Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2015 в 15:21, реферат
Жануарлардың психикасы адамдардың қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар – Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.
КІРІСПЕ
Тақырып1.Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Жануарлардың психикасы адамдардың қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады. Антикалық ойшылдарды әсіресе, жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар – Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б. Ламарктың зерттеулерімен байланысты.
Зоопсихологияның дамуына одан кейін Ч. Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті. Ч. Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістерінің пайда болу жалпылығын дәлелдеді, бірақ салыстырмалы психология дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды. «Антропоморфизм» бағыты пайда болды, ол – адаммен аналогиялық түрде алғандадағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.
Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А.Н. Леонтьев қарастырды [5]. Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды. Леонтьевтің айтуы бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық күрделенуге ғана келтірілмейді, тітіркенгіштіктің сапалық жаңа формасы – сезімталдық, яғни – түйсінуге қабілеттілік пайда болады. Отандық зоопсихологияның негізін салушы В.А. Вагнер болып табылады. Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ, бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шайатын антропоморфизмге, сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты. Басқа бағыттар (“психофизикалық параллелизм”) психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына сүйеніп жасалды [12].
Зоопсихология – жануарлық деңгейдегі психикалық бейнеленудің көрінулері, заңдылықтары мен эволюциясы туралы, жануарлардағы психикалық үрдістердің онто- және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайлы және адам санасының алғышарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым. Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті: төменгі және жоғарғы. Төменгі деңгей психикалық бейнеленудің басталуымен байланысты, ал жоғарғысы адам психикасының көрінуімен байланысты. Жануарлардың психикасын олардың жүріс-тұрысынан бөліп қарастыруға болмайды, бірақ жануарлардың жүріс-тұрысын этология ғылымы зерттейді. Бұл ғылымдардың арасында айырмашылықтар бар. Этологтар жүріс-тұрысты жалпы биологиялық көзқарас тұрғысынан зерттейді. Жүріс-тұрыс оларды индивидуалды даму барысындағы және эволюция үрдісіндегі ортаның жағдайларына бейімделу факторы ретінде қызықтырады. Олар көбінесе тіршілік етудің табиғи жағдайларындағы жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысын зерттейді және олар “жүріс-тұрыс биологиясы” теориясын қалыптастырған. Зоопсихология жүріс-тұрыстың психикалық аспектлерін көбінесе лабораториялық жағдайларда зерттейді. Сонда да, бұндай бөліну шартты болып табылады, және бұл екі бағыт өзара тығыз байланыстардың арқасында дамиды.
Зоопсихологиялық зерттеулер үшін қазіргі кездегі техникалар кеңінен пайдаланылатын түрлі әдістер қолданылады. Бұл, бірінші кезекте, табиғи жағдайлардағы жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін аудио- және видео жазба құрылғыларды, электронды чиптер мен компьютерлік техникаларды пайдалану. Сонымен қатар, мынадай зоопсихологияның дәстүрлік әдістері пайдаланылады: 1. жануардың ақыл-ойлық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған “лабиринт” әдісі; 2. “айналма жол” әдісі; 3. дифференциацияланған жаттықтыру әдісі жануардың объектлердің белгілерін ажыратуға қабілеттілігін анықтауға бағытталған; 4. жануардың интеллектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған “мәселелік тор” әдісі; 5. жануардың ашық кеңістіктегі бейімделуін және белсенділігін зерттеуге арналған “ашық алаң” әдісі [12].
Жалпы психологияның түбегейлі мәселелерін шешу үшін, адамның психикалық іс-әрекетінің, оның санасының пайда болу және даму заңдылықтарының биологиялық тамырларын анықтау үшін зоопсихологияның мәнін қайта бағалау қиын болып табылады.
Тақырып3. Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейі
Элементарлы сенсорлық психика дамуының төменгі деңгейіне бірклеткалы жануарлар – қарапайымдылар жатады. Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанымен, керісінше, бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі көпклеткалы жануарлардың түрлері де болады [12].
Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді. Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомоция деп аталады. Қарапайымдыларда локомоция кинездер түрінде іске асырылады. Кинездердің екі түрі бар: ортокинез – ауспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез – қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру.
Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде танылады; биологиялық “нейтралды” белгілер, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіркендіргіштерді іздегеннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.
Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі – әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне – биологиялық мәнді және “нейтралды” тітіркендіргіштердің арасындағы уақыттық байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады. 140-160 сәйкестіктен кейін кейбір инфузорияларда (стенторлар мен сувойктар) жарықтық тітіркендіргішке қысқартылған жауап реакцияларын қалыптастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциативті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.
Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдылардың жүріс-тұрыстары микроәлемнің өзінше ерекше жағдайларында өмір сүруге жеткілікті иілгіш болып келеді. Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы (үнемі болып отыратын клеткалардың бөлінуі) индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.
Тақырып 4.Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі
Бұл деңгейге төменгі көпклеткалы омыртқасыздар – тікентерілілер (иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақыналылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Төменгі көпклеткалы организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық (гидралар); шеңберлік (медузалар); радиальды (теңіз жұлдызшалары); билатеральды (жалпақ құрттар) және “нервтік баспалдақ” (сақиналы құрттар) түрінде кезедеседі. Бұл деңгейде сонымен қатар бас (цефализация үрдісі) және бас миы пайда болады – яғни нервтік элементтердің жинақталуы өтеді.
Жүріс-тұрыстың иілімділігі. Көптікенді сақиналы құрттарда отбасылық жүріс-тұрыстың, агрессивтіліктің және қарым-қатынас элементтерінің бастамалары кездеседі. Бірақ негізгі агрессивтілік пен отбасылық жүріс-тұрыс қозғалыстар сигналдық мәнге ие болған кездегі ритуализациясымен сипатталады. Үйрену әдеттену деңгейінде. Ассоциативті үйренудің нәтижелері ұзақ сақталмайды.
Бұл деңгейдегі жануарларда әлі де болса қолайсыз сыртқы жағдайлардан қашу басым болады, бірақ сонда да жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу жүріс-тұрыста мәнді орын алады. Олардың өмірінде сондай-ақ кинездер мен элементарлы таксистер үлкен рөл атқарады, бірақ сонымен қатар инстинктивті жүріс-тұрыстың күрделі формаларының бастамалары да кездеседі. Алғаш рет кеңістіктегі мәнді біршама дәл және үнемді бейімделуді қамтамасыз ететін жоғарғы таксистер пайда болады.
Тақырып5. Перцептивті психика дамуының төменгі деңгейі
Бұл деңгейде негізгі дағдылар мен қабылдау пайда болады. Элементарлы сенсорлық психикада тек жеке қасиеттердің бейнесі ғана орын алса, бұнда біртұтас бірліктер ретіндегі ортаның заттық компоненттері бейнеленеді. Заттық қабылдау жалпылаудың белгілі-бір деңгейін болжайтын болғандықтан, сезімдік елестер пайда болады.
Бұл деңгейге жоғарғы омыртқасыздар – бас-аяқты моллюскалар мен буынаяқтылар жатады
Нервтік жүйе және сезім мүшелері. Жәндіктердің бас миы – күрделі құрылған жұтқыншақ үстіндегі торап – ол үш бөліктен тұрады: 1- біршама дамыған алдыңғы бөлік (протоцеребрум). Алдыңғы бөлікпен күрделі көзді иннервациялайтын өте ірі көру бөліктерінің жұбы байланысты; 2- мұртшаларды иннервациялайтын ортаңғы бөлік (дейтоцеребрум); 3- ауыздық аппаратты иннервациялайтын артқы бөлік (тритоцеребрум). Мысалы, көру мүшесінің құрылысы күрделі болып келеді (күрделі көз) және ол қабылдау ерекшелігі әлі күнге дейін ғылымға беймәлім болып келген көптеген қарапайым көздерден (омматидий) тұрады. Кейбір түрлерде саны жағынан әртүрлі қарапайым жалғыз көздер де болады
Топтық жүріс-тұрыс пен қарым-қатынас. Бұл деңгейдің өкілдерінде негізгі топтық жүріс-тұрыстың өте күрделі формалары байқалады. Оларда сезімталдықтың барлық түрлері жақсы дамығандықтан, олар барлық сенсорлық каналдар бойынша ақпаратты берумен коммуникацияға қабілетті болып келеді. Қарым-қатынастың инстинктивті формаларының ең жоғарғы деңгейі жүріс-тұрыстың рәсімденуі болып табылады. Рәсімдеу барысында кейбір тектік бекітілген позалар мен дененің қозғалыстары сигналдық, яғни ақпаратты беруші бола бастайды.Осы деңгейдегі жануарларға территорияны маркировкалау мен қорғауда көрінетін территориялық жүріс-тұрыс тән.
Үйрену. Онтогенездегі кез-келген инстинктивті жүріс-тұрыстың қалыптасуы индивидуалды тәжірибені жинақтаумен бірге жүреді, яғни инстинктивті жүріс-тұрыс үйренумен жетілдіріледі. Бірақ бұл деңгейде соңғы орынды инстинктке қатысты бағынышты жағдай алады.
Тақырып6. Перцептивті психика дамуының жоғарғы деңгейі
Перцептивті психика кезеңдері дамуының жоғарғы деңгейіне эволюция үрдісі барысында тек жоғарғы омыртқалылардың өкілдері ғана жетті, олар – құстар мен сүтқоректілер. Инстинктивті жүріс-тұрыс дамуының ерекше жоғарғы деңгейіне жоғарғы омыртқалыларда жануарлардың бір-бірімен рәсімденген қарым-қатынастары жетеді. Қарым-қатынас сферасында жүріс-тұрыстың инстинктивті формалары біршама көп таптауырындыққа қол жеткізіледі. Қатал бекітілген зоопрагматикалық құралдарсыз ақпараттарды беру негізгі бола алмайды. Толық қанды қарым-қатынас сондай-ақ жүріс-тұрыс ауданындағы жоғарғы интеграция үшін – жеке особтардың және тұтас қауымдастықтың жүріс-тұрысының интеграциясы үшін қажетті жағдай болып табылды.
Қозғалыстар. Бұл деңгейдегі жануарлардың локомоторлы қозғалыстары біршама “автоматтанғандардың” қатарына жатады және олардың әртүрлілігі тіршілік етудің арнайы жағдайларына тәуелді болып келеді. Манипуляциялау әсіресе оларға деструктивті әсер етудің барысында заттарды кешендік тексеруге көмектеседі және жануарлардың танымдық қабілеттіліктерін дамытады. Осылайша, алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің прогрессивті дамуы психикалық дамудың факторы болып табылды.
Манипуляциялаудың түрлеріне комфортты жүріс-тұрыс та (денені тазалау) жатады.
Сенсорлық қабілеттіліктер. Жануарлардың сезім мүшелері бұл деңгейде өзінің дамуында жетістікке жетті деп айтуға болады. Бес негізгі сезім мүшелерінен басқа кейбір түрлерде сезімталдықтың ерекше түрлері болады, мысалы, ультрадыбысқа (жарқанат), инфрадыбысқа (кит), инфра қызыл сәулелерге сезімталдық (шұңқыр басты жылан (ямкоголовая змея)) және т.б.
Қарым-қатынас. Жоғарғы омыртқалылардың қарым-қатынас үрдісі барлық сенсорлық каналдарды пайдаланумен өтеді.
Психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Инстинктивті жүріс-тұрыс эволюция үрдісінде өзінің мәнділігін жоғалтпайтын болғандықтан, ол принциптік түрде үйренумен алмаса алмайды, өйткені инстинкт – бұл түрлік тәжірибе, ал үйрену – индивидуалды тәжірибе. Бірақ, академик А.Н. Северцов көрсеткендей, жоғарғы омыртқалыларда, әсіресе сүтқоректілерде, психика үйрену үрдістері дамуының арқасында эволюцияның шешуші факторы мәніне ие болады. Бұнда инстинкттердің мәні толығымен сақталады.
Интеллект сөзі латын тілінен аударғанда Intellectus – таным, түсіну, ақыл-ес деген мағына береді. Оны индивидтің ақыл-ой қабілеттіліктерінің салыстырмалы түрде тұрақты құрылымы ретінде түсінген жөн.
Академик А.Н. Северцов интеллект жануарға біршама үлкен бейімделу тиімділігін береді деп есептеген [8].
Алғаш рет жануарлардың интеллектсін өз жүріс-тұрысын ортаның өзгермелі жағдайларына “келтіру” қабілеттілігі ретінде 1882 жылы Дж. Романес “Жануарлардың ақылы” (“Ум животных”) атты кітапта бейнелеген. Ллойд Морган мен Э. Торндайк антропоморфизмге сын жасап Романесқа қарсы шықты және жауап ретінде жануарлардың психикалық қабілеттіліктерінің қатал критерийлерін қалыптастырды (метод проб и ошибок) [4].
Американдық психолог Э. Толмен 1932 жылы
“Жануарлар мен адамдардың мақсатқа бағытталған
жүріс-тұрысы” (“Целенаправленное поведение
животных и человека”) атты кітап жазды.