Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 16:55, реферат

Краткое описание

Акционерлік қоғам түсінігі.
2. АҚ түрлері. Ашық халықтық қоғам. АҚ барлық түрлерінің жарғылық капиталының минималды деңгейі.
3. Акционерлік қоғамның басқа шаруашылық серіктестік түрлерінің айырмашылығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция.docx

— 169.34 Кб (Скачать документ)

Акционерлер арасында да қарсылықтар болуы мүмкін. Ауқаты жақсы акционерлер табысты қайта инвестициялауға дауыс беруі мүмкін, салықтан жалтару үшін , ауқатты орташа акционерлер басқа көз қарасты ұстауы мүмкін. Дивидендтік саясат мына проблемамен байланысты «разжижения» меншік құқығымен. Жаңа акционерлердің пайда болуын қарастырады, егер жоғарыда дивиденд төленсе, дамып келе жатқан компанияға қаржы ресурстарын көбейту қажет, ережеге сәйкес қосымша эмиссияланған акция шығарады. Соған байланысты әр бір акционердің қатысу үлесін төмендетеді. Оны қаламастан дивиденд көлемі қысқаруы мүмкі.

6. Жарнама-ақпараттық сипатқа  шектеу. Нарықтық экономикада фирмалардың дивидендтік саясаты жөніндегі ақпарат талдаушылармен, менеджерлерімен, делдалдармен және т.б тиянақты бақылап отырылады. Фирмалардың дивидендттің өз уақытында төленбеуі практика жүзінде акцияның нарықтық бағасының төмендеуіне әсер етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар конъюнктуралардың өзгеруіне қарайдивидендтік саясатты тұрақты деңгейде ұстап тұрады.

Дивидендтерді төлеу реті.

«Дивиденд» түсінігіне әлбетте фирмалардың оның иелеріне табыстың бір бөлігін төлеуді жатқызады. Қазіргі нормативтік құжаттарға сәйкес дивиденд- акционерлер арасында акциясанына қарай бөлінетін таза пайданың бір бөлігі. Дивиденд белгілі кезеңдерде төленеді, ол ұлттық заңдарменен реттеліп отырады.

Дивидендті төлеу күні (мерзімі) - директорлар кеңесінің дидиденд төлеу күні, олардың мөлшеррі хабарлар күні, олардың мөлшері хабарланған күн. Көптеген фирмалар, компаниялар бұл хабарды қаржы баспасөзінде жариялайды.

Санақ күні - дивиденд алуға құқысы бар акционерлердің тізімге тіркеу күні. Мұндай тізімге тіркеудің қажеттілігі, акцияның нарықтық айналымына сәйкес акционерлер құрамы тұрақты түрде өзгерісте болады. Тізімге тіркеу әлбетте дивиденд төленген күннен бастап 2-4 жеті мерзімінде белгіленеді. Дивидендті алуға кімнің қатысы бар екендігін белгілеу үшін экс- дивидендтік күн белгіленеді. Экс- дивидендтік күн әлбетте, дивидендтік тізімге тіркелгеннен кейін төрт күн мерзімінде хабарланады.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес акционерлік қоғамдар дивидендтерді маусымына бір рет төлейтіні жөнінде хабарлама жасауға құқысы бар. Дивидендтерді аралық төлеу олардың мөлшері жөніндегі шешімі директорлардың кеңесі шешеді; жылдық дивидендтер туралы шешмдерді директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша акционерлердің жалпы жиналысында қабылдайды.

Акционерлік қоғам дивидендтерді төлеу туралы шешімді қабылдауға қақысы болмайды, егерде:

а) қоғамның жарғы капиталы толық төленбеген жағдайда;

б) қоғаммен толық көлемде меншікті акциялар сатылып алынбаған жағдайда;

в) дивиденд төлейтін мезгілде қоғамда банкрот белгісі сезілсе;

г) қоғамның таза табысы активінің құны, оның жарғы капиталының жинақты көлемінен аз болған жағдайда.

Көптеген мемлекеттерде дивиденд мөлшері салықты есепке алмай ақ хабарланады. Дивиденд акцияның номиналдық құнына пайызбен белгіленеді немeсе қоғамның жарғысында қаралғандай, заттармен, тауарлармен төленуі мүмкін.

3 Дивидендтік төлем түрлері  және олардың көздері

Дивидендтік төлем көздері - қоғамның ағымдағы жылдағы таза пайдасы, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер арнайы құрылған қордан төленеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар ағымдағы дивидендтердің жалпы сомасын, есептегі кезеңдегі пайдадан асырып төлеуге мүмкіндігі бар. Бірақ базалық болып ағымдағы кезеңдегі таза пайданы бөлу варианты есептелінеді. Осыған байланысты компаниялармен акционерлермен қатынастың тұрақты болуын қалайды.

  • Пайданы тұрақты пайызбен үлестіру әдісі.

Жоғарыда айтылғандай, таза пайда артықшылықты акцияға (Дрs) дивиденд төлеуге және қарапайым акциялар (Pcs) иелеріне үлестіріледі. Соңғысы, өз кезегінде акционерлердіңжалпы жиналысының шешімімен қарапайым акцияға (Дсs) дивиденд төлеуге және үлестірілмеген пайдаға (RP) таратылады.

Дивиденд саясатын сипаттаушы, негізгі аналитикалық көрсеткіштердің бірі қарапайым акцияның пайдаға қатынасымен анықталады «дивидендтік түсім» коэффиценті.

 

          Дсs/ Pcs=k%=const                                                                          (1)

 

Бұл жағдайда, егер коммерциялық кәсіпорын жылдық шығынмен аяқталса, онда дивиденд мүмкін төленбейді, нарықта акция бағасының ауытқуына әкеледі. Мұндай дивидендтік саясат кейбір компанияларда қолданылады, бірақ теорияда және тәжірибеде қолдануға ұсыныс береді.

  • Тіркелген дивиденд төлеу әдісі.

Бұл саясат акцияға дивидендтік төлемді тұрақты мөлшерде ұзақ мерзімге төлеуді қарастырады. Егер фирманың бірнеше жылдар бойы табысы дамыса және бірнеше жылдар бойы акцияға тұрақты табысты кейбір деңгейден артса, онда дивиденд мөлшері де жоғарлауы мүмкін.

  • Кепілденген минимум және экстра- дивиденд төлеу әдісі.

Бұл әдістеме алдағының жалғасы болып есептеледі. Фирма тұрақты түрде тіркелген дивиденд төлейді, бірақ әр кезеңде табысты жұмыстың нәтижесінде акционерлерге экстр- дивидендті төлейді. «Экстра» термині премия ұғымымен түсіндіріледі және жылына бір рет қан дивидендке үстеме ретінде есептейді.

  • Қалдық принциппен дивиденд төлеу әдісі.

Бұл әдістің мағынасы, батысты елдерде кең таралған, дивидендтер, компанияның барлық негізделген инвестициялық қажеттілігі орындалғаннан кейін ғана төленеді.

  • Дивидендті акциямен төлеу әдісі.

Бұл есептеу түрінде акционерлер ақшаның орнына қосымша акция пакетін алады. Оны қолдану себептері әртүрлі болуы мүмкін. Акциямен төленген дивидендтің мөлшеріне байланысты акцияның нарықтық бағасы өзгермелі болады. Шамалы дивидендтер бағаға аса ықпал ете алмайды, егер дивиденд ауқымды болса, онда дивиденд төленгеннен кейін акцияның нарықтық бағасы барынша төмендеп кетуі мүмкін. Бұл формада акционерлер ақшаның орнына қосымша пакет акция алады. Оны қолданылатын тәсілі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: компанияның қолма-қол ақшасы болмауы мүмкін, қаржылық жағдайы тұрақты болса. Қалайда болса акционерлердің көңілінен шығу үшін, ұйымның басшысымен дивидендті қосымша акция беруін ұсынады. Екінші вариантта болуы мүмкін: компанияның қаржылық жағдайы тұрақты, жылдам темпен дамыса. Сондықтан қаражаттар оның дамуына қажет- таратылмаған табыс түрінде болады. Мынандай себеп болуы мүмкін, қаражат көзінің структурасын өзгерту немесе басқару персоналына қосымша акция көлемін үлестіру, компанияда ұстап тұру үшін. Бұл методика тәжірибеде жүзеге асырғанда акционерлер ештеме алмайды, оларға төленген дивиденд тең олардың қаражаттардың төмендігіне, резерв және акцияға капитализацияланған. Акцияның көлемі өсті, валюта балансы өзгерген жоқ, т.б бір акцияға активті бағалау азайды.

Соған қарамастан кейбір акционерлерге қолайлы, олар бағалы қағаздарды алып содан кейін сатады. Дивиденд, акциямен төленген көлемнің бағасы әр түрлі болады. Дивиденд 20% құраса бағаға әсер етпейді: егер көрсетілген сома жоғарылайды, акцияның нарықтық бағасы төмендеп кетеді.

Дивиденд акциямен төлеуін қолдайды немесе бір уақытта валюта балансын немесе жарғылық капиталының өсуіне әкeлуі мүмкін немесе валюта балансының көбеюінсіз өзінің көзін қайта орналастырады. Экономикасы дамыған елдерде екінші вариант қолданылады.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі.

  1. Закон Республики Казахстан «Об акционерных обществах» от 10 июля 1998 года. (по состоянию на 1 сентября 2000 года). – Алматы: Юрист, 2000. – 55с.
  2. Закон Республики Казахстан «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» от 22 апреля 1998 г. с изменениями и дополнениями.(по состоянию на 1 сентября 2000 года). - Алматы: Юрист, 2000.
  3. Дубровский В.Ж., Чайкин Б.И. Экономика и управление предприятием (фирмой ), 1996.
  4. Артур ТомТСон, Джон Формби. Экономика фирмы. М.: ЗАО «Из – во БИНОМ», 1998.
  5. Иванов А.Н. Акционерное общество: управление капиталом и дивидендная политика, 1996 г. – М.: Финансы и статистика, 1996 г.
  6. Экономика предприятия: Учебник для вузов. Глава: Акционерные формы хозяйствования. 2–е издание. // Под. ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. Е.М. Купрякова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері