Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2014 в 05:26, курсовая работа

Краткое описание

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түрлі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құсына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп келеді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады.

Содержание

Қысқартулар
.....2

Анықтамалар
.....3

Кіріспе
…..4
1
Негізгі бөлім
…..6
1.1
Құстардың Ньюкасл ауруы
…..6
1.2.
Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері
…..11
1.3.
Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
…..14
1.3.1
Ньюкасл ауруын алдын алу шаралары
.....15
1.3.2
Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары
.....15
1.4
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Қырықбаев С.Т., магистранты, Нұрғазы Б.Ө., Мауланов А.З. ветеринария ғылымдарынның доктарларының құстардың ньюкасл ауруын анықтаған жұмыстары.
…..19

Қорытынды
…..22

Қолданылған әдебиеттер тізімі
…..23

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құс аурулары.docx

— 227.06 Кб (Скачать документ)

Спецификалық, яғни белгілі антиденесі бар, сарысуларды биофабрикалардан алып, зертханаларға жібереді.

Ньюкасл ауруын және қүс тұмауын вирусын ГАТР дифференциациалағанда екі спецификалық сарысуды қолданады, оның біреуі НА вирусына антиденесі бар, ал екіншісі - ҚТ вирусына. Дәлірек айтқанда, тұмау вирусының серологиялық вариантын белгілеп қою міндеттілігі, өйткені біреуімен ауырып болған құстар басқа серологиялық варианттарынан иммунологиялык қорғалынбайды.

Вирустарды ГАТР дифференциациялау бірнеше модификацияның біреуімен қою арқылы өткізуге болуы мүмкін [2].

Сонымен бірінші бөлінген вирусты ГАР-мен титрлейды және ГАТР -на онын 4 ГАБ титрімен жұмыс сұйылтымдары дайындайды. Сосын биофабрикалык өндірістің екі спецификалық сарысуын алып, бөлінген вирустың қатысуымен екі сарысудағы антидене титрін анықтайды

(1 кесте).

1 – кесте. Сарысудың сұйылтымдармен ГАТР НА және ҚТ  вирустың дифференциациялау жүйесі.

 

 

Реакция компоненттері

Сарысу сұйылтымдары

1:2

1:4

1:8

1:16

1:32

1:64

1:128

1:256

1:512

Вирус Х + НА вирусының сарысу

+++

+++

+++

+++

+++

+++

+++

+++

+++

Вирус Х +

ҚТ вирусының

сарысуы

-

-

-

-

-

+

++

+++

+++


 

 

 

Келтірілген мысалда, белгісіз вирустың гемагглютинирлік белсенділігі құстың тұмау вирусының спецификалық сарысуының

құрамында бар антиденемен тежейді.

Бұл антиген + антидене (бөлінген вирус + спецификалық сарысу антидене) комплексі құрылуының жанама дәлелі болады. Сол уақытта, Ньюкасл ауруы вирусына антиденесі бар сарысуды қосқанда вирустың гемагглютинирлік мүмкіндігіне әсер етпейді, яғни комплекс кұралмайды. Бұл патологиялық материалдан бөлінген белгісіз вирустың құс тұмауы вирусы екенінің айғағы.

 

  Ньюкасл ауруымен құс тұмау вирустардың индикациясы мен идентификациясында гемагглютинация, гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунофлуоресценция, комплементті байланыстыру, вирустарды бейтараптау реакциялары, иммунды ферменттік талдау мен полимеразалы тізбекті реакция және т.б.қолданылады [2].

 

 

 

    1. Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері

Құс шаруашылығында вирусологиялық зерттеулер нәтижесінде ньюкасл  ауруы вирусының төрт штамы бөлінген, олар биологиялық қасиеттері жағынан эталондық штамнан өзгеше екендігі көрсетілген.

Құс парамиксовирустарының (ПМВ) қазіргі кездегі белгілі 9 серотиптерінің ішінде ең кең таралғаны және індеттігі жағынан маңыздысы 1 серотипке қарайтын ньюкасл ауруының вирусы (НАВ) болып есептелінеді. Алғаш 1926 жылы анықталғаннан бері бұл вирустың зардаптылық қасиеті әр түрлі көптеген штамдары бөлінді. Зардаптылық қасиеті жағынан оларды велогенді, мезогенді және лентогенді болып аталатын үш топқа бөледі (Hanson,Brandly 1955) [3]. Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің деректеріне сәйкес біздің республикамыздың құс шаруашылықтарында штамдардың үш түрі де кездеседі [4]. НАВ-ның зардаптылық деңгейінің тез өзгеріштік қасиеті, аурудың клиникалық белгілерінің сан алуан түрде байқалуы, сыртқы ортада кең ауқымда таралуы және ауру байқалған жағдайда құс шаруашылығына үлкен эканомикалық шығын келтіретіндіктен вирустың аиналымда кездесетін бөлінділерін мұқият зерттеп, оның биологиялық қасиеттерін үнемі бақылауда ұстау қажет. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, НАВ-ын таратуда жабайы құстардың орны біршама жоғары екені байқалады. Бұл жағынан Қазақстан белгілі дәрежеде ғылыми қызығушылық туғызады. Себебі біздің республикамыз Евразия құрлығының ортасына орналасқан кең алқапты алып жатыр, оның үстінен табиғи қалыптасқан жабайы жыл құстарының көптеген жолдары өтеді, мұның өзі НАВ-ның жаңа штамдарының тасымалдауына қолайлы жағдай туғызады. Қазақстанның құс шарушылықтарында ньюкасл ауруы (НА) 1998-2002 жылдары жиі байқалды, ол жөнінен кезінде баспасөз бетінде деректер берілген, соңғы жылдары бұл жөнінде деректер жоқ. Бірақ құс шаруашылықтарында жүргізілген вирусологиялық зерттеулер НАВ-ның айналымында болатынын дәлелдейді. Осыған байланысты бөлініп алынған штамдарды зерттеп, олардың      биологиялық қасиеттерін анықтау осы жұмыстың негізгі мақсаты болып есептеледі.

Материалдар мен әдістер. Зерттеуге 2007-2008 ж ж. «Монтажник» құс фабрикасындағы жүргізілген зерттеулер кезінде бөлініп алынған төрт штамм алынды. Олар 55-60 күндік тауық балапандарынан, өңештен және клоакадан алынған шайындылардан бөлініп алынды. Бөлінген штамдар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тұмау вирусын белгілеу номенклатурасына сәйкес белгіленді:

-вирустар тобы /бөлінген  жануар түрі/бөлінген жері/экспертиза  номері/бөлінген жылы/. Біз алынған  НАВ-ның штамдарының атаулары: ПМВ-1/тауық/ Алматы/12/07; ПМВ-1/тауық/ Алматы/16/07; ПМВ-1 /тауық/ Алматы/17/07; ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07; Эталондық штамм ретінде Ла  сота/46 пайданылды. Вирусты бөліп  алу. Вирусты бөліп алу үшін  өңеш , клоака шайындыларын алдын-ала антибиотиктер қосып өңдегеннен кейін, 9 күндік тауық эмбрионының аллантонис қуысына 0,2 мл мөлшерде жіберілді. Содан кейін термостатқа 37°С 96 сағатқа орналастырып бақылайды, 48 сағаттан кейін өлген эмбриондарды әрі қарай жұмыс жүргізуге пайдаландық.

Вирустардың инфекциялық титрін Рид және Менг әдісімен шығарып , оны Lg ЭИД 50/0,2 мл белгіледік [4]. 

Гемаглютинация реакциясын (ГАР) және гемаглютинацияны тежеу реакциясын (ГАТР) жалпы қолданылатын әдістемеге сәйкес микровариантында Такачи планшеттерінде қойылды [4] . Зардаптылықтың интрацеребралды индексін анықтауда R.Hanson мен C. Brandly әдісі   қолданылды [4]. Штамдардың гемаглютинациялық белсенділігін тауық , теңіз шошқасы, қой, сиыр, тышқан, жылқы, мысық эритроциттерінің 0,5 % езіндісімен тексердік. Гемаглютининнің қыздыруға  сезімталдылығын 56°С қыздырғаннан кейін 5,15,30,60,120 минут өткеннен кейінгі оның титрінің  ГАР өзгеруіне қарай анықталды [4]. Эритроциттен вирустың ажырау қасиеті I.Spalatin et al. [5] әдісімен зерттелді.

Зерттеу нәтижелері және қорытынды. Штамдардың интацерибралды әдіспен зардаптылық дәрежесін анықтауда мынадай нәтижелер алынды ( 1-кесте ).

1-кесте. Ньюкасл ауруы  вирусының зардаптылық дәрежесі

 

Штамм     

Зардап.интрацеребр.                                                                       индексі

патотип

ПМВ-1/тауық/Алматы/12/07     

0,7                                               

лентогенді

ПМВ-1/тауық/Алматы/16/07     

1,13                                             

мезогенді

ПМВ-1/тауық/Алматы/17/07     

1,45                                             

мезогенді

ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07     

1,32                                             

мезогенді

Ла/Сота                                       

0,2                                              

лентогенді


 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Кестедегі деректерге қарай бөлінген штамдардың үшеуінің зардаптылығы мезогенді топқа, ал біреуі лентогенді топқа қарайтыны анықталды. Штамдардың гемагглютинациялық белсенділігін зерттеу нәтижесі 2-кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте. НАВ-ның штамдарының  гемагглютинацииялық белсенділігін анықтау.

 

 

Штамм

эритроциттер

Тауық, теңіз қой, сиыр, тышқан, жылқы, мысық, шошқа

ПМВ-1/тауық/Алматы/12/07

64 32 8 8 8 0 0

ПМВ-1/тауық/Алматы/16/07   

32 32 8 16 32 0 0

ПМВ-1/тауық/Алматы/17/07

250 250 128 64 64 0 0

ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07

128 32 64 10 32 0 0

ПМВ-1/Ла Сота /46

250 128 0 0 64 0 0



 

 

Ескерту: ГАР титірінің кері нәтижелері келтірілген

Кестеде көрсетілгендей штамдарының барлығы да жылқы, мысық эритроциттермен әсерлескен жоқ. Басқа жануарлардың эритроциттерімен әсерлесулері әр түрлі нәтиже берді деуге болады. Ең жоғарғы белсенділік тауық эритроциттерімен (256 дейін) байқалады, ең төмендеу көрсеткіші сиыр эритроциттерімен (64 дейін ) байқалды. Штамдардың гемагглютининінің қыздыруға сезімталдығын анықтаудың нәтижелері 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте. Ньюкасл вирусы  штамдарының қыздыруға сезімталдығы.

 

Штаммдар

ГА

бастапқы

титірі

Гемагглютининнің 56°С қыздырғаннан кейінгі титірі

5мин

15мин

30мин

60мин

120мин

ПВМ-1/тауық/Алматы/12/07

256

256

256

256

128

0

ПМВ-1/тауық/Алматы/16/07

512

512

512

512

512

128

ПМВ-1/тауық/Алматы/17/07

256

256

256

256

256

64

ПМВ-1/тауық/Алматы/23/07

256

256

256

256

256

128

ПМВ-1/Ла Сота/46

512

128

0

0

0

0


 

 

Кестедегі көрсеткіштерге қарасақ бөлінген төрт штамда қыздыруға төзімділік байқатты, үшеуі (16/07,17/07,23/07) 120 минут қыздырғаннан кейін өздерінің гемагглютиндейтін белсенділігін жоғалтқан жоқ, тек қана 12/07 штамда 60 минуттан кейін белсенділік байқалмады. Алайда олардың  төртеуінің де гемагглютиндік белсенділігі эталондық Ла Сота штамына қарағанда жоғары екендігі байқалды, себебі Ла Сота штамы 56 °С 5 минут қыздырғаннан кейін гемагглютиндеу қасиетінен айрылып қалды. Штамдардың эритроциттен ажырау белсенділігін зерттеу нәтижесінде олардың төртеуі де 24 сағат ішінде эритроциттен ажырайтыны белгілі болды, бұл олардың орташа ажырау тобына жататынын дәлелдейді. Жүргізілген зерттеулер құс шаруашылықтарында айналымда НАВ-ның біршама зардапты мезогенді штамдарының айналымда жүретінін, олардың биологиялық қасиетерінің эталондық Ла Сота штамынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. Бұл айналымдағы НАВ штамдары жас балапандарға белгілі дәрежеде қауіп туғызуы мүмкін, сондықтан түгел құс басын қатаң серологиялық зерттеулермен бақылау жүргізіп, дер кезінде балапандарды вакциндеу қажет. Сонымен қатар құс фабрикаларында уақтылы вирусологиялық мониторингі жүргізіліп, індеттік ақуалды бақылауда ұстау қажет [6].

 

    1. Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі

 

Осы Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі (бұдан әрі - Ереже) ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және жүргізудің тәртібін анықтайды, Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуы үшін міндетті болып табылады.

Құстардың Ньюкасл ауруы (жалған оба) - жіті өтетін және тез таралатын ауру, тыныс алу, ішек-қарын жолы органдарының және орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталып, құстардың жаппай өлімін туғызады. Иммунитеті әлсіреген вакцинацияланған құстарда аурудың айқын және патологиялық-анатомиялық белгілері көрінбеуі мүмкін.  
Ауруға тауық отрядтарының барлық үй және жабайы құстары шалдыққыш келеді (тауықтар, цесаркалар, түйе құстар, фазандар, павлиндер).  
Ауру қоздырғышы - парамиксовирустар туыстығына жататын вирус.  
Індеттің көзі ауру құстар және аурудың инкубациялық кезеңіндегі жұқтырып алған құстар (жасырын кезең), ауру 3 күннен 7 күн аралығына созылуы мүмкін, (кейде 10 күнге дейін). Ауру құстар сыртқы ортаға негізінен мұрыннан бөлінген сұйықпен және нәжісімен вирус бөледі.  
Ауру қоздырғышының көзі ауру құстардан алынған залалсыздандырылмаған құс өнімдері және шикізаттары болуы мүмкін (жұмыртқа, ет, мамық-түк, қауырсын), немесе ауру құстардың бөлінулерімен ластанған азық, су, құралдар, қызмет етуші кісілердің киімі және аяқ киімі, көлік заттары және ауру қоздырғышы оларда ұзақ уақыт сақталынуға қабілетті.

Информация о работе Ньюкасл ауруы вирусының індеттік штамдарының биологиялық қасиеттері