Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Су- табиғатта ең кең тараған зат. Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.Суды аялай білу керек, өйтекені ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға, бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1. Теориялық бөлім.................................................................................................4
1.1 Су..............................................................................................................4
1.2 Қазақстандағы ағынды сулардың экологиялық жағдайы ...................6
1.3 Судың ластануы.....................................................................................11
1.4 Судың ластану проблемалары..............................................................12
1.5 Судың кермектігі...................................................................................18
1.6 Судың көктенуі......................................................................................19
1.7 Судың мөлдірлігі...................................................................................21
1.8 Су қорларын қорғау..............................................................................23
2. Эксперименталды бөлім...................................................................................26
Судың физикалық құрамын анықтау............................................................26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ағынды сулардың адам әсерінен ластануы.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

   Облыс бойынша барлығы иесіз 392 су шаруашылығы нысаны анықталып, әділет органдарының тіркеуіне берілді. Қазіргі кезде оның 13-і облыстың коммуналдық меншігіне алынған болса, 180-і қалалар мен аудандардың коммуналдық меншігіне берілді.

ТМД елдері ішінде қалалардың ластану дәрежесі бойынша Теміртау төртінші, Қарағанды бесінші, Балқаш алтыншы орында тұр.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-нің «арқасында» облысымыздың үш қаласы ауаның ластануы жағынан алдыңғы орында тұр. Біздің өңір бойынша өнеркәсіпті дамыту экологиялық салдарларды ескерусіз жүзеге асырылып жатқандықтан, осындай орындарға ие болуына тура келуде.

Экологтардың айтуына қарағанда, ірі компаниялардың қызметінен табиғатқа келетін шығын табиғи ресурстарды пайдаланудан түсетін кірістен әлдеқайда артық екен. Экологиялық ұйымдардың осы мәселені бірнеше мәрте көтергенімен, айналадағы ортаны ластандыру деңгейі сол қалпында қалып отыр. Кейінгі 5-10 жыл ішінде жағдай оңға басқанның орнына кері кетіп барады. Нұра-Сарысу экология департаментінің дерегіне қарағанда өткен жылы облысымызда 991060 тонна зиянды тастандылар ауаға тараған, бұл – республика бойынша ауаға тараған зиянды заттардың 30 пайызы. Бірақ, Нұра-Сарысу департаметі экологтарының болашаққа деген сенімі "зор",  мұндай қомақты санның өзі оларды алаңдатпайды.

– Ауаға таралатын  тастандылар азайып келеді, – дейді  департанметтің мемлекеттік-экология бөлімінің бас маманы Иран Мұсылманбеков. – 2007 жылы ауаға тараған зиянды заттардың  жалпы көлемі 1 млн. 265 мың тонна  болса, өткен жылы бұл 991 016 тонна болды. Яғни 193 мың тоннаға азайғанын байқаймыз. Мұндай көрсеткішке Балқаш қаласында күкірт  қышқылы цехын іске қосу арқасында қол жеткізілді. Ол өндірістік қалдықтардан кейін уран өндірісінде пайдаланылатын күкірт қышқылын бөліп алумен айналысады. Цехты пайдалануға бергеннен бастап ауаға таралатын зиянды заттар азайды және экономиялық тиімділік алына бастады. Бұған қоса басқа өңірлерде де жағдай тұрақтана бастады. Қазіргі кезде біз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістеріндегі ауаға таралатын зиянды қоспаларды есептеумен айналысып жатырмыз. Бір айта кететін жағдай – тазарту қондырғыларымен жабдықталғанына қарамастан, «Арселордың» кәсіпорындарының ластандыру деңгейі әлі де жоғары. Барлығы есептеліп шығарылған соң компания басшылығына тиісті есепшот ұсынылатын болады.

     Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамға экологиялық стратегия қажет. Біздің өміріміздің қолайлы болуы оның қаншалықты тиімді жасалуына қатысты болмақ. Экологиялық қауіпсіздікті көзге ілмеу, азаматтардың қоршаған орта қолайлылығы жөніндегі құқықтарын ғана емес, олардың өмір сүру құқығын да бұзған болып саналады.

       Биосфера  мен  адамның тіршілік етуі суды  пайдалану арқылы өмір сүрді. Адамзат әрқашан суды пайдалануын  ұлғайтып, гидросфераға үлкен  әсер  етті. Қазіргі  кезде техносфераның дамуында, әлемде адамның  биосфераға әсері күшті  қарқынмен өсіп  келе  жатыр,  ал табиғаттық жүйе өзінің қорғаныштық қасиетін  жоғалта  бастады, яғни қажетті жаңа  жолдар тенденцияны  іске  асыратын нақтылықты  сезіну болды, ол  табиғат пен бүкіл  әлемнің және  оны  құрайтын құбылыстарында пайда болды. Ал ол  жамандыққа  негізделді,  яғни біздің  уақытымыздағы жер  үсті  мен  жер  асты  суларының  бүлінуі.

         Су  қабаттарының  бүлінуі,  ол  биосфералық функциямен  және  экологияның  мәніне  ауыр  әсерінің тигізуіне әкеліп соқтырады, нәтижесінде оған  жаман  заттардың  түсуі  болды.

Судың  ластануы органолептикалық күшінің қасиетінің  өзгерісінде  көрінеді,  олардың  үлкеюі  және  құрамында  сульфат,  хлоридтер,  нитрат,  уытты  ауыр  темірлер,  азайып, еріп,  ауаға  араласып,  тарап  кетті  де,  соның әсерінен радиоактивтік элементтері,  ауру  туғызатын  бактериларжәне  т.б. ауыр  лас  заттар  бар.

Орта Азия мен  Қазақстан жерлері суға кедей  деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.  Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.

     Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен.

Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл  даланың ортасында ірі көлдердің  бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің  көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл  көлдің халық шаруашылық мәні ете  күшті. Осы көл аркылы республикамызда  таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін көрсетті.

     Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.

Кейінгі жылдары  Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер  назар аударып отыр. Соңғы 10—15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті кеміді, 1975—1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.

    Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы егістік бар, бұл мөлшерді 8—9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп, қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс ойпаттарына жылына 7—8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады. Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-жыл таяздаудан теңіз деңгейі7 метртөмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480 мың центнер балық ауланған болса, 1978—1979 жылдары бар болғаны 40—50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.

Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен  жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын  65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым белігі қайда кетті? деген сұрақ туады. Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа кететіндігінде; үшінші себебі — Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал, Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және ең негізгі себептердің бірі — әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Осыдан келіп республикамыздың жылдық су қорын адам баласына шаққанда жиырма бөлігінің бір бөлігі ғана тиеді.

Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр.

      Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс — Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр.

Алайда мұның  бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге  тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан  жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын  қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек.

      Алайда жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.

      Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал  лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.

Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

 

 

 

Эксперименталды бөлім

Судың түсін шамамен анықтау 

Есіл өзені түсін  анықтау

 

Қарағандағы түсі

Градус бойынша түсі

Бүйірінен

Жоғарыдан

Жоқ

Жоқ

10 кем

Жоқ

Әрең байқалатын, әлсіз сарғыш

19

Жоқ

Өте әлсіз сарғыш

20

Жоқ

Әлсіз сарғыш

30

Әрең байқалатын, бозғылт сарғыш

Сарғыш

40

Әрең байқалатын, бозғылт сары

Ашық сарғыш

80

Өте әлсіз сарғыш

Сары

150


 

 

 

 

Кеңгір су қоймасының түсін анықтау

 

Қарағандағы түсі

Градус бойынша түсі

Бүйірінен

Жоғарыдан

Жоқ

Жоқ

10 кем

Жоқ

Әрең байқалады

19

Жоқ

Өте әлсіз сарғыш

20

Жоқ

сарғыш

30

Әрең байқалатын, бозғылт сарғыш

Сарғыш

40

Әрең байқалатын, бозғылт сары

Ашық сарғыш

80

Өте әлсіз сарғыш

Сары

150


 

Жақсы судың түсі 200 төмен болмауы керек, ал 400 рұқсат етіледі. Судың түсін келесі терминдермен белгілейді: түссіз, ашық сары, қарқынды сары және т.б.

Судың иісі. Суды алған  жерде және зертханада 20-400С  қыздырып, анықтайды. Бұл үшін колбаға 2/3 көлеміне 20о зерттелетін суды құяды, колбаны сағаттық шынымен немесе үйкелген тығынмен жауып, сілкіп, иісінің сипаты мен қарқындылығын анықтайды, содан кейін 400С қыздырып, сілкиді де, шыныны ысырып кесте бойынша иісінің сипаты мен  қарқындылығын бес баллдық шкаламен анықтайды:

 Ауыз судың иісінің  қарқындылығын анықтау  

 

Иістің қарқындылығы (балл)

Иістің сипаты

Сипаттама анықтау

0

Иісі жоқ

Сезілетін иісі жоқ

1

Өте әлсіз

Иісті тұтынушылар байқамайды, бірақ мамандар анықтай алады.

2

Әлсіз

Егер назар аударса, тұтынушы анықтай алады 

3

Байқалатын

Иіс жеңіл сезіледі және су туралы теріс пікір қалыптастырады  

4

Анық

Назар аудартатын иіс: ішуден бас тартқызуы мүмкін 

5

Өте күшті

Иістің күштілігі  сондай, су ішуге жарамсыз  

Информация о работе Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы