Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:19, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;
- аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;
- 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;
- 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;

Содержание

Кіріспе
1 Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері
1.1. Қазақстан республикасында стандарттау мәні, маңызы, мақсаты
1.2 Қазақстан республикасында сертификаттау ұғымы
1.3 ҚР стандарттау және сертификаттау саласының заңнамалық актілері
2 ҚР өнім сапасын стандарттауды және сертификаттауды талдау
2.1 Қарағанды облысындағы кәсіпорындар өнімдерін стандарттау және сертификаттау
2.2 Шахтинск қаласы әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметтің стандарттарға сәйкестігі
2.3 Шахтинск қаласы кәсіпорындарының өнім сапасын стандарттау және сертификаттау
3 Шахтинск қаласының кәсіпорындарын жетілдіру шаралары
3.1 Шахтинск қаласы кәсіпорындарын жетілдіру жолдарының маңыздылығы
3.2
3.3

Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом-Балнур.doc

— 922.50 Кб (Скачать документ)

17. Өнiмдi сынау,  өлшеу, сыртқы түрiн тексеру  және салыстыру нәтижелерi бойынша, 4-қосымшада ұсынылған нысан негiзiнде  хаттама жасалады. Сынақ хаттамасы  немесе сынақты жүргiзген тiркелген  зертхананың хаттамасы тексерiс  кесiмiнiң қосымшасы болып табылады.   
      Сынақ нәтижелері үлгiлер алынған өнiмнiң топтамасын қамтиды.

18. Егер өнiмнiң  сыртын тексеру және сынау  нәтижелерi бойынша бұзушылық  анықталмаса, тексерiс аяқталып, осы ереженiң 30-тармағына сәйкес  кесiм ресiмделедi.

19. Өнiмнiң  нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың себептерi зерттеледi және толық бағдарлама бойынша тексерiс жүргiзiледi.

20. Мiндеттi  сертификатталуға тиiстi өнiмдi бақылау  процесiнiң барысында, сонымен  қатар, төмендегiлер тексерiледi:   
      уәкiлеттi орган берген сертификаттың болуы, оның түпнұсқалығы, ресімделуінің, тіркелуінің дұрыстығы, қолдану мерзімі немесе сәйкестiк декларациясының болуы;   
      сәйкестiк белгiсiн қолдану құқықтылығы;   
      инспекциялық бақылауды көздейтiн сертификаттау сызбасы бойынша сертификат берген сертификаттау жөнiндегi органы инспекциялық бақылау жүргiзгенiн дәлелдейтiн құжаттардың болуы.

21. Стандарттау  жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының  сақталуына тексерiс жүргiзумен қатар тексерiлетiн объектіде, Мемстандарт бекiткен әдiстемелер бойынша, өлшем және сынақ құралдарымен қамтамасыздығы және олардың күйi тексерiледi.

22. Өнiмнiң  сериялық өндiрiсi немесе оны  өндiрушi кәсiпорынның сапа жүйесi  белгiленген тәртiппен сертификатталған болса, мемлекеттiк қадағалау органдарымен тек келесi жағдайларда ғана тексерiледi:   
      1) тұтынушылардың шағымдары немесе жоғарыдағы мекеменiң тапсырмасы келiп түскенде;   
      2) егер сертификаттау жөнiндегi органының қызметiн тексеру нәтижесiнде өнiмге сәйкестiк сертификатын беру негiзсiздiгi немесе сертификаттау жөнiндегi органының сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзу барысындағы болған бұзушылық анықталғанда.

23. Өнiмдi сату  сатысында мемлекеттiк қадағалау  жүргiзу үшiн мыналар қажет:   
      тауарлардың үлгiлерiн сатып алу және ақшалай қаражат алу үшiн Комитет Төрағасы мен аймақтық Басқармаларының басшылары арасында:   
      толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасалады;   
      тиiстi Басқарманың басшысы бекiткен кестеге сәйкес, аванс журналы бойынша ақшалай қаражатты алған соң, мемлекеттiк инспекторларға тауарларды сатып алу үшiн ақшалай қаражат берiледi;   
      сату саласында тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн олардың үлгiлерiн сатып алу және сынау заңнамаға сәйкес iске асырылады.   
      Yлгiлердi сатып алу тәртiбi:   
      тауарлардың үлгiлерiн сатып алу орындары: тиiстi Басқарманың басшысы бекiткен кестеге сәйкес сату саласы (дүкен, супермаркеттер);   
      сапасын және қауiпсiздiгiн анықтау үшiн сатып алынатын тауарлардың үлгiлерi - тiзiмге сәйкес (осы ереженiң 5-қосымшасы);   
      тексерiстi ұйымдастыру үшiн тексерiлуге тиiстi объектiнiң басшысына, Басқарманың тексерiстердi есептеу журналында мiндеттi түрде және прокуратура органдарында тiркелуге тиiстi тексерiс жүргiзу туралы тапсырма (осы ереженiң 1-қосымшасы) әзiрленедi;   
      өнiмдi сырттай тексерудi, оны салыстыруды нормативтiк құжаттардың өнiмге қойылатын талаптарының негiзiнде мемлекеттiк инспектор жүзеге асырады;   
      сату саласында тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу үшiн тауарлардың үлгiлерi сатып алынады;   
      тауарлардың үлгiлерiн сатып алу кезiнде мемлекеттiк инспектор тексерiске қатысушылар қол қойған тауарлардың үлгiлерiн iрiктеу кесiмiн (осы ереженiң 2-қосымшасы) жасайды және тауарға берiлген чектi тiркейдi;  
      тауардың сатып алынған үлгiсiн мемлекеттiк инспектор тiркелген зертханаларға сынауға тапсырады (осы ереженiң 3-қосымшасы);   
      тiркелген зертханалар тексерiске қатысушылардың қолы қойылған сынақ хаттамасын (осы ереженiң 4-қосымшасы) мемлекеттiк инспекторларға тапсырады;   
      мемлекеттiк инспектор тексерiс нәтижелері, үлгiлердi iрiктеу кесiмi және сынақ хаттамасы негiзiнде тексерiске қатысушылардың қолы қойылған тексерiс кесiмiнiң 3 данасын (осы ереженiң 6-қосымшасы) және орындалған жұмыс кесiмiн (осы ереженiң 7-қосымшасы) жасайды;   
      әрбiр тексерiс бойынша мемлекеттiк инспекторлар аймақтық Басқарма басшысына аванстық есеп бередi;   
      терiс нәтижелер алынған жағдайда аймақтық әкiмшiлiк комиссиялары Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы Кодексiне сәйкес әкiмшiлiк шаралары қолданылады.   
      Тiркелген зертханалардың тауар үлгiлерiне сынақ жүргiзу тәртiбi:   
      тауарлардың үлгiлерiне сынақ жүргiзу үшiн тiркелген зертханаларды Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ашық конкурс жариялау арқылы анықтау;   
      болашақ жеткiзушiлер үшiн нұсқау әзiрлеу;   
      заңмен белгiленген тәртiп бойынша, Мемстандарт және тiркелген зертханалар арасындағы шартына сәйкес тауарлардың үлгiлерiн сынау қызметiн көрсету үшiн төлеу;   
      сынақ зертханаларының ай сайын, ағымдағы айдың 10-на дейiн, Мемстандартқа орындалған жұмыс кесiмiн ұсынуы;   
      аймақтық басқарма басшыларының Мемстандарт бухгалтериясынан тауарлардың үлгiлерiн сатып алуға арналған ақшалай қаражатты тоқсан сайын алуы және ағымдағы айдың 10-на дейiн түпнұсқалы құжаттарды қоса бухгалтерияға аванстық есеп беруi:   
      1) тексерiс кесiмi (iрiктеу кесiмi мен тауарларды сатып алу чегiмен қоса);   
      2) тiркелген зертханаларымен орындалған жұмыс кесiмiн жасау.

5. Сертификаттау  жөнiндегi органдарының және сынақ   
зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау жүргiзу ережесi

24. Сертификаттау  жөнiндегi органдарының және сынақ  зертханаларының қызметiне мемлекеттiк қадағалау олардың қызметiнiң тiркелген талаптарына сәйкестiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң талаптарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiледi.

25. Тiркелген сертификаттау жөнiндегi органдарына тексерiс жүргiзу барысында төмендегiлер анықталады:   
      1) өнiмдердi (қызмет көрсетулердi), сапа жүйелерiн, өндiрiстi сертификаттау жөнiндегi органның тiркеу аттестатының болуы;   
      2) нормативтiк құжаттамаларының қажеттi қорының болуы және оның көкейтестi ету уақыттылығы;   
      3) тиiстi персоналдың болуы және оның бiлiктiлiгi;   
      4) органға бекiтiлген өнiмдi сертификаттау ережесi мен тәртiбiн белгiлейтiн құжаттардың болуы;   
      5) сертификаттау жөнiндегi орган ережесiнде және мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң құжаттарында белгiленген талаптардың сақталуы;   
      6) тiркеу саласына сәйкес өнiмге берiлген сәйкестiк сертификаттарының дұрыс ресiмделуi және берiлуiнiң негiздiлiгi;   
      7) берiлген сертификаттардың дұрыс тiркелуi;   
      8) өнiмнiң нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкессiздiгiне байланысты сертификат беруден бас тартқан жағдайлар;  
      9) қосалқы мердiгерлермен жұмыс iстеу ережесi;  
      10) сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзудiң дұрыстығы;  
      11) iшкi аудит жүргiзу.

26. Тiркелген  сынақ зертханаларына тексерiс  жүргiзу барысында   
төмендегiлер анықталады:  
      1) сертификаттау сынақтарын жүргiзу құқығына сынақ зертханасының тiркеу аттестатының болуы;  
      2) сертификаттау сынақтарынан өтетiн өнім түрінің зертхананың тiркелген саласына сәйкестiгi;  
      3) қажеттi персоналдың болуы, оның бiлiктiлiгi, қызмет нұсқауларының және бiлiктiлiгiн арттыру нысандарының болуы;  
      4) нормативтiк құжаттамаларының қажеттi қорының болуы және оның көкейтестi ету уақыттылығы;  
      5) сертификаттау сынақтары барысында қолданылатын өлшем құралдары мен әдiстемелерiнiң, сынақ құралдарының және сынақ әдiстемелерiнiң күйi, сынақ және өлшем құралдарын салыстырып тексеру уақыттылығы, стандарттық үлгiлердi қолдану дұрыстығы;  
      6) сыналатын өнiм үлгiлерiн iрiктеу кесiмiнiң және белгiлеу жүйесiнiң (таңбалау) болуы;  
      7) өнiм үлгiлерiнiң нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкестiгiн сынау толықтығы;  
      8) сынақ жүргiзу бағдарламалары мен әдiстемелерiнiң сақталуы;  
      9) сертификаттық сынақ хаттамаларының дұрыс ресiмделуi және   
сенiмдiлiгi;  
      10) сынақ сапасына iшкi бақылау және зертхананың сапаны басқару жүйесiне iшкi тексеру жүргiзiлуi;  
      11) өтiнушiлермен, басқа сынақ зертханаларымен, сертификаттау жөнiндегi органдарымен өзара әрекетi.

6. Тексерiс  нәтижелерiн ресiмдеу

27. Заңды және  жеке тұлғаларды тексеру нәтижелерi  бойынша 6-қосымшадағы нысан бойынша  кесiм ресiмделедi.

28. Тексерiс  кесiмi - қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиiстi шаралар қолдану туралы ұйғарымдар мен қаулылар беруге негiздеме болып табылатын құжат.  
      Тексерiс кесiмiне қойылатын негiзгi талаптар:  
1) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарының, мiндеттi сертификаттау ережелерiнiң бұзылуы туралы анықталған фактiлердiң және оның себептерiнiң сенiмдiлiгi және негiздiлiгi;

2) барынша  қажеттi ақпараттың баяндалу қысқалылығы; 

3) тексерiс  нәтижелерiнiң толықтығы;  
4) тексерiс нәтижелерiнiң объективтiлiгi.

29. Бұзушылық анықталған тексерiс кесiмi келесi бөлiмдерден тұрады:  
1) бастапқы деректер;  
2) нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi;  
3) өлшем және сынақ құралдарының күйiн тексеру нәтижелерi;  
4) бұзушылық себептерi;  
5) тұжырымдама.  
      Негiзгi кесiмге аралық кесiмдер қоса берiледi: үлгiлердi iрiктеу кесiмi, сынақ хаттамалары, анықталған бұзушылықтарды куәләндыратын құжаттардың көшiрмесi және т.б.   
      Кесiмде тексерiлген объектiнiң қысқаша сипаттамасы берiледi, анықталған бұзушылықтар мен олардың себептерi, сондай-ақ қолданылатын шаралардың негiзi бола алатын басқа мәлiметтер көрсетiледi.   
      Кесiмге тексерiстiң барлық қатысушылары қол қояды. Кесiмде баяндалған деректердiң толықтығы, сенiмдiлiгi және объективтiлiгi үшiн тексерiс жетекшiсi жауапты.  
      Кесiм мазмұны тексерiлген объект басшысына жеткiзiледi, және ол кесiмге қол қоюға тиiс. Егер ол қол қоюдан бас тартса, кесiмге тиiстi белгi жасалады.  
      Тексерiлген объекттiң лауазымды тұлғалары кесiмге қоса, тексерiс нәтижелерi бойынша өздерiнiң айрықша пiкiрлерiн жазуға құқылы.

30. Бұзушылықтар анықталмаған  тексерiс кесiмi тек мынадай  бөлiмдерден тұрады:  
1) бастапқы деректер;  
2) нормативтiк құжаттар талаптарының сақталуын тексеру нәтижелерi.   
      Сонымен қатар, кесiмге қоса үлгiлердi iрiктеу кесiмi және сынақ хаттамасы берiледi.

31. Өнiмнiң өмiршеңдiк  кезеңiнiң түрлi сатыларында тексеру  жүргiзу және оны ресiмдеу бойынша,  өнiмнiң нақты түрлерi мен тексерiс  объектiлерi бойынша қосымша талаптар  Мемстандарт бекiткен тексеру  әдiстемелерiнде немесе тексеру жүргiзуге техникалық тапсырмаларында белгiленедi.

7. Мемлекеттiк қадағалау  мәлiметтерiн жүзеге асыру

32. Тексерiс кесiмiнiң  бiр данасы, қосымшалары мен қолданыстағы  заңнамаға сәйкес мемлекеттiк  қадағалау берген ұйғарымдарды  қоса, тексерiлген тұлғаға жiберiледi.

33. Тексерiс  кесiмiнiң бiр данасы Мемстандарттың  мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық органының iстерiнде сақталады, ал республиканың бас мемлекеттiк инспекторы тарапынан шара қолдану қажеттiлiгi туындаған жағдайда кесiм көшiрмесi Мемстандартқа ұсынылады.

34. Үзiндi немесе  жалпы мәлiметтерi түрiндегi тексерiс  кесiмдерiнен алынған деректер, қажеттi жағдайда, сондай-ақ арнайы сұраулар бойынша, мүдделi тұлғаларға заңмен белгiленген тәртiппен жiберiледi.

35. Тiркелген  сертификаттау жөнiндегi органдары  мен сынақ зертханаларының қызметiн  тексеру кесiмiнiң бiр данасы  тексерiс нәтижелерiне қатыссыз Мемстандартқа ұсынылады.

36. Тексерiлген  тұлға кесiм мен ұйғарымдарды  алған соң анықталған бұзушылықтар  мен олардың себептерiн жою  жөнiнде шаралар қолданады. Қажеттi жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiндегi шаралардың жоспары әзiрленедi және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерге хабарланады.   
      Шаралар жоспарларының орындалуы туралы анықтамалар, ұйғарымдарды орындау туралы хабарламалар мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi аймақтық бөлiмшелерiне жiберiледi және берiлген ұйғарымдардың орындалуына тексеру кезiнде пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚР өнім сапасын  стандарттауды және сертификаттауды  талдау

 

2.1 Қарағанды облысы  өнімдерін стандарттау және сертификаттау

 

Қарағанды облысы Қазақстан  Республикасының индустриялық аймақтарының бірі болып табылады. Бұл жерде түсті және қара металлургияның, машиана жасау, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс индустриясы мен энергетиканың ірі кәсіпорындары шоғырланған. Пайдалы қазба байлықтарының кен орнын игеруде Қарағанды облысы Республиканың минералды шикізат кешенінде маңызды орын алады және Қазақстанның темір-мырыш, барит-полиметал, мыс кенді сирек метал провинциясы болып табылады. Қатты пайдалы қазбалардың негізгі түрі бойынша өңірдің баланстық қорының әлеуетті құндылығы 758,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жер қойнауының қорлары мен болжамды ресурстары – 1162 млрд. АҚШ доллары. Қарағанды көмір бассейні ТМД елдерінің көмір бассейіндері  бойында табиғи газы бар аймақ болып табылады.  Облыста металлургия және құрылыс индустриясы үшін кенсіз шикізаттың ірі қорлары бар. 2010 - 2012 жылдар аралығында Қарағанды облысының өнеркәсіптік өндіріс көлемі қолданыстағы бағаларда 517,3-тан 808,9 млрд. теңгеге дейін немесе 56,4 пайыздық тармаққа артты. ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіптің жалпы қосымша құны 350,3-дан 759,6 млрд. теңгеге дейін артты немесе 2 еседен артық.

 

2010-2012 жылдардағы айғақты көлем индексінің және өнеркәсіптегі тауарлық өнім өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы

1-сурет

 

Оған қоса, облыстың жалпы өңірлік өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосымша құнының үлес салмағы өсімнің тұрақсыз динамикасына ие, және 2010 жылы 49,8% жетті (2009ж. – 51,5%).

Сонымен қатар, 2009 жылдан бері «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мен «АрселорМиттал Темиртау» АҚ экспортқа бағытталған кәсіпорындар өніміне сұраныстың азаюынан қаржы дағдарысына байланысты металға әлемдік құнның төмендеумен өндірістің айғақты көлем индексінің төмендеуі байқалды.

Оған қоса, бес жылдық кезеңде өнеркәсіпте 150772-дан 139535-ға дейін жұмысшылардың экономиканың басқа салаларына ауысу динамикасы көрініс тапты, ол 7,5% құрайды.

Еңбек өнімділігі бір  жұмыс істеушіге 5796,9 мың теңгеге дейін немесе 68,96 пайыздық тармаққа артты.

1-кесте

 

Көрсеткіш

2008ж

2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), млрд. теңге

679,8

922,6

1144,3

1463,0

1515,8

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд.теңге

517,3

730,3

840,4

946,5

808,9

Өнеркәсіптің ЖҚҚ, млрд. теңге

350,3

497,2

587,2

766,6

754,8

ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ үлес салмағы, %

51,5

53,9

51,3

52,4

49,8

Жылына орташа есеппен жұмысшылардың тізімдік саны, адам

150772

150299

148818

147196

<span class



Информация о работе Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері