Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 19:22, курсовая работа
Жануарлар гигиенасы (ветеринарлық гигиена, зоогигиена) ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді, соның ішінде сыртқы ортаны зерттеп, оны малдарға деген зиянсыз және қолайлы әсер етуі зоогигиена үшін басты мәселе. Жануарлар гигиенасы, ветерианрлық гигиена немесе зоогигиена (грек.zoon-мал, hygienos-дені сау) – малдарды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту туралы ғылым.
Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария (лат. Sanitas-денсаулық) – жануарлар гигиенасының талаптарын рындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ветеринарлық гигиена (жануарлар гигиенасы) –мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
I. Кіріспе..................................................................................3-4
II. Әдебиетке шолу................................................................5-8
ІІІ. Негізгі бөлім.
3.1 Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру........................................................................................................9
3.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс..........................10-11
3.3 Мүйізді ірі қараларды лагерьде ұстау.....................................12-17
3.4 Малдарды жазғы жайылымдарда азықтандыру.....................18-20
IV. Қорытынды.......................................................................21
V. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................22-23
VІ. Қосымшалар.................................................................24-29
Өріске суаруға мал жүретін жолдар мейлінше кең де еркін жүруге қолайлы (14-25м) әрі жолдан алыс болғаны жөн.
Мал жаюдың екі түрі болады: еркін немесе жүйесіз және загонды немесе жүйелі.
Еркін немесе жүйесіз жаю әдісі жайылым топырағын және өсімдік жабынын жүдетуге әкеп соғады. Бұл әдісте жайылымдағы өнімділігі төмен және мал жемейтін шөптердің көбею есебінен құнды азықтық өсімдіктер (дәнді-бұршақты) ығыстырып, олардың саны азаяды. Нәтижесінде жайылымдық кезеңнің екінші жартысында малда азықтық жетіспеушілік байқалады және олар сапасы төмен шөпті жеуге мәжбүр болады. Жаюдың зиянды салдарын жою үшін, оны дұрыс ұйымдастыру керек. Еркін немесе жүйесіз жаю шаруашылық жағынан да санитарлық-гигиеналық жағынан да тиімсіз. Осы мақсатта загонды әдіс кеңінен қолданылады.
Загондық немесе жүйелі жаю кезінде жайылым бөлек-бөлек алаңдарға бөлінеді, олардың шөбін мал белгілі жүйе арқылы жейді. Алдымен малды бірінші загонда, содан кейін екіншісіне жаяды. Малды жаюдың екінші циклін 25-30 тәуліктен кейін бастайды, себебі бұл уақытта шөп жеткілікті жағдайда өседі. Бұл алаңдар кезек-кезек пайдаланылады. Шөптің шығындылығына байланысты әр 100 сиырға бір күнге 1,5-2 гектар жер бөлінеді. Загондардың шекарасы белгілермен немесе табиғи белгілермен белгіленеді. Загонды әдіспен жаю барысында жайылымның өнімділігі жоғарлайды және оның санитариялық жағдайы жақсарады.
Псков облысының көптеген колхоз, совхоздарында бұзау бағуда тұрақты лагерь тәсілі қолданылып келеді. Бұл әсіресе профилактикалық диктиокаулез кезінде жақсы нәтиже береді. Диктиокаулез таралған шаруашылықтар бұл ауру бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Бұзауларға ақпалы су көздеріне жақын орналасқан құрғақ жайылымдар бөлінеді. Биыл туылған бұзауларды былтыр туылған бұзаулармен, сиырлармен және басқа малдармен жаюға тиым салынады. Бұзауларды балшықты немесе тұрып қалған сулардан суаруға болмайды.
Гельминтоздық ауруларға қарсы жалпы профилактикалық шара жайылым ауыстырумен қатар, балшықты жерлерді құрғату және балшықты жерлерге жаюға қарсы тиым салу болып табылады.
Бақташы табынның алдында, көмекшісі табынның артында, малды жан-жаққа шашыратпай аяқ астынан жаю тиімді болып табылады. Әр 30 минут сайын табынды демалдырып, ыстық күндері малды желге қарсы, ал салқын күндері ыққа қарай баққан дұрыс.
Қайта ыстық күндері қан сорғыш насекомдар шыққан кезде малды күндіз демалдырып, концентрат қосылған көк шөп беріп, түнде жайған тиімді.
Ауа-райының жақсы күндері жайып, жаман күндері демалтып, күн тәртібі бойынша жайған дұрыс. Жайылым уақыты жаздың басында 10-12 сағат, ортасында 12-14 сағат, ал жаздың аяғында 8-10 сағат.
Малдың ішек ауруларын, іші өтуін болдырмау үшін, оларды сұлы, жүгері тұқымдас өсімдіктер өскен жайылымға таңмен ерте шық кеппей немесе жаңбырдан кейін жаюға болмайды.
Жас көк шөптен кейін суаруға болмайды. Жайылымнан тұрақты қорекке салқын түсерден 15 күн бұрын жайлап көшіру қажет.
Мал шаруашылығын жоспарлы түрде жүргізу, өнімділігін арттыру, қоректік азықты арзандату бағытында Солтүстік-Батыс аймақтардың колхоз-совхоздарында мәдени өсімдіктерді өсіру жолға қойылған.
Балтық республикаларында, сондай-ақ Калининград, Ленинград, Псков, Москва және тағы басқа облыстарда мәдени өсімдіктерді өсіріп, дұрыс пайдалану арқасында қорек базасын жақсартып, жаз бойы көк шөппен қамтамасыз етіп, малдың өнімділігін арттырып отырады.
Ақпаратқа сүйенетін болсақ Балтық республикасында, Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығын ғылыми зерттеу институтында «Белогорка» тәжірибелік шаруашылығында көп жылдық мәдени шабындық жерлерден гектарына 2500-3000 қоректік бірлік алынды. Псков облысы Великолук ауданы Куйбышев атындағы колхозда мәдени өсімдіктер шабындығынан орташа есеппен гектарына 2500-3000 бірлік өнім алынса, табиғи шабындықтардан 800 бірлік өнім алынды. Ал сүт өнімділігі бір сиырға 500 кг-ға өсті.
Осындай өнім алу үшін дәнді-дақылдардан гектарына 20-30 центнер өнім алу қажет. Дәнді-дақыл шаруашылығында шығын өте көп кетеді, әр түрлі жеңіл қорытылатын, витаминге, макроэлементтерге, қоректік заттарға бай көк шөпті алмастыра алмайды.
Мәдени өсімдіктер өнімділігі мен қоректілігі мал өнімділігін арттырады. Ақпарат бойынша Эстон ССР-да мәдени өсімдіктерден дайындалған өнім басқа қоректік өнімдерге қарағанда 4-5 есе арзан. Сондықтан мал өнімдері де арзан. Эстония мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қорытындысы бойынша 1 центнер сүттің құны 2 сом. Бұл уақытта мал 85-95% мәдени өсімдіктермен қоректенеді.
Өкінішке орай көптеген колхоздар мен совхоздарда мәдени өсімдіктер өсіру жолға қойылмаған. Бұтақты, төмпешікті, балшықты болған соң бұл жайылымдардан өнім аз түседі. Бұл жайылымдарда қоректік шөптер аз, сонымен қатар инфекциялық ауру тарататын қан сорғыш насекомдар, тас кенелер көп болады. Мәдени өсімдіктер егілген жайылымдарда санитарлық-гигиеналық шаралар жақсы сақталады. Бұл мал басын сақтауға, көптеген аурулардың алдын алуға септігін тигізеді.
Агротехника саласында көп жылдық мәдени өсімдіктерді өсіруде құрамында минералдық заттар, белоктар, витаминдер, қоректік заттарға бай өсімдіктер таңдалып алынады. Куйбышев атындағы колхозда тұқым себерде 8 кг тимофеевка, 3 кг ақ клевер, 6 кг мяталы жуа, 8 кг жиналмалы кірпі, барлығы гектарына 25 кг құрайды.
Органикалық және минералдық тыңайтқыштар осы жердің геохимиялық ерекшеліктеріне байланысты топырақтағы қоректік заттарды, микроэлементтерді арттырады. Бұл көп жылдық мәдени өсімдіктер жануарларға жақсы қорек беріп, олардың күйі мен жақсы өнім беруіне септігін тигізеді.
Мәдени жайылымдарды пайдаланған кезде жануарлардың өнімділігін сақтауға күш салу керек. Бұл үшін көктемгі егу жұмыстарын уақытында жүргізу керек. Егу жұмыстарын шөп көктеп 12-15 см болғаннан, 12-15 күннен кейін бастау қажет. Ерте немесе жай егілген жағдайда жайылымның өнімділігі төмендейді. Күзгі мал жаюды, қыста керекті қор жинау үшін және көктемде тез жетілу үшін шөп қурап-солудан 25-30 күн бұрын тоқтатқан дұрыс.
