Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2014 в 16:55, реферат

Краткое описание

Акционерлік қоғам түсінігі.
2. АҚ түрлері. Ашық халықтық қоғам. АҚ барлық түрлерінің жарғылық капиталының минималды деңгейі.
3. Акционерлік қоғамның басқа шаруашылық серіктестік түрлерінің айырмашылығы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция.docx

— 169.34 Кб (Скачать документ)

қоғамның ішкі регламентін қабылдау,оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

2  Акционерлік қоғам қызметтерінің  ерекшеліктері

       Акционерлік қоғамда  акционерлердің, соның ішінде құрылтайшылардың  арасында,өзге шақырылған сарапшы  – мамандар арасынанда қадағалау  кеңесі құрылуы мүмкін. Қағалау  кеңесі акционерлік қоғамның  атқарушы органдарының қызметіне  бақылау жасауды жүзеге асырады. Қадағалау кеңесі мүшелерінің  акциоенрлік қоғам атынан әрекет  жасауға құқығы жоқ. Қоғам жарғысымен  қадағалау кеңесі құрылған жағдайда  онң ерекше құзіретіне жатқызылған  мәселелерді қадағалау кеңесі  акционерлік қоғамның атқарушы  органдарының шешуіне бере алмайды.

Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық( басқарма,дирекция)

немесе  жеке дара(директор,бас директор,президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және қадағалау кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді.

          Жалпы  жиналыстың айырықша құзіретіне  жатқызылған қалған мәселелер  жөніндегі шешімдер қоғамның  жарғысында көбірек сан көзделмесе  қоғамның дауыс беруге қатысқан  дауыс берген акциялардың жалпы  санының жай көпшілік дауысымен  қабылданады.

          Директорлар  кеңесі мүшесінің өкілеттілігін  мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі  мәселені шешу үшін акционерлердің  көбірек дауыс саны жарғымен  белгіленбейді.

          Қоғамның  жарғысында акционерлердің жалпы  жиналысының айырықша қүзіретіне  сондай ақ- қоғам қызметінің басқа  да мәселелері жатқызылуы мүмкін.

          Акционерлердің  жалпы жиналысының айырықша қүзіретіне  жатқызылған мәселелер көзделген  басқа жағдайларда қоғамның директорлар  кеңесінің шешуіне берілмейді. 

           Акционерлердің  жалпы жиналысы қоғамның ішкі  қызметіне жатқызылған мәселелер  бойынша қоғамның директорлар  кеңесінің кез келген шешімін  жоюға хақылы.

           Егер  акционерлердің жалпы жиналысының  шешімі артықшылықты акциялар  иелерінің құқығына нұқсан келтірген  немесе оны шектеген ретте  мұндай шешімдер жиынтығында  тиісті санаттардағы артықшылықты  акциялардың жалпы санының кемінде  үштен екісіне ие акционерлер  жақтап дауыс берген жағдайда  ғана акционерлердің жалпы жиналысында  қабылдануы мүмкін.

           Қоғам  жыл сайын акционерлердің жалпы  жиналысын өткізуге міндетті.Қоғам  акционерлерінің жылдық жалпы  жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан  кейін бес ай ішінде өткізілуі  тиіс.Аталған мерзім есепті есепті  кезендегі қоғам қызметінің аудитін  аяқтау мүмкіндігі болмаған жағдайда  үш айға дейін ұзартылған деп  саналады.

           Акционерлердің  жылдық жиналыстан басқа жалпы  жиналыстары кезектен тыс болып  саналады.Дауыс беру құқығынсыз артықшылықты акцияларды иеленген акционерлердің жалпы жиналысқа қатысуға және күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға қатысуға құқығы бар.Әрбір акционерлердің жалпы жиналыста даусы беру кезінде оған тиесілі дауыс беретін акциялар санына тең келетін дауыс саны болады, бұған қоғамның жарғысында дауыстарды айқындаудың өзге де тәртібі көзделген жағдайлар кірмейді.

           Акционерлердің  жалпы жиналысында, егер қоғам  акционерлердің жалпы жиналысында  немесе жарғысында өзгеше белгіленбесе, кез еклген тұлғалар қатыса  алады.

          Жалпы  жиналысты әзірлеуді және өткізуді  қоғамның атқарушы органы не  осы қоғамның тәуелсіз тіркеушісі  немесе өзге тұлға жүзеге асырады.

         Жалғыз  акционері бар қоғамда жалпы  жиналыстың құзіретіне жатқызылған  мәселелер бойынша шешімдерді  ол дербес қабылдайды және  жазбаша түрде ресімделуі тиіс.  

         Акционерлердің  кезектен тыс жалпы жиналысы  қоғамның директорлар кеңесінің, атқарушы органның, тексеру комиссиясының  бастамасы бойынша не жиынтығында  қоғамның дауыс беретін акцияларының  кемінде  бес және одан да  көп процентін иеленген акционерлердің  бастамсы бойынша шақырылады.

         Акционерлердің  бастамсы бойынша шақырылатын, акционерлердің  жалпы жиналысын әзірлеу мен  өткізуге байланысты шығындар  өздеріне жіктеледі және оларды  осы жиналысты шақыру себептері  расталғаннан кейіе қоғам өтейді.

         Ерікті  түрдегі тарату процесінде тұрған  қоғам акционерлердің кезектен  тыс жалпы жиналысын тарту  комиссиясы да шақырылады.

        Акционерлердің  жылдық, кезектен тыс немесе қайтадан  өткізілетін жалпы жиналыстарын  шақырудан шақыру туралы талапты  атқарушы орган алған сәттен  бастап отыз күн ішінде қоғамның директор кеңесі немесе атқарушы орган бас тартқан жағдайда шақыру осы санамаланған тұлғалардың талап арыздары бойынша сот негізінде жүзеге асырылады.

        Сот жиналыстың  белгіленген уақыт және өткізу  орнын, оның күн тәртібін белгілеуі, жиналыс туралы қоғамның акционерлеріне  жіберілетін жазбаша құлақтандыру  мазмұнын белгілеуі және жалпы  жиналыстың мақсатына жетуі үшін  қажетті өзгеше шарттарды айқындауы  мүмкін. Қоғам акционерлерінің қайтадан  өткізілетін жалпы жиналысын  шақыру осы жағдайда көзделген  акционерлердің жалпы жиналысын  шақыруға арналған тәртіпте жүзеге  асырылады.

          Акционерлердің  өтпей қалған жалпы жиналысының  органына шақырылған қайтадан  өтетін жалпы жиналысы, егер оған  қатысу үшін тіркеу аяқталған  кезде жиынтығында қоғамның дауыс  беретін(акционерлердің жалпы жиналысын  кезінде дауыс беру құқығы  бар) акциялардың қырық және одан  да көп процентін иеленген  акционерлер, оның ішінде сырттай  дауыс беруші акционерлер теркелген  болса қүқылы боады. Акционерлердің  саны он мыңнан асатын қоғамның  жарғысымен акционерлердің өтпеген  жиналысының орнына қайтадан  жиналыс өткізуге арналған азырақ (қоғамның дауыс беретін акциялардың  кемінде жиырма бес проценті) кворум көзделуіә мүмкін.

            Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының азаматтық  кодексіне сәйкес белгіленген  ерекшеліктерді есепке ала отырып  жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның  жарғысын бекітуді және органдарын  сайлауды жаңадан пайда болған  қоғам органдарының ұсынысы бойынша, қайта ұйымдастыру туралы шартта  белгіленген мерзімде өткізілетін  акционерлердің жалпы жиналысы  жұзеге асырылады. Екі немесе  бірнеше қоғамның соңғысының  қызметін тоқтатып, сынанында барлық  мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін  өткізу актісіне сәйкес беру  жолымен жаңа қоғамның пайда  болуы қоғамдардың бірігуі болып  табылады. Бірігуге қатысқан әрбір  қоғаманың директорлар кеңесі  бірігу нысанында қайта ұйымдастыру  өткізу актісін және бірігу  туралы шартты бекіту туралы  мәселені акционерлердің жалпы  жиналысының шешуіне ұсынады. Қоғамдардың  бірігуі туралы шартта бірігуге  қатысқандардың әр қайсысының  атаулары , орналасқан жері туралы, олрадың баланстардың негізгі  деректері болуы тиіс, сондай-ақ  бірігу тәртібі мен шарттары, атап айтқанда бірігуге тартылған  қоғамдардың акцияларын құрылған  қоғамның акцияларына айырбастау  тәртібі көзделуі тиіс. Барлық  аталған ақпарат қоғамның акционаерлеріне  баспасөз басылымдарына жариялау  арқылы берілуі тиіс. 

          Уәкілетті  орган халықтық қоғам бірігуге  қатысқан жағдайда оның акционерлеріне  беру үшін қажетті қосымша  ақпараттың тізбесін көздеуге  хақылы.

         Бірігуге  қатысатын әрбір қоғамның акционерлерінің  жалпы жиналасы белгіленген тәртіппен  бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, өткізу актісін және бірігу  жөніндегі шартты бекіту туралы  шешім қабылдайды.

         Жаңа қоғамның  жарғысын бекіту және органдарын  сайлау бірігу туралы шартпен  айқындалатын мерзімде өткізілетін  жаңадан пайда болған қоғам  акционерлердің жалпы жиналысында  жүзеге асырылады. Жаңадан пайда  болған қоғам акционерлердің  жалпы жиналысын шақырудың және  өткізудің тәртібіне байланыс  ерекшеліктер бірігу туралы шартпен  айқындалады.

        Бірігуге қатысатын  қоғамдырдың әрқайсысы өзінің  барлық несие берушілеріне бірігу  туралы жазбаша хабарлама жіберуге  және баспасөз басылымдарында  тиісті хабарландыру беруге міндетті. Қайта ұйымдастырылатын қоғамның  несие берушілері хабарламаны  алған немесе хабарландыру жарияланған  күннен бастап екі ай мерзімде  қоғамнан қосымша кепілдіктерді  не қоғамның тиісті міндеттемелерін  мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе  орындауды және залалдарды өтеуді  талап етуге хақылы. 

         Қосылатын  қоғамның мүліктерін, құқықтарын  және міндеттерін тиісті өткізу  актісіне сәйкес басқа қоғамға  өткізу мен оның қызметінің  тоқтатылуы қоғамның қосылуы  деп танылады. Қосылатын қоғамның  директорлар кеңесі акционерлердің  жалпы жиналысының қаралуына  қосылу нысанында қайта ұйымдастыру  туралы мәселені, өткізу актісін  және қосылуы туралы шартты  бекітуге ұсынады.

           Қосылатын  қоғам акционерлерінің жалпы  жиналысы қосылу нысанында қайта  ұйымдастыру туралы, өткізу актісін  және осы белгіленген тәртіпте  қосылу туралы шартты бекіту  туралы шешім қабылдайды.

         Оған қосылу  жүзеге асырылатын қоғамның директорлар  кеңесі акционерлерінің жалпы  жиналысының оған басқа қоғамның  қосылуы нысанында қоғамды қайта  ұйымдастыру туралы, өткізу актісін  және қосылу туралы шартты  бекіту туралы мәселені енгізеді.

         Оған қосылу  жүзеге асырылатын қоғам акционерлердің  жалпы жиналысы оған басқа  қоғамның қосылуы нысанында қоғамды  қайта ұйымдастыру туралы, өткізу  актісін және осыайқындалған  тәртіпте қосылуы туралы шартты  бекіту туралы шешім қабылдайды.

          Оған  жүзеге асырылатын қоғамның жарғысына  өзгерістер және толықтырулар  енгізу туралы шешімнің қажеттілігі  туындаған жағдайда, онан қосылу  жүзеге асырылатын қоғам акционерлерінің  және қосылатын қоғам акционерлерінің  бірлескен жалпы жиналысында  қабылданады.

          Қоғамның  директор кеңесінің шешімі бойынша  егер қосылатын қоғамның активтерінің  және міндеттемелерінің сомасы  оған қосылу жүзеге асырылатын  қоғамның өз капиталының бес  процентінен аспаса бір қоғамның  екінші қоғамға қосылуы жол  беріледі. Мұндай жағдайда қосылу  нысанында қайта ұйымдастыру  туралы шешімді, бұл қосылу ірі  мәміле болып табылған жағдайды  қоспағанда, оған қосылып жүзеге  асырылатын қоғамның директор  кеңесі қабылдайды.

           Қайтадан  ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын  кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың  акцияларына айырбастаумен осы  қоғамның барлық мүліктерін жаңадан  пайда болған қоғамдар арасында  бөлу арқылы қоғамның барлық  мүлкін, құқықтарын және міндеттерін  өткізу мен қоғамның қызметін  тоқтатудыжүзеге асыру қоғамды  бөлу болып табылады. Бұл ретте  бөлінетін қоғамның құқықтары  мен міндеттері бөлініс балансына  сәйкес жаңадан пайда болған  қоғамдарға өтеді.

           Бөліну  нысанындақайта ұйымдастырылатын  қоғамның директорлар кеңесі  акционерлердің жалпы жиналысының  қарауына  бөліну нысанында қоғамды  қайта ұйымдастыру,жаңа қоғамдарды  құру,қайтадан ұйымдастырылатын  қоғамдардың бағылы қағаздарын  құрылатын қоғамдардың бағалы  қағаздарына айырбастау және  бөлініс балансын бекіту туралы  мәселелерді енгізеді.

            Акционерлердің жалпы жиналысы  қабылданған қоғамның бөлінуі  туралы шешім қайтадан ұйымдастырылатын  қоғамның акцияларын жаңадан  құрылған қоғамдарының акцияларына  айырбастау тәртібін,сондай ақ  қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның  бұрынғы шығарылған акцияларының  әрбір түріне арналған,аталған  акциялардың түрлері мен атаулы  құнының айырбастау кезінде қолданылатын  арақатынасын айқындауы тиіс.Бұл  ретте акцияның бір түрін иеленгендерге  берілетін құқықтар (оның ішінде  айырбастауға арналған акцияларды  таңдау) бірдей болуы тиіс,Қайтадан  ұйымдастырылған қоғамның кез  келген акционерлерінеоған тиесілі  акцияларды жаңадан құрылған  қоғамның акцияларына айырбастау  нәтижесінде берілетін құқықтар  оған қайтадан ұйымдастырылатын  қоғамның жарғысымен берілген  құқықтармен салыстырғанда кемітілмейді  немесе шектелінбейді.

Информация о работе Акционерлік қоғамдар және олардың түрлері