Санитарлы – қорғау аймағы
08.07.2005 ж. «Өндіріс объектілерін
жобалау кезіндегі санитарлы – эпидемиологиялық
талаптарына» сәйкес өндірістің санитарлы
қорғау аймағының (СҚА) көлемі әдістемеде
бекітілген атмосферадағы ластаушы заттардың
таралу есебінен және өндірістік объектінің,
құрылыстың классификациясына байланысты.
Жоғары көлемдегі ұшқыш көмірсутектері
бар мұнайды өндіру кезінде, СҚА-ның шегі
500 м. аз болмауы керек.
Жақын жатқан елдімекен – Аққыстау
селосы кен орнынан 22 км арақашықтықта,
осыған сәйкес елдімекендер СҚА территориясына
кірмейді.
Тасталымға бақылауды ұйымдастыру
ШР3 көлемін бақылау РНД 221.2.02.02-97
және РНД 211.3.01.06-97 талаптарына сай орындалу
керек. Бақылаудың 2 түрі бар: мемлекеттік
және өндірістік. Өнеркәсіптік бақылауды
ұйымдастырумен өз уақытында нәтижені
көрсету міндетін өндірістің басқармасына
жүктейді. Бақылау нәтижесі тіркеме
журналға жазылады да, өндірістің техникалық
есебіне қосылады және қызмет деңгейін
бағалау кезінде ескеріледі.
Тасталымды бақылауды өндіріс
зертханасында немесе келісім бойынша,
арнайы аттестациясы бар өндіріс мекемесі
жүргізу мүмкін. Керек кезінде территорияға
қосымша бақылауды Облыстық қоршаған
ортаны қорғау басқармасы, Облыстық СЭС
жүргізуі мүмкін. С.Балғымбаев кен орнын
игеру кезінде тасталым көлемін азайтуға
және жер үсті концентрациясын төмендетуге
қатысты жоспарлы, техникалық, технологиялық,
ұйымдастыру шараларының комплексі қарастырылу
қажет.
Атмосфералы ауаны қорғау шаралары.
Кен орнын игеру кезінде атмосфералы
ауаны қорғаудың және ластаушы заттардың
түзілуін төмендететін негізгі шаралары
мыналар:
-соңғы үлгідегі мұнай
өндіру қондырғыларын және жаңа
технологияны қолдану;
-апаттық жағдайға қарсы
қорғау жүйесін автоматтандыру;
- өз уақытысында технологиялық
қондырғылардың, тұрба желісінің
жоспарлы-ескертулі жөндеуін жүргізу
және сауықтыру.
Атмосфераға тасталатын ластаушы
заттардың есебі.
Арматурадағы тығындаушы сальниктің
және фланецті қосылыстардың саңылаулы
жерінен көмірсутектің тасталым есебі.
Берілгендері: Ұңғы
Орналасқан жері: С.Балғымбаев
кен орны
n=114. Кен орнындағы жұмыс жасап
тұрған өндіруші ұңғылар саны;
m = 570. Ұңғылардағы әсер етуші
арматуралар немесе фланецті қосылыстар
саны;
β – төгілу көлемі, кг/сағ; β1 = 0,085 Азот
диоксиді
β2 = 5,000 Көміртек
оксиді
η = 0,3. Саңылаусыздығын жоғалтқан
тығындаушылар үлесі;
Бұл есеп келесі формуламен
шығарылады:
П1 = n*m*β1*η = 114*570*0,085*0,3
= 1656 кг/сағ
(5.1.1)
П2 = n*m*β2*η = 114*570*5*0,3
= 97470 кг/сағ
(5.1.2)
Мұнай газын факелде жаққандағы
ластаушы заттардың тасталым есебі.
Берілгендер кесте 5.2-де келтірілген.
7.2-кесте
Жоғарғы факелді қондырғыда
газды жаққандағы меншікті тасталымдары
Зиянды заттар |
Меншікті тасталым г/г |
Тасталым құсты г/с |
Жалпы тасталым т/жыл |
Көміртек оксиді (СО) |
0,0200 |
0,119 |
3,7578 |
Азот оксиді (NO2) |
0,0030 |
0,0178 |
0,56134 |
Көмірсутектер (СН) |
0,0005 |
0,002979 |
0,0939 |
Күйе |
0,0020 |
0,011916 |
0,3757 |
Тасталым қуаты келесі формуламен
есептеледі:
Mi = 1000 * Ут*Вг * ρг, г/с;
(5.1.3)
Бұндағы: Ут- зиянды
заттардың меншікті тасталымы, г/г;
Bг – мұнай газының
көлемдік шығыны, м3/с; Вг = 0,006 м3/с
ρ – мұнай газының тығыздығы,
кг/м3; ρ = 0,99335089
Мi(CO) = 1000*0,02*0,006*0,993
=0,11916
Мi(NO) = 1000*0,003*0,006*0,993
= 0,0178
Мi(CН) = 1000*0,0005*0,006*0,993
= 0,002979
Мi(күйе) = 1000*0,002*0,006*0,993
= 0,011916
Ластаушы заттардың жалпы тасталымы
келесі формуламен есептеледі:
Пі = 0,0036*τ
*Mi, т/жыл;
(5.1.4)
Бұндағы: τ-факелді қондырғының
жұмыс ұзақтығы, сағ/жыл; τ = 8760
Mi – і - інші
зиянды зат тасталымының қуаты.
Пi(CO) =0,0036*8760*0,11916
= 3,7578
Пi(NO) = 0,0036*8760,0,0178
= 0,56134
Пi(CН) = 0,0036*8760*0,002979
= 0,0939
Пi(күйе) =0,0036*8760*0,011916
= 0,3757
Кен орны күкіртсіз.
Мына талапты орындаса, мұнай
газын жаққанда күйе болмайды:
Wжоғ/Wдыб > 0,2
(5.1.5)
Wжоғ =1,27 *Br/d*d
(5.1.6)
Wжоғ-қоспаның
жоғалу жылдамдығы (м/с)
d- шығатын тұрба диаметрі, d
= 0,100 м
Wжоғ= 1,27*0,006/0,1*0,1
= 0,762 м/с
Wдыб = 337 м/с
0,762/337 = 0,002.
Бұл сан 0,2-ден кіші болғандықтан
жану күйелі.
Жер деңгейінен атмосфераға
тасталатын зиянды заттар көзінің биіктік
есебі.
Бұл есеп келесі формуламен
шығарылады:
H = Lф + hб
(5.1.7)
Бұндағы: Lф – факел ұзындығы,
м;
hб – факелдің
жер деңгейінен биіктігі, hб=25 м
Lф = 1,74*d*
(Аг) * 0,17*(lcx/d)
* 0,59
(5.1.8)
Бұндағы: Lcx/d – факельдің стехиометриялық
ұзындығының шығару тұрбасы диаметріне
қатынасы;
Lcx/d = 144,525
Аг – Архимед мәні
Аг= 3,3 * ((Wжоғ)2) ρr/ (ρауа*9,81*d) = 1,503
(5.1.9)
ρауа =1,29 кг/м3 ауа тығыздығы
ρгаз = 0,993 кг/м3 газ тығыздығы
Lф = 1,74*0,1*1,503*0,17*144,525*0,59=3,79
Н = 25+3,79 = 28,79
Мұнай газын жаққандағы факел
диаметрін Дф келесі формуламен есептейді:
Дф= 0.14 + Lф + 0,49 d=0,14*3,79+0,49*0,1=0,5796
(5.1.10)
Жоғары қондырғыдан атмосфераға
газды – ауалы қоспаның шығарылудың орташа
жылдамдығы келесі формуламен есептеледі:
W0 = 4*V1 / ПДф2 = 1,27 * V1/Д2
(5.1.11)
Бұндағы: V1 – атмосфеараға
тасталатын газды – ауалы қоспасының
шығыны;
V1 = Br * Vnc * (273+Tқ)/273
(5.1.12)
Бұндағы: Тқ – қайнау температурасы;
Тқ= 16870C
Vnc – 1 м3 көмірсутекті
қоспаны жаққанда шығарылған газды –
ауалы қоспа саны; Vnc = 12,641
V1 = 0.006*12.641 *
(273+1687)/2736 = 0.538
W0 = 4*0,538 /0,57962 = 0,684/0,355=2,042
м/с
7.2 Су ресурстарын
қорғау
Қазақстан Республикасының
басқа облыстарымен салыстырғанда, Атырау
облысының жер үсті тұщы су қоры аз. Бұл
климаттың құрғақтылығымен, су қабатшаларының
тұздануымен, суқаныққан горизонттың
облыс аумақтарынан алыс жатуымен түсіндіріледі.
Жер асты тұщы су қоры эоло түзілімінде
және төменгі бор түзілімінің су қаныққан
горизонтында жатыр. Грунтты және артезианды
судың ғасырлық қоры 56 млрд. м3 құрайды.
Бұл қор біркелкі таралмаған, көбі
Ақтөбе облысымен шекаралас шығыста түзілген.
Жалпы геоморфологиялық тұрғыдан бұл
жер – Каспий маңы ойпатына жатады.
Суды пайдалану, шығарынды су
С.Балғымбаев кен орнында жер
үсті суы жоқ. Кен орнында жұмыс жасайтын
кызметкерлерге қажетті шаруашылық-тұрмыстық
су Атырау қаласынан автоцистернамен
тасымалданады. Өндірістік – техникалық
қажеттілікке арналған техникалық су
0,006478 млн.м3 көлемде
(«Жайық-мұнайгаз» МГӨБ бойынша) «КазТрансОйл»
АҚ-мен келісім – шарт бойынша құбыр желісінен
алынады. Су өндіру ұңғыларындағы жерасты
суы ҚҚҰ үшін пайдаланады.
Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық
қызметтер жасағанда кен орны аумағында
ақаба суы пайда болады. Бұл өндірістік
және тұрмыстық ақаба сулар канализацияның
әртүрлі жүйесімен шығарылады, өйткені
өндірістік су мұнай өнімдерімен ластанған.
Барлық өндірістік ақаба сулар
тұндырылғаннан кейін, жерасты горизонтына
айдалады.
Өндірістік ақаба сулар келесідей
қалыптасады:
-Мұнаймен бірге өндірілген
қабаттық су. Талапқа сәйкес дайындалғаннан
кейін ҚҚҰ үшін өнімді қабатқа айдалады.
-Тазартылған өндірістің ақаба
суы, бұларда жерасты горизонтына айдалады.
Ақаба су ҚҚҰ үшін арналған
қабаттық су қоспасын құрайды. Мұнайды
дайындау мен айдаудың орталық пункітінің
(МДАОП) қабаттық суы және су өндіру
ұңғыларының суы №7 РВС-5000 резервуарына
құйылады, бұдан 4500 м3/тәулік
көлемде ҚҚҰ жүйесі сораптарына беріледі.
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ объектілерінің
тұрмыстық-шаруашылық суы белгіленген
жерлерге жиналып, одан әрі келісім
бойынша, «Исатайгазстройсервис» ЖШС-нің
булану алаңына апарылады.
«Жайықмұнайгаз» МГӨБ объектілерін
волждық сумен жабдықтау, «ҚазТрансОйл»
АҚ-мен келісіліп Астрахань –Маңғыстау
құбыр желісінен алынады.
Жерасты суының сапасын
қорғау шаралары
Жерасты суына әртүрлі техногенді
өзгерістер жоғары дәрежеде әсер етеді.
Жерасты суының сапасымен режимінің
өзгерісі, қоршаған ортаның басқа бөліктерінің
өзгерісіне әкеліп соғады. Сонымен
қатар кен орнының жерасты суы Каспий
теңізінің солтүстік бөлігімен түйіседі,
ал бұл аумақ табиғатты қорғау аймағы
болып саналады. Осы факторларды ескере
отырып, жерасты суын тиімді пайдалану
және ластанудан, азаюдан қорғау маңызды
мәселе болып тұр. Жерасты суын ластанудан
қорғау шаралары келесідей:
-жерасты суының табиғи
сапасын сақтауға бағытталған
сауықтыру шаралары;
-суқаныққан горизонтта
пайда болған ластану ошағының
жылжуымен ұлғаюына қарсы шаралар;
-суқаныққан горизонттағы
ластаушы заттарды жою шаралары.
Тәжірибе көрсеткендей, жерасты
суын ластанудан қорғау шаралары көп қаражатты
талап етеді. Сонымен қоса, ластанған жерасты
суын пайдалану мүмкін болмағандықтан,
оны тазалауда техникалық қиындықтар
туындайды. Сондықтанда, жерасты суын
ластанудан қорғау шаралары сауықтыру
жүйесімен жүргізілу керек. Мысалы:
өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық
ақаба суын тазалау әдісін жетілдіру;
ақаба сусыз технология құрастыру; тазалауы
экономикалық тиімсіз, ластанған заттарды
жерасты тереңіне сақтау.
Жерасты суын қадағалау, ұзақ
уақытты ғылыми негізде дайындалған
мониторинг сапасына байланысты. Бұл жерде
суқаныққан горизонттың негізгі мына
сипаттамалары қадағаланады: деңгейі,
арыны, химиялық және бактериялық құрамы,
су температурасы және т.б.
Жобада су ресурстарын қорғау
және тиімді пайдалануда мынадай шаралар
ұсынылады:
-ұңғы оқпанының кейбір
саңылаулылық нәтижесінде, жерасты
суының қабатаралық құйылуын
болдырмайтын ұңғы конструкциясын
таңдау;
-ұңғыны салу кезінде
– толық саңылаусыздандыру, флюидті
қабаттармен горизонттарды бір-бірінен
оқшаулау;
-технологиялық процестің
барлық кезеңінде пайдаланатын судың
сапасымен санын бақылау;
-мұнай өнімдерімен қабаттық
судың жер бетіне төгілуін болдырмау;
-автоматтандыру және
телемеханиканы енгізу, бұл ұңғы
өнімін апатсыз режимде жинау
мен тасымалдауды қамтамасыз
етеді;
-кен орнындағы жерасты
суының сапасымен деңгейін үнемі
қадағалау;
-ақаба судың жер бетіне
апатты төгілуін болдырмау;
-химиялық реагенттерді
сақтау және жасау,арнайы орында жүргізілу
керек.
7.3 Жер ресурстарын қорғау
Зерттеулер нәтижесі бойынша мұнай кен
орындарын пайдалануда және бұрғылау
үрдісінде жер қойнауының экологиялық
тепе– теңдігінің бұзылуына жағдай жасалатыны
анықталған. Осылай кейбір мұнай кен орнындарындағы
өнімді қабаттардың сулануының ұзақ уақытты
тәжірибесі айдау көлемі өсуімен қабат
суларының минералдануының айтарлықтай
төмендеуін және сульфаттар шоғырлануының
жоғарылауын көрсетеді. Мұнай кеніштеріндегі
биохимиялық үрдістердің дамуы, өз кезегінде
мұнайда күкіртсутектің мөлшерін көбейтеді
және қабаттың өткізгіштігін төмендетуге
жағдай жасайды.
Ұйымдастыру шаралары
Жобада табиғатты қорғау шараларына
жауапты инженер–экологиялық жұмысы
қарастырылған. Экологиялық қауіпсіздіктің
барлық жауапкершілігіне алады. Барлық
іс–шаралар ҚР-ның заңына: “Қоршаған
ортаны қорғау”, ”Мұнай жөнінде”, ”Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану”
және т.б.заңдарына сәйкес жасалады.Жалынды
газдардың жануы толық және түтінсіз болуы
керек, бұл негізінен жанарғының жаңатылуынан
және аз дәрежеде газдың құрамымен анықталады.
Газдың түтінсіз жануы үшін жанудың барлық
аймағында оттегінің шоғырлануын ұстау
керек, газ қоспасын қосу немесе крекинг
және полимерлеу реакциясын басу үшін
жалын температурасын төмендету керек.
Осы жағдайға сәйкесті жанарғылардың
әртүрлі конструкциялары жасалған. Мұнай
және газ өндіру,тасымалдау және өңдеу
аудандарындағы зиянды шығарындылардың
жалпы мөлшерін технологиялық үрдістерді
жетілдірумен, әртүрлі табиғатты қорғау
шараларын жасап шығарумен және оларды
енгізумен, жағдайға асыру және тазалау
әдістерімен төмендетуге болады. Анағұрлым
тиімділерге келесілерді жатқызуға болады;
- Мұнай газын пайдаға
асыруды,газ–мұнай өндіруші және өңдеуші
үрдістердің экологиялық тиімділігін
өсіруді;
- Табиғи жер асты
газ қоймаларын пайдалануды;
- Бөлшектерді сұйық
сүзгілерде және эмульгирленген мұнайды
сіңіру принципіне негізделген мұнайды
сусыздандыруды кеңінен енгізуді;
- Газ кәсіпшілігінде
конденсаттан табиғи газды анағұрлым
сапалы тазартуды ұйымдастыру;Резервуарлардан
зиянды шығарындылардың шамасын азайту
үшін келесі шаралар жасалған және оларды
қолдануға кеңес беріледі:
- понтондар және жүзбелі
шатырлар;
- газтеңестіргіш
жүйелер;
- резервуарларға
кіретін ауа ағымдарын қайтаратын–дискілер;
- тоңып қатып қалмайтын
арматура.