Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:49, курсовая работа
Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54
Бірақта адамның және азаматтың құқықтар мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік емес құқық қорғау мен құқық қолдану органдарының тұтас жүйесі бар және олар жемісті жұмыс істеуде. Бұлар соттар, милиция, полиция, прокуратура органдары, азаматтық, нотариалдық кеңселер және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын басқа да мекемелер. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия да жатады. Қазіргі уақытта қорғаудың қылмыстық құқықтық құралымен бірге (адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең ауыр түрі қылмыс болып табылады) азаматтық құқықтық құралы да белгіленген. Егер азамат, кез келген дәрежедегі лауазымды адамның іс-қимылы өзінің конституциялық құқығына қысым жасап отыр деп санаса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым жасауға құқылы. Сондықтан, әдетте, әділ сотазаматтар құқықтарын қорғаудың заңдылығы мен негізділігіне бақылау жасайды. Егер мұндай құқық қорғауды басқа органдар жүргізсе, құқық қорғау актілерін мәжбүрлеп жүзеге асыруды осы сот органдары қамтамасыз етеді.Бірақ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең қауіптісі – бұл қолданылып жүрген заңдарда адам құқықтарын аяққа басуға жол беретін нормалардың болуы. Нәтижесінде бірқатар құқықтар мен бостандықтарды іс-жүзінде жүзеге асыруға кепілдік берілмейді.Мұндай жағдайда адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де норматитік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де номативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жеке азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүргізуге міндетті.Құқықтар мен бостандықтардың сонымен бірге міндеттердің дамуы, олардың шеңберінің тұрақты кеңеюі нақтылы топтастыруды қажетсінді. Обастан-ақ құқықтарды, бостандықтарды адам құқығына және азамат құқығына бөлу керек деген болатын. Артынан бұларды басқаша да бөлуге – адамның, азаматтын, жеке және ұжымдық құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне болатындығы дәлелденді. әрине, адамның және азаматтың көптеген құқықтары, бостандықтары мен міндеттері өзіндік сипаттарына қарағанда жекешелеу болатындығы белгілі, бірақ, мысалы ереуілге шығу құқығы жекешеден гөрі ұжымдық болатыны сөзсіз. Өйткені, жеке адамның ереуілге шығуы – бұл жұмыстан бас тарту, дәлелсіз себептермен жұмысқа шықпай қалу дегенді білдіреді[20, 69б].
Мемлекет қызметінің бағыты адам құықығының басымдылығынан туындауы тиісті. Себебі мемлекет өкімет органдарының басты міндеті – адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, құқықтары мен бостандықтарын тануын, сақтау және қорғау болып табылады. Сондықтан адамға байланысты оның құқықтық жағдайын анықтайтын құқықтық нормалардың маңызы өте зор.Адам мен адамзаттың құқықтық жағдайы (құқықтық мәртебесі) дегеніміз, әдеттегінше оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Шын мәнінде, бұл адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты мазмұны болып табылады. Бірақ та оған өзгеше құқықтық факторлар әсер ететінін әрдайым естен шығармауымыз керек. Олар – азаматтық қағидалар, құқық пен бостандық кепілдіктері. Адамның құқықтары мен міндеттері көптеген құқық салаларында тұжырымдалған. Солардың ішінде адамның қоғамдық жағдайын дәріптеуде мемлекеттік құқық саласының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, адамның, азаматтың құқықтық мәртебесінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Оған мыналар кіреді: азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандақтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайныңы басты элементі, ядросы. Құқықтық мәртебесінің негіздері адамның қоғамдағы жағдайын анықтауда басты шешуші рөл атқарады, өмірлік маңызы бар, мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-тарауында берілген (10-39-баптар).
Қазақстан Республикасында тұлға нарықтық қатынастарға өту жағдайында материалдық игіліктер өндірісі саласында, оны бөлу мен айырбастау жоғары деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір азамат өнеркәсіп кәсіпорнының, сауда мен өзге қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі яки орташа немесе ірі бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де мүмкін. Оған мысал ретінде адамның жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті[21, 25б]..
Азамат ұғымы публистикалық мағынасында жиі қолданылады, ол адам - өз Отанының ұлы немесе қызы деген ұғымды білдіреді. Басқаша мағынасында бұл ұғымы адамның кез-келген мемелекетпен емес, тек өз елімен ғана құқықтық байланыста екендігін аңғартады. (мәселен адамның монархиялық мемелекетпен құқықтық байланысы «бодан» ұғымымен сипатталады). Оның тығыз байланыстылығын мынадан көруге болады: мемлекет азаматтарға толық құқықтар мен бостандықтарын белгілеп берсе, ал азаматтар заңды түрде белгіленген сыйлықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу, т.с.с. жүзеге асырады.
Жаңа Конституцияда
«азамат» термині қолданылған
кезде Қазақстан
Адамның өмір сүру құқықғын іс жүзіне асырған кезде оның туу фактісі ғана қажет, ал оның азамат пен тұлғақасиеттеріне ие болу міндетті емес. Бұдан басқа құқықтарды іс жүзінеасырған кезде адамның тұлға, азамат болуы шарт.
Адамның жиынтық заңдық атауы түрінде «азамат» ұғымы Аристотель заманынан бері белгілі. Ежелгі орыс тілінде «азамат» сөзі қалалық тұрғынын айқындау үшін қолданылады. ХҮІІ ғасырлардың аяғынан бастап бұл сөз қалалық тұрғындардан жөнінде ғана емес, осы мемлекеттің кез келген тұрғынына қолданылатын болады.
Қазіргі қазақ, орыс тілдерінде
азамат сөзі осы мемлекеттің тұрақты
халқына жататын, заңда белгіленген
құқықтарды пайдаланатын, сондай-ақ барлық
міндеттерді орындайтын адамға қатысты
айтылады. Сөздің осы аталған мәні
Қазақстан Республикасының азам
Құқық пен бостандықтың
тарихи дамуында үш толқын айқын бөлінеді.
Оның біріншісі – конституционализм
ағымнан көрінеді. Ол кезде конституциялық
актілерде құқық пен
ХХ ғасырдың бірінші тоқсанында, әсіресе ортасында конституцияларда әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар блогі дүниеге келді (еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, ғылым мен мәдени жетістіктерін пайдалану және т.с.с.). Бұл екінші толқын болатын.
ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған кең ауқымды проблемаларды шешуде үшінші толқынның әсері күшті болды. Соның салдарынан адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы ортаны қорғау құқығы, ақпаратқұралдарын пайдалану құқығы және т.б.
Құқықтар мен бостандықтардың сонымен бірге міндеттердің дамуы, олардың шеңберінің тұрақты кеңеюі нақтылы топтастыруды қажетсінді. О бастан-ақ құқықтарды, бостандықтарды адам құқығына және азамат құқығына бөлу керек деген болатын. Артынан бұларды басқаша да бөлуге – адамның, азаматтын, жеке және ұжымдық құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне болатындығы дәлелденді. әрине, адамның және азаматтың көптеген құқықтары, бостандықтары мен міндеттері өзіндік сипаттарына қарағанда жекешелеу болатындығы белгілі, бірақ, мысалы ереуілге шығу құқығы жекешеден гөрі ұжымдық болатыны сөзсіз. Өйткені, жеке адамның ереуілге шығуы – бұл жұмыстан бас тарту, дәлелсіз себептермен жұмысқа шықпай қалу дегенді білдіреді[23, 23б].
Құқықтарды, бостандықтарды және міндеттерді негізгі және қосымша деп ажыратуға болады. Әрине, соңғы біріншісіне тәуелді. Мысалы: негізгі құқыққа азаматтың мемлекет ісін басқаруға қатысуы жатса, ал оның сайлауға құқығы, алдыңғылардан туындайды.
Құқықтарды, бостандықтарды және міндеттерді топтастырған уақытта ең бастысы оларды мәніне, мазмұнына қарай бөлу. Осыларды негізгі үш топқа бөлу принципі теорияда өз орнын тапты. Бірінші топ – бұл өзіндік немесе азаматтық құқықтар бостандықтар мен міндеттер. Екіншісі – саяси. Үшіншісі – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар, бостандықтар мен міндеттер.
Бұлардың әрқайсысына тоқталмастан бұрын Қазақстан Республикасындағы тұлғаның, жеке адамның құқықтық мәртебесіне көңіл аударған жөн.
Адамның қоғамдағы алатын
орны анықтауда мынадай принциптер
ерекше рөл атқарады:Заң мен сот
алдында жұрттың бәрінің
Адамның бұл аталған құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану – олар Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адамға оның Республика азаматтығында болу-болмауына қарамастан, қолданылады дегенді білдіреді. Бұл құқықтар мен бостандықтардың ажырағысыздығы Конституция белгілеген құқықтар мен бостандықтардан Конституцияда және соған сәйкес қабылданған заңдарда көзделген жайлардан басқа реттерде адамды ешкім де, соның ішінде мемлекет те айыра алмайтындығын танытады. Біздің елімізде заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыларға қарай анықталады. Демек, қандай да болмасын заңдардың адам мен адамзаттардың құқықтары мен бостандықтарын тежеуге немесе жойып жіберуге бағытталған кері әсері болмайды. Осыған байланысты мемлекет билігі үш тармағының жұмысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін конституциялық негізде бекітуге (заң шығару), нақты іске асыруға (атқару) және тиісінше қорғауға (сот) айрықша мән беріледі.
Жаңа уақыт адамның құқығы мен бостандығы дүниеге өзімен бірге келетінін негіздейтін табиғи құқық идеяларының пайда болуымен сипатталды. Әртүрлітеориялық құрылымдар тұлға мен мемлекет қайшылығын еңсеру қажеттігін негіздеді. Адамның құқықтары мен бостандықтарына артықшылық беру қағидаларын жария ету «адам-мемлекет» мәселесіне құрсаулық жүйе тұрғысынан түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартуды білдіреді. Тоталитарлық жүйе кезінде адам орасан зор мемлекеттік машинаның титімдей бір бөлігіне айналады (бұл әсіресе Сталиннің жеке басына табыну жылдарында айрықша байқалды). Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған, олардың қатынастарының ендігі басты қағидаты (1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституцияда негізі қаланған) осындай. «Қымбат қазына» ұғымы конституциялық мәтінге енгеннен кейін іс жүзінде адамгершілік санат бола отырып, құқықтық санатқа да айналады және қоғам мүшелерінің баршасы үшін – мемлекет билігі қолында барларға да, жоқтарға да міндетті ереже болып табылады.
Бірақ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең қауіптісі – бұл қолданылып жүрген заңдарда адам құқықтарын аяққа басуға жол беретін нормалардың болуы. Нәтижесінде бірқатар құқықтар мен бостандықтарды іс-жүзінде жүзеге асыруға кепілдік берілмейді. Егер мемлекетте адамға қажет заңдар жұмыс істемесе, егер заңдардың өзі адамның табиғи құқықтарын аяққа басса, онда не істеу керек? Мұндай жағдайда адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де норматитік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де номативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жеке азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүргізуге міндетті.Сонымен бірге адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың екі түрі бар екенін атауға болады:заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтарды әлдекімнің бұзғандығы;Конституцияға қайшы заңдар шығарылып, соның негізінде адам құқығын аяққа таптап бұзу. Заңдар мен басқа да нормативтік актілер арасындағы қайшылықты жоймай, оларды қолдану өте-мөте қауіпті. Нәтижесінде атқарушы органдардың жүгенсіздікке баруына қолайлы жағдай жасалады. Мұның өзі сайып келгенде былық-шылық пен дағдарысқа әкеледі. Бұны біздің өміріміздің бүгінгі күнгі көрінісінен көруге болады.