Сәйкестікті міндетті растау
- өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық
реттеу саласындағы нормативтік - құқықтық
актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін
растауды жүзеге асыратын рәсім.
Сәйкестікті міндетті растау:
- дайындаушы (орындаушы) кәсіпорынның сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы арқылы;
- міндетті сертификаттау жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Дайындаушы (орындаушы) - өнімді
кейіннен өз иелігінен шығару
немесе өндірістік мақсаттарда
өзі тұтыну үшін өндіретін,
сондай-ақ, өтеулі және өтеусіз
шарт бойынша жұмыстарды орындайтын
немесе қызметтер көрсететін
жеке немесе заңды тұлға.
Сәйкестік туралы декларация-
дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын
өнімнің, көрсетілген қызметтің белгіленген
талаптарға сәйкестігін куәландыратын
құжат.
Міндетті сертификаттау –
сәйкестікті растау жөнінегі органдардың
қатысуымен өнімнің, көрсетілген қызметтің
техникалық реттеу саласындағы нормативтік-
құқықтық актілерде белгіленген талаптарға
сәйкестігін растау формасы.
Өнімнің сәйкестігін міндетті
растау техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде
белгіленген талаптарға сәйкестігі және сәйкестікті растау тәсілі
бойынша жүзеге асырылады. Өнімнің сәйкестігін
міндетті растау кезінде техникалық сарапшылар
тартылуы мүмкін.Техникалық сарапшы - сәйкестігі
расталатын объектіге қатысты арнаулы
білім немесе тәжірибесі бар жеке тұлға.
Бұрын тұтынудан болғпн, сондай-ақ ізгілік
көмек желісі бойынша әкелінген өнім сәйкестікті
міндетті растау объектілеріне жатпайды.Жыл өткен сайын қазақстанда
міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің саны азайып барады.
Бүгінгі күні бірқатар өнімдердің сейкістігін сәйкестік туралы
декларация арқылы растау мүмкін болып отыр.
Жас көкөніс пен жемістерден
басқа өсімдік шаруашылығы өнімдері міндетті
сертификаттауға жатады. Міндетті
сертификаттау өнімнің қауіпсіздігінен
мемлекет тарапынан бақылау формасы болып
табылады. Сондықтан- да, міндетті сертификаттаудың
екінші атауы – «заңмен реттелетін саладағы
сертификаттау».Сәйкестігі міндетті расталуға
жататын өнімнің белгіленген тәртіппен расталған, техникалық
реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде белгіленген
талаптарға сәйкестігі оның нарықтағы айналысының қажетті шарты болып
табылады. Сәйкестігі міндетті расталуға
жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнімді сатуға тыйым
салынады. Бұндай санаттағы өнімді сәйкестік сертификатынсыз саудаға
шығарған жеке тұлғаларға 10-50, ал заңды тұлғаларға
51-100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл
салынады. Сәйкестігі міндетті расталуға
жататын импортталатын өнімді Қазақстанға жеткізуге жасалған
келісім-шарттарда сәйкестікті растау
жөніндегі міндеттеме көзделуі тиіс.
Сәйкестігі міндетті расталуға жататын және саудаға арналған
импортталатын өнімді Қазақстанға жеткізуге жасалған келісім- шарттарда
өнімнің, елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауын,
сақталу мерзімін, сақталу шарттарын, қолдану тәсілін
қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттардың өніммен
қоса жүруі көзделуі тиіс.
Қазақстанда міндетті сертификаттауды
ұйымдастыру және оны жүргізу Мемстандартқа жүктелген.
Қазақстанда 24 міндетті сертификаттау
жүйесі бар. Міндетті сертификаттау жүйелерінің ішіндегі ең ірісі
– тағам өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы
өндірісі өнімдерін сертификаттау жүйесі.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сертификаттау
аталмыш жүйеге жатады.Егер ҚР МТРЖ - де бір тектес
өнімдерді сертификаттайтын бірнеше сәйкестікті растау жөніндегі
органдар тіркелсе, онда олардың іс-әрекетін
үйлестіру үшін Мемстандарт олрадың ішінен біреуін ғана
Бас орган етіп тағайындайды.
Бас органдарға сәйкестікті растау
жөніндегі органның атқарымынан басқа келесі атқарымдар жүктеледі:
- сәйкестікті растау жөніндегі органдардың іс-әрекеттерін әдістемелік басқару және үйлестіру;
- өнімді сертификаттау ережелері бойынша ұсыныстыар дайындау;
- міндетті сертификаттуға жататын өнімдердің тізілімі бойынша ұсыныстар дайындау;
- сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынау зертханаларының және сарапшы – аудиторлардың жүйеге қажетті санын анықтау.
Міндетті сертификаттаудың негізгі қатысушылары:
өтінім беруші (өнім өндіруші, дайындаушы,
орындаушы, сатушы), сәйкестікті растау
жөніндегі орган және сынау зертханасы
(орталығы). Осы үшуі әрі нақты сертификаттаудың
барлық сатыларына қатысады.
Өтінім беруші – сәйкестікті
растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті,
процестерді ұсынған жеке немесе заңды
тұлға.Өтінім берушінің сәйкестікті растау
саласындағы құқықтары:
- осы өнім үшін техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқтық актілерде қарастырылған сәйкестікті растау формасы мен тәсімін таңдау;
- аккредиттеу аясына сай келетін кез келген сәйкестікті растау жөніндегі органдар өтінім білдіру;
- таңдалған сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған жағдайда сәйкестік белгісін қолдану;
- Мемстандартқа сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларыныңзаңсыз әрекеттеріне шағым жасау;
- өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа шағым жасау;
- Өтінім берушінің сәйкестікті растау саласындағы міндеттері:
- өнімнің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
- өнімнің сәйкестігін растауды қамтамасыз ету;
- егер сәйкестігі расталған өнімге инспекциялық тексеру жүргізу сәйкестікті растау тәсімінде қарастырылған болса, онда өтінім беруші инспекциялық тексеруге жүргізуге қажетті жағдай жасау;
- өнімді сәйкестігі расталғаннан кейін ғана сату;
- мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізілгенде мемлекеттік инспекторларға қажетті ақпаратты, өнімнің сәйкестік сертификатын (көшірмесін), сәйкестік туралы декларацияларды (көшірмесін) табыс ету;
- ілеспе құжаттамада сәйкетік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация жөніндегі мәліметтерді көрсету;
- егер сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолдану мерзімі аяқталса, немесе қолдануы тоқтатылса, немесе күші тоқтатылса, онда өнім сатуды тоқтата тұру немесе тоқтату;
- сәйкестікті растау жөніндегі органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнім өндірісінің технологиялық процестеріне енгізілгенөзгерістер туралы хабардар ету;
- сәйкестікті растау нәтижелері бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтік – құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өндіруді тоқтата тұру;
Сәйкестікті растау жөніндегі
орган – сәйкестікті растау жөніндегі
жұмыстарды орындау үшін белгіленген
тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға.
Сәйкетікті растау жөніндегі
органдар – меншік формасына қарамастан,
көрсетілетін қызметті өндірушілерден
(орындаушылардан), өнімді, көрсетілетін қызметті берушілер
мен тұтынушылардан, мемлекеттік органдардан тәуелсіз,
штатында сәйкестікті растау жөніндегі
сарапшы - аудиторлар және бекітіліп берілетін қызмет бағыттары бойынша
ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертханалары бар,
ҚР СТ 7.2 талаптарына жауап беретін ұйымдар.Сәйкестікті
растау жөніндегі органдар, олардың филиалдары,
сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар
ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен аккредиттелуге тиіс.
2005 – жылдың мамырының 13 – жұлдызшасында
күші жойылған ҚР “Сетификаттау туралы” заңында “Құзіретті
ұйымдарға сертификаттау жұмыстарын жүргізуге бір рет рұқсат беру”
нормасы бар болатын. Қазіргі кезде сәйкестікті растау саласын
реттейтін “Техникалық реттеу туралы” заңда бұл норма жоқ.
Яғни, өнімнің сәйкестігін растауға тек ҚР МТРЖ – де белгіленген
тәртіппен аккредиттелген сәйкестікті
растау жөніндегі орган ғана құзырлы. Бұған қоса,
бұрынғы “Сертификаттау туралы” заңы сәйкестікті растау
жөніндегі органның құрамында сынау зертханасының болуын міндеттейтін.
Бұл халықаралық практикаға қарсы шарт
еді. Сонымен қатар, сәйкестікті растау
жөніндегі орган өз құрамында сынау зертханасын
ашу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін біршама қаражат шығындайтын.
Сәйкестікті растау жөніндегі органның
құрамына кіретін зертханаларда сынау
жұмыстарының өзіндік құны ірі арнаулы
зертханалардағы сынау жұмыстарымен салыстырғанда
айтарлықтай жоғары. Сынау жұмыстарының
құны сертификаттаудың құнына әсер етсе,
сертификаттаудың құны өнімнің құнына
әсер етеді. Ең сонында барлық шығындарды
тұтынушылар төлейтінің естен шығармаған
абзал. Сәйкестікті растау жөніндегі органның
құрамында сынау зертханасының міндетті
түрде болуы – басқа зертханаларды нарықтан
шеттетіп, нарықтағы бәсекелестікті шектейді.
Қазіргі кезде (2008 – жыл) ҚР МТРЖ
– де аккредиттелген 190 сәйкестікті растау
жөніндегі орган қызмет көрсетеді.
Сәйкестікті растау
жөніндегі органның функциялары:
- өнімнің сәйкестігін міндетті растау үшін берілген өтінімдерін қарау, сәйкестігін растауға өтінілген өнімді бірдейлендіру;
- сәйкесті міндетті растау жөнінде жұмыстарды жүргізу;
- өтінім бойынша сәйкестік туралы декларацияны қабылдауға қажетті жұмыстарды жүргізу;
- сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу;
- сәйкестікті растау тәсіміне сай сәйкестігі міндетті растаудан өткен өнімге, көрсетілетін қызметке инспекциялық бақылау жүргізу, өнімнің белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сертификаттың немесе тіркелген сәйкестік туралы декларацияның қолданысын Мемстандарт белгіленген тәртіппен тоқтата тұру немесе олардың күшін жою;
- берілген сертификаттардың немесе тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың тізілімін жүргізу.
4. Сәйкестікіті растау жөніндегі
органның құқықтары:
- өтінімі бойынша аккредиттеу саласы шегінде объектілердің сәйкестігін міндетті және ерікті түрде растауды жүргізу;
- сәйкестікті растау рәсімдерін жүзеге асыру үшін келісім шарт негізінде құзыретті ұйымдардың өкілдерін, сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы – аудиторларды, өнім бойынша техникалық сарапшыларды тарту;
- өтінім берушіден сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құжаттарды сұрату;
Сәйкестікті растау жөніндегі органның міндеттері:
- өтінім берушінің сәйкестікті растау ережелері мен шарттары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- өтінім берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеу;
- Мемстандартқа тсәйкестікті растау саласындағы ҚР МТРЖ – нің ережелеріне сай берілген сертификаттар мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялар жөніндегі ақпараттарды және объектілерді сертификаттаудан бас тарту туралы мәліметтерді беру;
- өнім өндірген елге қарамаста, өтінім берушінің комерциялық мүддесі болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамсыз ету.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдар сәйкестікті міндетті растау
ережелерін тбұзғаны және сертификатты
заңсыз бергні, сәйкестік туралы декларацияларды
заңсыз тіркегені үшін ҚР Заңдарына сәйкес
жааупты болады.Сәйкестікті растау жөніндегі
органдардың құқық қабілеттілігі олар
аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және
оның әрекетті мерзімінің аяқталуына
немесе “Техникалық реттеу туралы” заңда белгіленген
тәртіппен жарамсыз деп танылуына байланысты
тоқтатылады.Сәйкестікті растау жөніндегі
органның аккредитеу саласында консалтингтік
қызмет көрсетуге құқысы жоқ және олардың
осы қызметтерді көрсететін ұйымдармен
сыбайлас болуына жол берілмейді. Сынау зертханасы
- өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін
сынау жүргізетін зертхана, соның ішінде
мемлекеттік органдардың зертханалары.Сынау зертханалары
– меншік формасына қарамастан, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен
және ҚР СТ ИСО 17025 сәйкес аккредиттелген ұйымдар және
олардың құрылымдық бөлімшелері.
Қазіргі кезде (2007 – жыл) ҚР МТРЖ – де аккредиттелген 477
сынау зертханалары қызмет көрсетеді.
Сынау зертханалары сәйкестікті растау
жөніндегі органдармен немесе басқа да өтінім берушілермен жасалған
келісім шарт негізінде:
- өзінің аккредитеу аясы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерді сынайды;
- сынау нәтижелерінің дәйектігін қамтамасыз етеді;
Мемстандарт белгіленген тәртіппен және тиісті
формада жұмыс нәтижелерін рәсімдеп, сынау хаттамасын береді.Сәйкестікті растау
мақсатында сынау жүргізу жөніндегі зертханалардың құқық қабілеттілігі
олар аккредиттеу аттестаты алған кезде туындайды және оның
әрекетті мерзімінің аяқталуына, ҚР Үкіметі белгіленген тәртіппен
қайтарып алынуына, әрекеті жойылуына және жарамсыз деп танылуына
байланысты тоқтатылады. Сынау зертханалары
объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға
сынаудың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынған үшін
ҚР Заңдарына сәйкес жауапты болады.
Егер сәйкестікті растау жөніндегі органның
құрамында аккредиттелген сынау зертханасы
болса, онда оны сәйкестікті растау орталығы
деп атайды
а) сынау зертханасы сәйкестікті
растау жөніндегі органның құрамында (сәйкестікті растау
орталығы);
ә) сынау зертханасы дербес құрылым.
Сәйкестікті растау жөніндегі ұйымдардың
жұмыс атқару
5.Сәйкестікті ерікті растау және сәйкестік туралы декларация арқылы өнімнің сәйкестігін
растау
Сәйкестікті ерікті растау
– дайындаушының немесе сатушының
бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің,
көрсетілетін қызметтің, процестердің
стандартқа, өзге де құжатқа немесе
өтінім берушінің арнайы талаптарына
сәйкестігін растауды жүзеге
асыратын рәсім.
Техникалық реттеу саласындағы
нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптар қолданылмайтын
өнімнің сәйкестігін ерікті растау өтінім берушінің бастамасы мен
талаптары бойынша жүргізіледі. Сондықтан да,
сәйкестікті ерікті растаудың екінші атауы –«заңмен
реттелмейтін саладағы сәйкестікті растау».
Сәйкестікті ерікті растау сәйкестікті
міндетті растауды алмастыра алмайды.
Сәйкестікті ерікті растау өтінім беруші
мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы жасалған келісім-шарт
негізінде жүргізіледі.
ҚР Мемлекеттік органдары өнімнің,
көрсетілген қызметтің сәйкестігін ерікті растауды жүргізуге өнім
өндірушіні, қызмет көрсетушіні міндеттейтін нормативтік-құқықтық
актілер қабылдауғақұқылы емес. ҚР Білім және ғылым министрлігі
ИСО 9001 негізінде СМЖ енгізілуі тиіс оншақты жоғары оқу орындарының
тізілімін бекітіп, университеттердің
сапа жүйесі сертификаттарын алуын қадағалап отырған. Бұл
ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы 34-бабының 3-тармағына қайшы
келеді. Өнімнің сәйкестігін ерікті растауға
деген сұраныстың артуы еліміздің экономикалық ахуалының өсуіне,
қаржылық-экономикалық топтардың арасында бәсекелестіктің пайда
болуына тікелей байланысты. Қауіпсіздік
тұрғысынан талап қойылмайтын өнімдердің сәйкестігі ерікті
расталуы мүмкін. Сәйкестікті ерікті растау нарыққа сапасыз өнімнің
шығу жолын бөгейді. Себебі: сәйкестікті
ерікті растау барысында өнімнің сенімділігі, әрі оның эстетикалық,
эргономикалық, экономикалық және т.б. көрсеткіштері тексеріледі.
Жоғарыда жазылғандай, сәйкестікті ерікті растау міндетті
сертификаттауды алмастыра алмайды және оның нәтижесі өнімді
сатуға немесе жеткізіп беруге тиым салуға негіз бола алмайды.
Сәйкестікті ерікті растау бірінші кезекте
тұтынушылар үшін күреске бағытталған.