Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:49, курсовая работа
Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54
Қорытынды
Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай игілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», деп атап көрсетілген. Осы заң сөздерді Қазақстанға әлемнің дамыған елдерінің қатарында тұруға моральдік құқық береді.
Адам құқықтары мен
бостандықтары туралы заңдарды дамыту
жолында Қазақстан басқа
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып, дүниежүзілік қауымдастық қатарына қосылғаннан бері адам құқығына қатысты бірнеше халықаралық конвенцияларға қосылды. Қазақстан ең алдымен 1949 жылы қабылданған Женева конвенциясына (Конвенцияға қосылу ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31-ші наурызындағы қаулысымен бекітілді), 1989 жылы қабылданған Сәби құқығы туралы конвенцияға (ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8-ші наурызындағы қаулысы) қосылды. Осы халықаралық конвенцияларға қосылып, Қазақстан адам құқықтары мен бостандықтары басты қазынасы болып саналатын, демократиялық ел болуға деген ұмтылысын бекіте түседі.
Адам құқығын қорғау бүгінімізде ғана емес, өткенімізге де қатысты. Халқымыздың басынан өткен саяси қуғын-сүргіндер, ашаршылық, зұлмат жылдары тек қазақстандықтардың ғана емес, республиканың басқа да ұлт өкілдеріне қиянат, қайғы-қасірет әкелгені белгілі. 1993 жылдың 14-ші сәуірінде осындай келеңсіз жағдайлардың салдарына душар болған азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңы қабылданды. Бұл заң кезінде мемлекет саясатының нәтижесінде құқығы бұзылған азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге, оларды атқаруға кепілдік беретін құжат болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанға жер аударылған және одан қуылған 1 миллионнан астам қазақстандықтарды ақтау әлі жүзеге асырылмады. Бұған құқылық негіздердің жеткілікті дәрежеде қалыптастырылмауы өзіндік қиындықтар туғызып отыр. Бас бостандығынан айырылғандар да біздің қоғамымыздың толық заңды мүшелеріне, сондықтан олардың азаматтық құқықтарын қорғау – маңызды мәселе. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ардақтау ұстыны БҰҰ-ның 1945 жылы қабылданған Жарғысында қатталды. Осы құжат шын мәнінде тәуелсіз мемлекеттердің халықаралық құқық шеңберінде ынтымақ ұластырып, жарасымдылыққа жетуіне тұңғыш ретсаяси, заңдық негіз қалаған еді. 1992 жылы тәуелсіздіктің аспан-көк туын көтеріп, өзге мемлекеттермен терезесі тең мүше ретінде табалдырығынан аттаған БҰҰ-ның жарғылық қағидаларына адам құқығы – адамзаттың басты игілігі екендігі, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің тең құқықтылығы, үлкен және ұсақ ұлттардың теңдігі, бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін күш біріктіру арқау болып тартылған. Міне сондықтан да Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 10-шы желтоқсанда қабылданған Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы негізінде мемлекеттердің ынтымақтастығын қалыптастыруда халықаралық үрдіске сай заңды міндетті сипатқа ие болып келеді. Осы Декларация кейінен тармақтала қосылып, жүйелене дамытылған, әрі сан-саналы мәселені, атап айтқанда, босқындардың мәртебесі (1951 ж), апартеид (1954ж), нәсілдік кемсітушілікті жою туралы (1965 ж) және басқа да халықаралық пактілерді қамтитын қайнар бастау іспетті. Осы құжаттарда Адам құқығы жөніндегі декларацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттерде әрбір адам өзінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, сонымен қатар өзінің саяси-азаматтық құқықтарын емін-еркін пайдалана алатындай жағдай жасауға тиістігі ерекше аталып өткен.
БҰҰ Жарғысының аса маңызды ережесі дүниежүзілік қауымдастыққа адам құқықтарына басым көңіл бөлуді мойындаудыжәне адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын барша адамның нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан құрметтеуді, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды міндеттеуі болып табылады. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 200 тілге аударылып, көптеген елдердің Конституцияларына енгізілген Декларацияның басты мақсаты Қазақстан Конституциясынан да кең орын алған. Әсіресе декларациядағы: «Барлық адам болмысынан тең құқылы және азат болып туады. Барлық адамға ақыл-ой берілген, сондықтан бір-бірімен бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс»,- деген қағиданың біздің мемлекетімізде қолдану тапқандығының бір айғағы – жүзден астам ұлт өкілдерінің тіл табысып, тату-тәтті өмір сүруінде. Бүкіл әлемнің миллиондаған жұртшылығы – үлкендерді де, кішілерді де әманда осы құжаттар демеу тауып, көмек алатын болды. Күні бүгінге дейін дүние жүзіндегі барлық елдер бұл құжатты адам құқығын қастерлеудің ең жоғарғы эталоны ретінде бағалап, оны үлгі етіп келеді.
ҚР-ның Әділет министрлігінде
әйелдер мен балалар
Сонымен қатар әрбір азамат өз пікірін білдіруге, ақпарат алу бостандығына деген құқығы басқа құқықтар мен бостандықтарды іске асыру үшін негіз болып табылады. Сөз бостандығы қоғамның демократиялығының белгісі және кепілі. Ал Қазақстан үшін – оның демократия жолымен алға басуының қаншалықты шынайы екендігінің және саяси реформалардың қандай деңгейіне жеткенінің көрсеткіші болып табылады.
Еліміз егемендік алып, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіз мемлекеттің бүгіндігін қорғап, ішкі және сыртқы саясатының да пәрмендігін арттыру үшін оның мызғымас заңы және заңды қорғайтын әділ сотының болуы басты шарт. Сот әділдігін жүзеге асыру мемлекеттік өкімет билігінің ерекше түрі. Азаматтар құқығы – заңдармен қорғалады, ал заңдар бұзылса әділ сот билігімен қорғалады. Сондықтан сотбилігі жүйесіндегі мәселелер тең қамтылып, заңдарымыз уақыт ағымымен сәйкестірілу бағытында. Жоғарыда айтқанымыздай Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, әлеуметтік және саяси пактілерге қосылуға рет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: