Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 20:01, курсовая работа
Республикамыздың мал шаруашылығының ішіңде ірі қара шаруашылығы ерекшк орын алады.Ірі қара шаруашылығын өркендетіп,дамыту қазіргі танда да басты мақсат болып отыр.Нақтырак айта кететін болсақ.шаруашылықта асылдандыру,өнімділігі жоғары төл өсіру және жаңа технологиялармен қамтамасыз ете отырып,коздеген мақсатқа жету болып табылады.Аталған іс-шараларды жүзеге асыру тікелей елімізде ветеринария ісін ұйымдастыру жұмыстарына байланысты.
Осы негізде мал шаруашылығында атқарылатын жұмыстар және олардың нәтижелілігі ұйымдастыру- шаруашылық шаралардың жүйелігіне негізделеді.
1.Кіріспе......................................................................................................................
2.Шаруашылыққа жалпы сипаттама....................................................................
3.Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы...............
4.Ірі қара мал шаруашылығ саласына сипаттама.................................................
5.Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама..................................
6.Ауыл шаруашылық малдарының ауруына,мал басының өлім-жітіміне талдау жасау...............................................................................................................
7.Кең тараған ауруға сипаттама.............................................................................
8.Аталып отырған ауруды жою.алдын алу шаралары және оны шаруашылықтар мен елді мекендерге таратпау...................................................
9.Мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау....................
10.Қорытынды..........................................................................................................
11.Қолданылған әдебиеттер...................................................................................
Ірі қара малының коэффициенті-0,66, қойдың коэффициенті - 0,06-ға тең
Шаруашылықтағы нақты мал басы санына келер болсақ, «Суықбұлақ» шаруа қожалығында 780 бас ірі қараның 280 басы сиыр,155 бас қашар,230 бас бұзау,145 басы бордақыдағы өгізшелер,15 бас тұқымдық бұқалар,бұған қоса шаруашылықтағы жалпы қой басы саны 820 бас, оның 440 басы саулық,130 бас тұсақ,220 бас тоқты,30 бас қошқар.
Шаруашылыққа қажетті мал дәрігерірінің санын аңықтау үшін төмендегі формуланы қолданамыз:
АхК + Б х К 2 +В х К3 + ... К n
Х = ------------------------------
850
Мұндағы , А,Б,В- түлік түрлері мен мал топтарының саны;
К1 ;К2 ;К3 ; Кn ;- түлңк түрлері мен мал топтпрының коэффициенттерері;
850- әр маманға жүктелген норма;
(280х1)+(155х1)+(230х0,66)+(
Х=----------------------------
+(440х0,66)+(130х0,66)+(220х0,
------------------------------
741,6
=----------- = 0,87= 1 маман.
850
Шаруашылықтағы ветеринарлық іс- шараларды жүзеге асыру үшін 1 ветеринарлық маман жеткілікті.Бұған қоса шаруашылықта жұмыс атқаратын мамандардың айлық еңбекақысы есептелмек.Ол үшін ең алдымен маманның бір күндік еңбекақысын табу керек. Ветеринарлық дәрігерің айлық жалақысы 15000 мың.тг Бір күндік еңбекақысын есептегенде 25,6 күнге айлық жалақысын бөлеміз.Трихофития ауруынан ауырған бұзауларды емдеуге 15 күн кетті және қалған бұзауларды вакцинациялайды.1 бас бұзауды вакцинация жасауға 20 тенгені құрайды.
15000:25,6=586 тенге
586 х 15 күн=8790 тенге
Ветеринарлық фельдшердің айлық жалақысы да дәл осындай жолмен есепейді.Ветеринарлық фельдшердің айлығы - 12000 тг.
12000 : 25,6 = 468тг
468 х 15 = 7031 тг
8790 + 7031=15821 тг
230-3 =227 бас бұзау
227 х 20 =4540 тг
Қораның әр бір 1м2 дезинфекциялауға 1 тенге қарастырылған.Шаруашылықтағы бір қораның ауданы -3000 м2.
Жалпы қора саны - 3. Сонда: 3000 х 3=9000м2.
9000 х 1 =9000 тенге дезинфекция жасауға жұмсалған шығын,тг.
Ш=15821+9000+4540 = 29361 тенге.
Шаруашылықта ветеринарлық іс шараларды жүргізуге жалпы 29361 теңге қаржы жұмсалған.
Шаруашылықтың материалдық техникалық жағдайы айтарлықтай жоғары дәрежеде болмағанымен,шаруашылықтың іс-шараларды жүргізуге арналған арнайы обьектілермен қамтамасыз еті
Шаруашылықта:арнайы малдарды оқшаулауға арналған оқшаухана,амбулатория,
6.Ауыл шаруашылық малдарының ауруына, мал басының өлім- жітіміне талдау жасау.
«Суықбұлақ» шаруа қожалығында бұдан 3 жыл бұрын мүйізді ірі қара малының бруцеллез ауруынан 7 бас мал ауырып,амалсыздан сойылған, қалған мал бас саны вакцинациялау,емдеу шараларының дұрыс жүйелі түрде жүргізілуінен аман қалған.Содан бері шаруашылықта айтарлықтай қауіпке әкелетін аурулар көп болған жоқ.
2005 жылы шаруашылықтағы төлдер арасында бронхопневмония ауруы кездесті. Ауру пайда болуына әкеп соқтырған басты себеп қора- жайлардың уақытша тазаланбауы,микроклиматтың жағдайдың нашарлауынан туындады.Ауруғу 9 бас бұзау шалдықты, оның 7 басы аурудан емделіп шықты,ал 2 бас бұзау аурудың асқынуы салдарынан өлімге ұшырады.
Шаруашылықта бұдан кейінгі жылы аты аталған ауру қайталанбағандықтан,бірақ 2008 жылдың бастапқы маусымында төлдер арасында,әсіресе бұзаулар арасында трихофития (бұзаутаз) ауруы кездесті. Шаруашылықта бұл аурудың пайда болу себебі: малдардың дұрыс күтіліп бағылмауынан, төсеніштердің дұрыс әрі таза болмауынан ауру қоздырғышын тасымалдаушы эктопаразиттермен зарарланған.Бұл аурудан шаруашылықтағы бұзаулардың 3- еуі арам өлгендігі,яғни өлтірілген,барлығы 15 бас бұзау ауырған,оның 12 басы емделіп шықты.
Шаруашылықта төлдер арасында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін алдын - алу, профилактикалық,емдік іс - шаралар жүргізіліп, шаруашылықтағы төлдер клиниалық тұрғыда сау деп танылды.
Бұдан кейін де шаруашылықта аурулардың белең алуын болдырмау мақсатында арнайы жоспарлы іс шаралар жүзеге асырылады
7.Кең тараған ауруға сипаттама.
Трихофития (Trichoplytae) -шұғыл шектелетін дөңгелектеу дақтардың теріде құралуымен, терінің тақырлануымен немесе жүн қалдықтарының сақталуымен, терінің және фолликулдардың сірлі-іріңді эксудат бөлінуімен және қабыршақ құралуымен сипатталатын малдар мен адамдардың жұқпалы ауруы.
Ауру барлық жерде кездеседі.Кейінгі кезде мал күтімі жағдайының жақсарғанына және спецификалық профилактика жабдықтарының тәжірибеге кеңінен енгізілуіне байланысты трихофитиямен ауру әжептәуір бәсеңдеді.
Ауру қоздырғышы - Trichopiyton түрінің грибтері көбінесе Tr. Faviforme, Tr. gypseum, Tr. Eguorum . Бұлар тері мен жүнде ғана емес,пішенде де, сабанда да, ағашта да, тұйяқ мүйізінде де, көңде де және бірталай жасанды қоректік орталарда өседі.
Саңырауқұлақтар өте төзімізді,Патологиялық материалда (жүн ,тері қабыршағы) 7 жылға дейін, топырақта 142 күнге дейін,көңде 8 айға дейін сақталады.споралары 1 сағат бойы 100С қызуға төтеп береді.
Трихофития көбірек ірі қара малын, жылқыны, иттерді, мысықтарды зақымдайды.Екі айлықтан 1 жасқа дейінгі бұзаулар ауруға аса бейімді.
Инфекция қоздырушысының көзі – ауру малдар. Қоздырушыны енгізу малды күтіп бағушылар, азықтар, төсеніштер арқылы болуы мүмкін.Қоздырушыны тасымалдаушы эктопаразиттер де бола алады.Малдың залалдануы ауру малдар мен сау малдар қорада, жайылымда, тасымалдағанда жұғысуы арқылы болады.Қоздырушысынын берілу фактарлары саңырауқұлақ жұққан күтім заттары, төсеніш, көң т.б бола алады.
Қоздырушының организмге ену орны- тері арқылы.Теріге енген ауру қоздырушысы теріні зақымдап,ішкі қабаттарына өтеді, қан мен лимфа жолдарына түседі. Ауру алды алынбаса мал интосикациядан өліп қалады.
Ауру бірнеше клиникалық формаларда өтеді: сыртқы, тереңді.көрнексіз. Жасырын кезеңі 8-30 күн. Басты озгерістер теріде әсіресе бас, мойын аумағында байқалады.
Ауруды аңықтау клиникалық және індеттік деректердің негізінде қойылады. Диагнозды нақтылау зертханалық тұрғыда зерттеу арқылы жүзеге асады.
Трихофитияны басқа да індеттік аурулардан ажырата білу қажет.Мысалы:микроскопия, қышыма т.с.с аурулар.
Егер емі уақытылы жүргізілсе онда ол қоздырушының таралып кетпеуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Емдеу мақсатымен ЛТФ-130 вакцинасы және басқада көптеген дәрілер қолданылады. Ауруға фунгицидтер дәрілер- йод,трихоцитин,РОСК,СК- д, ЯМ майы нәтижелі болады.
Ауру малдарға тақырланған жерге жүн өсіп шыққанда сауықты деп есептейді. Трихофитиядан айыққан малдарда иммунитет құрылады және олар тәртіп бойынша қайталап ауырмайды.
Аурудың алдын алу, болдырмау тікелей шаруашылықтағы ветеринарлық іс шаралардың жүйелі әрі кешенді түрде жүргізілуіне байланысты.Оларға: малдарды дұрыс күтіп бағу,.дезинфекция, дератизация шараларын жүргізу, толық құңды азықпен азықтандыру үлкен маңызға ие. Аурудың сәтті және қауіп төндіргіш шарушылықтарда жаңа туған жас бұзауларды рофилактикалық мақсатпен бір айлық жастан бастап ЛТФ-130 вакцинасымен иммундайды.
«Суықбұлақ» шаруа қожалығында соңғы жылдары төлдердің трихофитиясынан сәтсіз деп танылғандықтан бұл ауру кезінде шаруашылық едәуір экономикалық шығынға кеңеледі. Шаруашылықта трихофитиядан 3 бас бұзау арам өлім, яғни жалпы ауырған 15 бас бұзаудың 12- сі емделіп шықты.
Осы аталған аурудың шаруашылықта белең алуы үлкен экономикалық зияндылыққа әкеледі.
Малдың ауруынан келтірілген экономикалық шығынды аңықтау.
Мал шаруашылығында экономикалық шығын деп - жануарлардың ауруы салдарынан туындаған ақшалай түрде көрсетілген шығынды айтамыз.
Ауыл шаруашылық жануарларының төлдерінің (бұзаулар 6 айға дейін)-өлім- жітімнен, амалсыздан сойылуынан немесе жойылуынан келтірілген экономикалық шығынды мына формуламен аңықтаймыз:
Ш 1= М х( Қ т+ С қ х Тж х Б) - Тқ
Бұл мәнді есептемес бұрын бұзаудың туған кездегі құнын аңықтап аламыз. Ол үшін мына формуланы қолданамыз.
Қт = 0,088 х Б;
Мұндағы: 0,088- етті бағыттағы бұзауды қалыптастыру үшін жұмслатын азықты жұмсау кезінде алынатын ет мөлшері,тг:
Б- 1 кг еттің немесе 1 кг бұзаудың салмағының бағасы;
Қт = 0,088 х 86477= 7610тг
Енді арам өлген бұзаудан келген экономикалық шығынды жоғарыдағы формула бойынша есептейміз:
Ш1 = М х ( Қт+ Сқ х Т ж х Б )- Тқ
Мұндағы, М- өлген,сойылған немесе жойылған мал саны,бас;
Қт-төлдің туған кезіндегі құны,тг.
Ст- төлдің орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіші,кг.
Тж- төлдің жасы,күн.
Б- өнім бірлігінің орташа сатылу бағасы,тг,
Тқ- сойыс өнімдерінен немесе өлексе шикізатын сатудан алынған түсім құны,теңге.
Бұзаулардың орташа тәуліктік салмақ қосуы 0,5 кг,ал жасы 90 күндік .
Ш1= 3.(7610+0,5*90*400) – 3500 =73330 тг.Яғни 73330 теңге шаруашылықтағы бұзаулардың арам өлуінен келген шығын.
Бұған қоса шаруашылықта бұзаулар арасында трихофития ауруынан малдардың өнімділігі төмендейді.
Малдардың ауруға ұшырау салдарынан өнімділігінің төмендеуінен келтірілген экономикалық шығынды ( Ш ) былайша аңықтайды:
Ш2=Ма х ( Өс - Өа )х Бк х Б;
Мұндағы; Ма - ауырған мал саны,бас; Өс,Өа - дені сау және ауырған малдың орташа тәуліктік өнімділігінің көрсеткіші,кг;
Бк - бақылау кезеңі ( карантин, малдың ауырған күндері ) , күн:
Б - Өнім бірлігінің орташа сатылу бағасы, тенге;
Ш2= 15 х (0,5-0,3)х 15 х400=18000 тг;
Яғни бұл шаруашылықтағы ауырған бұзаулардың өнімділігінің төмендеуінен келтірілген шығын.
Өнім төмендеуіне байланысты трихофитиямен ауырған бұзаулардың ет өнімдерінің де сапасы төмендейді.Сондықтан оған өнімді төмен бағамен сатуға тура келеді.
Өнім сапасының төмендеуінен келтірілген экономикалық шығынды мына формуламен есептейміз :
Ш3= Ө х(Б с – Ба );
Мұндағы; Ө- сатылып жіберілген сапасы төмендеген өнім мөлшері, кг;
Бс ,Ба - дені сау және ауырған малдан алынған өнімдердің сатылу бағасы,тенге;
Ш3=340 х (400-300)=34000 тенге;
Бұл 34000 тенге шаруашылықтағы ауырған бұзаулардың өнімділігінің сапасының төмендеуінен келтірілген экономикалық шығын.
Келесі зақымдалған ішкі өнімдердің және шикізаттардың тәркіленуінен келтілген экономикалық шығын (Ш4 ) келесі формула бойынша есептеледі;
Ш6=Өт х Б - Өқ ;
Мұндағы; Өт - зақымдалу салдарынан жарамсыз болып тәркіленген өнім мен шикізат мөлшері,кг;
Б- орташа сапалы өнім мен шикізаттың мемлекеттік сатып алу бағасы,тг;
Ө қ - қайта өңдеуден кейін алынған өнім мен шикізаттың құны,тг;