Сәйкестігі міндетті расталған өнім сәйкестікті
ерікті растау аясында қосымша талаптар бойынша тексерілуі
мүмкін, егер өтінім берушінің бұндай талабы болса. Яғни,
міндетті сертификатталған өнімнің сәйкестігі
ерікті расталуына тиым салынбайды. Себебі өтінім берушіге өз
өнім жарнамалауы керек. Мысалы: тіс пастасының міндетті сертификаттау
барысында анықтауға мүмкін емес қасиеттері болуы әбден мүмкін.
Өнімнің қосымша қасиетін насиқаттау мақсатында «14
күн үзбей осы тіс пастасымен тісіңізді тазаласаңыз-
тісіңіз жұмыртқаның етіндей жарқырайды» деп жарнама жасайды.
Бір жапондық телевизор жасаушы компания өз өнімінің көрермендерге
қолайлы биологиялық әсері бар деп жарнамалайды.
Жоғарыда келтірілген мысалдағы өнімдердің
қосымша қасиеттерін міндетті сертификаттау шеңберінде тексеру
мүмкін емес, өйткені бұл кезде міндетті сертификаттаудың басты
аспектісі- қауіпсіздік сөз болып тұрған жоқ.
Қорытынды:
Қазіргі кезде ТМД-да, оның ішіндегі Қазақстанда
өнімнің сәйкестігін міндетті растау, ал алыс шетелдерде ерікті
растау басымырақ. ҚР МТРЖ-дегі соңғы реформаларға сай, сәйкестігі
міндетті расталатын өнімдердің тізілімі күрт
қысқарды. Бірақ елімізде сәйкестікті ерікті
растау жүйесі кеңже қалып, жүйенің ережелері қалыптаспай
отыр. Бұл нарықтағы бәсекелестікке тікелей
байланысты, әрі ол мемлекеттік органдардың қатысуынсыз қалыптасатын
жүйе. Кемелденген нарықтық экономика жағдайында
өнімнің сәйкестігін ерікті растау өнім өндірушіге саудадағы техникалық
кедергідерден сүрінбей өтудің және нарықтағы орнын ойып
тұрып алудың кепілі. Мысалы: Францияда
сәйкестігі ерікті расталған өнім «NF» сәйкестік белгісімен
таңбаланады. Франция тұтынушылардың арасында «NF» сәйкестік белгісімен
таңбаланбаған өнімге деген сұраныс жоқ десе де болады.
Осы себептен фраанцуздық фирмалардың 75%
шамасындағы өнімдердің сәйкестігі ерікті
расталады.
Біздің елімізде өнімнің сәйкестігін ерікті растауға
тек қазақстандық экспортшылар ғана мүдделі. Техникалық реттеу
жүйесіндегі реформалар сәтті өтіп, нарықтағы бәсекелестік күшейген
кезде сәйкестікті ерікті растауға деген сұраныс арта түсетіндігі
айқын. Сәйкестікті ерікті растаудың күрделі мәселесі-
сәйкестікті ерікті растау жүйесінің дамуына заңнамалық
қолдаудың мардымсыз болуы. Соңғы жылдары
ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес
кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйелерінің ерікті
сертификатталуы жақсы үрдіске айналып келеді.
Сәйкестікті ерікті растауға
қатысушылар.
Өнімнің сәйкестігін ерікті растау
өтінім беруші мен ерікті сертификаттау
жүйесіне кіретін сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы
жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау
жүйесін осы жүйені және сәй»кестік белгісін
(тиісті тізілімдерге) Мемстандарт бекіткен тәртіппен тіркеген
кез келген заңды тұлға тұра алады.Біртектес
өнімдердің сәйкестігін ерікті растау бағытында ерікті сертификаттау
жүйесі қалыптасқаннан кейін ашылған сәйкестікті растау негізінде
жұмыс істейді. Ерікті сертификаттау жүйесіне кіретін сәйкестікті
растау жөніндегі органның функциялары:
- өнімнің сәйкестігін растау, сертификат беру, өтінім берушіге өзара жасасқан келісім-шарт негізінде өнімді сәйкестік белгімен таңбалауға құқық беру;
- берілген сертификаттардың әрекетті мерзімін тоқтата тұру немесе жою.
Ерікті сертификаттау жүйесін қалыптастырған заңды
тұлға өнімнің сәйкестігін растау
ережелерін, өтемақы төлеу тәртібін бекітіп,
сәйкестікті ерікті растау жүйесінің қатысушыларын анықтайды.
Сәйкестік туралы декларация
арқылы өнімнің сәйкестігін растау.
ҚР МТРЖ-де сәйкестікті ерікті
растау өтінім берушінің бастамасы, қалауы
және талаптары бойынша, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің
тізіліміне кірмейтін өнімге жүргізіледі.Сәйкестікті
ерікті растаудың мазмұны және ондағы
атқарылатын жұмыстардың тәртібі міндетті
сертификаттаумен іспеттес.Сәйкестікті
ерікті растау жұмыстары оң нәтиже берген
кезде сәйкестікті растау жөніндегі орган
өтінім берушіге ҚР СТ 3.4 стандартының
р қосымшасында көрсетілген формадағы
сертификат рәсімдеп береді.Өнімнің сәйкестігін декларация
арқылы растау сертификатаумен салыстырғанда
сәйкстікті бағалаудың жалпылама, әрі
икемді тәсілі. Өнімді декларациялауды
өнім өндіруші (бірінші тарап), сәйкестікті
растау жөніндегі орган (үшінші тарап)
немесе екі тарап бірігіп іске асыруға болады.
Өнімнің сәйкестігін декларациялау практикада
қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың
басқа да формаларымен (мемлекетік қадағалау,
ведомстволық бақылау, лицензиялау және
ерікті сертификаттау) жақсы үйлесім табады.
Өнім өндіруші өнімнің сәйкестігін декларация
арқылы растай алады, егер ол өнім сәйкестігін сәйкестік
декларациясы арқылы растауға рұқсат
етілетін өнімдердің тізіліміне енсе.
Соңғы тізілім 2005-жылдың сәуірінің 20-жұлдызында
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.Өнімнің
сәйкестігін растау сәйкестік декларациясын қабылдау
және тіркеу ережесіне сай жүргізіледі.Қазіргі
кезде өркениетті елдерде өнімнің сәйкестігін
растауда декларациялау кеңінен қолданылып,
өнімнің тиісті нормативті құжаттарға
сәйкестігін дәйектейтін ең негізгі құрал болып отыр.
Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы
растау Қазақстанның заңнамасына үйлесімді,
әрі Еуропалық Одақтың негіз болатын құжаттарына сай келеді.
Өнімнің сәйкестігін декларация арқылы
растау шамадан тыс дәйектеу базасын қажет етпейді.
Ең бастысы - өнімнің қауіпсіздік деңгейінің
қажетті шегі дәлелденсе болғаны.
Өнімнің сәйкестігін декларация
арқылы растаудың өнімнің көп түрлеріне
таралуы - мемлекеттің отандық тауар өндірушілерге
деген сенімдігінің көрсеткіші. Өнімнің
сәйкестігін декларация арқылы растау
қаншалықты сенімділік, жариялық, дербестік
қадам болғанымен келесі біртекті топқа
біріккен өнімге қатысты сәйкестікті растаудың бұл түрін қолдануға
болмайды. Олар:
"Сәйкестік туралы декларация",
"Сәйкестік туралы жеткізушінің
өтінімі", "Өтінім-декларация",
және "Бұйым жасаушының өтінімі"
деген ұғымдар арқылы тауар
өндіруші немесе бұйым жасаушы
немесе жеткізуші өз өнімінің
көрсеткіштері тиісті нормативті
құжаттардың талаптарына сай
екендігін дәлелдеп, жауапкершілігін
мойындап, өнімнің қауіпсіздігіне
кепілдеме береді.Сонымен, өнімнің сәйкестігін
растау тек сертификаттау арқылы ғана емес,
сонымен қатар декларациялау арқылы да
жүргізіледі.
Өнімді декларациялаудың оны сертификаттаудан
артықшылығы: 1) тауар өндіруші оннан астам
сатыдан тұратын сертифиаттау рәсімінен
өтуден босатылады; 2) сәйкестікті растау
жөніндегі органның төлем ақысын төлеуден
босатылады; 3) тауар өндірушінің экономикалық
мүддесі сақталынады. Мемлекеттік техникалық
реттеу жүйесінің сәйкестікті растау саласындағы
ережелерінде белгіленген тәртіппен рәсімделген және
тіркелген декларацияның сертификатқа
тең заңды күші бар.
Пайданалынған әдебиеттер:
Акишев К., Дарибаева Г. Стандарттау,
метрология және сәйкестікті бағалау:
Оқулық. - Астана: Фолиант, 2008. - 256 бет.