Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 05:26, курсовая работа

Краткое описание

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады.

Содержание

Қысқартулар
.....2

Анықтамалар
.....3

Кіріспе
…..4
1
Негізгі бөлім
…..6
1.1
Құстардың Ньюкасл ауруы
…..6
1.2.
Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
…..11
1.3.
Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
…..14
1.3.1
Ньюкасл ауруын алдын алу шаралары
.....15
1.3.2
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
.....15
1.4
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қырықбаев С.Т., магистранты, Нұрғазы Б.Ө., Мауланов А.З. ветеринария ғылымдарынның доктарларының құстардың ньюкасл ауруын анықтаған жұмыстары.
…..19

Қорытынды
…..22

Қолданылған әдебиеттер тізімі
…..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құс аурулары.docx

— 227.06 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

                                                                                                                                

 

Қысқартулар

.....2

 

Анықтамалар

.....3

 

Кіріспе

…..4

1

Негізгі бөлім

…..6

1.1

Құстардың Ньюкасл ауруы

…..6

1.2.

Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері

…..11

1.3.

Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі

…..14

1.3.1

Ньюкасл ауруын алдын алу шаралары

.....15

1.3.2

Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары

.....15

1.4

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қырықбаев С.Т., магистранты, Нұрғазы Б.Ө., Мауланов А.З. ветеринария ғылымдарынның доктарларының құстардың ньюкасл ауруын анықтаған жұмыстары.

…..19

 

Қорытынды

…..22

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

…..23


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл курстық жұмыста келесідей қысқартулар қолданылады:

НА – Ньюкасл ауруы

ҚТ – құс тұмауы

ГАБ – гемагглютинирлік бірлік

ИФТ – иммунды ферменттік талдау

ПВМ – парамиксовирустар

ГАР – гемагглютинация реакциясы

ГАТР – гемагглютинация тежеу реакциясы

ПТР – полимеразалық тізбекті реакциясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл курстық жұмыста келесідей анықтамалар қолданылады:

 

Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы.

Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы.

Штамм – біріншілі субөсінділеуден соң пайда болған өсінді. Біріншілік өсіндіде болған көптеген жасушалар тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады.

Жабайы құстардың ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Көпшілік құстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері – омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, қызыл құйрықтар, милиновкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, т.б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға: кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қырғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағалар, т.б. жатады.

Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығында үлкен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кәдімгі жамансары, қорған жамансары, қыстақ жамансарысы, құладындар, қорған бүркіті, дала бүркіті, кәдімгі бөктергі, дала бөктергісі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар, т.б. жатады.

Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқымды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, қартопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торғайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олардың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп, үлкен зиян келтіреді [1].

Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы соншалықты үлкен. Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді.

Құс аулау кәсібінде тауық тәрізділер бірінші орын алады. Өйткені, олар барлық жерлерге кеңінен тараған, өте көп және олардың еті дәмді болады. Тауық тәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады.

ТМД-да орта және оңтүстік аудандарындағы кәсіптік маңызы бар құстар: шіл, қырғауыл және бөдене.

Құс аулау кәсібінде қаз тәрізділер екінші орын алады. Олардың ішінде көбірек ауланатын өзен үйректері: қоңыр үйрек, бізқұйрық, сұр үйрек, шөрегей, сүңгуірлер, теңіз чернеті, айдарлы чернеттер, гогольдер, тұрпандар. Басқа түрлерінің етінің дәмі нашар болғандықтан сирек ауланады. Су құстарын аулау өз мәнінде жүргізілмей келеді. Сібірдің оңтүстігіндегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы құстардың өте көп болуы болашақта кеңінен аулауға мүмкіндік береді. Шүрегей үйректің мамығы өте бағалы. Ондай мамық жеңіл, жылу өткізу нашар, әрі серпімді болады. Сондықтан, ұйыспайды. Бағалы мамықты Солтүстік Еуропаның кейбір аудандарынан жинайды.

Кейбір құстардың терісі қалың болады. Ондай құстардың қауырсыны мен терісі сылып алып, илеп, түрлі киімдер – бас, киім, муфта тігеді. Аққулардың терісінен ұзын қанаттарын жұлып тастайды, ал шүрегей, ала үйректердің қанат қауырсындарымен илеп, бұйымдар жасайды. Бұл теріні «құс елтірісі» деп атайды.

Құс аулау кәсібін өркендету үшін, құстарды аулау ғана емес көбейту шаралары да қолданылады. Сондықтан да, құстарды жыл маусымының белгілі бір уақытында ғана аулап, көбею кезінде жылдың басқа маусымдарында аулауға тыйым салынады. Құстардың көбірек  ұялайтын және қыстайтын жерінен қорықтар ұйымдастырылады. Кейбір құстардың тарауына жағдайлар туғызылады. Мысалы, ағаш отырғызылған далаларға қырғауылдарды жерсіндірген т.б.

Үй құстарын өсіру ауыл шаруашылығының өркендетудің үлкен саласының бірі. Негізгі үй құстары: тауықтар, үйректер, қаздар,  аз да болса күрке тауықтар, цесаркалар өсіріледі. Көгершіндердің де шаруашылықта өзіндік маңызы бар. Көгершін өсірудің үш тұқымдасына сәйкес үш түрлі  бағытта: әсемдік, почташы, еті үшін өсіріледі [1]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Негізгі бөлім

    1. Құстардың Ньюкасл ауруы

 

Ньюкасл ауруы - кеңінен тараған, экономикалық жағынан зиян әкелетін құс ауруы. Кейінгі кезде осы ауруға өте ұқсас ауру-құс тұмауы кездеседі. Осы ауруға қарсы күресу үшін міндетті түрде оларды дифференцирлеу қажет.

Ньюкасл ауру қоздырғышысы РНҚ бар вирустар тобына, Paramyxoviridae тұқымына, Rubulavirus туысына жатады. Вирион күрделі, көлемі 120-180 нм, пішіні сфера тәрізді болып келеді.

Ньюкасл ауру - тауық және күрке тауықтың жоғары контагиозды вирустық індет. Ауру тауықтардың тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің зақымдалуымен, ішкі мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылулармен сипатталады.

Вирустың ағзаға ену жолына, құстардың жасы мен күтіміне байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 - 15 күнге дейін созылады [2].

 

 

 

 

 

1-сурет. Ньюкасл ауру жұқтырылған тауық (4-ші күн)

 

2-сурет. Ньюкасл ауру жұқтырылған тауық (7-ші күн)

Жұлын жүйесінің зақымдалынуы

 

 

Вирустың антигендік бір қалыптылығы аурудың зертханалық балауын жеңілдетеді. Вирусының патогенді және апатогенді штамдарының барлықтарының құрамында 6 түрлі ақуыз болады. Вирус тауық,көгершін, күрке тауық, теңіз шошқасы, тышқан, адам эритоциттерін агглютинирлейді. Вирустың жеке штамдары одан басқа қой, ешкі, шошқа, ірі қара мен жылқы эритроциттерін агглютинирлейді.

Ауру қоздырушының төзімділігі сыртқы орта факторларына байланысты. Күн сәулесі қоздырушының жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылғанымен, олардың гемагглютининдік қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада және мұздатылған жағдайда вирустың белсенділігі 2 жыл бойы, ал қоршаған ортада күз және қыс айларында 140 күнге дейін сақталады.

 

       Ньюкасл аурудың жасырын даму барысында жыныс жолдарының өзгерісі байқалады, ол жұмыртқалауды 3 жұмаға дейін тоқтатуына әкеп соғады. Аурудың жіті даму жағдайында арасында өлім 90% дейін жетеді.

Құс тұмауы – үй және жабайы құстардың жіті, жоғары жұқпалы ауруы. Үй құстарының ішінен тұмауға сезімтал тауықтар, үйректер, күрке тауықтар және қаздар. Ауру респираторлы мүшелерінің, асқазан-ішек жолдарының және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады [2].

Тауық тұмауының клиникалық белгілері азыққа тәбеті болмайды, құстар тұмсықтарын ашып шиқылдап, қырылдап дыбыс шығарады, тыныс алуы қиындайды, ауыз және мұрын қуыстарынан сұйық ағады, қозғалыс координациясы бұзылады, дене қызуы жоғарылайды, конъюнктивит, түшкіреді, тұншығады, айдарлары мен сырғалары көгереді, оларда шешек тәрізді бөртпелер пайда болады, тұмсығының мүйізді қабаттары жарылады, мойындарын 180˚С бұрап шалқайтады немесе бүгіп алады, аяқтары гиперемияланып кетеді. Ауруға шалдыққан тауықтардың жұмыртқалауы төмендейді. Құстардың 90-100% өлімге ұшырайды. Өлімге ұшыраған құстарда некроз, іш өту (диарея) байқалады.

Құс тұмауының қоздырушысы РНҚ бар вирус тобына Orthomyхoviridaе тұқымдастығына, Influenzaviuт туысына жатады.

Вирион - сфера пішінді, көлемі 80-120 нм болады. 13 серологиялық

варианттары бар, олардың патогенділігі бірдей емес және құстың әр түріне әр түрлі клиникалық белгілер тудырады. Құс тұмауының қауіпті штамдары А типі, H5 және H7 тип тармақтары саналады. Үй құстарына қауіпті H7N7 мен H5N1 штамдары жататындығы анықталған.  Осы вирус штамдарымен зақымдалған құстар 90-100% қырылып қалады. Құс тұмауы  қоздырушының құрылымы мен бірге биологиялық қасиеттері де өзгеріп отырады. Сондықтан, ағзада түзілген антиденелер екінші рет енген вирусқа қарсы шыға алмайды. Сол үшін құс тұмауы вирусының мутанттары  өте қауіпті болып келеді.

Ньюкасл ауру қоздырушымен құс тұмау ауру қоздырушының балауы - эпизоотологиялық деректерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертханалық зерттеулеріне бөлінеді.

Сонымен, Ньюкасл ауру қоздырушысы мен құс тұмау ауру қоздырушысының клиникалық белгілері және патологиялық анатомиялық өзгерістері өте ұқсас, оларды тек зертханалық әдістермен дифференцирлауға болады [2].

Патматериалды алу. Ол үшін зертханалық зерттеуге келесі патологиялық материал жіберіледі: жаңадан өлген немесе өлтірілген құстарды, құстардың бас миы, бауыр,  көк бауыры, өкпесі, трахея, жілік майы, ішектері мен клоака шайындылары және қан сарысулары алынады. Алынған патологиялық материалдарды салқын мұздатылған термостарға салып зертханаға жеткізеді. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды залалсызданған  50% глицерин дистильденген судағы ерітіндісіне салады.

 

       Зертханалық балауы. Антиденені вирусқа анықтау үшін зертханаға бір құс қамайтын күркеден 25 құс қанының сарысу сынамасын жібереді. 2 – 3 жұмадан кейін сол құстардан қайтадан 25 сынамасын жібереді.  Тауықтардан қанды алғанда асептиканы сақтау керек. Сарысуды алғаннан кейін 1:20000 қатынаста мертиолат қосып консервирлейді.

 

         Құс тұмауы (ҚТ) және Ньюкасл ауруының (НА) вирустарының дифференциалды зертханалық балауы. Оны келесі жоба бойынша жүргізеді: вирусты тауық эмбрионында бөлу арқылы; гемагглютинация тежеу реакциясында құс тұмауының вирусын Ньюкасл ауруының вирусынан дифференциалдық балауы.

 

        Құс тұмауына немесе Ньюкасл ауруына күмәнданғанда біріншіден вирусты гемагглютинация реакциясымен табуға әрекет жасайды. Ол үшін патологиялық материалдың суспензиясының бір тамшысына 5% тауық эритроцит суспензиясының тамшысын қосады. Патологиялық материалда гемагглютинирленетін вирус бар болса, гемагглютинация реакцияның нәтижесі оң көрсетеді.

 

       Вирустарды бөлу. Биосынамамен вирусты табу және оның суспензиясын патологиялық материалдан бөлу мақсатында 9 – 11 күндік тауық  эмбрионының аллантоис қабатына енгізеді. Онда Ньюкасл ауруының вирусының немесе құс тұмауының вирусының көбеюінен, вирус штамының вируленттігіне байланысты эмбриондар 20 – 76 сағат соң өледі. Өлген эмбриондарды жарып қарағанда ұрықтың бас миында, денесінде және табанында көптеген нүктелі қан құйылуларын байқауға болады.

 

 

 

3-сурет. Басының қан құйылулары (19-күндік тауық эмбрионы)

 

 

Өлген эмбрионның аллантоис сұйығын сорып алады. Онда вирус барын гемагглютинация тамшы реакциясымен анықтайды және әрі қарай зерттеуге бөлінген вирус бар материалды қолданады.

ГАТР ҚТ вирусын НА вирусынан дифференциялау. Тауық эмбрионының көмегімен анықтау және бөлу кезеңінде ҚТ вирусы НА вирусынан дифференциациялауға мүмкіндік болмайды, өйткені тауық эмбрионында вирустардың көбею белгілері ұқсас. Вирустар спецификалық әрекеттерін серологиялық реакцияларда көрсетеді. Осы вирустарды дифференциациалауға ең ыңғайлы тауық эритроциттер қолданылатын ГАТР – гемагглютинация тежеу реакциясы. Себебі екі вирустың да бұл эритроциттерді агглютинирлеу мүмкіндігі бар, ал тек спецификалық сарысумен бірлесіп әрекет жасауы оларды дәл дифференциациялауға мүмкіндік береді [2].

Информация о работе Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері