Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 15:21, реферат
Жануарлардың психикасы адамдардың қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар – Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.
Академик Л.А. Орбели бұны толық жетіліп туылған балапандар қалыптасқан күйде ортаның әсерлеріне түсе бастайтындығымен, және олардың салыстырмалы түрде ортаның зиянды әсерлеріне аз түсетіндігімен түсіндірді. Бұнда жүріс-тұрыстың ары қарайғы прогрессивті дамуының мүмкіндіктері кездейсоқ шектелген. Толық емес жетіліп туылған балапандар біршама пайдалы жағдайда болады: оларда нерв жүйесінің дамуы толығымен аяқталмаған, және олар жүріс-тұрыстың әлі даму барысындағы туа берілген формаларын қоршаған ортаның әсерлеріне түсіреді. Нәтижесінде жүріс-тұрыстың бұл формалары туа берілген және жүре қалыптасқан компоненттердің ортаның нақты жағдайларына сәйкес қиылысуының негізінде мәнді деңгейде модификацияланады. Осы көзқарастың тұрғысынан жануарлардың толық емес жетіліп туылған түрлерін біршама прогрессивті деп есептеу қажет, өйткені оларға ортаның өзгермелі жағдайларына үлкен бейімделулік тән болып табылады.
Тақырып 14. Ювенильді кезең
Ювенильді немесе ойын кезеңі тек жоғарғы омыртқалылардың балаларында ғана бақыланады. Жануарлар үшін осы кезеңнің рөлін түсіндіретін әртүрлі концепциялар бар. Олардың ең кең тарағаны Г. Спенсердің концепциясы болып табылады. Ол концепция ойын іс-әрекетін “артық энергияларды” шығындау ретінде қарастырады. Бұл концепция ары қарай “вакуумдық белсенділік” туралы ойларда дамыды, оған мысал Лоренц келтірген “бос әрекеттер” (негізгі тітіркендіргіштердің болмаған кезіндегі инстинктивті қозғалыстар) болады, бірақ ол олардың арасында болатын мәнді айырмашылықтарды да көрсеткен.
К. Гроостың концепциясы ойын іс-әрекетіне өмірлік іс-әрекеттердің ерекше маңызды сфераларындағы жаттығулар ретінде “қызметтік” түсіндіру береді. Оның артынан Л. Морган ойынды – іс-әрекеттің өмірлік маңызды сфераларындағы тәуекелсіз жаттығу мүмкіндігі ретінде қарастырған болатын.
Голландиялық зоопсихолог Ф. Бойтендийк ойын тек эмоциялық күй үшін ғана маңызды, ал инстинктивті қозғалыстар жаттығуларға тәуелсіз жетіледі деп пайымдаған болатын.
Ойын негізгі инстинктивті әрекеттер орындалмайтын кездерде орын алатындығы маңызды болып табылады.
Темброктың пікірі бойынша ойын особтың альтернативті жүріс-тұрыстарын үлкейтеді.
Д.Б. Эльконин ойын іс-әрекеттің инстинктивті формаларының шексіз ерте фиксациясына кедергі жасайды және ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуді дамытады деп есептеген.
Г. Бингхемнің шимпанземен жүргізген эксперименттері ойынды жыныстық жүріс-тұрыстың қалыптасуы үшін қажетті жағдай ретінде анықтады, ал Г. Харлоудың бақылаулары ойындар маймылдарды болашақ тобырлық өмірге дайындайтындығын көрсетті.
К.Э. Фабри басқа ғалымдарға қарағанда ойынды даму барысындағы іс-әрекет ретінде, онтогенездегі жүріс-тұрыстың дамуының ювенильді формасы ретінде қарастырған болатын. Ойын – бұл үлкендердің жүріс-тұрысының “үлгісі” емес, ол өзінің құрылу үрдісіндегі сол жүріс-тұрыстың өзі болып табылады. Туа берілген негізде іске аса отырып, ойын жүріс-тұрыстың инстинктивті компоненттерінің дамуы үшін қызмет атқарады [12].
Ойын кезеңінде қозғалыс белсенділігінің жетілуі өтеді.
Еңбек ең басында пайда болғаннан бастап қолдық жасалған, бастапқы адам ойлауы да сондай болған. Қазіргі кездегі маймылдарда ол сол “қолдық ойлау” күйінде қалған. Қол еңбектің арқасында жетілудің ең жоғарғы деңгейіне жетті. Ол антропогенезде физикалық та, психикалық та қатынаста орталық орын алады. Еңбек іс-әрекеті пайда болуының биологиялық алғышарттарын ең алдымен сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының ұстау қызыметінің ерекшеліктерінен іздеу қажет. Бірақ ұстау қызметі тек маймылдарға ғана тән емес. Фабри маймылдағы және басқа да сүтқоректілердегі алдыңғы аяқтардың негізгі (локомоторлық) және қосымша (манипуляциялық) қызметтерінің арасындағы өзара қатынастарды салыстырмалы аспектде зерттеді және антропогенез үрдісі үшін алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонистикалық қатынастар шешуші мәнге ие екендігін анықтаған. Алдыңғы аяқтардың бір мезгілде манипуляциялауға белсенді қатысуы олардың сүйену және орын ауыстыру қызметтерінен жиі босатылуымен байланысты, бұл ұзақ уақыттық тез жүгіруді үйренуге кедергі жасайды.
Қозғалыс белсенділігінің эволюциясы алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонизммен анықталды. Манипуляциялық қызметтердің редукциясында ең алдымен аяқтардың ұстау қабілеттіліктері қиналады. Алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің бір бөлігі бұнда ауыз аппаратына ауысады. Мысалы, ұстау қызметтері аюларда, жанаттарда және басқа да сүтқоректілерде жойылған (әсіресе жабайыларда және кемірушілерде). Жалғыз ерекшелікті приматтар құрайды. Приматтардың локомоциясы бұтақтарды ұстау жолымен өрмелеп шығудан тұрады.
Тақырып 16. Қоғамдық қатынастар мен сөйлеудің пайда болу мәселесі.
Еңбек ең басынан бастап-ақ ұжымдық, қоғамдық болды. Жануарлардың күрделі құралдық іс-әрекеттерінің өзіне ешқашанда қоғамдық үрдістің сипаты тән болған емес және ол қауымдастық мүшелерінің арасындағы қатынастарды анықтамайды.
Психикасы дамыған жануарлардың өзінде қауымдастықтың құрылымы ешқашанда құралдық іс-әрекеттің негізінде қалыптаспайды, оған тәуелді болмайды және онымен жанамаланбайды. Адамдардың қоғамдық қатынастары, керісінше, сол заңдылықтарды сындырудың, еңбек іс-әрекетімен туындайтын отарлық өмірдің мәнін түбегейлі өзгертудің нәтижесінде пайда болды.
Фабри бойынша, демонстрациялық манипуляция қарым-қатынастың таза адамдық формаларының бастауы болды. Манипуляцияның объектсін “әдейі” көрсету “көрермендер” жағынан ерекше “табыстыратын қозғалыстардың” және өз кезегінде “жақсы көрінудің” белгілерін көрсететін “актердың” агрессивті көрінулерінің позалары жолымен басумен бірге өтеді. Бұндай демонстрациялық манипуляциялау үлкен маймылдарда кездеседі. Манипуляциялау объектсі үнемі “актер” мен “көрерменнің” арасында делдал ретінде болады. Басқалардың әрекеттерін “сырттай қарау” жолымен арақашықтықтан басқалардың тәжірибесін меңгеру өтеді.
1.Анохин П.К. Теория функциональных систем. М.: Наука, 1978.
2.Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М., 1960.
3.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М., 2000.
4.Зорина З.А., Полетаева И.И. Зоопсихология. Элементарное мышление животных. М., 2003.
5. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М., 1972.
6.Лоренц К. Кольцо царя Соломона. М., 1980.
7.Д.Мак-Фарленд. Поведение животных. Психобиология, этология и эволюция. М., 1988.
8.Северцов А.Б. Главные направления эволюционного процесса. М., 1967.
9.Сравнительная психология и зоопсихология. Хрестоматия. “Питер”, 2004.
10.Тих Н.А. Предыстория общества. Л. 1970.
11.Толмен Э. Когнитивные карты
у крыс и у человека//
12.Фабри К.Э. Основы зоопсихологии. М.,
13.Хайнд Р. Поведение животных. М., 1975.
Негізгі әдебиет:
1.Фабри К.Э. Основы зоопсихологии. М., 2003.
2.Фабри К.Э. Вопросы зоопсихологии, этологии и сравнительной психологии. М., 1975.
3.Фабри К.Э. Зоопсихология//Тенденция развития психологической науки. М.,1989.
4.Фабри К.Э. Игра животных.М., 1985.
5.Фабри К.Э. Введение в общую и прикладную ихтиопсихологию. М., 1988.
6.Д.Мак-Фарленд.Поведение
7.Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. М., 1972.
8.Дембовский Я. Психология обезьян. М. 1963.
9.Ладыгина-Котс Н.Н. Предпосылки человеческого мышления.М., 1965.
М., 1967.
10.Тих Н.А.Ранний онтогенез
11.Тих Н.А. Предыстория общества. Л. 1970.
12.Рахимбеков К.Рахимбекова Г.
13.Зорина З.А., Полетаева И.И. Зоопсихология.
Элементарное мышление
14. Сравнительная психология и зоопсихология. Хрестоматия. “Питер”, 2004.
Қосымша әдебиет:
1.Дарвин Ч. Инстинкт. Сочинения т.3, М., 1939.
2.Дьюсбери Д. Поведение животных. М., 1981.
3.Меннинг О. Поведение животных. М., 1985.
4.Тинберген Н. Поведение животных. М., 1969.
5.Хайнд Р. Поведение животных. М., 1975.
6.Северцов А.Б. Главные направления эволюционного процесса.
7.Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. М., 1960.
8.Эрман Л., Парсон П. Генетика поведения и эволюция. М., 1984.