Адам жане онын кукуктары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:49, курсовая работа

Краткое описание

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык курс.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

 Халықаралық құқықтың  жалпы мойындалған қағидаттары  мен қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау – Қазақстан Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының негізгі қағидаттары болып есептелінді. Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудық қазіргі кезеңінде мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтан оқшаулануы оны құқықтық мемлекет ретінде орнықтырылмайтынын көрсетіп отыр, ондай мемлекет өзін жоғары дамыған, өркениетті ел дәрежесіне көтере алмайды. Бұл талап халықаралық құқықтың жалпы танылған «pasta sunt servagda» деген қағидатынан туындайды және барлық мемлекет өзі қол қойған құжаттарда баяндалған халықаралық міндеттемелерін барлық мүмкіндіктермен орындауы тиіс. Қазақстанда өзі белгіленген тәртіпте бекіткен халықаралық құқықтың басмдығын мойындайды, өзінің ұлттық ішкі заңдарын халықаралық нормаларға сәйкес келтіреді. Мысалы; Қазақстан Республикасы Конституцияның 4-бабының 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» деп айтылған[4, 53б].

 Сондықтан да болар  Қазақстан Республикасында құқықтар  мен бостандықтар халықаралық  құқық нормалары мен жалпыға  танымал принципретге сәйкес  танылады және кепілдендіріледі, ол Қазақстан Республикасының  Конституциясына сай болуы тиісті. Адам құқығын мойындайтын бірнеше халықаралық құжаттардың бар екендігін білеміз, солардың ішінде 1948 жылғы «Адам құқығы туралы» Жалпы декларация, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Халықаралық пакт, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт, 1989 жылғы 20 қарашадағы «Баланың құқығы туралы» Конвенция ең маңыздысы болып табылады.Адамның құқықтары мен міндеттері көптеген құқық салаларында тұжырымдалған. Солардың ішінде адамның қоғамдық жағдайын дәріптеуде мемлекеттік құқық саласының атқаратын рөлі ерекше. Әсіресе, адамның, азаматтың құқықтық мәртебесінің негізгі Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген. Оған мыналар кіреді: азаматтылық, адам мен азаматтың құқықтық жағдайының конституциялық принциптері, олардың негізгі құқықтары мен бостандақтары (азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени), конституциялық міндеттер. Бұл адамның құқықтық жағдайныңы басты элементі, ядросы. Құқықтық мәртебесінің негіздері адамның қоғамдағы жағдайын анықтауда басты шешуші рөл атқарады, өмірлік маңызы бар.

Қазақстан Республикасында  тұлға нарықтық қатынастарға өту  жағдайында материалдық игіліктер  өндірісі саласында, оны бөлу мен  айырбастау жоғары деңгейдегі еркіндікті иеленеді. Қазіргі уақытта әрбір азамат өнеркәсіп кәсіпорнының, сауда мен өзге қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың жеке немесе ұжымдық меншік иесі яки орташа немесе ірі бизнесмен бола алады. Бірақ өмірде кездесетін белгілі бір объективтік, не субъективтік жағдайларға байланысты адам өзін тұлға ретінде сезінбеуі де мүмкін. Оған мысал ретінде адамның жүйке жүйесінің ауруына байланысты оны сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануын алсақ та жеткілікті.

Құқық пен бостандықтың тарихи дамуында үш толқын айқын бөлінеді. Оның біріншісі – конституционализм ағымынан көрінеді. Ол кезде конституциялық актілерде құқық пен бостандықтардың екі тобы бекітілген болатын. Олар азаматтық (өзіндік) құқықтар мен бостандықтар (мәселен, жеке адамға ешкімнің тиіспеуі, тұрғын үйге қол сұғылмауы, т.б.) және саяси құқықтар мен бостандықтар – сайлау құқығы, сөз еркіндігі.Конституцияларда әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар блогі дүниеге келді (еңбек ету құқығы, білім алу құқығы, ғылым мен мәдени жетістіктерін пайдалану.)Соның салдарынан адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы ортаны қорғау құқығы, ақпаратқұралдарын пайдалану құқығы және т.б.

Адамның бұл аталған  құқықтары мен бостандықтарын абсолютті  деп тану – олар Қазақстан Республикасында  тұратын әрбір адамға оның Республика азаматтығында болу-болмауына қарамастан, қолданылады дегенді білдіреді. Бұл құқықтар мен бостандықтардың ажырағысыздығы Конституция белгілеген құқықтар мен бостандықтардан Конституцияда және соған сәйкес қабылданған заңдарда көзделген жайлардан басқа реттерде адамды ешкім де, соның ішінде мемлекет те айыра алмайтындығын танытады. Біздің елімізде заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыларға қарай анықталады. Демек, қандай да болмасын заңдардың адам мен адамзаттардың құқықтары мен бостандықтарын тежеуге немесе жойып жіберуге бағытталған кері әсері болмайды. Осыған байланысты мемлекет билігі үш тармағының жұмысында азаматтардың құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін конституциялық негізде бекітуге (заң шығару), нақты іске асыруға (атқару) және тиісінше қорғауға (сот) айрықша мән беріледі[9, 136б].

Бірақта адамның және азаматтың құқықтар мен бостандықтары  конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен  бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.Кейбір шектеулер төтенше немесе соғыс жағдайлары кезінде болуы мүмкін. Мұның өзі конституциялық құрылысты қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана қажет. Төтенше жағдайлар еліміздің бүкіл аумағында не оның бөлігінде жариялануы мүмкін. Тек сол жердегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңда көрсетілген шегінде ғана кемсітіледі. Ол кезде барлық митингілер, демонстрациялар шерулер тоқтатылып, емін-еркін жүріп тұру ережесіне шек қойылуы мүмкін. Осының барлығы тәртіпсіздікті, заңсыздықты болдыртпауға бағытталған. Қалай болса да төтенше жағдайды жарияланғаннан соң азаматтардың өмір сүру, ар-намысы, діни наным, тұрғын үй, сот арқылы қорғалу және т.б. құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмейді. Төтенше жағдайларға байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолданылатын шектеулер мына демократиялық кепілдіктерге сәйкес болуы тиісті.Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері берілетін кепілдіктерден туындайды.Адамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке басының құқықтары мен заңды мүдделері құқықпен қорғалатыны белгілі. Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік емес құқық қорғау мен құқық қолдану органдарының тұтас жүйесі бар және олар жемісті жұмыс істеуде. Бұлар соттар, милиция, полиция, прокуратура органдары, азаматтық, нотариалдық кеңселер және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын басқа да мекемелер. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия да жатады. Қазіргі уақытта қорғаудың қылмыстық құқықтық құралымен бірге азаматтық құқықтық құралы да белгіленген. Егер азамат, кез келген дәрежедегі лауазымды адамның іс-қимылы өзінің конституциялық құқығына қысым жасап отыр деп санаса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым жасауға құқылы. Сондықтан, әдетте, әділ сотазаматтар құқықтарын қорғаудың заңдылығы мен негізділігіне бақылау жасайды. Егер мұндай құқық қорғауды басқа органдар жүргізсе, құқық қорғау актілерін мәжбүрлеп жүзеге асыруды осы сот органдары қамтамасыз етеді.Бірақ адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең қауіптісі – бұл қолданылып жүрген заңдарда адам құқықтарын аяққа басуға жол беретін нормалардың болуы. Нәтижесінде бірқатар құқықтар мен бостандықтарды іс-жүзінде жүзеге асыруға кепілдік берілмейді. Егер мемлекетте адамға қажет заңдар жұмыс істемесе, егер заңдардың өзі адамның табиғи құқықтарын аяққа басса, онда не істеу керек? Мұндай жағдайда адам құқығы қорғалмақ түгіл, оларды бұзу әдеттегі көрініске айналады. Сондықтан соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де норматитік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де номативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жеке азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүргізуге міндетті.Сонымен бірге адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың түрлері бар екенін атауға болады.Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтарды әлдекімнің бұзғандығы.Конституцияға қайшы заңдар шығарылып, соның негізінде адам құқығын аяққа таптап бұзу. Заңдар мен басқа да нормативтік актілер арасындағы қайшылықты жоймай, оларды қолдану өте-мөте қауіпті. Нәтижесінде атқаруша органдардың жүгенсіздікке баруына қолайлыжағдай жасалады. Мұның өзі сайып келгенде балық-шылық пен дағдарысқа әкеледі. Бұны біздің өміріміздің бүгінгі күнгі көрінісінен көруге болады. Сондықтан Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтан қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық қатынастарды заңды тұрғыда толық реттеу, заңдылық қағидатын дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деген пайымдауда толық бөлісеміз.Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі. Бұл қағидат Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-бабының 3-тармағында: «Республиканың азаматы өзінің азаттығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» деген ережемен бейнеленген. Құқықтар мен міндеттердің бірлігі қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігіне негізделген, яғни қоғам мүшелерінің бір бөлігі тек құқықтарға ие болып, ал екінші бөлігіне тек міндеттерге жүктелмеген. Бұл бірлік адамның қоғамдық және жеке мүдделерінің жарасымды үйлесімінен де туындайды. Коммунистік манифестегі «әркімнің еркін дамуы баршаның еркін дамуының шарты» деген әйгілі қағида қазақстандық қоғамның түбегейлі ережесіне айналды. Адамның жеке және қоғамдық мүдделерінің ажырағысыз бірлігі азаматтың құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің бірлігіне негізделген. «адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялы құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс» деген конституциялық ереже (12-бап, 5-тармақ) осыдан туындайды. Сөйтіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сипатын, мағынасы мен мазмұны жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттарымен айқындалады, мұнсыз Қазақстан Республикасын құруға ұмтиылып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет орнату мүмкін емес.Бұл Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтарының басқа заңдардағы (қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т.б.кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да болар оны әдебиетте «құқықтар мен бостандықдардың негіздері» деп аталады.

 

 

1.2 Адам мен  азаматтың құқығы мен бостандығын  қамтамасыз етуші мемлекеттік  институттар

 

Қазақстан Республикасында  адамдар мен азаматтардың Конституция  мен заңдарда бекітілген құқықтары  мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттік институттар құрылады және жұмыс істейді.

Адамның құқығы мен бостандығын  қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі  маңызды мемлекеттік институттардың бірі Қазақстан Республикасының  Президенті болып табылады. Президенттің тиісті өкілеттігінің заңдық негізі Конституцияда, сондай-ақ Президенттің Президент туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығында бекітілген.

Конституцияда Қазақстан  Республикасының Президенті – адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі деп жазылған (40-бап, 2-тармақ). Президенттің қызметіне кірісер сәтінде халыққа беретін антында мынадай сөздер бар: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге салтанатты түрде ант етемін» (42-бап, 1-тармақ). Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша Парламент мәжілісіне қарауға Үкімет енгізетін құқық қорғаушылық заң жобаларына Президенттің бастамашылығы Президенттің азаматтардың құықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Үкімет арқылы Президент бастамашы болған кейбір заңдарды айтсақ та жетеді.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Заң, Қазақстан Республикасының мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасының ұлғаюына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы Заң, және т.б.. сонымен бірге Президент өз өкілеттігі шегінде номативтік құқықтық актілер сияқты, адам мен азаматтардың құқықтары ммен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін жеке сипаттағы актілер де шығарады. Ол Президенттің тиісті Жарлығымен бекітілген мемлекеттік принциптерінен айқын көрінеді. Президенттің Жарлығы бойынша: а) мемлекет мүддесі алдында азаматтардың құқықтыра мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің басымдылығы; ә) жалпыға ортақ, яғни, мемлекеттік қызметке кіруге барлық азаматтардың тең құқылығы; б) қоғамдық пікірді ескеру мен жариялылық мемлекеттік қызметтің маңызды принципреті болып табылады. Жоғарыда көрінгендей, мұнда мемленкеттік органдар қызметінің азаматтардың құқықтар әрекеттердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығы жазылған.

Президент, сондай-ақ адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады. Атап айтқанда, Президент  республика азаматтығын, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, республиканың мемлекеттік наградаларын, құрметті және өзге де атақтар береді. Президент ауыр қылмысы үшін қылмысы үшін сотталғандарға кешірім жасайды.

Президент тыйым салуды, сондай-ақ парламенттің азаматтардың конституциялық құқықтар мен бостандықтарын бұзатын заңдар қабылдамауы үшін пайдаланылады. Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше қатер төнген жағдайда Президент қалыптасқан жағдайға орай шаралар қабылдауға құқықты. Атап айтқанда, Президент Қазақстанның бүкіл аумағына және оның жекелеген аймақтарына төтенше жағдай енгізіп, Қарулы Күшті қолдана алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативті-кеңесші  орган ретінде адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның басты міндеті Президенттің конституциялық мәртебесі – оның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетігін жеңілдетуді жүзеге асыруына ықпал ету болып табылады. Комиссия бұл міндеттерді орнату мақсатында мемлекет басшысының және комиссияның атына адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бойынша жолдаған өтініштерін қарайды, адм құқының сақталуы туралы жыл сайын баяндамалар жасайды, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету механизімін жетілдіру туралы ұсыныстар және т.б. әзірлейді [7, 6б.].

Парламент те адам азаматтық  құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қоғауға кепілідік  беретін маңызды мемлекеттік  институттардың бірі. Парламент мұны, негізінен заң шығару қызметі арқылы жүзеге асырады, онда Парламенттің конституциялық өкілеттігі айқын көрінген. Праламент жеке тұлғалардың құқықтық субъектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке тұлғаладрың жауаптылығына қатысты негізгі принциптер мен нормаларды; жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен қызметінің негіздерін белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші заңдар шығарады. Тиісінше, адам мен азаматтық құқықтары менбостандықтары жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың негізгі салалары Парламент қабылдайтын заңдар арқылы реттеледі.

Сот, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік  органдары адам мен азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын ұйымдастыру  мен қорғауға ықпал ететін органдар болып табылады. Демократияның аса маңызды сипатты белгісі мынада, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жарияланып қана қоймай, оларға әр түрлі кепілдіктер де беріледі. Олар экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және ұйымдастырушылық кепілдіктері болып бөлінеді. Олардың ішінен құқық кепілдігіне тоқталып өтейік. Ол дегеніміз құқық пен бостандықтарды іс-жүзіне асыру тәртібін, олардың қорғау шараларын, бұзылған кезіндегі жауапкершілігін тағайындайтын құқық нормалары, нормативтік актілер. Бұл бағытта мемлекеттік органдардың қызметі елеулі орын алады. Азаматтың өзінің құқығы мен бостандықтарын қорғау өкілеттілігі де маңызды. Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатара құжаттар қабылданды.

Қазақстан Республикасының  жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын нығайта отырып, халқаралық актілердің нормалары мен  принциптеріне сүйенеді. Аталған  және басқа халықаралық актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды; кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қозғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өмірінің, отбасының және басқаларының денсаулығы және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды[3].

Қазақстан Республикасының  Конституциясы адам құқы туралы халықаралық  құжаттардың негізгі идеялары мен  қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттік өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлкеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тұрмысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ). Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттік тану және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституция «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтық да құқымен міндеті туралы. Айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, 3-тармақ). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерінмен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндщет жүктейді. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «еркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуы құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғайға хақылы» делінген, 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық, зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандай жағдайда болмасын азаматтығынан айыруға болмайды (10-баптың 2-тармағы). Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеуге міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т.б. Қазақстан Республикасы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

Информация о работе Адам жане онын кукуктары