Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2014 в 19:22, курсовая работа
Жануарлар гигиенасы (ветеринарлық гигиена, зоогигиена) ілімі мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру, аурулардың алдын алу, малдың өнімділігін көтеру және олардан мол өнім өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді, соның ішінде сыртқы ортаны зерттеп, оны малдарға деген зиянсыз және қолайлы әсер етуі зоогигиена үшін басты мәселе. Жануарлар гигиенасы, ветерианрлық гигиена немесе зоогигиена (грек.zoon-мал, hygienos-дені сау) – малдарды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту туралы ғылым.
Ветеринарлық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек. Санитария (лат. Sanitas-денсаулық) – жануарлар гигиенасының талаптарын рындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы болса, ветеринарлық гигиена (жануарлар гигиенасы) –мал күтімін жақсартып, ауруларын болдырмауға, олардың мол өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
I. Кіріспе..................................................................................3-4
II. Әдебиетке шолу................................................................5-8
ІІІ. Негізгі бөлім.
3.1 Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру........................................................................................................9
3.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс..........................10-11
3.3 Мүйізді ірі қараларды лагерьде ұстау.....................................12-17
3.4 Малдарды жазғы жайылымдарда азықтандыру.....................18-20
IV. Қорытынды.......................................................................21
V. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................22-23
VІ. Қосымшалар.................................................................24-29
Жаз мезгілінде ауылдық жерлерде мал шаруашылығының барлық түрлерінің күтімі мен өнімділігін арттыруға жағдай мол. Себебі олар күн сәулесі астында, таза ауада, белоктар мен витаминдерге бай және де тез қорытылатын қоректік шөптермен қоректенеді. Жайылым кезінде жануарлардың бұлшық еттері мен сүйектері қатаяды, шынығады.Бұл әсіресе жас малдар мен бұқаларға аса қажет. Жайылым буаз малдарға, жатырда өсіп келе жатқан төлдерге, сауын сиырлардың өнімділігіне және өсіп келе жатқан төлдерге жақсы әсерін тигізеді.
ІІІ. Негізгі бөлім
3.1 Малдарды жайылымға бағуға дайындау және ауыстыру
Малдарды жайылымда ұстауға ауыстырар алдында шаруашылықтың ветеринарлық шараларының жоспары бойынша малды тексереді және ветеринарлық-санитарлық шаралар жүргізіледі:
-әлсіз, ауру және ауруға күдікті малдарды анықтайды;
-сәйкесінше ем тағайындайды;
-созылмалы індеттерді (туберкулез, бруцеллез) анықтау үшін арнайы диагностикалық зерттеулер (туберкулинизация және т.б.)
Індетті ауру малдарды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринарлық заңдылықтарға сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық зерттеулер жүргізіледі. Ауру малдар және қарауыл итттерді дегельминтизациялайды. Тері бөгелегімен (оқыра) зақымданған (гиподерматоз) барлық малды тоғышардың балаң құртын жою үшін арнайы өңдеуден өткізіледі.
Жайылымға шығар алдында малдарға топырақ індеттерінің (топалаң, қарасаң және т.б.) алдын алу үшін осы ауруларға қарсы вакцина егеді.
Жайылымда ұстауға дайындық барысында малдың тұяғын қысқартады, ал жылқыларда тағалайды. Жайылымдық топтарды (үйір, отар, табын) құру үшін малдардың таңбаларын және сырғаларының нөмірін тексереді, тірілей салмақтарын анықтайды және жынысына, жасына, өнімділіктеріне, денсаулықтарының жағдайларына қарай топтайды.
Малды жайылымда ұстауға ауыстырар кезінде мал органимздерінің азықтандыру жағдайларының өзгерулеріне дайындаудың маңызы зор. Балауса көк шөптерді малдарға бірден тойдыра жегізуге болмайды, себебі, көп жағдайда диарея, тимпания және өнімділіктің төмендеуімен сипатталатын ас қорыту жүйелерінің бұзылуы байқалады, ал кейбір жағдайларда ол іш тастаумен, жайылымдық тетаниямен және басқа да асқынулармен сипатталуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 7-10 тәулік ішінде азықтық рационды өзгертеді, яғни шырынды көк шөптің мөлшерін төмендетеді. Осы мақсатта жайылымға шығар алдында малдарды құрғақ азықпен азықтандырады, яғни мал көк шөпке қатты тойып кетпес үшін.
Жайылымдық ұстаудың басында малдарды 2-3 сағат қана жаяды және 7-10 күн ішінде малдарды көк шөпке толық үйрету мақсатында біртіндеп жайылымға жаю уақытын ұзарта береді.
3.2 Жазғы өріске жіберілер алдындағы тексеріс
Жайылымға шығарыларда барлық мал ветеринарлық-гигиеналық бақылаудан өтуге тиіс. Ауру және әлсіз мал жеке топтастырылып, жақын жердегі жақсы өріске шығарылады. Малды қалай болса солай, бет-бетімен жаюға болмайды. Өйткені олар өрістегі шөптің құнарлығын отайтады да, қалғандарын таптап өте шығады. Мұның салдарынан жайылымды арам шөп басып кетеді. Малды бетімен жаю көптеген жұқпалы және инвазиялық аурулардың етек алуына әкеп соқтырады. Сондықтан да кейінгі жылдары жайылымды учаскелерге бөлу ісіне ерекше назар аударылуда. Әрбір қой отарының өзіне бекітіп берілген жері, загондары болады. Бір учаскенің шөбі оталып бітсе, малды екінші учаскеге көшіреді, сөйтіп жайылым шөбінің әрдайым бітік болуына назар аударылады. Осылай ұйымдастырылған жайылымда мал тез қоңданады, оның өнімділігі артады. Мал арасында құрт аурулары азаяды. Жайылым учаскелері уақытында ауыстырылып, өрісте мал бағу жұмысы реттелсе, мәселен, қой, бұзау диктиокаулезінен, ірі қара гемонхозынан, жылқы параскаридозынан т.б. аурулардан арылуға болады. Мұндағы негізгі шара-жайылымдағы малға биологиялық жолмен дегельминтизация жасау (К.И.Скрябин), яғни оның ішіндегі құртты табиғи жолмен айдап шығып, құрту. Бұл әдіс мынаған негізделген: малдың нәжісіне ілесіп шыққан құрт жұмыртқалары мен личинкалары 8-9 күнде өсіп жетіледі де, сау малдың денесіне еніп (шөппен бірге), оны ауруға шалдықтырады. Ал жайылым 5-6 күнде ауыстырылса, құрт ауру тудыратын сатыға дейін өсіп жетіле алмайды, демек, ондай құрт мал үшін қауіпті емес. Құрт личинкалары оңтүстіктегі аудандарда 3-6 ай бойы өлмей, жайылымда тіршілік ете береді, ал солтүстікте тіпті жыл бойы сақталады. Сондықтан осы мерзім ішінде ондай жайылымда мал жаюға болмайды. Жайылым ауыстыру сондай-ақ ірі қара мен жылқыға ауру тарататын Ixodes ricinus, Dermocenter reticulatum, Boofilus кенелеріне қарсы бағытталған пәрменді шара. Кене мал денесінде 21-24 күн қан сорады да, жерге түсіп, мұнда 7 ай бойы аш жатқанмен өлмейді. Егер мал 8 ай өтісімен өріске шықса, ол ауруға шалдықпайды, өйткені бұл мерзімге қарсы кенелер қырылып қалады. Малды бір учаскеден екінші таза учаскеге айдарда тоғытып алады, сөйтіп оның денесіне жабысқан кенелерді өлтіреді.
Малды көктемде жайылымға шығарарда жеке-жеке қарап шығып, олардың арасында арық-тұрақтары болса оқшаулап емдейді. Белгілі жоспарға байланысты малды вакцинамен, сары сумен егеді. Жайылымда кездескен шөпшек, қауларды өртеп жібереді. Мұның нәтижесінде иксод кенелері жалынға шарпылып, қырылады. Мал арасына жұқпалы ауру таратып алмау үшін оны қорымнан аулақ бағу керек. Қорымның айналасын мал кіре алмайтындай етіп, қоршап тастаған жөн.
Жазғы өріске жіберілер қарсаңында барлық мал сібір жарасы, тілме т.б. ауруларға қарсы егіледі. Құлақ сырғалары түсіп қалғандары қалпына келтіріледі, өсіп кеткен тұяқтары жоңылады, сүзеген малдың мүйізінің ұшы кесіледі.
Ішек-қарын ауруларынан сақтану үшін жаңбыр мен шықтан кейін малды жоңышқа мен бедеге жаюға тиым салынады. Сол сияқты малды батпақты жайылымдарға жаюға болмайды.
Мал қораларының таза, құрғақ болуы, онда өкпек желдің соқпауы, улы газдардың болмауы қадағаланады. Қоралардағы ауаның температурасы мен ылғалдылығы мынадай: сиыр қораларында температура 10градус, ылғалдылығы 85%; жылу берілмейтін бұзау қорасында температура 5градус, ылғалдылығы 75%; бұзаулайтын бөлімше мен профилакторияларда тиісінше 12 және 70, бордақылаудағы шошқа қорасында 16 және 75 болады.
Қораның температурасы мен оның ылғалдылық дәрежесі желдеткіштің системасына, төсеніштің түрі мен қалыңдылығына, қабырға мен төбені жапқан материалдың сапасы мен түріне байланысты. Егер қора өте ылғалды болған жағдайда онда еденге сөндірілмеген әк пен ағаш ұнтағын араластырып (1:3) төгу керек. Қораның микроклиматын жақсарту үшін төсенішке суперфосфат (бір шаршы метріне 200г) себуі пайдалы. Бұл аммиактарды байланыстырып, көңдегі азотты молайтады.
Малдың қажетті төсеніші болуы шарт.
Төсеніш болмаған қораларда төлдейтін малдардың іш тастап, суық тигеннен болатын әр түрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Төсеніш мынадай мөлшерде төселуі тиіс: сабан (күніне әрбір басқа): сауын сиырға 2,5 кг, ірі қараның төлі мен шошқаға 1,5-2 кг, жылқыға 2-2,5 кг.
Қорадағы температураның бірқалыпты болуы желдеткіштің түзіктігіне байланысты, яғни бұл қора құрғақ болады деген сөз. Мұның өзі малдың өнімділігін арттырады. Желдеткіші жақсы қораларда көгілдір ультра сәулелер жалпы желдеткіші жоқ қоралармен салыстырғанда екі есеге жуық көп болады.
Терезе әйнегі неғұрлым таза болса, одан көгілдір ультра сәулелері мол түсетіндігі анықталады.
3.3 Мүйізді ірі қара малын лагерьде ұстау
Ірі қара малын жайып бағу біздің жердің табиғи ерекшелігіне байланысты мамыр айының екінші жартысында басталады. Бұл жағдайда малды жазғы лагерьге орналастырады немесе түнгі мезгілде, сауын кезінде аулаға айдап келіп, далаға жайып бағады. Жайып бағу тәсілін мал аулалары жақын болған жағдайда қолданған дұрыс. Өкінішке орай бұл тәсілді мал аулалары қашық болған жағдайда қолдана береді. Ал қашық жерден айдалып келген мал шаршап, оның өнім беруі де төмендейді.
Тәжірибе бойынша жайып баққан малдан лагерьде тұрған малдың өнімділігі жоғары екенін білеміз.
Малды дұрыс жайып бағу үшін шаруашылық ұйымдастыру, зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық шаралар дұрыс жолға қойылу қажет. Әр көктем сайын қар суы кеткен соң жайылымға бөлінген жерлерді қарап шығу қажет. Жақсы қоректік және мол өнім алу үшін барлық жайылымдар тазартылып, мәдени жағдайға келтірілуі қажет.
Жайылым жерлерді жақсартуды оның бұталардан, түбірлерден, тастардан және балшық жерлерді кептіруден бастау қажет.
Сібір жарасы, эмфизиматозды карбункул, сіреспе және тағы басқа аурулар шығып, мал шығыны болған жайылымдар мал жаюға жарамсыз болып табылады.
Терең шұңқырлар мен құдықтар қоршалу қажет. Мал жайылатын жердегі жолдар, көпірлер дұрысталып, барлық жерлер құрғатылу керек.
Жайып бағу мезгілінде аурулардың алдын алу мен мал өнімділігін арттыру суару жағдайын ұйымдастыруға байланысты. Мал жайылымға шықпастан бұрын су көздері мен суаратын жерлерді ұйымдастыру қажет. Ірі қара мен төлдер үшін суаратын жердің қашықтығы 1,5-2 км аспауы шарт. Жайылымда табиғи су көздері жоқ болса, жаңа құдықтар қазылуға тиіс. Суаруды автоцистернаның көмегіменде жүзеге асыруға болады.
Табиғи су көздерінің келетін жерлеріне жақсы жағдай жасап, балшықты жерлеріне құм төгіп, тас немесе тақтай төсеу қажет. Мал суға түсіп ластамау үшін өзен, көлдердің жағасын мал суға түспей ішетін етіп қоршау қажет.
Табиғи су көздерінің маңынан су ішетін алаңқайлар әзірлеу тиімді болып табылады. Астауға шланганың көмегімен механикалық тәсілмен суару немесе инфильтрациялық құдықтар жасау тиімді болып есептелінеді. Осылайша малды таза әрі жақсы сумен қамтамасыз етуге болады.
Жайылым жерлерді әзірлеумен қатар мал басын ветеринарлық-санитарлық тексеруден өткізіп, малдың әлсіз, ауру, көтеремдерін бөлек топқа шығарады. Жұқпалы аурулар байқалған жерлерде малға егу жұмыстарын жүргізу керек. Малдың тұяқтарын тазалап кеседі және сүзетін сиырлардың мүйіздерінің ұшын кеседі. Жайылымға шықпас бұрын малдың таңбасы мен нөмерлері тексеріліп, тірі салмағы өлшеніп, гурталарға бөлініп, бақташыларға тапсырылады.
Ауладағы малды жайылымға 7-10 күн ішінде жайлап көк шөп пен құрғақ шөпті қатар жегізіп үйрету қажет. Жайылымға әлсіз, көтерем және бұзаулар мен жаңа бұзауланған сиырларды аса сақтықпен көшіру қажет.
Жайылымға жер кеуіп, шөп қатайып, ұзындығы 10-12см болғанда шығарады. Ерте шығарса жайылым жерлерге көп зиян келеді.
Лагерьді тегіс, сәл биіктеу, оңтүстік жағы ылдилау, суға езілмейтін, қаттылау, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары жоқ жерге орналастырылу қажет.
Лагерьде жабық қора, тек төбесі жабылған қора, мал төлдейтін қора, төбесі жабылған мал тұратын қора, күбір сақтайтын орын және жақсы қоршалған мұзы бар сүт қоятын ұра, аптечкасы бар жұмысшылар дем алатын орын болуы керек.
Төбесі ағашпен жабылған ашық лагерьлер жасаған дұрыс. Мұнда астау мен бас жібі мен (ені 1,1-1,2м, ұзындығы 1,9-2м) орындар әзірленеді. Едені тақтай немесе тазалап тұрса саз балшықты болғаны жөн. Еденнің бір жағын ылди қылып, оған канализациялық жыралар жасалу керек.
Аспа қоралар мол өнім беретін сауылатын сиырлар және айы алға дейінгі бұзауларға пана болады.
Мал бұл аспа қора астында тек сауын кезінде, концентрат қосылған көк шөппен тамақтану кезінде, ауа-райы бұзылған жағдайда немесе күн өте ыстық болған кезде тұрады. Басқа уақытта жайылымда болады.
Лагерьдегі мал иірілетін түнеме тұрақ жасау үшін алаң таңдалып алынады. Топырағы нығыз, қатты су сіңіргіш, тегіс немесе оңтүстікке қарай еңістеу жер өте қолайлы. Әлбетте батпақты жерден қашық, жолдан алыс, бірақ пішендік, шабындыққа және суару көздеріне жақын орналасуы жөн, сонымен қатар мал айдап өтуге, жем-шөп тасымалдауға қолайлы болғаны дұрыс. Сиырға арналған кешенді лагерьде төмендегі ғимараттар (құрылыстар) болуын ескеру қажет:
-жеңіл типтегі қаша, қоршаулар;
-жемдейтін ақыр, науа, суаратын жүйе және жылжымалы сауын қондырғыларымен жабдықталған (ірі шаруашылықтар үшін), жемдеу мен саууға арналған қаша, қалқалар, лапастар;
-сиырды жасанды ұрықтандыру орны (пункті);
-сүт салқындататын
-ыдыстар мен қондырғыларды
Жеңіл типтегі қоршаулы қашарлар жасы мен өнімділігіне қарай түрлі секцияларға бөлінеді.
Жауын-шашын жиі жауатын салқын өлкелерде тууға таяған буаз немесе бұзаулаған сиырлар үшін қоршаулы қалқанды үш жағынан тарту керек. Ал лагерь тұрақты пайдаланылатын болса еден, дәліз, көліксуат құбырландырылған жүйенің элементтерімен жабдықталады. Профилактория секцияларында бұзауларға арналған жеке және топтық клеткалар орнатылады.
Егер сиыр тұрақты орында бағылса автоматты байлау жібі пайдаланылады. Сиыр тасымалы шелекпен сауылса лагерьдің тұрағының ортасында жол өтетіндей етіп орналастырады. Ақыр науалар қалқаның бойымен орналастырылады. Солтүстік аудандарда өкпек суық желден қорғау үшін қалқан П әрпі пішінінде орнатады.
Лагерьдің құрылыстарын орналастыру жобасы әрқалай. Ол орналасатын түліктің топтарына (үлкен-кішілігіне) және т.б. жағдайларға байланысты болады.
Егер суару табиғи су көздерінен (өзен, көл, тоған, құдық т.б.) жүргізілетін болса мына талаптарды орындау қажет: судың гигиеналық анализі және санитариялық тексеріс; су тұтыну мөлшері, қажет болған жағдайда су тазарту; құдықты жөндеу және жағалауды бекіту және ашық су жағалауын қоршау; суға түсетін жол, соқпақ салу; суару алаңын көркейтіп жабдықтау; су ішетін науа орнату және түліктің тобына, жасына сәйкес суару кезегін ұйымдастырумен қатар суару алаңы мен науа тазалығын сақтау, т.б.