Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 05:26, курсовая работа
Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады.
Қысқартулар
.....2
Анықтамалар
.....3
Кіріспе
…..4
1
Негізгі бөлім
…..6
1.1
Құстардың Ньюкасл ауруы
…..6
1.2.
Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
…..11
1.3.
Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
…..14
1.3.1
Ньюкасл ауруын алдын алу шаралары
.....15
1.3.2
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
.....15
1.4
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қырықбаев С.Т., магистранты, Нұрғазы Б.Ө., Мауланов А.З. ветеринария ғылымдарынның доктарларының құстардың ньюкасл ауруын анықтаған жұмыстары.
…..19
Қорытынды
…..22
Қолданылған әдебиеттер тізімі
…..23
Құс аурулары – әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б. көптеген Құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесекүркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа құстарға жұғады. Құс безгегін безгек масасы таратады. Табиғи жағдайда Қазақстанда құс безгегі кездеспейді. Тәжірибе жүзінде тауықтар арнайы жұқтырғанда ғана ауырады. Шөжелер ауырса түгелдей өледі, ересек құстар жазылып кеткенімен, бірнеше айдан екі жылға дейін денесінде ауру қоздырушысы сақталады. Құс шешегінің клиникалық сипаты шешектік және дифтериялық болып бөлінеді, ол ультравирустан жұғады. Ауру құстардың қауырсындары ұйпалақтанып, қанаттары салбырап кетеді, кейіннен айдар, сырға, тұмсық астында дөңгелек қызыл бөрткендер пайда болып қатаяды да, көбейе бастайды. Кейбіреулері іріңді жараға айналса, бірқатары қатайып сүйелденеді. Бұл ауру тауықтардың 5 — 10%-ын (кейде 70%-ға дейін), ал кептер мен көгершіндерді 3 — 10%-ға дейін өлімге душар етеді. Көбіне бір науадан жем, су ішкен кезде жұғады. Құстарда жиі кездесетін ауру — сүзек (қ. Құс сүзегі). Құстардың денесі оқыс жараланған кезде тетани бактериясының уы тараған соң, барлық бұлшық еттерінің жиырылып, тартылып қалуын құс тырысқағы деп атайды. Ауырған құстардың аяғы тартылады, жүре алмайды, мойны созылып, бұлшық еттері қатаяды, тұмсығын аша алмай, қатты дірілдейді, қанаттары денесіне жабысып қалады. Құстар ауырған кезде жем-суға зауқы болмайды. Құс ауруларының алдын алу үшін ересек тауықтар мен шөжелерді жеке бөліп бағады, қора-қопсыны таза ұстап, ауланы, қоршалған алаңдарды жылына бір рет жыртады, жоспарлы түрде гельминттерден арылту шаралары жүргізіледі. Алдын алу мақсатында вакцина егеді.
Информация о работе Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері