Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 18:36, курсовая работа

Краткое описание

Су- табиғатта ең кең тараған зат. Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.Суды аялай білу керек, өйтекені ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға, бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1. Теориялық бөлім.................................................................................................4
1.1 Су..............................................................................................................4
1.2 Қазақстандағы ағынды сулардың экологиялық жағдайы ...................6
1.3 Судың ластануы.....................................................................................11
1.4 Судың ластану проблемалары..............................................................12
1.5 Судың кермектігі...................................................................................18
1.6 Судың көктенуі......................................................................................19
1.7 Судың мөлдірлігі...................................................................................21
1.8 Су қорларын қорғау..............................................................................23
2. Эксперименталды бөлім...................................................................................26
Судың физикалық құрамын анықтау............................................................26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................30

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ағынды сулардың адам әсерінен ластануы.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

     Сарышыған əскери полигонына қатысты да көптеген жұмыстар бар. Бірақ қазіргі кезде біздегі ақпараттың шектеулі болуына байланысты оның ықпалына, бұл объектінің пайда болғаннан бергі барлық кезеңінде Балқаш өңірінің табиғатына қаншалықты зиян келтіргеніне нақты баға бере алмай отырмыз. Сондықтан да полигонның ықпалынан бүлінген аймақтарда кешенді сауықтыру жəне қалпына келтіру шараларын жүргізу əзірше мүмкін емес. Бұл мəселені шешу үшін Қазақстан Республикасының табиғат қорғау жөніндегі заңнамаларындағы полигон мен табиғат қорғау органдары арасында белгіленген қарым-қатынасқа сəйкес Ресей-Қазақстан арасында келісім жасалып, ол қабылдануы қажет. Мұндай келісімді қабылдау полигон қызметінің айналадағы ортаға, оның ішінде Балқаш көлінің экологиялық жүйесіне кері əсерін анықтауға жəне оны азайту жөніндегі шаралар жүргізуге мүмкіндік берер еді.

Балқаш көлі жыл бойына тек Іле өзенімен ғана 23 мың тонна  жеңіл органикалық заттармен, 8 мың  тоннадай минералды азотпен, 5 мың  тонна фтормен, 2 мың тонна темірмен, 1,5 мың тонна бормен, 0,7 мың тонна броммен, 70 тонна минералды фосформен, 60 тонна пропанамидпен, 3,4 тонна дихлоранилинмен, т.б. улы заттармен ластанады. Мұнымен қоса Балқаш көліне металлургия комбинаты су шығындыларын, улы заттардың қоспасын жіберуде.   Көлемі жағынан әлемде 13-орында тұрған Балқаш жыл сайын ластану деңгейі артып, табаны батпақтанып, айдыны зауыт қалдықтарымен уланған. Балқаштың әу бастағы тылсым жаратылысы оның қазіргі тағдырына айналып бара жатқан тәрізді. Бір бөлігі ащы судан, бір бөлігі тұщы судан тұратын көлдің қазір тұзды бөлігі ұлғайып келеді. Бұған басты себептердің бірі – Іленің бастау қайнарында отырған қытайлықтардың өзен суын шаруашылыққа мейлінше молынан тұтынуында. Соның салдарынан көлге құятын тұщы су мөлшері азайып отыр. Балқаш көлі жайлы арнайы заң қабылдау керек, мұндай мәртебелі заң көрші Ресейде және басқа елдерде бар. Балқаштың балық қорының соңғы жылдары күрт азайып кетуінің негізгі көзі де осы қытай көршімізге байланысты болып отыр. Қазір көл табанында ондаған шақырымды алып Қытайдан әкелінген сапасы нашар аулар жатыр. Бір салғанда-ақ сетінеп кететін аулардың талайы су түбінде қалғанын, ол аулардың балықтар үшін құрылған нағыз ажал тұзағы екенін Балқаш жағалауындағы кез келген балықшы айтып береді. Балқаштың балығы мен байлығы кемуіне бірнеше себеп бар. Елге Қытай тарапынан полиамидті және пластик жіппен тоқылған ауларды әкелуге тыйым салу керек және ол аулардың ел ішінде сатылуына толығымен шектеу қою керек. Балқаш айдынын мекен еткен алабұға балығы өткен ғасырдың 70-жылдары жойылып кетсе, сол дәуірде бекіре мен ақбалық, патшабалығы тұқымымен тұздай құрығанын қазір біреу білсе, біреу білмейді. Көлдегі балықтар патшалығының «құлдырауына» қазіргі басты себеп – тек қытайлық сапасыз аулардың теңіз табанында шөгіп жатуы ғана емес, бұл мәселеге Жетісудан құятын өзендердің жағаларындағы ирригациялық және су шаруашылықтары құрылғыларының тозығы жетуін, Көкше теңіздің солтүстік жағалауындағы мыс қорыту зауытының қалдықтарын залалсыздандыратын орынның ескіріп кетуін де айтуға болады.

      Іле-Балқаш  бассейні суының сапасы  да  мәз  емес. Мұндағы ластағыш  заттар – ауыр металлдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, «Балқашмыс» өндірістік  бірлестігі, «Балқаш балық  өнеркәсібі», «Сарышаған» ракета  полигондары, т.б. кен  рудаларын балқыту комбинаттары Балқаш  көліне мыңдаған  тонна  зиянды заттарды  төгуде. Іле  өзенінің ортаңғы ағысы,  жалпы өзен экожүйесі,  күріш  алқаптары және шеңгелді массивтерін игеруге  байланысты минералды  тыңайтқыштар мен  химиялық  препараттар өте  көп  қолданылып келеді.  Нәтижесінде,  өзен  суының сапалық  құрамы төмен. Оның  үстіне Іле өзені  арқылы мұнай  тасымалдау, Қапшағай су  қоймасы,  Қытай жеріндегі судың  ластануы  ондағы  экологиялық  жағдайды  қиындата  түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу Лепсі, Тентек, Көксу  өзендерінің сулары  біршама таза деп  есептелінеді. Соның  ішінде Сырдария, Шу, Талас  өзендері ауыл  шаруашылығын химияландыру мен дренажды  сулармен  ластануда. Әсіресе, Арыс,  Келес  өзендері күріш пен  мақта  егіндісінде жиі  қолданылатын пестицидтермен ластанып  отыр.

Соңғы  жылдары Каспий  теңізінде мұнай  өндіруге  байланысты және  теңіз  деңгейінің табиғи  көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс –тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің  көтерілуі жүздеген  мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен  шығарды. Қазір бұл  жерлерде 6 мұнай газ  кені,  жүздеген  елді мекендер,  коммуникациялар,  өнеркәсіп орындары су  астында қалды. Нәтижесінде, теңізге  көптеген мөлшерде лас  заттар,  мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар,  ауыр металдар суға  араласуда.  Оның  үстіне Еділ  мен  Жайық  өзендерінің  лас  сулары  теңіз  суын  уландыра  түсуде. Мәселен, 1995-2000 жылдар  аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы  қара  уылдырық және  ет  беретін бекіре тұқымдас  балықтардың азайып  кетуі  тіркелді.

         Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың  итбалықтың және жүздеген мың  құстардың  өлуі теңіз  суының  бүгінгі  сапасының  көрсеткіші – биоиндикаторы  болса  керек.                        

         Қазіргі  Каспий  мұнайын  игеру бүкіл  әлемді  дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара  алтынын»   игеруге  ұмтылдыруда. Ал,  олардың  судың  сапасы   мен  ластануына  көңіл  бөлуі, экологиялық  нормаларды  сақтауы  күмән  туғызады.

Атырау, Маңғыстау  аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға  төгілуі қоршаған  ортаға  зиянын  тигізуде. Жерге  сіңген  мұнайдың  қалыңдығы 10 метрге жетіп,  жер  асты  суына қосылуда. Қазір мұнаймен  ластану  аймағы 200 мың га алып  жатыр. Қоймаларда 200 мың т. Мұнай  қалдығы, 40 мың т. Көмірсутегі жинақталған.

      Қазіргі таңда табиғатқа түсіп отырған ауыртпашылықтың дәрежесі орасан екендігі соншалық, егер оны қорғауға тиісінше шұғыл көңіл бөленбесе, мұның ақыры апатқа әкелуі әбден мүмкін. Өйткені қоршаған ортаның ластануы ауқымы халықтың денсаулығы мен еңбек қабілетіне қатер төндіретіндей дәрежеге жеткендігі анық.

Арал — Қазақстан  жеріндегі Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогондік әрекеттерге дейін ( 1960 – 70 ж. ) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы аралдарымен қосқанда 66,1 мың км кв, орташа тереңдігі 16,1 м, ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69 000 мың км кв. болған. Сол кездерде жылына 50 — 150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м — ге төмендеді. Аралдың ауыр ахуалын Кеңес үкіметі кезіндегі ең жоғарғы лауазымды мемлекет және партия қайраткерлері білді. Бірақ, біле тұра тақап келе жатқан апат туралы ащы шындықты халықтан жасырды. 1988 жылы Көкарал аралы Оңтүстік құлықпен қосылып кетті. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. Суы тайыз, тартылуы да қарқынды Кіші теңіз – Қазақстан жағында, ал Үлкен теңіз — Өзбекстан жағында қалды.

     Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің “сақ шығанағы” деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі ( Окс – Сырдарияның грекше аты ) деп атаған. Кейін Птоломей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм, Жент, Кердері сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Али Ахмед ибн Русте, Әбу Исхақ әл — Истахри, Әбу Абдаллаһ, Мұхаммед әл — Идриси, Әбу – л — Фида, сондай — ақ Әбілғазы жазбаларында Арал туралы деректер көптеп кездеседі. Теңіз табиғатын жан — жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші, әрі зерттеуші А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізінің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет И. А Стрельбицкий анықтаған. 1874 ж. геодезист А. А. Тилло теңіз деңгейін өлшеп, солтүстік — батыс жағына қада орнатты. Теңіз суының химиялық құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 1903 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидрологиялық зерттеулер Л. С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кеіінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғылыми — зерттеулер және жобалау институттары шұғылданды.

      Ақтөбе облысындағ  су  айдындардың да экологияның жайы  нашар. Мәселен, Елек өзені амин  өнеркәсібі есебінен  және бормен ластануда.

Қарағанды  металлургия  комбинатының және Теміртау қаласындағы  «Карбид» өндірістік  бірлестігінен  шыққан сулар Нұра  өзенін барынша  ластауда. Жамбыл  фосфор зауытының сарқыгнды  лас  сулары Талас, Асы өзендері  мен оның  алқаптарын фтор және  сары  фосформен ластап  отыр.

Оңтүстік Қазақстан  облысында ең  көп ластану Бадам-Сайран кен  орындарында байқалуда.  Әсіресе, Бадам  өзені бойындағы қорғасын, фосфор,химия өнеркәсіптерінен  бөлінетін қорғасын, мырыш, сынап кей  жерлерде шекті мөлшерден 50  есеге  дейін  асып  кететіні  тіркелген.

Су  ресурстарының биологиялық ластануы Арал  аймағы мен Батыс Қазақстанда  жиірек ұшырасуда.

Қазақстанның  су  ресурстарының  сапасын  жақсарту  және  қорғау  шараларын  жүзеге  асыру  бағытында мемлекет  тарапынан  көптеген игі істер  жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

Судың ластануы

 

     Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл  мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.    Су айдындарының ластануын былайша топтайды: биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

    Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін  ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз  су  сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті  көрсеткішпен анықталады.

    Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
  • өнеркәсіп орындары;
  • ауыл шаруашылығын химияландыру:
  • халық шаруашылығының басқа да салалары.

    Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.  Лас  сулардың ішінде  тұрмыстық сарқынды  суларда органикалық  заттар 58%, минералдық  заттар 42 тей  болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын  заттармен  сулардың  ластануы өте  қауіпті. Бұлар –химиялық  ластану  көздері. Соның  ішінде сулы  экожүйелердің пестицид, гербицид және  басқа  да химиялық  улы  препараттармен ластануы Қазақстанда  кең  етек алған. Мәселен, мақта  мен  күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне   қарсы бұрынғы Кеңес  үкіметі кезеңінде өте  көп  химиялық  заттар  пайдаланылған Нәтижесінде, су  ластанып,  оның  сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз  кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары  азық –түлікпен  адам организмін кері  әсерін  тигізді.

     Қазіргі  кезде ашық өзен, көл суларымен  қатар  жер  асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен  және еріген зиянды заттармен  ластанып  отыр.

Оның  негізгі  ластану  көздері мыналар:

-         өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

-         химиялық заттар  және  тыңайтқыштар;

-         тұрмыстық  қалдықтар;

-         жер асты  суларымен жалғанатын  құбырлар;

-         ірі  құрылыс учаскелері;

-         күзгі  алаңдар, бұрғы-скважиналары болып  табылады.

Жер  асты суларында  әртүрлі жұқпалы  аурулар  тарататын микробтар,  вирустар  кездеседі.

 

Су ластануының проблемалары.

 

Өндірістік ластанудың көздері мыналар:

  • электроэнергетика;
  • химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;
  • ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
  • қара металлургия;
  • түсті металлургия;
  • машина жасау өндірісі;
  • көмір өнеркәсібі;
  • мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
  • жеңіл өнеркәсіп;
  • құрылыс материалдары өнеркәсібі;
  • тамақ өнеркәсібі;
  • тұрмыстық жиынды сулары;
  • өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;
  • қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.

 

  Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.

     Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.

Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.

     Механикалық ластану суға әртүрлі механикалық қоспалардың (құм, шлак, балшық, т.б.), сондай-ақ қатты қалдықтардың, сумен ағаш тасымалданғандағы қалдықтары түсуімен сипатталады.

Жылулық ластануға табиғи сулардың жылыған жерүсті және технологиялық суларымен араласып кетуімен байланысты. Мұндай ластану судың газдық және химиялық құрамының өзгеруіне, улы газдардың (күкіртсутегінің, метанның) бөлінуіне әкеліп соғады.

Информация о работе Ағынды сулардың антропогендік факторлар әсерінен ластануы