Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2015 в 21:52, реферат
Мұнай – газ өнеркәсібі Қазастан Республикасының экономикасында маңызды орын алады. Өйткені еліміздегі мұнай – газ саласының дамуы бір ғасырлық уақытты қамтиды. Сонымен қоса еліміз мұнай-газ, газконденсатты кен орындарына өте бай және де қазіргі уақытта жаңа кен орныдары ашылу үстінде.
Айдау станцияларында және магистралды құбырлар желісінің мұнай құю пункттерінде қоршаған ортаны ластаушы көздерге–мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған әртүрлі сыйымдылықтар, тазалу құрылымдары жатады. Сонымен қатар бұл объектілер жоғары шамалы ластаушы көздер болып табылатын техникалық агрегаттардың көп санымен жабдықталған. Оларға ілмек арматура, әртүрлі біріктірулер және құбырлық коммуникациялар жатады. Магистралды құбырлар желісінің мұнай құю пункттерінде және айдау станцияларында атмосфераны ластаушы негізгі көздердің бірі болып–буланудан жеңіл көмірсутектердің азғана шығуы болатын резервуарлар табылуда.
C.Балғымбаев кен орны штангілі тереңсорапты ұңғылардың жұмысына газдың әсерін талдауда және жобалау жасау негізінде мынадай қортындыға келдім. Плунжердегі газдың әсерін жою үшін, газ якорын пайдалана отырып,сұйықтықтың цилиндрге толықтай келіп түсін қамтамасыз етеді.Газ якорды таңдау мақсатында, арнайы техникалық есептер шығарылды және де керекті қондырғының өлшемін жобаладым.
Кен орнының апт-неоком горизонты бойынша 2009 жылға 73,04 мың т мұнай, 1110,9 мың м3 су, 123,74 мың 693 м3 ілеспе газ өндірілді. Сулану 92,7 % орташа газдық фактор 9,5 м3/т.
1 скважинаға келетін тәуліктік орташа мұнай шығыны 4,4 т/тәулігіне.
2003-2009 жылдар аралығында апт-неоком горизонты бойынша өндіру скважиналар саны 67-ден 89-ға жетті. Олардың ішінде су айдайтын 21 C.Балғымбаев кен орны бойынша орташа жылдық мұнай өндіруді ұстайтын қабатқа су айдау арқылы қабат қысымын ұстау.
Бұл кен орынның апт-неоком горизонтын игеруін көрсетеді, ол технологиялық және экономикалық қатынастарда тиімді (өндіру скважиналарының сулануы бір сипатта болады).
Нақты және жобалау көрсеткіштерін салыстырып қарайтын болсақ, жобалау варианты нақты вариантқа қарағанда тиімдірек болды.
Күрделі қаржылар, энергетикалық шығындар, мұнай өндіру өзіндік құндары үнемдейді.
Техника мен технологияның жақсартылуы, мұнай бергіштіктің арттырудың соңғы әдістерін кеңінен енгізу және прогрессивті технологияның процесстерді қолдану керек.