Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 11:30, курсовая работа
Курстық жұмыстын мақсаты міндетеме ұғымы туралы, түрлері қатысушылары, тұлғалардың ауысуына түсініктеме беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
- Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;
- Міндеттеменің ұғымы;
- Міндеттемелерді орындау және оның субъектілері;
- Міндеттеменің орындалуын камтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекетпен оның азаматтарының өміріне тірек болатындай, барша құқықтық негіздерді қайта құру қажеттігі туындады. Шын мәнінде соңғы уақыттарда мемлекетіміздің құқықтық, зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастыру жолында барша жетістіктерге қол жеткізе алады деп толық айта аламыз. Дәлірек айтсақ, мемлекетті басқару экономика, әлеуметтік, саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген жаңа заңдар мен нормативтік актілер қабылданып іске асырылуда. Біздің еліміздегі қайта құрудың аса маңызды міндеттерінің бірі құқықтық мемлекет құру.Құқықтық мемлекет дегеніміз демократиялык қоғамның қалыптасуының, оның жетіліп дамуының заңды желісі.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жарық дүние есігін аша салысымен-ақ адам баласы белгілі-бір құқықтарға ие болатын даусыз алайда сол құқықтарды қорғайтын заң жүйелері болмаса, олардың құрғақ сөз жүзінде ғана қалып шын мәнін жоятыны күмәнсіз. Тарихи дамудың барысында пайда болып жетілдірілген саяси жүйелер біздің қай-қайсымызды да зорлық пен езгіден қорғап қана қоймай әр қайсымыз үшін мүмкіндік тудырады.Осыған байланысты менің курстық жұмысымның мақсаты: міндеттеменің ұғымы және тұлғалардың міндеттемені орындау, міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету, бұзылғандығы үшін жауаптылық, міндеттемені тоқтату және тағы басқа жекелеген әдістер тәртібіне, мазмұнына мән бере қарауы. Сондықтан да менің курстық жұмысымның өзекті мәселесі, яғни азамат аталу үшін белгілі бір елде дүниеге келіп сонда ғұмыр кешу ғана жеткіліксіз ол үшін өз құқықтарымыз бен міндеттерімізде саналы түрде сезініп сол талаптарға сай болуға ұмтылуымыз қажет.Бұл курстық жұмыста міндеттемелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтық қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы міндеттемелік құқық жайында баяндалады. Курстық жұмысты Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, азаматтық кодекс және басқа да қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы сүйеніп жаздым.
Курстық жұмыстың пәні. Міндеттемелік құқық азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі бір бөлігін құрайды. Ал міндеттемелік құқықтың Жалпы бөлімі барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлім әр тараудың міндеттемесінің жекелеген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтық Ерекше бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі Азаматтық кодекстің тиісті тарауларымен қаралмай қалған міндеттеменің бірқатар түрін реттейді.
Курстық жұмыстың обьектісі.міндетеме оның жүйесі принциптері және осы міндетеме құқығы болып табылады.
Тақырыптың зерттлеу тарихы.1) Курстық жұмысты Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, азаматтық кодекс және басқа да қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы сүйеніп жаздым.Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негіздерден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 271-бабында көрініс тапқан, Азаматтық кодекстің 7- бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.2) Қазақстан Республикасының Конституциясы 30-тамызда қабылданған 13-бап 1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңғақайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы. 2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. 3. Әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi. .
Курстық жұмыстын мақсаты міндетеме ұғымы туралы, түрлері қатысушылары, тұлғалардың ауысуына түсініктеме беру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз:
- Міндеттемелік құқық туралы жалпы түсінік;
- Міндеттеменің ұғымы;
- Міндеттемелерді орындау және оның субъектілері;
- Міндеттеменің орындалуын камтамасыз ету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлім мен алты бөлімшеден, тақырып нәтижесі бойынша жасалған қортынды бөлімінен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I.Міндеттеме ұғымы, түрлері қатысушылары, тұлғалардың ауысуы
1.1. Міндеттеме ұғымы
«Міндеттеме» ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: 1) құқық қатынасы; 2) борыш, міндет; 3) осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель, чек, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).
АК-ның 268-бабында міңдеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті».[1,.268б.].
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Осыдан барып міндеттемелік
қатынастардың ерекшеліктері
1) міндеттеме – мүліктік
емес азаматтық құқықтық
2) егер заттық құқық қатынастары үшін материалдық игіліктердің берілгендігін бекіту керек болса, міндеттемелік үшін - иеленіп қойған материалдық игіліктердің ауысуын бекіту керек, сондықтан заттық құқық қатынастарда тұрақтылық, ал міндеттемелік қатынастарда - жылжымалық сипат бар;
3) бұдан заттық құқық
4) міндеттемеде құқық
берілген адамға нақты
5) міндеттемеге заттық
құқықтармен, бәрінен бұрын
Міндеттеменің жоғарыда
келтірілген нышандарына
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.
1.2 Міндеттемелердің түрлері
1) Міндеттемелерді олардың негіздері бойынша топтастыру міндеттемелік құқықтың құқықтық институттарын шарттық және шарттан тыс деп топтастырумен сәйкес келеді, ол жайында бұрындары айтылған. Бұл тарауда міндеттемелік құқық қатынастарын өзге негіздемелер бойынша топтастыру келтіріледі, ал олар міндеттемелік құқық жүйесінде құқық институттарын бөлумен сәйкес келмейді, бірақ топтастырудың неғүрлым ортақ негіздеріне сүйеніп тұрғызылады.
2) Құқықтар мен міндеттердің ара қатынастары бойынша міндеттемелер былайша бөлінеді:
- біржақты - міндеттеменің бір тарапында тек құқық болады, ал екінші жағында – тек міндеттер (заем, зиян келтіру);
- өзара немесе екіжақты - міндеттеменің әрбір қатысушысында құқық та, міндеттеме де бар, яғни олар борышкердің де, несие берушінің де рөлінде болады (АК-ның 269-бабының 3-тармағы). Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы тауарды беру міндеттемесі бойынша борышкер және тауарға ақша төлеу мiндеттемесі бойынша несие беруші; ал, сатып алушы - керісінше. [1.,269б.].
3) Орыңдау нысанының анықтылығы тұрғысынан міндеттемелер былайша бөлінеді:
- белгілі бір мазмұндағы міндеттемелер - дағдылы және көп таралған;
- балама міндеттемелер - борышкер өзі жасауға тиісті бірнеше әрекеттердің ішінен біреуін тандауға құқылы. Мысалы, өсиет қалдырушы мұрагерге бас тартылғанды пәтермен қамтамасыз ету, немесе оның жалдаған пәтері үшін белгілі бір уақыт бойы ақы төлеп тұру құқығын береді. Зиян келтірудегі міндеттемеде борышкер зиянның орнын заттай толтыруға, немесе келген шығынды толық төлеуге міндетті;
- факультативтік міндеттемелер - борышкер белгілі бір әрекет жасауға міндетті, ал ол мүмкін болмаса - басқа әрекет жасайды. Мысалы, борышкер несие берушіге автомобиль беруге міндетті, бірақ ол оны қандай да бір себептермен жасай алмаса, автомобильдің құнын төлеуге немесе сондай мүлік беруге тиіс.
Кейде альтернативтік және факультативтік міндеттемелер арасындағы айырмашылық байқалмайды, дегенмен ол бар. Көбіне, ол, орындау нысаны кездейсоқ жойылғанда пайда болады. Мысалы, автомобиль кездейсоқ жойылса оның салдары әртүрлі болады: альтернативтік міндеттемеде (не автомобиль, не ақша) ақша төлеу міндеті қалады; факультативтік міндеттемеде (автомобиль, егер ол болмаса - ақша) міндеттеме тоқтайды, себебі факультативтік орындау нысанының тағдыры түгелдей негізгі заттың тағдырына байланысты.
Бір-бірімен өзара байланысының сипатына қарай міндеттемелер басты және қосымша (акцессорлық) болып бөлінеді. Мысалы, түрақсыздық айыбын төлеу міндеті негізгімен салыстырғанда акцессорлық міндеттемеге жатады. Акцессорлық міндеттеме негізгімен тығыз байланысты, негізгі міндеттеме тоқтағанда ол да тоқтайды.
4) Міндеттеме нысанының
сипаттамасына қарай олар
Борышкердің жеке басымен байланыс бойынша жеке сипаттағы міндеттеме туындайды, оның борышкердің жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды. Борышкердің немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың жеке-сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т.б. тән.
1.3 Міндеттеменің тараптары
Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрі бір бұл жерде екі тарап бар.
Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған. Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді: