Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 16:55, реферат

Краткое описание

Акционерлік қоғам түсінігі.
2. АҚ түрлері. Ашық халықтық қоғам. АҚ барлық түрлерінің жарғылық капиталының минималды деңгейі.
3. Акционерлік қоғамның басқа шаруашылық серіктестік түрлерінің айырмашылығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция.docx

— 169.34 Кб (Скачать документ)

Әдетте  АҚ,  резервтер  немесе  "заемдық  резервтер"  деп аталатын қорды кұру саясатын жүргізеді.  Сөйтіп, жинактаған  қор  таусылғанда  ғана  акционерлік  компания  дивидентерді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арада құлдырауы туралы белгісін  білдіреді.  Акцияны  иеленушісі болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысатын. Сөйтіп,   барлығының  сол  қоғамның   акцияларынан   құтылуы тырысуы,   акция   бағамының   төмендеуіне   жол   береді.   Екі акционерлік   қоғам   қызметін   толық   тоқтатса,   акция   иесі акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады.

Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында  акцияның иелері  өздерінің  акцияларына тиісті  дивиденттерді   алады.   Мысалға   50   теңгелік   акцияның   табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге сивмол бұл акционерлердің акциясы бойынша 12% жылдық табыс білдіреді.   Акцияның   номиналдық   бағасы   бойынша   акционерлік қоғамның қалыптасуы негінде сатылып, кейіннен біршама жоғары бағаммен сатылады. Бұл жағдайда табыспен нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі;

Егер  де   50  теңгелік  номиналдық  құны   бар   акция   2" теңге бағамы бойынша сатып алынса және ол бойынша теңге    дивидент    төленетін    болса,    онда    жылдық    тап көрсеткіші келесідей болады:

Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша біршама табысты (пайданы) қамтамасыз мүмкін. Демек, екінші бір сәт - бұл акция бағамының өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді.

Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары болса, солғұрлым акция кымбат немесе оның бағамы жоғары келеді.

Акцияны сатып ала отырып,  қаражат иесі  одан  алатын дивидент   бойынша   табысты,    өз   капиталын    банк   немесе өнеркәсіп   компаниясының   тұрақты   табысы    кепілдендірген облигацияны   сатып   алу   барысымен   салыстырады.   Банктегі пайыз    деңгейі    -    акция    бағамының    жоғарлауы    немесе төмендеуіне  ықпал  ететін  фактор  болып табылады.   Банктік пайыз жоғары болса,  қор биражасындағы акцияның бағамы мен болады немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық  құны   бар  акция   жыл   сайын   12   теңге   мөлшерінде дивидент   алып   келіп   отырсын   делік,   ал   қарыздық   пайыз деңгейі - 4% болсын. Онда бұл акцияның биржадағы бағамы 300   теңге,   себебі   осындай   соманы   банкіге   4%   жылдық мөлшерде салатын  болсақ,  одан   12  теңге  сомасында табыс аламыз.

Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды:

 

Бұл шамалармәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арсындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бір-қалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде қатты байқалуы мүмкін. Дағдарыс кезінде, дивиденттердің мөлшерінің азайған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары шегіне кетіп акция бағамы құрт төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс активтерін иеленушілер кеңінен қолданады.

Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көптеген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебі акцияонерлік қоғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады.  Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметін жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған  акция  бағамының шамасына әр түрлі  бағытта әсер етеді.

Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасына және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда калатын пайданы бөліп карауға болады.

Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздары сұраныс пен ұсыныс сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді. Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа, басқа түрлі ықпалдардың болуы мүмкін  қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы  әрекеттері тұрады.

 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі.

  1. Закон Республики Казахстан «Об акционерных обществах» от 10 июля 1998 года. (по состоянию на 1 сентября 2000 года). – Алматы: Юрист, 2000. – 55с.
  2. Закон Республики Казахстан «О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью» от 22 апреля 1998 г. с изменениями и дополнениями.(по состоянию на 1 сентября 2000 года). - Алматы: Юрист, 2000.
  3. Дубровский В.Ж., Чайкин Б.И. Экономика и управление предприятием (фирмой ), 1996.
  4. Артур ТомТСон, Джон Формби. Экономика фирмы. М.: ЗАО «Из – во БИНОМ», 1998.
  5. Иванов А.Н. Акционерное общество: управление капиталом и дивидендная политика, 1996 г. – М.: Финансы и статистика, 1996 г.
  6. Экономика предприятия: Учебник для вузов. Глава: Акционерные формы хозяйствования. 2–е издание. // Под. ред. проф. В.Я. Горфинкеля, проф. Е.М. Купрякова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ

 

 

 

 

3Тақырып.  Бағалы қағаздар  және олардың жіктелуі

 

Мақсаты:

  1. Бағалы қағаздардың түсінігі мен жіктелуі. “Бағалы қағаз” категориясының экономикалық мазмұны.
  2. Бағалы қағаздардың жіктелу белгілері. Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттері.
  3. Портфельді инвестициялаудың объектісі болып келетін Бағалы қағаздардың түрлері.

Кілттік сөздер:  Акция, Облигация, Купондық қойылым, Өтеу туралы нұсқау, Қамтамасыз етілген облигациялар, Облигацияның рейтингі, Вексель, Акцепт,Индоссат, Корпоративті бағалы қағаздар, Қарыздық бағалы қағаздар, Үлестік бағалы қағаздарды, Өндірістік бағалы қағаздар, Мемлекеттік бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты:

1)   Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.

2) Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет,  жергілікті  әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

1) Қазыналық, немесе үкімет атынан  Қаржы Министірлігі шығаратын  бағалы қағаздар. Бұл қағаздар  ең бір сенімді қағаздардың  бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы  қамтамасыз етеді. Бұл бағалы  қағаздардың көп таралған түрлері  қазыналық векселдер мен қазыналық  облигациялар. Мемлекттік меншіктегі  кәсіпорындары да көбіне облигация  түріндегі бағалы қағаздарды  шығарады.

2) Жергілікті әкімшіліктер мен  олардың меншігіндегі кәсіпорын  бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік  қоғамдардың акция және облигация  түріндегі бағалы қағаздары. Оларды  өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы  кәсіпорындары мен қатар коммерциялық  банктер, сақтандыру және инвестициялық  компаниялары, зейнетақы қорлары  шығарады.

4) Банктердің бағалы қағаздары  – олар депозиттік сертификаттар,  чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары  — олар коммерциялық векселдер, фъючерстік шарттар және капитал  арасындағы қағаздар.

3)    Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал арасындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді.        

  Акция — үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.

1) меншікті акцияландырғанда, яғни  акционерлік қоғам құрып, оның         жарғылық капиталын қалыптастырғанда;

2) бар компанияны акционерлік  қоғам ретінде қайта құрғанда;

3) жарғылық капиталды қосымша  молайтқанда.

Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып  бөлінеді

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден – бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі.

Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.

1)  Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.

2)  Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.

Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды.

Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма – қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.

Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:

Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған “ индоссамент ” деген белгі қойылады.

Содан соң  акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға  жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа сертификаттарын алады.

Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.

Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады.

Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.

Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді.     

Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд  төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.

Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады:

1) Қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивті және кумулятивті емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалануына байланысты. Олар:

Үстеме пайданы бөлуге қатысу;

2) Хабарланып, бірақ төленбеген  дивиденд мүмкіндігіне келешекте  қатысу;

3)  Акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.  

Қатысушылар артықшылығыөз иемденушісі үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді.     

Информация о работе Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері