Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа
Курстық жұмыстын мақсаты міндетеме ұғымы туралы, түрлері қатысушылары, тұлғалардың ауысуына түсініктеме беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
- Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;
- Міндеттеменің ұғымы;
- Міндеттемелерді орындау және оның субъектілері;
- Міндеттеменің орындалуын камтамасыз ету;
Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, соңдай-ақ, міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.). Азаматтық кодекстің 268-бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады. Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді, мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа бір адамға жалға бермеуге міндеттенеді.
Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты жөнін көрсетеді. Мұңдай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұныңда қосалқы рөл атқарады.
Міндеттемеге заттық құқықтармен, бәрінен бұрын меншік құқығымен, тығыз байланыста болу тән. Міндеттемелік құқық қатынастар заттық құқықтық қатынастардың туындысы және олармен өзара байланысты. Міндеттемелік заттық құқықтық қатынас, туыңдаған кезде заттық қатынастардың болуын, көздейді, ал ол өз тарапынан міндеттемелік құқық қатынастарының дамуының заңдық нәтижесі болып табылады. Сатып алу-сату меншік құқығының болғандығын көздейді (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару), сонымен қатар, сатып алу-сату нәтижесінде меншік құқығы пайда болады. борышкердің жауапкершілігінiң ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл шараларға мерзімді өткзіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағаңдық немесе тиiсінше орындамағандық үшін айыппұл жатадыМіндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнымен ерекшеленеді. Айқындалган мазмұңдағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұңдай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқарылуға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бұрмалағаны үшін санкция қолданылады.[7.,256б.]
Факультативтік мазмұндағы міңдеттемеде борышқордын белгілі бір әрекеттерді жасау міңдеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе, оны дайындауды міңдеттейді, егер әлгі материалдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.
Балама мазмұнда міндеттемеде борышқордын екі немесе одан да көп әрекеттерді тең дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекетті тандауына тәуелді келеді, яғни таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаға да тән.[4.,102б.].
Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі (АК-тің 285-бабын қараңыз). Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасыңда жоқ баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағанын алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда таңдау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.
Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде - несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бүл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесіңде борышқордың міндеттемені бұзуына жол берілмейді немесе орын алған кемшіліктің жойылуына жағдай жасалады, ал несие беруші кеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақ та, санкцияның әр түрі бүл міндеттерді әрқалай шешеді.[10.,149б.].
Кейбір санкциялар міндеттеменің дұрыс орындалуына қызмет етеді. Бірақ ол жарамсыз борышқорға қосымша мүліктік төлем төлетуді өзіне мақсат етіп қоймайды. Мұндай түрлерін оперативтік санкция деп айтады. Ол атқаруды жүзеге асыруға қолданылатын тұтқа болып табылады, міңдеттеменің мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтаған соң, міңдеттеме бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалуына мәжбүр етеді. Борышқордан атқару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор есебінен жұмыс істету тәрізді борышқор атқара алмаған жұмыстар жүзеге асырылады.
Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп алу және несие берушінің міңдеттемесін орындамауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міңдеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.
Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлету элементтері мен оперативтік сипаттағы шаралар кездеседі. Оларды оперативтік-мүліктік деп атайды. Оған, мәселен, борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруьш айтуға болады.
Санкциянъщ ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар едік (АК-тің 367-377 баптары).
Бірқатар жағдайда міндеттеменің
бұзылуы санкциялардың бірнеше
2.2 Міндеттеменің пайда болу негіздері.
Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтьгқ кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабыңда көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міңдеттемелердің қалай пайда болатынынын айқыңдай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.[17.].
Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.
Бұл - ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада азаматтық құқьіқтық қатынасқа қатыстысын айтьш отырмыз. Әкімішлік құжатының заңды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімін жүргізетіндігінен көрінеді. Соңдықтан да барльгқ жағдайда да әкіміпілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында азаматтық міңдеттемені де дүниеге әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міңдеттеменің пайда болу негізіңде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міңдеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған - біреудің мүлкін қасақана не кездейсоқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.
Міңдеттеме азаматтық кодекстің 271-бабыңда қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міңдеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
борышқор әрекетін нақты айкындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
қатаң түрдегі жеке сипаттағы міңдеттеме (бүл міңдеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
басты және тәуелді міндеттемелер;
шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.
Міндеттемені жағымды мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушшің әрекет сипатын айқындай түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міңдеттеме жиі кездеседі, мәселен, саяжай тұрғызуды айтуға болады.
Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта түруын, несие беруішінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс.
Міндеттеме біржақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндетгеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісіне тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақтың әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу-сату міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міңдеттемеде сатып алушының да, сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұңдай жағдайда Азаматтық кодекстің 269-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бүл оның пайдасына жасауға міңдетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.[1.,269б.].
Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет таңдальшады. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұндай міңдеттеме балама деп аталады (АК-тің 285-бабы).
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады (мысалы, мүсішпінің міңцеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міндеттемеде борышқордьщ немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады (АК-тің 376-бабы).
Міндеттемелердің туыңдауына орай оларды шартты, шарттан тыс деп те, сондай-ақ, біржақты еркін қүжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттемелердің шартты тобы өте көп кездеседі (сату-сатып алу, тасымаддау, сақтандыру және т.б.). Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда болмайды, керісінше азаматтың жеке басына немесе азаматтық құқықтың кез келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай-ақ, негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайыңда да көрінеді.
Кейбір міндеттемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады, мән-мағыналарына орай негізгі және қосымша болып бөлінеді. Мысалға, жолаушы және теңдеме жүк тасымалдау шарты осының бір көрінісі дер едік. Бір жақты мәмілелер мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттатрына белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады (АК-тің 149-бабы).
Қазақстан заңгерлік білім беру жүйесінің, азаматтық ғылымының дамуы мен қалыптасуындағы негізгі кезеңдер, азаматтық құқық және мемлекет заңдарының негізгі қағидаларының мазмұнының ауқымы кеңейе түседі. Әсіресе, қазақтың әдет-ғұрып азаматтық құқығы мен қазіргі күні қолданып келе жатқан азаматтық құқығының кейбір мәселелері салыстырмалы зерттелуде. Әсіресе қазақ халқының әдет-ғұрып азаматтық құқығының ұмыт қалған ұғымдарына және кейбір қағида-ережелеріне қазіргі жағдай тұрғысынан оралуды өте маңызды мәселе деп есептеуге болады. Кез келген білімді адамның, әсіресе өзінің азаматтық құқық хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық туралы жақсы бағыт-бағдар болуы тиіс.
Міндеттемелік ұғымның түбегейлі тұжырымдалған заңда негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: “Міндеттемеге сәйкес бір адам басқа адамның пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті”,-деп атап көрсетеді. Демек міндеттеме-азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме-несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда-талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда-міндеттемелік (бәсең) жағы болып есептеледі.
Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетінде зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар тағы сондай сияқты. Демек, борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орындау болуы мүмкін емес.