Мәдени өсімдіктер өскен жайылымды пайдаланудың өз реті бар. Көп қолданылатын загондық жайылым және телімдік жайылым.
Загондық жайылым кезінде мал әр загонда кезекпен жайылады. Бұл кезде әр пайдаланылған загонға 20-40 күн аралығында мал түсімиді. Осы уақыт ішінде жайылым қайтадан қалпына келеді. Бір загонда малды 5-6 күн жаю керек. Гельминтоздық аурулар таралмау үшін бір загонда малды 6 күннен артық жаюға болмайды.
Шет елдерде көп таралған телімдік жаю кезінде жайылымның өнімділігі загондық жайылымға қарағанда жоғары. Бұл тәсіл ені 0,6-0,8 м, ал ұзындығы бір сиырға 1,5 м малдың санына байланысты жүзеге асырылады. Әр телім жылжымалы электрлі қоршаулармен бөлінеді. Телімнің шөбі желініп болған соң қоршау 0,6-0,8 м жылжытылады. Бұл тәсіл кезінде мал тапалмаған, сапалы санитарлық-гигиеналық қоректі шөппен қоректенеді. Ақпарат көздеріне қарасақ, телімдік жайылым кезінде жайылымның өнімділігі загондық жайылымға қарағанда 20-25 % жоғары.
Жайылымды пайдалану мүмкіндігіне сәйкес маусымдық немесе жыл бойы пайдаланатын деп бөледі. Практикада жайылымда бағудың бірнеше түрін пайдаланады:
1. Стационарлық немесе тұрақты бағу-малды күніне фермадан көп қашық емес өріске шығарады да, тұрақты қораға қайта айдап кіргізеді;
2. Лагерьлі-жайылымдық бағу-түлікті өрісте де, лагерьде де бағады;
3. Тұрақты лагерьде бағу-малды жабдықталған лагерьлік қораларда ұстап, орылған көк шөпті береді.
4. Сырт жайылымда бағу түрі-малды шаруашылықтан әр түрлі қашықтықта орналасқан маусымдық жайлауда бағады.
Жаз маусымында бұзаулаған сауын сиырларды арнайы жабдықталған лагерьде бағылғаны дұрыс. Оның дәл ортасында орналасқан жақсы табиғи жайылым шалғынды жас екпе шөпті алаңы болса ол экономикалық жағынан әрі шаруашылықты ұйымдастыру және зоогигиеналық сақтандыру тұрғысынан аса тиімді.
Ірі фермаларда тұқымдық өсім малын жайылыммен қамтамасыз ету үшін оның жұмысы физиологиялық жағдайын ескере лагерьде қысқы бағым-күтім талабы бойынша бағу керек.
Қолда-лагерьде бағу жүйесінде мал жайылым кезеңінде жеңіл жаппалармен, басқа да қосалқы қора-жайлармен, сондай-ақ сауын қондырғыларымен жабдықталған жазғы лагерьде ұсталады. Мал ұстаудың бұл жүйесі оның денсаулығына оңды әсерін тигізеді және ол малды қыста қолда бағу үшін де кезінде негізгі фермада жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ малдәрігерлік-санитариялық сақтық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
3.4 Малдарды жазғы жайылымдарда азықтандыру
Біздің еліміздің көптеген аудандарында жазғы кездері малды табиғи немесе екпе жайылымдарда бағады. Малдар таза ауалы жайылымда жүріп, күн шуағының әсерімен шынығады, малдың жемге деген зауқы жақсара түседі, зат алмасу процесі күшейіп, әр түрлі аураларға төзімді келеді. Белокқа және басқа да оңай қорытылатын қоректік заттарға, сол сияқты витаминдер мен минералдық тұздарға бай балауса азық төлдің өсуін күшейтеді және сиырлардың сүттілігін арттырады, сөйтіп бұдан шаруашылық өзіндік құны неғұрлым төмен сүт алады.
Егер жайылым фермадан қашықта орналасқандықтан малды күн сайын саууға, үстеме азықтандыруға, тынықтыруға және түнетуге айдап келуге тиімді болмаса, онда малды жайылымдық-лагерьлік әдіспен бағады.
Лагерь үшін өктем желден қорғалған, жайылымдық жерлер және азықтық дақылдар егісі мен су көздеріне жақын орналасқан құрғақ, көтеріңкі жер таңдалып алынады.Таңдап алынған учаскеге бір немесе барлық жағынан ашық, суарғыш және көк балаусамен басқа да азықтарды тракторлы азық таратқышпен салуға арналған оттықтармен жабдықталған жеңіл қалқа жасайды.
Сиырларды жазда лагерьде бағу жұмысын жергілікті жағдайларға байланысты әр түрлі ұйымдастырады. Қала маңындағы зоналардағы сияқты, жайылымдық жерлері өте аз, егіншілік қарқынды дамыған аудандарда жаңа шабылған көк балаусаны малға оттық салып береді. Бағу жүйесі осылай ұйымдастырылғанда малға күн сайын өрісте 4-6 сағат бой жазуға мүмкіндік болады.
Малды лагерьде баққанда оларды бүкіл жаз бойы үздіксіз көк балаусамен қамтамасыз ету үшін жасыл конвейер-мал азықтық дақылдар мен олардың қоспасын әр түрлі мерзімде егу жұмысын ұйымдастырады. Жасыл конвейер әр түрлі климаттық-топырақ зоналарында әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, Ленин тауларындағы Владимир Ильич атындағы колхозда жасыл конвейердің мынадай схемасы қолданылады.
1-кесте
Орманды-шабындық аймақтағы мүйізді ірі қараға арналған жасыл конвейердің схемасы
Пайдалану мерзімі |
Дақылдардың аттары |
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз және қыркүйек |
Табиғи жайылым+күздік сиыржоңышқа аралас күздік қара бидаймен қосымша азықтандыру Табиғи жайылым+қарабас шалғын аралас беде Шабындық көрпекөгі+бірінші мерзімдегі егістіктің сиыржоңышқа, сұлы қоспасы Шабындық көрпекөгі+қарабас шалғын аралас беде Шабындық көрпекөгі+екінші мерзімдегі егістіктің сиыржоңышқа, сұлы қоспасы, көк балаусаға арналған жүгері, қарабас шалғын аралас беде көрпекөгі |
Едәуір көлемдегі жайылымдары бар және малды тек қана қосымша азықтандыруды қажет ететін орманды-шабындық аймақта жасыл конвейерлі жайылымды пайдалану ережесін еске ала отырып, ұйымдастырады. Мысалы, мүйізді ірі қара үшін жасыл конвейердің мынадай схемасын (жобасын) пайдаланады.
2-кесте
Владимир Ильич атындағы колхоздың жасыл конвейернің схемасы
Дақылдардың аты |
егу |
пайдалану |
Пайдаланған күндер саны |
Күздік қара бидай Күздік сиыржоңышқа аралас күздік бидай Қарабас шалғын аралас беде I мерзімдегі сиыржоңышқа-сұлы, бұршақ-сұлы қоспасы II мерзімдегі сиыржоңышқа- сұлы, бұршақ-сұлы қоспасы III мерзімдегі сиыржоңышқа- сұлы, бұршақ-сұлы қоспасы I мерзімдегі көк балаусаға арналған жүгері II мерзімдегі көк балаусаға арналған жүгері Қабақша және асқабақ Көрпекөк беде
|
Күз
Өткен жаз
12/ V
12/ V
23-28/VI
20/ V
3/ VI 1/ VI 1/ VI |
20-24/V
30/ V -15/VI 16-30V/VI
1-15/VII
16-20/VII
21/VII-5/VIII
1-10/VIII
11-31/VIII 11/VIII-10/IX 1-30/IX |
5
17 15
15
5
16
10
21 31 30 |
Малды жайылымда ұстауда жайылымды дұрыс пайдалану жағдайын ескереді, мұнда жер бедері мен өсімдіктің ботаникалық құрамына сәйкес малды өрістеде бағу жүйесін қолданады. Малды өріске шығарарда жайылымдық учаскелерін дайындайды-қоқыстарды, тастарды жинайды, ірі арам шөптер мен улы шөптерді, көртышқан індерін жояды, батпақты жерлерді құрғатады немесе оларды қоршайды,жануарлар лайланған, ауру таралған су ішпес үшін суат немесе механикаландырылған суат пунктін жасайды.
Табиғи жайылымдардың өнімділігі төмен болса, оларды негізінен жақсарту шарасын қолданады да, ұзақ мерзімге арналған мәдени өріс жасайды,мұны да қашарларға бөліп, оларды пайдалануды жоспарлайды.