Геологиялық бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2015 в 21:52, реферат

Краткое описание

Мұнай – газ өнеркәсібі Қазастан Республикасының экономикасында маңызды орын алады. Өйткені еліміздегі мұнай – газ саласының дамуы бір ғасырлық уақытты қамтиды. Сонымен қоса еліміз мұнай-газ, газконденсатты кен орындарына өте бай және де қазіргі уақытта жаңа кен орныдары ашылу үстінде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

с.балгынбаев.docx

— 1.31 Мб (Скачать документ)

 

 6.2 Еңбек  қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі салтанатты

іс- шаралары

 

 Жалпы қауіпсіздік шаралары

С.Балғымбаев кен орны объектерінде өндірістің әртүрлі категориясымен кластарына жататын, мұнай және газды өндірумен дайындаудың ғимараттары бар.

Осыған сәйкес, өндіріс кезінде келесідей жарылыс қауіпті, өрт қауіпті және зиянды заттар қолданылады немесе сақталады: мұнай, газ конденсаты отын газы, пропан, триэтиленгликоль, коррозия ингибиторы, парафин түзілу ингибиторы, метанол, кондиционды емес мұнай, дизель отыны.Объектіге келген қызметкерлермен қонақтар, қауіпсіздік талаптарымен, төтенше жағдайлар болған кездегі іс-әрекетпен танысып, арнайы  инструктаждан өтеді. Тұрақты қызметкерлер отыратын объектерде, алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін, дәрігерлік пунктер ұйымдастырылған.

Кен орнындағы объектілер территориясындағы қызметкерлер, керекті тұрмыстық және дәрігерлік, тамақтану орындарымен жабдықталған жайлармен қамтамасыз етілген.

Кен орындағы объекті территориясындағы жұмысшылар, келесідей жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілген: арнайы киім, арнайы аяқ киім, алғашқы дәрігерлік көмек қорапшасы, жеке тығындаушы тыныс аппараттары, қолғаптар, күкіртсутектің дабылқаққышы және т.б.

Кен орнындағы объекті территориясы өрт сөндірудің стационарлы жүйесімен, өрт сөндірудің көбіктік автоматты  стационарымен, газды өрт сөндірумен, сөндіру депосымен, өртке қарсы резервуарлармен, өртке қарсы су тұрбасымен жабдықталған. Бұл құрылымдар өрт сөндірудің біріншілік заттарымен жабдықталған. Қызметкерлердің улы  немесе қауіпті  заттармен әрекеттесу мүмкіндігі  жоғары  объектер, арнайы апаттық душтармен жабдықталған. Оның көлемі 200 л. су болып табылады. Барлық технологиялық аймақтар ұнтақты өрт сөндіргіштермен, алғышқы өрт сөндіру құралдарымен  қамтамасыз етілген.

Апаттық тоқтау жүйесі (АТЖ)

АТЖ сигналды технологиялық бақылау жүйесінен, сөндіру жүйесінен және газды қадағалау жүйесінен алады да, төтенше сигналды апаттық тоқтау жүйелеріне береді.

Тоқтаудың төрт деңгейі қарастырылады:

-1 деңгей – орын бойынша  құралдардың тоқтауы;

-2 деңгей – қондырғылардың  сөндірілуі және лақтыру линияларын  тығындау;

-3 деңгей – технологиялық  бұзылыстар болғанда, қондырғылармен  жүйені  технологиялық сөндіру  және қысымды  түсірмей толық  тығындау;

-4 деңгей – барлық комплексті  тоқтату, қысымды  түсіру және  құралдарды инертті  газбен тазалау.

Қызметкерлер қауіпсіздігі 

Қызметкерлерді қорғау талаптарын орындау үшін, кен орны территориясында, келесідей қауіпсіздік құралдары қарастырылу қажет:

-техникалық қауіпсіздік  қоймасында – қорғаныш көзілдіріктер, бас киімдер, қолғаптар, аяқ киім  және киімдер;

-техникалық қауіпсіздік  қоймасында – жылжымалы газ  табу датчигі;

-жуыну бөлмесі, көз шаю  қондырғылары – керекті жерлерде;

-барлық  жұмысшыларға  тығындаушы тыныс аппараттары;

-алғашқы  дәрігерлік  көмек жинағы – барлық ғимаратта.

Қауіпсіздік және ескерту белгілері

Барлық  жұмыс орындары бағыттауыштармен, схемалармен, ескерту белгілерімен, жазулармен қамтамасыз етілген. Өндіріс объектілерінде, газ қауіпті орындарда, мұнай-газ конденсат желі трассасында арнайы  белгілер бар. Мысалы: «Электрлі қауіпті», «Улы газ», «Бөтен кісіге кіруге болмайды», «Қосымша есік», «Каска міндетті», «Темекі шекпеу» және тағы сондай сияқтылар. Кен орны объектілер қондырғыларында, жел бағытын көрсететін флюгер орнатылған.

Қарапайым қауіпсіздік ережелері

Өндіріс территориясында қауіпсіз жұмыстар жүргізу үшін өрт қауіпсіздік ережелерін және қауіпсіздік техникаларын қатал сақтау керек. Мұнай және газ ұңғыларына, мұнай – газ жинау және тазарту  қондырғыларына қызмет көрсететін жұмысшылар араласады. Сондықтан, мұнай және газ ауданында  жұмыстар жүргізудің негізгі қауіпсіздік ережелерін білу, мұнай-газ өндіру өнеркәсібі жұмысшылары үшін шарт.

-Ұңғы алаңдарын, мұнай  жинау мен тазарту қондырғыларын  газ реттегіштерді, мұнай жинау  пунктері мен мұнай сорап станцияларын  тазалықта ұстау керек. Төгілген  мұнай мен мұнай өнімдерін  жинап, ластанған аймақтарды тазарту  қажет.

-Әрбір өндірістік объект  өрт сөндіру құралдарына ие  болуы шарт: құрғақ құмы бар  қорап, күректер, өрт сөндіргіштер  және т.б. Олардың саны жергілікті  нормалармен анықталады.

-МГӨБ территориясында  темекі шегу тек арнайы бекітілген  жерлерде рұқсат етіледі.

-Дәнекерлеу жұмыстары  өнеркәсіп басшылығының  рұқсаты  бар адам бақылаумен жүргізілуі  тиіс.

-Барлық электр жетектері  мен сорап электр жабдықтары,  автоматика құралдарының механизмдері,  жарықтандыру  аппаратуралары жарылыстан  қорғалған күйде  болуы қажет.

-МГӨБ территориясында  ішкі жану двигательдері бар  көшпелі агрегаттардың түтін  шығу құбырында шоқ сөндіргіш  болуы керек.

-Агрегаттар, машиналар, басқа  да жабдықтар, сонымен бірге түсіру-тиеу  жұмыстарын электр желілері арқылы  жүргізуге тыйым салынады.

-Қызмет көрсету үшін  жұмысшыны 0,75 м-ге дейін көтеру  үшін сатылары бар объектілер, ал одан  жоғары болса ұстағышы  бар сатылармен жабдықталуы керек. Сатыларды қардан, мұзадн және  балшықтан тазалап тұру қажет.

Өндірістік санитария

Қауіпті әрі зиянды  заттармен байланысты жұмыстарда периодты  түрде  жұмысшылардың медициналық тексерілуі міндетті.

Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары, кәсіпорынның аумағындағы сумен қамсыздандыру жүйесіне және канализациясына, қосалқы құрылыстарға арнайы талаптарды жүктейді.

Қызмет көрсетуші персонал «Тегін беру норма тізіміне» сәйкес  жазғы және қысқы арнайы төрт  әдет киіммен, екі аяқ киіммен,  каскамен және  жеке қорғаныш жабдықтарымен қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс уақытында зиянды еңбек  шарттарымен байланысты жұмысшылар сүтпен және т.б. азық-түліктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Жабдықтардың өрт қауіпсіздік есебі.

Өрттің пайда болуынан және таралуынан автоматты қорғаныс жүзеге асады. Өндірістік  агрегаттың, коммуникациялар  мен бөлмелердің ішінде  жанғыш  ортаның пайда болуының алдын алу; өндірістік ыдыстардан жанғыш заттарды эвакуациялау; өндірістік коммуникациялар, желдеткіш жүйелер, өрт таралу жолдарын жабу; өрт таралу жолында оны басатын заттарды қосу; өтулерді жабу (көрші үй жайларға оттың өтуінің алдын алу үшін).

Есеп. Бензинді 100 л/мин жылдамдықпен сыйымдылығы М=2000 л. Оқшауланған цистернаға құяды. Бензиннің электризация жылдамдығы q=1,1*10-8 А*с/л. Қандай жағдайда статикалық электричествоның мүмкін разрядынан қамтамасыз етіледі?

Шешімі: сұйықтықты  құюдың потенциалын анықтаймыз. Электрлік бензинмен цистернаға берілетін жалпы заряд мынаны құрайды:

Q = q * M = 1,1 *10-8 * 2000 = 22*10-6 K   (4.1.1)

Егер цистернаның электрлік сыйымдылығын С = 10-9Ф деп алсақ, онда сұйықтықты құюдың соңында потенциал мынаған тең:

U=Q/C = (22 * 10-6)/10-9 =22*103 B    (4.1.2)

Берілген потенциалда цистерна мен жердің  арасында ұшқын  энергиясының разряды жағдайында:

E = CU2 = 0,5*10-9 *484*106 = 242*10-3 Дж                        (4.1.3)

Бензиннің жануы үшін ұшқын энергиясы Еmin=0,9 * 10-3 Дж жеткілікті. Сондықтан цистернаға потенциал мынадан аспауы қажет:

                     U2доп = 2 Еmin/С = 2*0,9-3/10-9; Uдоп = 1,35 *                            (4.1.4)

Потенциалды мүмкін мөлшерге дейін төмендету үшін жерсіздендіруді қарастыру керек. Жерсіздендірудің шамасы келесідей:

                           R≤ Uдоп t/Q = Uдоп * M/QV                                                  (4.1.5)

      R = (1,35*103/*2000*60)/11*10-6*100 = 36,8*109 Ом (t=60 с)                   (4.1.6)

Осындайда толық разряд уақыты:

                      T = 3l = 3RC=3*73.6 *10-9=110,4C                                              (4.1.7)

Жарылыс өрт қаупі бар ортада релаксация уақытының тұрақтысы lдоп≤ 0,001с болатынын ескеріп, R≤lдоп /C = 0,001/10-9=106 Ом кедергісі бар жерсіздендіру құрылғысын қарастыру қажет.

Онда цистерна корпусындағы потенциал мүмкін мәнінен аспайды.

           U = QR/t = (22*10-6)/10*60 = 3,66*10-2 B (t=10 мин)                          (4.1.8)

Мұндағы t=10 мин - сыйымдылығы 2000 л цистернаға 100 л/мин жылдамдықпен бензинді құюдың толық уақыты.

Қорытындылай айтсақ , кәсіпорында қолданылатын технологиялық шешімдер, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау құрылымдарының талаптарына жауап береді.

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Қоршаған ортаны қорғау бөлімі

 

7.1 Атмосфералық ауаны қорғау

 

«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі, «С.Балғымбаев кен орнын игеру жобасы» құрамына кіреді және «Қазмұнайгаз» АҚ-мен «КазНИПИмұнайгаз» АҚ арасындағы 09.08.2007 жылғы №1869-17 келісім-шарт бойынша орындалған.  «КазНИПИмұнайгаз» АҚ-ның қоршаған ортаны қорғау бағыттарына сәйкес қызмет ұсынуға 03.08.2007 жылғы 01074 Р №0041716 лицензиясы бар.

Жобаның негізгі мақсаты ұсынылған игеру вариантын орындау кезіндегі қоршаған ортаға әсерін анықтау.

С.Балғымбаев кен орны Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданында орналасқан. Оңтүстік – Ембі мұнайлы аймағының орталық бөлігінде жатыр. Кен орны 1962 жылы ашылған.

16.02.2000 ж. Қазақстан Республикасының  ұсынылуы бойынша Мартыши кен  орнының аты С.Балғымбаев болып  өзгертілді.

 «Ембімұнайгаз» ӨФ, «Казмұнайгаз»  БӨ АҚ (Астана қаласы, әділет Департаменті берген мемлекеттік тіркеу куәлігі №15971-1901-ДО, 31.03.2004 ж.) құрамына кіреді және С.Балғымбаев кен орнын игерушісі болып саналады.

КазНИИ Мемкомгидромет жүргізген, республика территориясын атмосфералық  метеорологиялық ластану дәрежесі бойынша аудандау кезінде, кен орны территориясының ластану дәрежесі төменгі деңгейде болған. Кен орнының ауасы үнемі қозғалыста болғандықтан, интенсивті желдету жағдайын жасайды. Сондықтан да ауаның тұрып қалу аймағы кездеспейді.

Ластаушы заттардың тасталым көзі мыналар: технологиялық құралдар; ФС; 3РА; өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, сақтау және тасымалдауға  қажетті, негізгі және көмекші өнеркәсіптің жүйесімен құрылыстары.      

Ұйымдастырылған тасталымның тұрақты көздері келесілер: мұнай және суды қыздыру пештері, факел,  дизелді генератор, қазандар, сепараторлар, резервуарлар және т.б., ал ұйымдастырылмаған көздер: бұл фланецті қосылыстағы ағып кетулер, САГ, ЖЖМ қоймасы, полигондар, ұңғылар, газды пісіру алаңдары, металл өңдеу құралдары.

Кезеңдік тасталымға сақтандыру клапандары әсер еткендегі тасталым жатады. Жекелік тасталымға жөндеу және сауықтыру жұмыстарын орындағандағы, гидравликалық сынау және басқа  технологиялық операциялар жүргізгендегі тасталым кіреді.

«Жайықмұнайгаз» МГӨБ-тің атмосфералық  ауаны негізгі бүлдіру тасталымдары келесілер:

-мұнайды қыздыру пешіндегі  мұнай газының жану өнімдері;

-коммуникациядан, резервуардан, мұнай өнеркәсібіндегі қондырғылардан  мұнай және газдың технологиялық  жоғалулары;

-мұнайдың апаттық төгілулері;

-мұнай өндіруші ұңғылардың, сепараторлардың, сораптардың көмірсутектері;

-қазандағы газдың жану  өнімдері;

-дизелді қондырғылардағы  ластаушы заттар;

-пісіру және газдыпісіру  алаңдарындағы темір оксиді, азот, көміртек, марганец, фторлы газтәрізді  қосылыстар.

Атмосфералы ауаны ластаушылар әртүрлі құрамда кездеседі: С1 –С5 ,

С6 – С10, С12-С19  шекті көмірсутектері, қара көміртектер (күйе) , азот оксиді,  күкірт диоксиді, көміртек оксиді, метан, органикалық емес шаң, маргенец және оның қосылыстары, және т.б.

Жақын маңда тасталымдар әсер ететін елдімекендер жоқ. Ауданның климаттық сипаттамасы бойынша, кен орынның орналасуы атмосферадағы зиянды заттардың таралуына жағымды жағдай жасауда.

Кен орнында газ тазарту қондырғылары жоқ.

Ұңғы құрылысы         Ұңғыларды 940 м дейін бұрғылау жоспарлануда. Бұрғылау ингибирленген ерітінділермен жуып, роторлы әдіспен жүргізіледі.Ұңғыларды салу кезіндегі ластаушы заттардың тасталым көздері мыналар: дизелді бұрғылау құралдары,  дизелді электрстанциясы, ЖЖМ  қоймасы, бұрғылау және цементті қоспаларды дайындау жерлері, отын беру сораптары, ұңғыны жалғау жерлері, пісіру  алаңдары, автокөлік қою алаңдары.

Мұнай және газды өндіру, тасымалдау

Объектінің тұрақты тасталым құрамы келесідей болып келеді: бақылау арматурасындағы және фланецті қосылыстардағы, мұнай сораптарының тығыздаушы сальниктердегі көмірсутектердің ағып кетуі, мұнайды қыздыру пештеріндегі және факелдегі жану өнімдері.

Ластаушы заттардың тасталым көздері мыналар болып саналады: үш фазалы және газды сепаратордың сақтандыру клапандары, мұнай сорабының  тығындаушы сальнигі, мұнай қыздыру пешінің түтін тұрбасы, жерүсті дренажды қоймасының тыныс клапаны, факелді жүйе.

С.Балғымбаев кен орны мұнайының іліспе газы толық ішкі қажеттілікке жұмсалады. Газды күкіртсутек  құрамға зерттегенде, іліспе және еркін газда бұл құрам анықталмады.

Апаттық тасталымдар

С.Балғымбаев кен орнында апаттық тасталымдар ТӨҚ іске қосқанда немесе тоқтатқанда, апаттық жағдайлар туындаған кезде болуы мүмкін. Апаттық тасталым  көздері келесілердей болады: қыздыру пешінің шырағы және апаттық жағдай болған кезде ТӨҚ-нан бөлінген газды жағатын апаттық факелі, мұнай-газ желісінің жарылуы. Тасталым құрамында мыналар кездеседі: көмірсутектер, метан құрамды газдар және ілеспе газдың жану өнімдері.  Кен орнын игеру кезінде технологиялық құралдардан атмосфераға тасталатын негізгі ластаушы заттардың құрамы, ШРК-сы, қауіптілік класы 5.1 – кестеде келтірілген.

 

7.1- кесте   

Атмосфераға тасталатын зиянды заттардың құрамымен сипаты

Заттардың атауы

ШРК к.о. мг/м3

ШРКстан

Қауіптілік класы

Азот  диоксиді

0,085

0,040

2

Азот оксиді

0,400

0,060

3

Көміртек оксиді

5,00

3,00

4

Көмірсутектер

5,00

1,500

4

Метан

-

50,0

2

Күйе

0,15

0,050

3

Органикалық емес шаң

0,3

0,1

3

Цементті шаң

0,3

0,1

3

Күкірт диоксиді

0,5

0,05

3

Бенз(а) пирен

-

0,000001

1

Формальдегид

0,035

0,003

2

Марганец диоксиді

0,010

0,001

2

Кремний оксиді

 

0,02

 

Фторидтер

0,2

0,03

2

Сутек фторы

0,020

0,005

2

Информация о работе Геологиялық бөлім