыққа ұқсаған не жазық болып келетін олар тез қимылдағыш, жараның бітуіне, тыртықтың пайда болуына, денеге түскен бөгде денелерді қармап алуға қатынасады.
    • Макрофаг гиетеоцитден немесе “адасушы” деп аталатын жасушадантұрады. Гиетеоцит қан тамырының айналасында, майдыңжиналған жерінде болады. Олар дененің қабынған аймағына барып, ондағы микробты қармап алады да, улы заттарын залалсыздандырады, денеде иммунитет пайда болады.

 

    • Лаброцит — цитоплазмасында  денеше  өсіндісі бар, пішіні әр түрлі жасуша. Бұл жасушада қанның ұюына қатынасатын гепарин пайда болады. Лаброциттің мөлшері кейбір ауруда өте көбейеді.
    • Дәнекер ұлпаның плазматикалық жасушасы - плазмоцит, ішектің шырышты қабатындағы, шарбыдағы, бездегі, сүйектің майындағы дәнекер ұлпада кездеседі. Олар ақуыз алмасуына, антидененің пайда болуына қатынасады. Дәнекер ұлпаның май жасушасы - липоцит. Олардан денеде пайда болған май көбіне қан тамырларының айналасында болады. Май жасушасы домалақ пішінді, оның ортасынданейтраль май талшығы бар. Адам денесіндегі май ұлпасы — терінің астында, шарбыда, шажырқайда, бүйректің айналасында. Май ұлпасы — дененің қоректік қоры. Ол адамның тамақтануына байланысты өзгеріп, зат алмасуына қатынасады, жылуды реттейді, денені жарақаттан сақтайды.
    • Желімше ұлпа ана құрсағындағы ұрықтың кіндігінде ғана кездеседі.
    • Пигмент ұлпасының құрамында - пигмент жасушасы көп. Олар денеге түс береді.
    • Шеміршек ұлпасышеміршек жасушасы хондриоциттен және жасуша аралық заттан тұрады. Шеміршек ұлпасының аралық затында коллаген, элластик, ретикулин талшығы бар. Аралық затындағы талшықтың түріне байланысты шеміршектер коллагенді, серпімді (элластик) және ретикулінді шеміршек болып бөлінеді.
    • Перихондриоцит шеміршектің сыртындағы дәнекер ұлпалы қабықта болады. Бұл қабық екі қабат, екі қабаттың арасындағы зат шеміршекті қоректендіріп тұрады. Қабықтың ішкі қабатында хондриобластан жасуша орналасқан. Хондриобласттан шеміршек ұлпасы хондриоцит дамиды, жетіледі, өседі.

Информация о работе Анатомия медицина ғылымының ірге тасы