Зоопсихология ғылымының даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 15:21, реферат

Краткое описание

Жануарлардың психикасы адамдардың қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар – Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

зоопсихология.doc

— 92.00 Кб (Скачать документ)

Интеллектуалды кезеңдер жоғарғы деңгейіндегі жануарлар үшін тек ортаның заттық компоненттерінің ғана емес, сонымен қатар олардың байланыстары мен қатынастарының бейнеленуінде көрінетін олардың психикалық іс-әрекеттерінің даму деңгейі болып табылады, сондай-ақ ол дағдыларды ауыстыру мен пайдалану арқылы түрлі тәсілдермен күрделі тапсырмаларды таптауырындық емес шешу болып табылады. Бұл ауыстыру заттардың ұқсастығы бойынша, сонымен қатар олардың арасындағы ұқсастық бойынша да іске асырылады.

Неміс ғалымы В. Келер жануарлардың ойлауы мен интеллектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге үлкен үлес қосты.

Э. Торндайк жоғарғы жануарлардың интеллектуалды әрекеттерін зерттеу үшін әйгілі “мәселелік жәшікті” ойлап тапты. А.Н. Леонтьев бойынша интеллектнің критерийі ретінде инстинкттің құрамында биологиялық мағынадан ада болған дайындық фазасының болуы қызмет етеді [13].

 

Тақырып 8. Инстинкт

 

Инстинкт – бұл түрдің тәжірибесі, ал үйрену – индивидуалды тәжірибе болып табылады. Инстинктивті жүріс-тұрыс өз кезегінде инстинктивті қозғалыстардан (позалардан) тұратын инстинктивті әрекеттерден (актлер) жинақталады. Бірнеше негізгі инстинкттер бар, олар: тамақтық; өзіндік сақтану; ұрпақ жалғастыру; ата-аналық жүріс-тұрыс. Олар тұқым қуалаушылықпен беріледі (тектік жолмен) және түрге тән болып табылады. Егер инстинктті шартсыз рефлекспен салыстыратын болсақ, онда ол шартсыз рефлекске қарағанда өзінің құрылымы бойынша күрделі болып табылады деп айтуға болады. Инстинкттің құрылымы оған үйренудің элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін иілгіштік береді, ал жеке шартсыз рефлекстер қатал бағдарламаланған болып келеді.

Инстинктивті қозғалыстардың сипаты организмнің морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

Инстинкттің ішкі және сыртқы факторлары. Шын мәнінде кез-келген инстинкттің көрінуінің себептері сыртқы да, ішкі де факторларболып табылады. Инстинкттің ішкі факторларын қарастырайық. Гомеостаз – организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы, оның өмірлік іс-әрекеті үшін қажетті жағдайы екендігі мәлім. Теңдіктен кез-келген ауытқу гомеостазды қайта қалпына келтіру үшін өзіндік реттеудің физиологиялық механизмдерін (қызметтік жүйелер) әрекетке келтіреді. Теңдіктен осы ауытқулар инстинкттердің ішкі факторлары болып табылады, олар жүріс-тұрыстың қанағаттандыруға бағытталған қажеттіліктерінің көрінуінде байқалады.

Инстинкттің сыртқы факторлары инстинктивті реакцияны жіберетін негізгі стимулдар болып табылады.

  • Инстинкттің құрылымы. Американдық зерттеуші У. Крейг инстинкттің екі фазасын бөліп көрсетті, олар: іздеу және аяқтау фазалары.

  • Іздеу фазасы инстинкттің иілгіш фазасы болып табылады және айқын көрінетін беймділік-зерттеу іс-әрекетімен сипатталады. Аяқтау фазасы, керісінше, қатал фаза және бір түрге жататын барлық өкілдерде бірдей өтеді.

    Инстинкт және қарым-қатынас. Қарым-қатынасқа қабілеттілік эволюция үрдісінде тек жануардың кейбір әрекеттері (қозғалыстары) сигналдық мәнге ие болған кезде ғана, яғни ақпаратты бере бастаған кезде, пайда болды.

  • Тақырып 9.Үйрену
  •  

  • Инстинкт пен үйренуді салыстыру жануарлардың осы түрінің психикалық даму деңгейі туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Инстинктті құрайтын бөліктер неғұрлым көп және үйрену неғұрлым аз болса, жануарлардың психикалық даму деңгейі соғұрлым төмен болады және, керісінше. Бірақ инстинкттер ешқашанда үйренумен алмастырыла алмайды, өйткені үйрену кейбір экстренді жағдайларда болмауы да мүмкін уақыттың белгілі-бір көлемін шығындауды талап етеді. Сондықтан эволюция үрдісі барысында инстинкттер, үйренудің біршама жоғарғы деңгейлері пайда болуы мүмкін екендігіне қарамастан, сақталып қалады. Торп бойынша жануарлардың үйрену түрлерінің классификациясы мынадай:

      • әдеттену – бейімделуге қарағанда реакцияларды шығындау – жаңа реакциялардың пайда болуы;
      • бірінші реттегі шартты рефлекстер (И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер);
      • екінші реттегі шартты рефлекстер немесе құралдық үйрену (Торндайк бойынша);
      • латентті (бекітусіз);
      • инсайт – оқыту.

    Сонымен, жануар ортаның әсерлеріне пассивті реакция көрсетуге байланбаған, ал өзі ортамен өз қатынастарын белсенді құрады, бұл үйренудің негізін құрайды. Нақты жағдайдың бірдей, кездейсоқ белгілері эволюция үрдісінде бағдарламалануы мүмкін емес. Тіршілік ету барысында жинақталған тәжірибені инстинктивті жүріс-тұрысқа енгізу үрдісінің өзі тұқым қуалаушылық арқылы бекітілген. Басқаша айтқанда, үйренудің диапазоны сондай-ақ бір түрге қатал тән болады. Үйренуге деген қабілеттіліктердің диапазондарының кеңдігі жануарлардың психикалық даму деңгейінің жоғары екендігінің көрсеткіштері болып табылады. Үйренудің негізгі, сапалық жаңа бөлігі дағды болып табылады.

            Дағды. Дағды филогенездің тек белгілі-бір кезеңінде ғана пайда болады және туа берілген қозғалыстық координацияларды жаңа жағдайда немесе жаңа қозғалыстық координацияның пайда болуында қолдануда көрінеді. Дағдыны жетілдіру үшін жаттығулар талап етіледі, әйтпесе олар өше бастайды.

     

     

     

    Тақырып 10. Сенсорлық қабілеттіліктер мен коммуникация

     

    Коммуникация, яғни ақпарат алмастыру, сонымен қатар жануарлардың ортаға бейімделуі үшін қажетті. “Перцептивті психика” тақырыбынан мәлім болғандай, ол үш сенсорлық канал бойынша іске асады: ольфакторлық, оптикалық және акустикалық.

    Конрад Лоренц (1935) релизерлер түсінігін енгізді, ол – инстинктивті жүріс-тұрысты туындататын сигналдық тітіркендіргіштер. Релизерлер ретінде организмнің түрлі белгілері және тіпті жүріс-тұрыстың элементтері де қызмет ете алады [6].

    Дарвин (1872) “антитеза қағидасын” ашты, ол қағида бойынша – мәні бойынша қарама-қайшы сигналдар өзінің сипаты бойынша қарама-қайшы позалардың көмегімен беріледі. Мысалы, агрессияны көрсететін поза достық қарым-қатынасты көрсететін позаға қарама-қайшы.

    Ниет қозғалысы – жануардың не жасағалы отырғаны туралы ақпаратты алып жүретін аяқталмаған жүріс-тұрыс. Соңында қандай да бір мотивация жеңеді немесе екеуі де аяқталмаған болып қалады және “позаға” айналады. Сондықтан көптеген демонстрациялар конфликтлік жүріс-тұрыстың рәсімденген компоненттерінен тұрады. Мысалы, күміс түстес шағалада қаһар көрсетудің көлденең позасында қорқыныштың да, аграссивтіліктің де элементтері болады (Тинберген, 1959).

    Жүріс-тұрыстың негізгі үш тенденциясы болады, егер олардың әрқайсысы шеттетілген тұрғыда әрекет етсе, онда ол мыналарға: 1) жыныстық жүріс-тұрысқа; 2) шабуылға; 3) қашуға алып келеді. Белсенділіктің бұл түрлері таза түрде сирек кездеседі. Жүріс-тұрыс осы үш негізгі мотивациялардың араласуының нәтижесі болып табылады. Мысалы, қаһар көрсету позасы – бұл шабуыл және қашу тенденциясының комбинациясы болып табылады.

    Әртүрлі түрлер арасындағы коммуникация.

    Эволюция үрдісінде тек пайдалы белгілері бар және оларды өзінің ұрпағына беретін жануарлар ғана тірі қалған. Осылайша, осы белгілер мен қасиеттердің сұрыпталуы өтеді. Жануарларға тіршілік ету ортасымен бірігуге мүмкіндік беретін (бағындырушы бояу) осындай белгілерден басқа, керісінше, оларды ортада айқын ерекшелейтін басқа да белгілер бар. Оларға мимикрияның түрлі түрлері жатады. Зиянсыз түр түсі бойынша улы арлекиналық аспидке еліктейді. Африкалық ковралық сұр жылынның (эфтер) қауіп төндірудің демонстрациялық позасына зиянсыз жылан еліктейді.

    Тақырып 11. Эволюциялық-тұрақты стратегиялар түсінігі

     

    Эволюциялық-тұрақты стратегиялар түсінігі сонымен қатар жануарлар коммуникациясы сферасына да жатады. “Стратегия” сөзі жануарлар арасындағы конфликтлерден оңай бақылауға болатын “жүріс-тұрыс сызығын” білдіреді [7].

    Эволюциялық-тұрақты стратегиялар теориясының (ЭТС) негізін салушы М. Смит, Дж. Прайс пен Дж. Паркер болып табылады. Егер популяцияның особтарының көпшілігі қабылдаса, кез-келген стратегия эволюциялық-тұрақты болады. Особ үшін ең жақсы стратегия басқа особтардың қабылдаған стратегиясына тәуелді болады. Белгілі-бір стратегияның пайдалы екендігін дәлелдеу үшін М. Смит олардың модельдері мен ойындардың математикалық теориясын пайдаланды. Кез-келген жүріс-тұрыстың нәтижесі баллдармен көрсетілді: жеңіс – (+50), жеңілу – (0), уақытты жоғалту – (-10), жаралану – (-100). Конфликтден қашу стратегиясының модельі Көгершін деп аталды, ал шабуыл жасау стратегиясы – Қаршыға деп аталды. Аралас сратегия сәйкестік 5 : 7 тең болған кезде теңсіздікке қол жеткізеді. Практикада бұл әрбір индивидуум әрбір сайысқа оған Қаршығаның немесе Көгершіннің рөлінде шығу шешімін кездейсоқ алдын-ала қабылдап кіріседі; шешім кездейсоқ қабылданған, бірақ Қаршығаның есебіне 7/12 ықтималдықпен шығады. Шешім қабылдаудың бұл кездейсоқтығы қарсыласқа оппоненттің ниетін біліп қою мүмкіндігін бермейді.

    Келесі стратегия “Резидент-басқыншы”. Резидент деген бірінші болып нейтралды аймаққа орналасып алған жануар, ал Басқыншы кейінірек келген және оны тартып алуға тырысатын жануар. Бұнда конфликтге түсетін жануарлар мынадай келесі ережені сақтайды: егер сен Резидент болсаң – шабуыл жаса, егер Басқыншы болсаң – шегін.

    Жануарлар бұрынғы өтіп кеткен конфликтлердің нәтижелерін есте қалдырады екен және бұл оларға өз жүріс-тұрыстарын болашақта реттеуге көмектеседі. Мысалы, шырылдауық шегіртке болған жағдайлар туралы жалпы елестерді есте қалдырады (жалпы ес). Көп рет жеңіп шыққан шырылдауық шегіртке Қаршығаның қасиеттеріне ие болады. А. Александердің экспериментінде шырылдауық шегірткелер модельдерінің көмегімен Көгершін жүріс-тұрысы тән бола бастаған кәдімгі шырылдауық шегірткелермен күресте жеңіп шықты. Шырылдауық шегірткелердің тобында иерархиялық құрылым қалыптастырғаннан кейін кәдімгі төбелестердің саны азаяды. Кейбір жануарларда индивидуалды соғыстардың нәтижесін есте сақтап қалуға мүмкіндік беретін арнайы ес болады (тауықтар, маймылдар) [7].

  • Тақырып 12. Пренатальды кезең

  •  

    • Туа берілгендер мен жүре қалыптасқандар. Осы кезеңде эмбрион болашақ қозғалыс актлерінің элементтері болып табылатын қозғалыстарды жасай бастайды. Олар әлі қызметтік мәнге ие бола алмайды, өйткені жануарлар әлі ортамен контактге түспейді. Этолог А.Д. Слонимнің зерттеулері бойынша ұрықтың қозғалыстары бұлшықеттік іс-әрекетпен байланысты физиологиялық үрдістердің координациясына әсер етеді.

    П.К. Анохиннің жүйелік генез концепциясы бойынша “Қызметтердің дамуы жеке мүшелерде үнемі таңдамалы, фрагментарлы өтеді, бірақ үнемі бір фрагменттің екіншісімен сәйкестігінде және үнемі жұмыс жасайтын жүйені соңғы жасау қағидасы бойынша өтеді” [1].

    Эмбрионалды жетілу және эмбрионалды тәжірибе мәселесін қарастырайық. Американдық ғалым Цин-янг Куо ұрықтың қозғалыстарын болашақ мүшелер ұрығының жаттығулары ретінде қарастырды.. Әрине, жүріс-тұрыстың туа берілген негізін елемеу қате болып табылады, себебі үйрену бос орында өтпейді, ол белгілі-бір тектік ұрықтың дамуы, яғни онтогенездегі түрлік тәжірибенің іске асуы болып табылады.

    Жүріс-тұрыс эмбриогенезінің тұқымдық негізі жаңадан туылғандардың жүріс-тұрысы бірден “дайын түрде”, алдын-ала болатын “эмбрионалды үйренусіз” көрінген кездегі жағдайларда айқын көрінеді. Бұл жаңадан туылғандардың емшек іздеу және сору қозғалыстары, дыбыстық реакциялары және т.б.

    Бұның барлығы – эмбрионалды жаттығусыз қызметтердің пренаталды жетілуінің нәтижесі болып табылады. Тектік бағдарламалардың рөлін көрсететін мысал ретінде кенгуруды алуға болады, оның ұрығы жағымсыз гидротаксистерді пайдалана отырып, анасының құрсағынан шыққаннан кейін бірден анасының қалтасына кіріп алады.

    Толыққанды үйрену эмбриогенездің тек аяқтаушы кезеңдерінде ғана кездеседі, сондықтан “эмбрионалды үйрену” ұғымын “эмбрионалды жаттығу” ұғымымен алмастырған жөн.

    Сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қатынас элементтерінің пренаталды дамуы. Эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде есту мүшесі ата-аналық особтың дауысын ажырату үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Осылайша, эмбрион мен ата-аналық особтың арасында алғашқы коммуникация жасалынады.

  • Тақырып 13. Ерте поснаталды кезеңдегі психиканың дамуы

  •  

    Өмірге келу – бұл ортаның мүлдем басқа жағдайларына түсетін жануар өміріндегі қайталау пункті. Бірақ, жаңа жағдайларда жүріс-тұрыстың туа берілген  элементтерінің жетілуі және олардың постнаталды, индивидуалды тәжірибесімен қосылуы жалғаса береді.

    Ерте постнаталды кезең особтың өмір сүруі үшін ерекше үлкен мәнге ие, себебі осы кезеңде организмнің қоршаған ортамен маңызды өзара қатынастары қалыптасады. Бірақ, жануарлардың кейбір түрлерінде (личинкалық жолмен дамитын төменгі омыртқалылар) жас особтар үлкен особтардан тек дене құырылысы мен өмір сүру жағдайымен ғана емес, сондымен қтара жүріс-тұрысымен, орын ауыстыру және тамақтану тәсілдерімен ажыратылады.

    Жануарлардың постэмбрионалды кезеңі сонымен қатар толық жетіліп- және толық емес жетіліп туылу бойынша ажыратыла алады. Құстардың ішінен толық емес жетіліп туылғандарға – қарғалар, жыртқыш құстар, сүтқоректілерден – кемірушілер мен жыртқыштар жатады. Толық жетіліп туылғандарға құстардан балапандайтындар (тауықтар, үйректер, қаздар), сүтқоректілерден – тұяқтылар жатады. Толық жетіліп туылғандарда, ұзақ уақыт бойы ата-анасының қамқорлығы мен көмегін қажет ететін толық емес жетіліп туылғандарға қарағанда, өмірге келгеннен кейін бірден өз бетіншелік көрсетеді. Осыған қарамастан толық емес жетіліп туылғандықтың өзі жануарларды одан кейін үлкен бейімделу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге қабілетті болып табылады.

    Информация о работе Зоопсихология ғылымының даму тарихы