Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Су- табиғатта ең кең тараған зат. Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.Суды аялай білу керек, өйтекені ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға, бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1. Теориялық бөлім.................................................................................................4
1.1 Су..............................................................................................................4
1.2 Қазақстандағы ағынды сулардың экологиялық жағдайы ...................6
1.3 Судың ластануы.....................................................................................11
1.4 Судың ластану проблемалары..............................................................12
1.5 Судың кермектігі...................................................................................18
1.6 Судың көктенуі......................................................................................19
1.7 Судың мөлдірлігі...................................................................................21
1.8 Су қорларын қорғау..............................................................................23
2. Эксперименталды бөлім...................................................................................26
Судың физикалық құрамын анықтау............................................................26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ағынды сулардың адам әсерінен ластануы.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Академик Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік  университеті

Химия факультеті

 

 

 

 

 

 

Химиялық технология және экология кафедрасы

 

 

 

 

Жоба тақырыбы:

 

Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Тусупова Айнур

Ермахан Назерке

Тексерген: Абсат З.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды - 2013

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................3

1. Теориялық бөлім.................................................................................................4

1.1 Су..............................................................................................................4

1.2 Қазақстандағы ағынды сулардың экологиялық жағдайы ...................6

1.3 Судың ластануы.....................................................................................11

1.4 Судың ластану проблемалары..............................................................12

1.5 Судың кермектігі...................................................................................18

1.6 Судың көктенуі......................................................................................19

1.7 Судың мөлдірлігі...................................................................................21

1.8 Су қорларын қорғау..............................................................................23

2. Эксперименталды бөлім...................................................................................26

      Судың физикалық құрамын анықтау............................................................26

Қорытынды............................................................................................................29

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

 

 

Кіріспе

 

   Су- табиғатта ең кең тараған зат. Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.Суды аялай білу керек, өйтекені ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға, бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады. Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағасында өсу тиіс,өйткені ағаштар су туғандарын толықтыратын топырақ астындағы лғалдылықты сақтайды және жинақтайды.Суды қорғау өмір мен денсаулықты, оршаған ортаның әдемілігі мен байлығын қорғау деп бекер айтылмайды. 

    Жер шарының су қорын мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты және атмосфера суы құрайд. Оның мөлшері шамамен 1,5 млрд км3. Жер шарында, барлық судың 94,2%  тұзды су. Ол жер көлемінің 70 % -алып жатыр. Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады. Дүние жүзі мұхиттарының бетінен жылына шамамен 412 мың км3 су буланады,  ал оларға қайта түсетін жауын-шашынның  жылдық мөлшері 310 мың км3 шамсында болады .

    Қалаларды, ауылдарды және өндіріс мекемелерін ортақтандырған су жүйесімен қамтамасыз ету техникалық - экономикалық және ұйымдастырған шаралардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Олардың рационалды түрде бақыланып отырылуы қала мен ауылды жерлердің санитарлық жағдайының деңгейін анықтап, халықтың тіршілгіне қолайлы жағдай туғызады.

   Адамзат тіршілігінде маңызды зор тұщы су қорлары шектелген және  жер беті мен жер қойнауларында әркелкі таралған. Мұндай сулардың көп мөлшері өндіріс орындардың тұрмысына қажет болса, кейбір мөлшері ауыл шаруашылығында, балық аулауда қызметі зор.

    Қазақстан Республикасы бойынша қазіргі кезде қалалық су тасымалдау жүйесінің 60 қа жуығы авариялық жағдайда. Одан басқа қала сыртындағы ауылдар мен ауылды жерлерін есептемегенде, ал мұндай жерлерде табиғи судың сапасы санитарлық нормалардан әлдеқайда алыс. Көптеген өтіп жатқан ғылыми конференциялардың мәліметтеріне сүйенетін болсақ біздің краннан тек ішуге ғана емес, тіпті тұрмыстық шараларға жарамсыз су ағып жатыр. Тұрмыстық қолданысқа бағытталған су алдын-ала тазалағыш қондырғыштарда улансыздандырылып, тазаланады. Бұндай сулар негізінен беткей қорлардан алынады. Тазалану барысында су сақтау қоймаларына жеткен кезде СанПиНа ең жоғарғы нормаларына сәйкес келеді. Бірақ көп киллометрлі коррозияға ұшыраған труболармен жылжыған кезде, оның сапасы күрт төмендейді, мөлдірлігі азайып, иісі пайда болады, құрамында темір, мыс, мырыш және тағы басқа ауыр металдардың мөлшері жоғарылап, суға әр түрлі улы компоненттермен қоса конструкциялық және герметизделген материалдардан бактериялар түседі. Ал бұндай ластанған су адам организіміне түсіп,әр түрлі аллергияның және қан ауруларының тууына алып келуі мүмкін.      

Міне осындай және тағы басқа күрделі мәселерге байланысты бұл жұмыстың негізгі мақсаты ретінде:

- судың гигиеналық  маңызымен танысып химиялық құрамын  анықтау 

су сапасының стандарттық  нормативтерімен танысу

 суды тазарту жолдарын  ұсыну  болып табылады.

 

 

1.Теориялық  бөлім

Су

 

    Су. Екі ғана  əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

    Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

        Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. Сонымен бірге сулы ортаның бірқатар жетімсіздіктері де бар, олар тірі ағзаларға қолайсыз әсер етеді. Мәселен, судың қысымының көбірек артуы және оттегімен нашар канығуы мұхит тұңғиығындағы суда тіршілік ететін ағзалар тіршілігіне кедергі келтіреді. Су құрамындағы оттегінің мөлшері атмосферадағы құрамынан шамамен 20 есе төмен болады.

      Жарық 200 м тереңдікке өтеді, сондықтан теңіздер мен мұхиттарда тіршілік ететін ағзалар жарьмсыз ортада өмір сүруге бейімделеді. Теңіз және тұщы су құрамьндағы тұздар мөлшері біркелкі болмайды. Мәселен, теңіз суы натрий хлориды мен магний сульфатының тұздарына бай, ал тұщы су құрамында кальций және карбонат иондары көп мөлшерде болады. Сулы ортаны мекендейтіп ағзалар сан алуан, олар бір биологиялық топқа — гидробионттарға бірігеді. Олардың барлығы сулы орта факторларының әр түрлі құбылуына бейімделді. Сулы ортада ауаға қарағанда дыбыс тезірек тарайды. Сондықтан гидробионттарда көру мүшелеріне қарағанда есту мүшелері жақсы дамыған. Кейбір түрлер тіпті өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыс) толқындардың ырғақтарының өзгеруін дер кезіңде сезіп, дауыл тұрардың алдында су тереңдігіне қарай төмендейді Кейбір гидробионттардың (кит тәрізділерде) бағыт-бағдар алуы, қорегін іздеп табуы — толқындардың шағылған дыбыстарын қабылдау (эхолокация) арқылы жүзеге асады.

     Су ортасының өзіндік оттегі режимі де бар. Суда оттегі атмосферамен салыстырғанда 21 есе аз. Судың температурасы, терендігі, тұздылығы артқан сайын ондағы оттегі мөлшері азайып, ал судың ағысы қатты болған сайын оттегі мөлшері көбейеді. Басқа орталармен салыстырғанда судың температуралық режимі біркелкі болуымен ерекшеленеді. Қоңыржай аймақтарда тұщы сулардың температурасы 0,9°С-25°С аралығында (ыстық су көздерін есептемегенде, онда су температурасы 100°С-қа дейін жетеді), тұщы сулардың терең қабатында температура 4°С-5°С-ты құрайды.

     Суды қолданудың 3 түрі ажыратылады.

1. Шаруашылық –ауыз  сулар, ретінде су нысандары  және оның аймақтары қолданылады  және де олар тамақ өнеркәсібін  де сумен қамтамасыз етеді.

2. Коммунальді- тұрмыстық  –суды шомылу, спортпен айналысу және халықтың демалуына қолданылады.

3. Барлық шаруашылық  – суды балықтардың, және басқа  да суда өмір сүретін организмдердің  тіршілік етуі үшін, көбеюі және  миграциялау үшін қолданылады

 

Қазақстандағы ағынды сулардың экологиялық жағдайы

      Қазақстан  жағдайында өзен-көлдердің ластануы  көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда,  полигондар мен мұнай-газ өндіретін  жерлерде жаппай  сипат  алуда.

Өзендердің  ішінде  Ертіс  су  алабы, Өскемен қорғасын –мырыш комбинаты, Ленинагор  қорғасын  зауыты,  Березов  кені, Зырьян зауыты  секілді  өндіріс  орындарының сарқынды  лас  суларымен  ластануда. Су  құрамында қорғасын,  мырыш, сынап, тағы басқа ауыр металдар шекті  мөлшерден  асып  кетуі жиі  байқалады.

     Қазіргі кезде Балқаш көлінің суы ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға соқтырғалы отыр. Суларды ластаудың негізгі көздері:

  • Ауыл шаруашылығында жерді улы химикаттармен тыңайтудан қалған қалдық сулардың қайта келіп өзендерге, көлдерге құюы. Бұл әсіресе, күріш егістіктерінде, мақта плантацияларында молынан кездеседі.
  • Кен орындарын пайдаланудан болатын өндіріс қалдықтарын;
  • Ағаш материалдарын дайындауға, өндегендегі және су жолдарымен тасымалдағандағы ағаш қалдықтары;
  • Су және темір жолдарының лас қалдықтары;
  • Техникалық өсімдіктерді алғашқы өндеудің қалдықтары.

       Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал  лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.

     Бұл айтылған су қорларының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиянды әсер ететін құрамында химиялық улы заттар бар өндірістің қалдық сулары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия заводтары, мал шаруашылығы өнімдері – жүнді, теріні өңдейтін заводтар т.б. жатады. Тек қана Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындары тәулігіне 168,8 мың текше ластанған суды өзендер мен көлдерге жібереді.

      Соңғы жылдары егіс далаларында химиялық тыңайтқыштарды кеңінен пайдалануға байланысты, суларды ластауды пестицидтердің зиянды әсері көп болып отыр. Пестицидтер суға араласқаннан кейін биологиялық жағынан ажырамай ұзақ сақталып, балықтың, планктонның денесіне орнығады да биологиялық тізбек арқылы адам денесіне көшеді.

Өндіріс, ауыл шаруашылығы  қалдық суларынан басқа табиғи сулар  құрамына хлоридтер, жолдардың қатып қалуына қарсы қолданылатын және жер суғарған кезде топырақтан жуылып шығатын тұздар өте зиянды әсер етеді.

      Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін зиянды әсері зор. Әсісере, өзен, көлдер бойына шошқа фермаларын орналастыру бұл су көздерін түгелдей жойғанға тең. Бір шошқа фермасының өзі  суларды ластау дәрежесі жөнінен 2-3

өндіріс орнына тең.

      Балқаш көлінің экожүйесі бұл- тек облыстың ғана емес республикалық дәрежедегі мәселе болып отыр.  Бүгінгі күні бұл мәселе баяу шешіліп отыр.

Жоғарғы қабат  суларының сапасының төмендеу тенденциясы  тоқтатылды, алайда олардың сапасының  жақсарып кеткені байқалмайды.  Соңғы жылдар арлығында жоғары қабат суларына қосылатын тазаланған  су көлемінің жеткіліксіздігі (1996 жылғы 48 млн.куб.метрден 2006 жылы 6,5 млн.куб.метрге) төмендеді. Ластану дәрежесі жағынан облыстың су объектілерін нашар және өлшемді су классына жатқызуға болады.

      Балқаш суын негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестицидтері, тыңайтқыштары, т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

       Ластаушы заттардың негізгі үлесін ЖШС «Қазақмыс корпорациясының»  (2008 ж. – 1006,08 мың тонна, 2009 жылы – 922,6 мың тонна) мыс қорыту барысында бөлінетін күкірт газы заттары  құрап отыр.

Балқаш көлінің тағы бір ластаушы көзі-Балқаш балық шаруашылығы. Балқаш балық шаруашылығы дамыған аймақ. Балық аулаудан және өңдеуден кейінгі шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе ақаба сулары Балқаш көліне тасталып тұрады.   

     Балқаш көлі мен оның маңындағы аймақтардың экологиялық жүйесіне

осындағы кəсіпорындар мен Сарышыған əскери полигонын  пайдаланудың техногендік қызметі  де зиянды əсерін тигізуде. Əсересе, Балқаш жағалауының Қарағанды облысына кіретін солтүстік аймағы техногендік  əсерге көбірек ұрынып отыр. Көлдің солтүстік аймағын ластандырушы ең үлкен көз Балқаш кен- металлургия комбинаты. Комбинаттың мыс зауыты, байыту фабрикасы, түсті металл өңдеу зауыты, жылу-электр орталығы, тағы басқа қосалқы өндірістік буындары ондаған жылдар бойы көлге ластанған, тазаланбаған ағын суын жіберіп келеді. Көлге тұзды су мен ауыр металдар қосылуын тоқтату мақсатында комбинат тоғандары арқылы қайталама су көздерін тазалаудың кешенді шараларын жүзеге асыруда. Мұның өзі судың сапалық құрамын жақсартуга жағдай жасайды. Балқаш көлінің солтүстік жағалауының атмосфералық ауасын БКМК көп жыл бойы өзінің күкіртті ангидридімен ластау үстінде. Бұл қазір ғана туындап отырған мəселе емес. Ол Балқаш комбинатындағы ауаны қорғау жұмысының тиімсіз жүргізілуінің салдары.

Информация о работе Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы