Адам жане онын кукуктары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 14:49, курсовая работа

Краткое описание

Шынайы құқықтық мемлекет құру үшін қоғамдық өмірдегі әр салаға заңның күші бірдей дәрежеде әрекет етуі тиіс, әсіресе, ол ең алдымен биліктің бөлінуі барысында пайда болған заң шығарушы, сот және атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Тек осы жағдайда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтары еш шүбәсіз қамтамасыз етілмек. Біздің мемлекетімізде құқықтық мемлекетке тән негізгі принциптер Ата заңымызда нақты көрсетілген.
Адам құқықтарын қорғауды кез келген мемлекеттік орган өзінің міндеті деп жариялауда. Бірақ олардың адам құқықтарын қорғау механизміндегі ролі мен орнын анықтау кезінде бағдарламалары мен құзіреттіліктерінде көптеген қайталаулар, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
1.1 Адам мен азаматтың мәртебесі туралы түсінік және оның негізгі
қағидалары...............................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуші мемлекеттік институттар..........................................................................................15
2 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы
2.1 Адамның жеке бостандығы мен қадір-қасиетінің түсінігі мен түрлері.........................................................................................................................21
2.2 Азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары...........................................................................................................25
Адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтары.........................36
3 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың мемлекеттік тетіктері (механизмі)
3.1 Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жетілдіру жолдары......................................................................................................................48
Қорытынды.................................................................................................................51
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................54

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык курс.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

Азаматтардың көркем, ғылыми және техникалық шығармашылық құқығы туралы да айта кеткен жөн. Мемлекет азаматтардың рухани шығармашылыққа ұмтылысын  қолдайды. Ұлттық Ғылым Академиясында, университеттерде, ғылыми орталықтарда мемлекеттің қолдауына сүйенген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Екінші жағынан, мемлекет азаматтардың өнертапшылыққа, жаңалық ашуға, ғылыми еңбектер мен көркем шығармаларға аыторлық құқығын қорғайды. Қазақстан Республикасының заңында бұрын белгісіз жаңа ұғым – интеллектуалдық меншік ұғымы пайда болды. Ол да азаматтардың мүліктік меншігі сияқты қорғалады. Азаматтық ұғымның өзінде азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының саяси мәні бар. Азаматтық – ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Тиісінше, азаматтар бірінші кезекте өзінің мемлекетімен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет ісін басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты білдіреді. Ауылда, поселкіде, ауданда, қалада, республикада азаматтар мемлекетті басқару ісіне кеңірек араласқан сайын демократияның мүмкіндігі дет кеңейе түседі. Демократиялық мемлекет құру мақсатында, Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегі құқық пен бостандық кепілдігі берілген.Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың 3-тармағы)мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» (1948 ж.), «Адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы», «Адамдардың азаматтық және саяси құқықтары туралы» (1966), «Балалар құқы декларациясы» (1959), «Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция» (1954 ж) және басқа бірқатара құжаттар қабылданды.

Қазақстан Республикасының  жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын нығайта отырып, халқаралық актілердің нормалары мен  принциптеріне сүйенеді. Аталған  және басқа халықаралық актілер  мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды; кез келген адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы; ешкім де азапталмауы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде қозғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін алмастыруға және таңдауға құқылы; кез келген адам өмірінің, отбасының және басқаларының денсаулығы және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды[14, 251б].Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген. Алайда «азаматтың құқы» азаматтың құқынан ерекшеленеді, өйткені мемлекет азаматқа мейлінше кең құқықтар мен бостандықтар беріп, мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қатынастарына орай оған айрықша міндет жүктейді[13, 124б]. Міне, осы негізде Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қалыптастырады. Егер құқықтар, бостандықтар мен міндеттер баршаға қатысты болса, онда «барлығы», «адам», «еркім», «ешкім де емес» деген терминдер қолданылады. Егер де құқықтар, бостандықтар мен міндеттер тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатысты болса, онда ол туралы көрсетіледі. 13-бапта: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуы құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғайға хақылы» делінген, 14-бапта: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» екендігі айтылады. 17-бапта былай жазылған: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық, зомбылық жасауға, басқада қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Ол кезде барлық митингілер, демонстрациялар шерулер тоқтатылып, емін-еркін жүріп тұру ережесіне шек қойылуы мүмкін. Осының барлығы тәртіпсіздікті, заңсыздықты болдыртпауға бағытталған. Қалай болса да төтенше жағдайды жарияланғаннан соң азаматтардың өмір сүру, ар-намысы, діни наным, тұрғын үй, сот арқылы қорғалу және т.б. құқықтарына ешқандай нұқсан келтірмейді. Осыған қарамастан, Конституцияның азаматтылық; құқықтық субъектілігінің қорғалуы;заң мен сот алдындағы теңділігі;өмір сүру құқығы баптарында,жеке бастың бостандық құқығы; адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайтындығы; ұлтты, партияны, дінді әркімнің анықтауы және ана тілін, т.б. таңдап алу құқығы; ар-ождан бостандығы баптарында және меншік, мұрагерлік құқығының кепілдігі көрсетілген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері берілетін кепілдіктерден туындайды.Адамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке басының құқықтары мен заңды мүдделері құқықпен қорғалатыны белгілі. Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын мемлекеттік емес құқық қорғау мен құқық қолдану органдарының тұтас жүйесі бар және олар жемісті жұмыс істеуде. Бұлар соттар, милиция, полиция, прокуратура органдары, азаматтық, нотариалдық кеңселер және құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын басқа да мекемелер. Бұған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссия да жатады. Қазіргі уақытта қорғаудың қылмыстық құқықтық құралымен бірге (адам құқықтары мен бостандықтарын бұзудың ең ауыр түрі қылмыс болып табылады) азаматтық құқықтық құралы да белгіленген. Егер азамат, кез келген дәрежедегі лауазымды адамның іс-қимылы өзінің конституциялық құқығына қысым жасап отыр деп санаса, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым жасауға құқылы. Сонымен бірге, егер әңгіме тек азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы болса, онда бұған айрықша мән беріледі. Өйткені, Қазақстан Республикасының азаматын қандай жағдайда болмасын азаматтығынан айыруға болмайды (10-баптың 2-тармағы). Конституцияда республика азаматының әскери қызметті өтеуге міндеті айрықша атап көрсетілді (36-бап) және т.б. Қазақстан Республикасы бойынша, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар – адамдардың арнаулы мәртебені иеленген ерекше тобы. Айталық, Конституцияның 12-бабында айтылғандай, Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.

 

2.3 Адам мен  азаматтың саяси құқықтары мен  бостандықтары

 

Мемлекетті құрудың  ең басты проблемасы - өкілетті органдарды қалыптастыру. Қазақстан азаматы  барлық: аудандық, қалалық, облыстық маслихаттардан Республика Парламентіне дайінгі деңгейдегі өкілетті органдарды қалыптастыруға тікелей  қатысады.

Аталған өкілетті органдарды сайлауға жасы 18-ге толған азаматтар қатысады. Азаматтардың бұл құқығы ұлтына, нәсіліне, біліміне, жасына, лауазымына, мүліктік жағдайына және басқаларына қарап шектелмейді. Егер кім де кім азаматтық сайлау құқығын шектеуге әрекеттенсе, онда ол тіпті қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Қазақстан Респубоикасының Қылмыстық кодексі азаматтың сайлау құқығын жүзеге асыруына кедергі келтіруге әрекеттенгендерге жаза көздеген. Бұл қылмыс дауыс беру, депутаттыққа кандидаттардың сайлаушылармен кездесу, кандидатураны, олардың бағдарламаларын талқылау кезінде кедергі келтіру түрінде көрінуі мүмкін. Кедергі келтірудің күштеу, алдау, қоқыту, сатып алу тәсілдері де болуы мүмкін.

Бостандық, алайда, анархия, бетімен кетушілік емес. Тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздейтін, заңға қайшы келетін демонстрациялар, жиналыстар өткізуге, тосқауылдарға тұруға тыйым салынады.

Сөз жоқ, азаматтардың әр түрлі қоғамдық бірлестіктер құру құқығының  саяси мәні бар. Мәселе мынада, бұл  бірлестіктердің (діни бірлестіктерден басқасы

Мемлекеттік саяси өміріне  қатысуға, атап айтқанда, өкілетті органдарды қалыптастыруға. Қазақстан Республикасы Конституциясының талабы шеңберінде саяси  бағдарламалар әзірлеуге, және т.б, құқығы бар. Азаматтар қоғамдық бірлестіктерге өз еріктерімен кіреді, сондықтан олар солардың бастамасымен құрылады. Бірлестіктер жарғыларын мақсаты мен міндеті Конституцияға, заңдарға қайшы келмейтіндей етіп әзірлейді.

Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық саяси құқықтарының бірі болып табылады. Конституцияда мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген[26].

Конституциялық қағидаларды  жүзеге асыру, мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негіздерін мемлекеттік  қызметкерлердің құқықтық жағдайын анықтау, мемлекеттік қызмет саласындағы  қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан  Республикасының Президенті «Мемлекеттік қызмет туралы» (1995 жылғы 26 желтоқсан Заң күші бар Жарлық шығарды. Жарлықта мемлекеттік қызметке анықтама беріледі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлкеттік органдар мен олардың аппараттарындағы азаматтардың конституция негізінде жүзеге асыратын және мемлекеттік басқаруды, мемлекеттің өзге де міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруды көздейтін кәсіби қызметі. Жарлықта лауазымдық өкілеттігін мемлекеттік орагнның атынан жүргізетін Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттік қызметкер болып табылатындығы көрсетілген.

Бұл заңда мемлекеттік  қызметтің принциптері бекітілген. Бұл принциптерді мемлекеттік қызметке, мемлекеттік қызметкерлермен құқықтық байланыс орнатуына қарай үш топқа  бөлуге болады.

Мемлекеттік құқықтық институт ретінде бірініші топқа мынадай принциптер жатады: а) заңдылық, яғни, мемлекеттік қызметмемоекеттік қызметсаласындағы қатынастарды реттейтін Конституция қағидаларын, заңдарын, баса да нормативтік құқықтық актілерін мүлтіксіз орындауға негізделуі тиіс; ә) мемлекеттік қызмет жүйесінің тұтастығы, ол мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінетіндігіне қарамастан қызметтің тұтас жүйесін ұсынатындығын білдіреді; б)мемлекеттік қызметтің үздіксіздігінің мемлекеттік қызмет кадрларының сабақтастығымен және ауыстырылуымен ұштасатындығы; ол бір мемлекеттік қызметкердің аусып, оның орнына екіншісінің келуімен мемлекеттік қызметтің үздіксіздігін білідреді.

Принциптердің екінші тобына мыналара жатады: а) баршаға жолдың ашықтығы, яғни, өздерінің қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқылығы; баршаға жол ашықтық кез келген азамат кез келген мемлекеттік қызметке кіре алады деген сөз емес. Мемлекеттік қызмет, жоғарыдаайтылғандай, азаматтардың мемлекеттік органдардағы кәсіби қызметі. Тиісінше, мемлекеттік қызметке қігісі келген азаматтың нақты жұмысты орындауға кәсіби әзірлігі және қабілеті болу керек; ә) азамат мемлекет қызметіне өз еркімен кіргендіктен, ол өзіне қатысты барлық талапты, барлық ережені орындауды міндетіне алады. Ол үшін олардың өкілеттігі шегінде жоғары тұрған органдардың шешімін орындау міндет; б) өз қызметін жүргізу процесінде мемлекеттік қызметкер қоғамдық пікірді ескеруі тиіс; олардың жұмысы халықтың көз алдында, жария жүргізілуі керек. Сонымен бірге, әрине жариялауға болмайтын мемлекеттік құпия сақталуы тиіс.

Принциптердің үшінші тобына азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсетуіне қатысты ережелер жатады. Ол азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүшелерінің мемлекет мүддесінен жоғары тұратындығы. Бұл принцип мемлекеттің әлеуметтік мемлекет болып жариялануынан және халыққа, өз азаматтарына қызмет етуі тиіс екндігінен туындайды. Мемлекеттік қызмет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін көздейтін қызметті білдіреді. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен бірге олар өз теріктерімен орналасуы тиіс міндеттері де бар. Мемлекеттік қызметкерлерге азаматтардан олардың заңды міндеттерін орындауларын талап ету өкілеттігі беріледі.

Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де норматитік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де номативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның жеке азаматтық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүргізуге міндетті.Конституцияға қайшы заңдар шығарылып, соның негізінде адам құқығын аяққа таптап бұзу. Заңдар мен басқа да нормативтік актілер арасындағы қайшылықты жоймай, оларды қолдану өте-мөте қауіпті. Нәтижесінде атқаруша органдардың жүгенсіздікке баруына қолайлыжағдай жасалады. Мұның өзі сайып келгенде дағдарысқа әкеледі. Бұны біздің өміріміздің бүгінгі күнгі көрінісінен көруге болады. Сондықтан Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтан қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс. Біз қоғамдық қатынастарды заңды тұрғыда толық реттеу, заңдылық қағидатын дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деген пайымдауда толық бөлісеміз [16, 3б].

Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтары мен міндеттерінің  бірлігі. Бұл қағидат Қазақстан  Республикасы Конституциясы 12-бабының 3-тармағында: «Республиканың азаматы  өзінің азаттығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» деген ережемен бейнеленген. Құқықтар мен міндеттердің бірлігі қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігіне негізделген, яғни қоғам мүшелерінің бір бөлігі тек құқықтарға ие болып, ал екінші бөлігіне тек міндеттерге жүктелмеген. Бұл бірлік адамның қоғамдық және жеке мүдделерінің жарасымды үйлесімінен де туындайды. Коммунистік манифестегі «әркімнің еркін дамуы баршаның еркін дамуының шарты» деген әйгілі қағида қазақстандық қоғамның түбегейлі ережесіне айналды. Адамның жеке және қоғамдық мүдделерінің ажырағысыз бірлігі азаматтың құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің бірлігіне негізделген. «адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялы құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс» деген конституциялық ереже осыдан туындайды. Сөйтіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сипатын, мағынасы мен мазмұны жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттарымен айқындалады, мұнсыз Қазақстан Республикасын құруға ұмтылып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет орнату мүмкін емес.Конституциядағы тұжырымда сөз етілетін азаматтардың (адамдардың) құқықтары мен бостандықтарының басқа заңдардағы (қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу, неке және отбасы, азаматтық, т.б.кодекстерінде) құқықтар мен бостандықтарға қарағанда ең негізгісі екенін есте әрдайым ұстауымыз қажет. Сондықтан да болар оны әдебиетте «құқықтар мен бостандықтардың негіздері» деп аталады. Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау – Қазақстан Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының негізгі қағидаттары болып есептелінді. Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудық қазіргі кезеңінде мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтан оқшаулануы оны құқықтық мемлекет ретінде орнықтырылмайтынын көрсетіп отыр, ондай мемлекет өзін жоғары дамыған, өркениетті ел дәрежесіне көтере алмайды. Бұл талап халықаралық құқықтың жалпы танылған «pasta sunt servagda» деген қағидатынан туындайды және барлық мемлекет өзі қол қойған құжаттарда баяндалған халықаралық міндеттемелерін барлық мүмкіндіктермен орындауы тиіс. Қазақстанда өзі белгіленген тәртіпте бекіткен халықаралық құқықтың басмдығын мойындайды, өзінің ұлттық ішкі заңдарын халықаралық нормаларға сәйкес келтіреді. Мысалы; Қазақстан Республикасы Конституцияның 4-бабының 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады» деп айтылған.Сондықтан да болар Қазақстан Республикасында құқықтар мен бостандықтар халықаралық құқық нормалары мен жалпыға танымал принципретге сәйкес танылады және кепілдендіріледі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сай болуы тиісті [17, 32б].

Мемлекеттік қызметкер  мемлекеттік органдар атынан әрекет етеді, оларға мемлекет берген өкілеттікті  жүзеге асырады. Сондықтан мемлекетттің беделі мен мәртебесін сақтау үшін мемлекеттік қызметкерлерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Осыны ескере отырып, заң мемлекеттік қызметкерлерге заңдық қана емес, моральдық міндеттер де жүктейді. Мемлекеттік қызметтуралы Жарлықта мемлекеттік қызметкер Конституцияның Республика заңдарын, сондай-ақ қызмет этикасының нормаларны сақтауға міндетті екендігі көрсетіледі. Осы ереже одан әрі дамыту үшін Президент Жарлығымен 1997 жылдың 16 маусымында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының Ережелері» бекітілді. «Ережеде» мемлекеттік қызметке келудің қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім көрсетудің белгісі екндігі айтылған. Ал бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкері осы «Ережемен» белгіленген жалпыға ортақ этикалық нормалар мен принциптерді сақтауы тиіс деген сөз. ол екі топқа бөлінеді:

Бірінші топқа мемлекеттік  қызметкер міндетті қызметін орындау  кезінде сақтауы тиіс этикалық нормалар мен принципрет жатады. Атап айтқанда, оған мыналар кіреді: мемлеееттік  қызметкер мемлекет мүддесін қорғауға міндетті және Президент саясатын қолдаушы болуы тиіс. Ол Қазақстан халықтарының бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға күш салуытиіс. Ол жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды сақтауға және Қазақстан халықтарының алуан түрлі әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті. Әділдік, шындықты тура айту, ешкімді алаламау, жемқорлық көріністеріне қарсы тұру олардың моральдық міндеті болып табылады. Ол қарапайым, басқа адамдардың ар-намысын, қадір-қасиетін құрметтей білуі керек.

Екінші топ – ол мемлекеттік өызметкердің жеке өміріне қатысты моральдық талаптар. Ол қызметтен тыс қатынастарда өзінің лауазымын алға тарпауға, республиканы кемсітіп, оның беделіне нұқсан келтіретіндей қандай да болсын міндеттемелер алып, әрекет жасамауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік ақпараттарды өзінің жеке басына және басқа да жеке мүдделерге пайдаланбауы, қызметтік міндетін орындауға қатысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдамауы және де теріс қылықтарға бармауы тиіс.

Азаматтардың мемлекеттік  қызметке келу құқығының терең саяси мәні бар. Ол мемлекеттік органдарды мемлекет функциясын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысуды өз еркімен міндетіне алған азаматтармен қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығы – саяси құқық, сондықтан ол, негізінен, мемлекеттің мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді.

Жаңа уақыт адамның  құқығы мен бостандығы дүниеге өзімен бірге келетінін негіздейтін  табиғи құқық идеяларының пайда  болуымен сипатталды. Әртүрлі теориялық  құрылымдар тұлға мен мемлекет қайшылығын еңсеру қажеттігін негіздеді. Адамның құқықтары мен бостандықтарына артықшылық беру қағидаларын жария ету мәселесіне құрсаулық жүйе тұрғысынан түсінік беруден үзілді-кесілді бас тартуды білдіреді. Тоталитарлық жүйе кезінде адам орасан зор мемлекеттік машинаның титімдей бір бөлігіне айналады. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін жаратылған, олардың қатынастарының ендігі басты қағидаты (1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституцияда негізі қаланған) осындай. Бұл ұғымдар конституциялық мәтінге енгеннен кейін іс жүзінде адамгершілік санат бола отырып, құқықтық санатқа да айналады және қоғам мүшелерінің баршасы үшін – мемлекет билігі қолында барларға да, жоқтарға да міндетті ереже болып табылады [18, 36б].

Информация о работе Адам жане онын кукуктары