Міндеттеме ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстын мақсаты міндетеме ұғымы туралы, түрлері қатысушылары, тұлғалардың ауысуына түсініктеме беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
- Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;
- Міндеттеменің ұғымы;
- Міндеттемелерді орындау және оның субъектілері;
- Міндеттеменің орындалуын камтамасыз ету;

Прикрепленные файлы: 1 файл

Міндеттеме ұғымы.doc

— 162.00 Кб (Скачать документ)

Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының 1-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.

Несие берушінің борышкердің  міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылығының азаматтық-құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппүл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері - тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

 

 

1.4 Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

 

Заңи әдебиеттерде  міндеттеменің субъектілері ретінде міндеттеменің тараптарын (борышкер мен несие берушіні) қарастырады. Бірақ, қазіргі қоғамда азаматтық-құқықтық қатынастардың өзара шытырман байланыстылығынан үшінші жақтың бұл қатынастардағы рөлі артуда. Көбіне олар міндеттеменің мазмұнына әсер етеді, оның құқықтық мәнін анықтайды.

Міндеттемеге қатысушылар: міндеттеменің тараптары (борышкер және несие беруші);  үшінші жақ.

Міндеттемедегі тұлғалардың  көптігі. АК-ның 286-бабында былай делінген: «Егер міндеттемеге бірнеше несие беруші немесе бірнеше борышкер қатысса (адамдар көп болған міндеттеме), несие берушілердің әрқайсысы міндеттемені орындауды талап етуге құқылы, ал борышкерлердің әрқайсысы заңдардан немесе міндеттеме шарттарынан өзгеше туындамайтындықтан, басқалармен тең үлесте орындауға міндетті (үлесті міндеттеме)".[9.]

Адамдар көптiгi болғанда міндеттеме үлесті және ортақтасқан болып бөлінеді. Жалпы ереже ретінде үлесті міндет пен үлесті талап белгіленеді, ол теңдей үлес принципінен шығады. Мысалы, белсенді көптік міндеттемелерінде (бірнеше несие беруші - бір борышкер), жалпы ереже бойынша әрбір несие беруші борышкерден бірдей үлесте орындауды талап етуге құқылы. Өз орындау бөлігін алған несие беруші (жоғарыдағы мысалда - үйдің өз бөлігіне қоныстанған) міндеттемеден шығып қалады, ал борышкер басқа несие бергендер алдындағы міндетін орындауды жалғастырады (үйдің басқа бөліктеріне қоныстандыру үшін босату). Пәс көптіктің міндеттемелерiнде (бір несие беруші - бірнеше борышкер) міндеттемедегі өз бөлігін орындаған борышкер де (ортақ үйдің өзі тұрған бөлігін босатқан) міндеттемеден шығып қалады. Бірақ соңғысы басқа борышкерлердің міндеттерін орындауы тұрғысынан сақталады (үйдің олар тұратын бөліктерін босату). Сонымен, несие беруші борышкерге басқа борышкерлердің орындамағандығына байланысты қандай да бір талап қоюға құқылы емес, бір несие берушіге мiндеттеменің, бөлігін орындаған борышкер қалған несие берушілерге неге орындау жасалмағаны жайында есеп беруге тиіс емес.

Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез келген борышкерден талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық борышкерге талап мұндай талап негізгі борышкерге қойылғаннан кейін қойылуы мүмкін, егер негізгі борышкер талапты толықтай немесе жарым жартылай қанағаттандырмаған болса. Бұл айырмашылықтар кепіл болушылық және кепілдік үғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші - ортақтас жауап береді (АК-ның 329-336 баптары).

Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.

Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (АК-ның 270-бабының 2-тармағы).

Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы. [3.,156б.].

Үшінші жақтын әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған  борышкер сол жақтың шығынды төлеуін  талап етуге құқылы (АК-ның 289-бабының 1-тармағы).

Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі болып табылады. Регрестік  құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік міндеттемені - кері міндеттеме деп атайды.

Бұл - заңдық фактылар, яғни құқық нормалары олармен құқықтық қатынастардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтауын байланыстыратын мән-жайлар. Заңдық фактылар әрекеттерге (саналы және адамның еркімен жасалынатын) және оқиғаларға (адамдардың ықтиярынсыз болатын, мысалы, баланың тууы, табиғи құбылыстар) бөлінеді.

Әрекеттер занды және заңсыз болып бөлінеді. Барлық заңды әрекеттер заңдық актілерге және қылықтарға топтастырылады. Заңдық актілер, олар - қандай да бір заңдық салдарларға жетуге бағытталған әрекеттер (мысалы, мәмілелер, әкімшілік актілері). Заңдық қылықтар, олар - адамдардың ниетіне байланыссыз заңдық салдарлардың туындауына алып келетін әрекеттер (мысалы, автордың өз шығармасын жариялауы).

271-бапқа сәйкес міндеттеме  шарттан, зиян келтіруден немесе 7-бапта көрсетілген өзге де  негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының мынадай маңызды негіздерін атауға болады: 1) шарт;  2) әкімшілік акт (заңды әрекеттер); 3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер; 4) интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану;  5) азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері;  6) оқиға.

  • Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген. борышкердің жауапкершілігінiң ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату - бұл шараларға мерзімді өткзіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағаңдық немесе тиiсінше орындамағандық үшін айыппұл жатады;
  • борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды орындауға жауапты адамдар қатарына тарту - бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;
  • несие берушіге белгілі бір заттар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру («адамға емес, заттың құнына сенемін») - бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;
  • борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмайтын аванс алуы - бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;
  • борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру - бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық  айыппұлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.Тараптардың  міндеттемелік құқықтарының ұғымы және пайда  болу негіздері

2.1 Міндеттемелік  құқықтық ұғым

 

 Міндеттеме ұғымының  түбегейлі тұжырымдалған заңды  негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? 

. міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.

Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.

Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.

Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабыңца: "Міндеттемеге сәйкес 
бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) 
пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. 
сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан 
тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін 
орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан 
атқарылғанды қабылдауға міндетті", - деп атап көрсетеді. Демек, міңдеттеме — азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі.; Ал, талап ету мен міндеттеме - несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады. Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағаңда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік құқық" деп атайды. Бұл - "екіжақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқылы" деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік қүрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.

        Ал, енді, міндеттеменің субъектілері  кімдер? Бұл туралы 
Азаматтық кодекстің тағы да сол 268-бабьида тайға таңба 
басқаңцай: "Міңдеттеменің субъектілері: борышқор мен несие 
беруші" деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама 
беретін болсақ, борышқор - белгіл бір әрекетті жүзеге асыруға 
міңдетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта 
тұратын жақ; несие беруші - борышқордан мойныңдағы 
міңдеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң 
құжаттарында басқаша көрселмесе, бұлар - азаматтар, заңды 
тұлғалар және мемлекеттің міңдеттеме тараптары деген сияқты 
өзіңдік атауларымен нүсқанады.

Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міңдеттемеге бір мезгідце бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты ~ көп тұлғалармен жасалған міңдеттеме. Мүңдай   жағдайда   Азаматтық   кодекстің   286-288-баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Үлестік міндеттеме борышқордың  әрқайсысы тек өзі үшін жауап  береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге қүқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осыңдай көп жақ қатысатын міндеттемені — ортақтасқан міндеттеме деп атайды.

Ортақтасқан міндеттеменің  үш түрі болады:

бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - ортақтасқан міндеттеме;

бір борышқор мен бірнеше  несие берушілер қатысқаны —  ортақтасқан талап етуші;

3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар 
қатысқаны — аралас ортақтасу, — делінеді.

Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле-жарып анық нұсқаланбаса - ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

Кәсіпкерлік қызметпен  байланысты міндеттеме бойьшша бірнеше  борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады.

Информация о работе Міндеттеме ұғымы