Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 19:22, курсовая работа
Жануарлар гигиенасы (ветеринарлық гигиена, зоогигиена) ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді, соның ішінде сыртқы ортаны зерттеп, оны малдарға деген зиянсыз және қолайлы әсер етуі зоогигиена үшін басты мәселе. Жануарлар гигиенасы, ветерианрлық гигиена немесе зоогигиена (грек.zoon-мал, hygienos-дені сау) – малдарды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту туралы ғылым.
Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария (лат. Sanitas-денсаулық) – жануарлар гигиенасының талаптарын рындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ветеринарлық гигиена (жануарлар гигиенасы) –мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
I. Кіріспе..................................................................................3-4
II. Әдебиетке шолу................................................................5-8
ІІІ. Негізгі бөлім.
3.1 Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру........................................................................................................9
3.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс..........................10-11
3.3 Мүйізді ірі қараларды лагерьде ұстау.....................................12-17
3.4 Малдарды жазғы жайылымдарда азықтандыру.....................18-20
IV. Қорытынды.......................................................................21
V. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................22-23
VІ. Қосымшалар.................................................................24-29
Жайылымда бағуға жануарларды да дайындайды: әрбір малды мал дәрігерлік тексеруден өткізеді, тұяқтары тазартылады, сиыр, жас төл және жайып семіртілетін мал табындары қалыптастырылады.
Малды жайылымға шығаруды бірте-бірте іске асырады: алдымен, күндіз бірнеше сағат азықтанған малды жайылымға шығарады да, оларды пішен және сабанмен қосымша қоректендіреді: одан соң 10 күн бойы жаю мерзімі бірте-бірте ұзартылады, бірақ біраз уақытқа дейін малға қосымша азық беріледі, өйткені қарын мен жұмыршақта шөптің ашу процесінде түзілетін газдар көп мөлшерде жиналатын болғандықтан, көк шөп жегенде сиырдың іші бірден кебеді.
Малды жайылымға ерте өргізіп, шық кепкенше шөбі онша бітік емес құрғақ учаскелерге жаяды. Малды 3-4 сағаттан соң жусатып, сауу үшін иіреді. Сауудың алдында және жусағаннан кейін табынды суатқа айдайды, одан соң тағы 3-4 сағат жайып, 1-1,5 сағат жусатады да, тағы суарады. Ыстық күндері малды кешкілікте ұзақ жаяды немесе түнде де жаяды.
Қорытынды
Малды лагерьде ұстаудың гигиеналық маңызы тек құрамында қоректік заттары бойынша мол көк балауса шөптермен қамтамасыз етілумен қатар, жаңа түлікті әсіресе бағудың шынықтырушы, сақайтып-сауықтыратын шара деп те түсінуге болады. Сондықтан жайылымды, күннің жылы шуақ кезеңін барлық малдар үшін қолайлы пайдалану гигиеналық жағынан да әрі шаруашылық жағынан да тиімді.
Жаз мезгілінде ауылдық жерлерде мал шаруашылығының барлық түрлерінің күтімі мен өнімділігін арттыруға жағдай мол. Себебі олар күн сәулесі астында, таза ауада, белоктар мен витаминдерге бай және де тез қорытылатын қоректік шөптермен қоректенеді. Жайылым кезінде жануарлардың бұлшық еттері мен сүйектері қатаяды, шынығады. Бұл әсіресе жас малдар мен бұқаларға аса қажет. Жайылым буаз малдарға, жатырда өсіп келе жатқан төлдерге, сауын сиырлардың өнімділігіне және өсіп келе жатқан төлдерге жақсы әсерін тигізеді.
Мал жаюдың екі түрі болады: еркін немесе жүйесіз және загонды немесе жүйелі.
Шаруашылықтарда жайылымда бағылатын малдарды дайындау және жоспарлау қатаң сақталады.
Жаздық жайылымның тиімділігі – жайылымды дайындауға, көшіруге, айдауға және әртүрлі топ пен түлікке сәйкес өрісті үйлесімді пайдалануға байланысты болады. Жаздық жайылымда түлікті бағудың шынықтырушы, сақайтып-сауықтыратын маңыздылығының мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады. Әрі жазғы жайылымдарда мал организмінің табиғи төзімділігін төмендету мен қатар, зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қораларда баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері (дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі,яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру және т.б. ) жойылуына пайдалы әсерін тигізеді.
Малдан алынатын ет, сүт және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын көтеріп, молайтудың негізгі көзі-оларды дұрыс жайып-бағу болып табылады. Шаруашылықтар үшін ең дұрысы-табиғи жайылымдарды дұрыс пайдалану, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен шыққан жайылымдарға жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы.
Малды дұрыс ұстау, азықтандыру және суарумен қатар, оларды күту мал денсаулығы мен өнімділігі үшін аса қажет.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Гершун В. И. Ветеринарная гигиена./ Тулякова Р.К-Костанай.: Колос, 2005. - 32-36 б.
2) Кузнецов А. Гигиена животных./ Найденский М.С.-Москва.: Колос, 2001.-Б.125-128
3) Кәдіров Н.Т. Жас мал дәрігеріне кеңес./ Гниломедов Д.С. Алматы.: Қайнар, 1973. - 48-53 б.
4) Бәшірова Ж, Мал шаруашылығы негіздері курсын оқыту негіздері./ Жүнісова И. Алматы.: Рауан, 1994.
5) Ставровский А.Е. Мал шаруашылығы практикумы./ Чичков В.А. Алматы.:Мектеп, 1974.
6) Наурызбаев И. Фермадағы мал дәрігерлік дезинфекция. Алматы.: Қайнар, 1975.
7) Мырзабеков Ж. Ветеринарлық гигиена./ Ибрагимов П. Алматы.: Білім, 2005.
8) Испенков А.Е Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах./ . Сапего И.П. Минск.: Урожай, 1984.
9) Волков Г.К. Гигиена крупного рогатого скота на промышленных комплексах. М.: Россельхозиздат, 1978.
10) Кузнецов А.Ф. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. Л.: Агропромиздат,1989.
11) Храшцов В. В., Г. П. Табаков.- Зоогигиена с основанием ветеринарии и санитарии. - Москва, 2004. – С. 70-76.
12) Кузнецов А. Ф. – Гигиена животных, - М.: Колос, 2001.
13) Клейменов Н. И. – Системы вырасщивания крупного рогатого скота. - М.: Росагропромиздат, 1989.
14) Волков Г. К. – Зоогигиена и ветеринарная санитария промышленном животноводстве. – М.: Колос,1982.
15) Волков Г. К. – Гигиена крупного рогатого скота на промышленных комплексах. – М.: Россельхозиздат, 1978.
16) Волков Г. К. – Ветеринарно-санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животноводства. – М.: Колос, 1979.
17) Кузнецов А. Ф.- Гигиена содержания животных (справочник). – Санкт-Петербург, 2004.
18) Кузнецов А. Ф.- Гигиена сельскохозяйственных животных. – М.: Агропромиздат, 1989.
20) Лаптев А. П., Поливский С. А. – Гигиена.- Москва, 1990.
21) Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных (справочное пособие), - М.: Агропромиздат, 1985.
22) Сабденов Қ. С. - Төрт түлік мал. – А.: Агроуниверситет, 2002.
23) Юрков В. М. – Микроклимат животноводческих ферм и комплексов. – М.: Россельхозиздат, 1985.
24) Плященко С. И. – Получение и выращивание здоровых телят. – Минск, 1990.
25) Омарқожаев Н. – Малды құнарлы азықтандыру. – Алматы, 1993.
26) Карелин А. И., Маравин Б. А., - Зоогигиенические основы проектирования, строительства и эксплуатации животноводческих объектов. – М.: Россельхозиздат, 1987.
V. Қосымшалар
Ірі қараларды бағуға арналған жазғы жайылым көріністері
Ірі қара малдарының жайылымда жайылу көрінісі
Жазғы жайылымға арналған қоражайлар