Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2012 в 20:01, курсовая работа
Республикамыздың мал шаруашылығының ішіңде ірі қара шаруашылығы ерекшк орын алады.Ірі қара шаруашылығын өркендетіп,дамыту қазіргі танда да басты мақсат болып отыр.Нақтырак айта кететін болсақ.шаруашылықта асылдандыру,өнімділігі жоғары төл өсіру және жаңа технологиялармен қамтамасыз ете отырып,коздеген мақсатқа жету болып табылады.Аталған іс-шараларды жүзеге асыру тікелей елімізде ветеринария ісін ұйымдастыру жұмыстарына байланысты.
Осы негізде мал шаруашылығында атқарылатын жұмыстар және олардың нәтижелілігі ұйымдастыру- шаруашылық шаралардың жүйелігіне негізделеді.
1.Кіріспе......................................................................................................................
2.Шаруашылыққа жалпы сипаттама....................................................................
3.Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы...............
4.Ірі қара мал шаруашылығ саласына сипаттама.................................................
5.Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама..................................
6.Ауыл шаруашылық малдарының ауруына,мал басының өлім-жітіміне талдау жасау...............................................................................................................
7.Кең тараған ауруға сипаттама.............................................................................
8.Аталып отырған ауруды жою.алдын алу шаралары және оны шаруашылықтар мен елді мекендерге таратпау...................................................
9.Мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау....................
10.Қорытынды..........................................................................................................
11.Қолданылған әдебиеттер...................................................................................
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атыңдағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Ветеринарлық істі ұйымдастыру» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «БҚО Сырым ауданы Аралтөбе ауылындағы «Суықбұлақ» шаруа қожалығындағы бұзаудың трихофития ауруы кезіңдегі мал дәрігерлік шаралардың ұйымдастырылуы мен жоспарлануы және оның экономикасы»
Орал - 2011 ж
Жоспар:
1.Кіріспе.....................
2.Шаруашылыққа жалпы сипаттама.....................
3.Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы...............
4.Ірі қара мал шаруашылығ саласына сипаттама.....................
5.Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама.....................
6.Ауыл шаруашылық малдарының ауруына,мал басының өлім-жітіміне талдау жасау.........................
7.Кең тараған ауруға сипаттама.....................
8.Аталып отырған ауруды жою.алдын алу шаралары және оны шаруашылықтар мен елді мекендерге таратпау......................
9.Мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігін бағалау....................
10.Қорытынды..................
11.Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Республикамыздың мал шаруашылығының ішіңде ірі қара шаруашылығы ерекшк орын алады.Ірі қара шаруашылығын өркендетіп,дамыту қазіргі танда да басты мақсат болып отыр.Нақтырак айта кететін болсақ.шаруашылықта асылдандыру,өнімділігі жоғары төл өсіру және жаңа технологиялармен қамтамасыз ете отырып,коздеген мақсатқа жету болып табылады.Аталған іс-шараларды жүзеге асыру тікелей елімізде ветеринария ісін ұйымдастыру жұмыстарына байланысты.
Осы негізде мал шаруашылығында атқарылатын жұмыстар және олардың нәтижелілігі ұйымдастыру- шаруашылық шаралардың жүйелігіне негізделеді.
Мал шаруашылығын елімізде дамытуда ветеринарлық қызметті ұйымдастыру ісінің алатын орны ерекше.Ғылым саласы ретінде оның басты мақсаты- мал өсіруші шаруашылықтарда ет,сүт,мал өнімдері текті шикізат даярлаушы,өндіруші кәсіпорындарда,көлікте,халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру,ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринарлық мамаңдарының жұмыс атқару негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.
Ветеринария ісін жүйелі түрде ұйымдастыру елдегі әлеуметтік- экономикалық реформаның дамуына да әсері мол.
Ветеринария ісін ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер- шаруашылық ісінің бұзылуына,малдан алынатын өнімдердің сапасының төмендеуіне,мал басы санының кемуіне және әртүрлі індетті аурулардың ошақтарының пайда болуына әкеп соғады.Ветеринария ісінің төменгі деңгейде болуы мал ауруларынан орасан зор экологиялық зиян шегуге,індеттермен күресуге қомақты шығындар жұмсауға мәжбүр етеді.
Осы аталғандарды жоюда елімізде ветеринария ісін ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының үкімет органдары мен мемлекеттік ветеринарлық басқарушы ұйымдар соңғы жылдары көптеген құқықтық- нормативтік құжаттар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.Соның бірі 1995 жылы 25 шілдеде «Ветеринария туралы» заңы қабылданып, бұл заңға қайтадан өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп 2002 жылдың 10-шы шілдесінде жаңа заң қабылданды.
Үкімет тарапынан мемлекеттік және меншік кәсіпкерлік вереринарлық қызметтің құрылымын жетілдіруде,мамаңдар даярлауда сапасын арттыру,материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту,мал шаруашылығында ветеринарлық- санитарлық шаралардың дұрыс атқарылуына қатан талап қою сияқты жұмыстар жүргізіледі
2. Шаруашылыққа жалпы сипаттама.
«Суықбұлақ» шаруа қожалығы 2009 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде құрылған.Шаруашылық Ақбұлақ өзенінің жағалауына жақын орналасқан,аймақтың агроклиматтық жағдайы оның қоңыржай, континенттік.жайылымдық ландшафтары басым, мал шаруашылығын жүргізуге өте қолайлы.Шаруашылық орналасқан аймақ биомассасы жануар мен өсімдіктер дүниесінен құралады.
Өсімдік дүниесі жабайы шалғындық өсімдіктерден тұрады,кең тараған, 15-20 түрі кездеседі.
Ауа райы қаңтар айының орташа температурасы-12-140 С,шілденікі 22-240 С.
Жауын- шашынның орташа жылдық мөлшері 200-250 мм,қоңыр топырақты.
Бөрлі ауданы,Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты «Суықбұлақ» шаруа қожалығының жер көлемі 160400 га.
Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жер көлемі 144900 га, шабыңдық жер көлемі 5200 га, жайылымдық жер көлемі 10300 га «Суықбұлақ» шаруа қожалығы өнімділігі бойынша етті бағытқа көңіл бөлген.
Бұл бағытты жетілдңру барысында мынандай көрсеткіштерге баса назар аударылды:малдың тірілей салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс шығымы,алынған өнімге жұмсалатын азық шығымы, ұша мен еттің сапасы т.с.с
3. Шаруашылық экономикасындағы мал шаруашылығының маңызы.
«Суықбұлақ» шаруа қожалығы негізінен етті бағыттағы ірі қара өсірумен айналысады.
Шаруашылықтың негізгі мақсаттарының бірі- еттті бағытағы төлдерді өсіре отырып, бұл бағытты жоғары сатыға көтеру және асылдандыру барысында ен негізгі көрсеткіші болып есептелетін еттің өңімділік деңгейін бағалау боып табылады.
Жалпы шаруашылықтағы мал басы санына келер болсақ, мүйізді ірі қара 780 бас.Әр 100 бастан алынатын орташа төл саны 70-75 бұзау.
Шаруашылық тек ірі қара өсірумен шектелмеген, бұған қосымша қой өсірумен де айналысады.Мұндағы қой басы санына келетін болсақ ,820 бас қой.Әр 100 бастан алынатын орташа төл саны 85-87 бас қозы.
Малдардан алынған ет өнімдері қалаға ,яғни облыс орталығына жеткізіледі.
Шаруашылықтың басты даму бағыты етті бағытта болғандықтан басты алынатын өнім,яғни ет өнімдері ірі қара малынан алынды. Етті бағытты жетілдіру барысында ен негізгілері- малдың тірілей салмағы,тез жетілгіштігі,сойыс шығымы, ұша мен еттің сапасы т.с.с көрсеткіштерді ескере отырып көзделген мақсатқа жетудің бірден-бір жолы деп қарастыруға болады.
4. Ірі қара мал шаруашылығы саласына сипаттама беру.
Ірі қара шаруашлығы халықты етпен,сүтпен және оның өнімдерімен қамтамасыз етеді.Шаруашылықтың басты бағыты- етті мал тұқымдарын өсіру және олардың төлдерін жетілдіру болып табылады.Соның есебінен халықты ет өнімдерімен қамсыздандырады.
Негізінен шаруашылықта 780 бас ірі қара малы бар,Оның ішінде 280 басы сиыр,230 басы- бұзау,145 басы- бордақылаудағы өгізшелер,15 бас тұқымдық бұқалар.
Шаруашылықтағы барлық қой бас саны-820 бас,оның 440 басы саулық,130 басы тұсақ,220 басы- тоқты,30 бас қошқар.
Барлық малдар жазғы және күзгі уақыттарда арнайы жайылымдық лагерьлерде ұсталып, қысқы уақытта арнайы слынған типтік қораларда ұсталады.Шаруашылық малдары өздерінде дайындалған жем – шөптермен қамтамасыз етіледі.
Қора- жайдың микроклиматы,яғни ауа ылғалдылығы, ауа алмасуы арнайы ауа шығаратын науалардың көмегімен жүзеге асырылады.Қора-жайдағы малдың нәжісі 2-3 күн сайын тазаланып тұрады. Жазғы уақытта малдар өзен сумен,ал қысқы мерзімде арнайы құдық суларымен суарылып отырады.
Қысқы уақытта рацион құрамы құнарлы толық құнды азықтармен алмастырылады.
5. Шаруашылықтың мал дәрігерлік қызметіне сипаттама беру.
Қандайда да болмасын шаруашылықта ветеринарлық қызметтерді жүзеге асыру,іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында арнайы ветеринарлық бөлімшелер болады.
Бөлімшелік ветеринарлықемхана- адамның өзіне жүктелген аймағында шараларды ұйымдастыруға,жұргізуге,
Ветеринарлық бөлімше- шағын мекеме, оның құрамында дәрігер, ветфельдшер және ветсанитарлар бар.Олар шаруашылықтағы ветеринарлық қызметтерді бақылайды. Ветеринарлық көмек көрсеткені үшін төлемақы келісім- шарттық бағалары бойынша алынады.Олар эпизоотиялармен күрес және басқада ветеринарлық мәселелерді, іс- шараларды жоспарлайды.
Шаруашылықтағы бас мал дәрігер мал дәрігерлік қызмет жұмысы басқару,ұйымдастыру,жоспарлау немесе материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етумен шұғылданады. Әрбір атқарылатын,жүргізілетін алдын- алу, сақтық шаралардың жоспарын жасап, шаруашылық басшысына ұсынады,белгіленген тәртіп бойынша тексеріліп,бекітіледі.
Шаруашылықтағы малдар арнайы тексеруден өтіп отырады. Нақтырақ айтқанда жануарлардын денсаулығын, жай-күйін аңықтау,клиникалық, диагностикалық зерттеулер жүргізу,диспансерлік шаралар жүргізу т.с.с. Сонымен қатар, ол азық,жем сапасын тексеріп, малды бағып-күту,ұрықтандыру,
Осындай жұмыс нәтижесінде беті ашылған кемшіліктерді жою үшін және жоспарға сәйкес емдеу,аурулардың алдын алу,сақтандыру,сауықтыру шараларын ұйымдастырады.
Бас дәрігер сойыс малдарын клиникалық байқаудан өткізіп,ет өнімдерінің жарамдылығы туралы қорытынды береді,тиісті тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәліктер,аңықтамалар береді.
Бас мал дәрігер шаруашылықта жүргізілген мал дәрігерлік жұмыстарды жоспарлау,тіркеу, есеп беру тағы басқада іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады және оны құжаттардың сапалы құрылуын тиісті тәртіпппен сақталуын қадағалайды.
«Суықбұлақ» шаруа қожалығында 780 бас мүйізді ірі қара ,820 баса қой бар.Шаруашылықта мал дәрігерлік қызмет атқару үшін қанша маман керектігін аңықтау керректігін аңықтау үшін мына формуланы қолданамыз.