ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Сәйкестікті растау
Орындаған: Әдебиет M.
Тобы: СМиС 12-11
Тексерген: Уажанова Р.
Алматы
– 2013ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Сәйкестікті растау саласының мақсаттары мен қағидалары
2. Сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік реттеу
және басқару
3. Мемстандарттың сәйкестікті растау және аккредиттеу
саласындағы функциялары
4. Сәйкестікті растаудың негізгі түрлері
5. Сәйкестікті ерікті растау және сәйкестік туралы декларация арқылы
өнімнің сәйкестігін растау
Қорытынды
Пайданалынған
әдебиеттер
Сәйкестікті
растау
Кіріспе
Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің
сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.
Сәйкестікті растау – нәтижесі объектінің
техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілерде,
стандарттарда немесе шарттарда белгіленген
талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландіру
(сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік
сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес,
сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім техникалық реттеу
саласындағы нормативтік – құқықтық актілер бойынша айқындалады.
Бірақ аталмыш заңның бұл талабы практикада жүзеге асқанша, сәйкестігі
міндетті расталуы тиіс өнімдердің тізілімін бұрынғысынша жыл сайын
ҚР Үкіметі өз қаулысымен бекітіп отырады.Ф.А.Брокгауз
бен И.А.Эфронның 1900 – жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздігінде
«сертификат» сөзіне бірнеше анықтама берілген.
Оның бірінде: сертификат – куәлік. Бүгінгі
күні сертификат тек техникалқ реттеу саласына ғана тән сөз
емес. Сертификат сөзі қаржы саласында бір
жағдайда белгілі сомаға ақшалай куәлік ретінде, бір
жағдайда арнайы мемлекеттік займ ретінде қолданылады.
Ежелден өнім өндірушілер өз өнімдеріне
жазбаша кепілдеме берген. Бұл қазіргі заманғы терминология
бойынша «сәйкестік туралы декларация»
болып табылады. Ол декларацияның ауқымы өте кең болған және
олар өнер туындыларын да қамтыған. Қайта өрлеу (XV
ғ) дәуірінің суретшілері өз туындылары
300 жыл бойы сақталатындығына жазбаша кепілдік берген.
Ең қызығы – ол суреттердің бір бөлігі осы күнге дейін халыққа қызмет
етуде.
Қазақстанда сертификаттау ҚР «Стандарттау
және сертификаттау туралы» заңына сәйкес
1993 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
КСРО- ның экспортталатын өнімді сертификаттау
жүйесі Қазақстанға мұра болып қалды. Бірақ КСРО–ның
сертификаттау жүйесінің кемшіл тұстары
көп болатын. 1984 жылға дейін КСРО- ның отандық
өнімдері шетелдік орталықтарда, сол елдің
заңнамасына сәйкес сертификатталды. Тек сол жылдың
күзінде КСРО Үкіметі экспортталатын өнімді
сертификаттау жөнінде қаулы қабылдады.
Сәйкестік сертификатын КСРО Мемстандартты
рәсімдейтін еді. Бұл сертификаттау саласындағы халықаралық талаптарға
қайшы келетін.
1991 жылы КСРО - да не бары 14 сынау орталығы
жұмыс істеген еді. Неліктен КСРО - да сертификаттау жүйесі
нашар дамыды? Оның үш себебі болатын. Біріншіден,
Кеңес өкіметі жоспарлы саясатты ұстанып, халық
санына сәйкес өнім шығаратын. Экспорттың үлесі мардымсыз болатын.
Халықта өнімнің әр түрлілігн таңдау, талғамына сай өнім сатып
алу мүмкіндігі болған жоқ. Екіншіден, КСРО
- ның сертификаттау жүйесіндегі Мемстандарт рәсімдеген
сәйестік сертификатты бақа елдер мойындамайтын.
Үшіншіден, кеңес заманында бәсекелестіктің болмауына
байланысты өнім өндіруші өнімнің сапасына үлкен ден қоймайтын
еді. Бұл орайда бұрынғы КСРО - даөндірілген
өнімдер мен жасалған бұйымдардың барлығы қауіпті қауіпті ой
тумаса керек. Ол кезеңде сол заманға сай өнімнің
сәйкестігін бағалайтын басқа тетіктер болған.
Олар : өнімді сапа санаты бойынша аттестаттау (жоғары,
бірінші, екінші санаттағы өнімдер деп оларды
сапа белгілерімен таңбалаған);мемлекеттік
сынау; мемлекеттік қабылдау (сол кезднгі барлық
өнімнің 30%-нің сәйкестігі осы әдіспен бағаланған);
стандарттардың талаптарының орындалуын
қадағалау.
Қазақстанда 1999-жылдың шілдесінің
16-жұлдызшасында «Сертификаттау туралы» жеке заң қабылданды.
Аталмыш заң Қазақстандағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді,
жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқтық негіздерін
белгілеп, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттеп,
сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын,
міндеттері мен жауапкершілігін белгілеген
болатын.Уақыт 1999-жылы қабылданған ҚР «Сертификаттау
туралы» заңы да өтпелі заңдардың бірі екендігін көрсетеді.
Елімізде 2004-жылдың қарашасының 9-жұлдызшасында
«Техникалық реттеу туралы» заң қабылданып,
алты айдан соң, яғни 2005жылдың мамырының
3 - жұлдызшасында өзінің заңды күшіне енді.
1. Сәйкестікті растау саласының
мақсаттары мен қағидалары
1.1. Сәйкестікті растау саласының мақсаттары:
- Өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам
өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта,
соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер әлемі
үшін қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
- Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне
қатысты тұтынушыларды
жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;
- Саудадағы техникалық кедергілерді жою;
- Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
1.2, Сәйкестікті растау саласының
қағидалары:
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің
бірлігі мен тұтастығы;
- Бірыңғай терминологияны, өнімге қойылатын талаптарды
белгілеу ережелерін қолдану ;
- Техникалық ркеттеу мақсаттарының орынды
және қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін
тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен басқа да тараптар мүдделерінің
теңгерімін қамтамасыз ету ;
- Отандық және импортталатын өнімге және
оның белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне
қойылатын талаптардың бірдей ;
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық
актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника
жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын
басым пайдалану ;
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер
талаптарының мемлекет экономикасының дамуы,оның материалдық – техникалық
базасы деңгейіне және ғылыми- техникалық
даму деңгейіне сәйкістігі ;
- Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге
де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда,
техникалық реттеу саласындағы нормативтік- құқықтық актілердің,
стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту,
жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі ;
- Стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде
талдау;
-Сәйкестікті растаудың бірыңғай жүйесі мен ережелері ;
- Бір органның аккредиттеу және сәйкестікті
растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау ;
- Бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау
және сәйкестікті растау функцияларының
үйлеспеушілігі ;
- Сәйкестікті растау жөніндегі
органдардың дайындаушылардан, сатушылардан және сатып алушылардан
тәуелсіздігі;
- Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда
бәсекелестіктің шектелуін болдырмау
(сәйкестікті растау саласында нарықтық
қатынас қағидасы).
2. Сәйкестікті растау
саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару
ҚР МТРЖ-дегі сәйкестікті растау саласының
ұйымдық құрылымы. Мемстандарттың техникалық реттеу саласындағы
функциялары. Мемстандарттың сәйкестікті
растау және аккредиттеу саласындағы функциялары. Сәйкестікті растау
саласының мақсаттары мен қағидалары. Сәйкестікті растау саласының
нормативтік-әдістемелік базасы ҚР Мемлекеттік
техникалық реттеу жүйесіндегі сәйкестікті растау
саласының ұйымдық құрылымы. ҚР МТРЖ-дегі
сәйкестікті растау саласының ұйымдық
құрылымын келесі мемлекеттік органдар
мен кәсіпорындар құрайды:
1.ҚР Үкіметі;
2.ҚР Индустрия және сауда министрлігі
Техникалық реттеу және метролоргия жөніндегі
комитет (ары қарай – Мемстандарт) және
оған қарасты кәсіпорындар:
- “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК;
- “Қазақстан метрология институты” РМК;
- “Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы” ЖШС;
- “Ұлттық аккредиттеу орталығы” ЖШС;
3.Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар
(министрліктер, ведомостволар, агенттіктер мен комитеттер);
4.Мемлекеттік органдар жанындағы
техникалық реттеу саласындағы сарапшылық
кеңестер;
Саудадағы техникалық кедергілер,
санитарлық және фитосанитарлық шаралар
жөніндегі ақпарат орталық;
Стандарттау
жөніндегі техникалық комитеттер;
Аккридеттелген
сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
Аккредиттелген сынау зертханалары;
Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторлар;
Мемстандарттың техникалық реттеу
саласындағы функциялары:
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу;
- Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
- Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың ,жеке және заңды тұлғалардың қызметтерін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- Мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын әзірлеу және олардың орындалуын үйлестіру;
- Техникалық реттеу саласындағы жобалардың және нормативтік-құқықтық актілердің техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және ҚР “Техникалық реттеу туралы” заңы 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
- Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен, жеке және заңды тұлғалармен техникалық реттеу мәселері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік ұйымдарда Қазақстан атынан өкілдік ету, халықаралық және өңірлік стандарттау, сәйкестікті растау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысу;
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
Сәйкестікті растау және аккредиттеу
салаларына тікелей қатысты
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін және оны ұйымдастыру, сондай-ақ, техникалық реттеу саласындағы кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру;
- Техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
- ҚР Заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттеу аттестатын беру, оның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру, өткізу сатысында өнімге қатысты техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту.
3. Мемстандарттың сәйкестікті растау және аккредиттеу
саласындағы функциялары
Мемлекеттік органдардың,
стандарттау жөніндегі техникалық
комитеттердің және сәйкестікті
растау жөніндегі органдардың
қатысуымен атқарылатын жұмыстарды
жүргізудің ережелерін бнлгілеу;
- Заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асыру;
- Сәйкестік сертификатының, сәйкестік туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының формаларын белгілеу;
- Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің ережелерін әзірлеу;
- Шағымдарды қарау үшін апелляциялық комиссия құру;
- Егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестікті растау жөніндегі құжаттар мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің талаптарына қайшы келсе, онда олардың күшін жоютуралы ұсыныстар дайындау;
- Зертханааралық салыстыру сынаулары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Сәйкестікті растаудың негізгі
түрлері
«Техникалық реттеу туралы»
заңға сәйкес Қазақстан аумағында
өнімнің сәйкестігін растау міндетті
және ерікті сипатта болады. Сәйкестігі міндетті
расталуы жататын өнім техниакалық реттеу
саласындағы нормативтік - құқықтық актілерде айқындалады.