Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:19, дипломная работа

Краткое описание

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;
- аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;
- 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;
- 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;

Содержание

Кіріспе
1 Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері
1.1. Қазақстан республикасында стандарттау мәні, маңызы, мақсаты
1.2 Қазақстан республикасында сертификаттау ұғымы
1.3 ҚР стандарттау және сертификаттау саласының заңнамалық актілері
2 ҚР өнім сапасын стандарттауды және сертификаттауды талдау
2.1 Қарағанды облысындағы кәсіпорындар өнімдерін стандарттау және сертификаттау
2.2 Шахтинск қаласы әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметтің стандарттарға сәйкестігі
2.3 Шахтинск қаласы кәсіпорындарының өнім сапасын стандарттау және сертификаттау
3 Шахтинск қаласының кәсіпорындарын жетілдіру шаралары
3.1 Шахтинск қаласы кәсіпорындарын жетілдіру жолдарының маңыздылығы
3.2
3.3

Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом-Балнур.doc

— 922.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

Кіріспе

 

1 Өнім стандартизациясының және  сертификациясының теориялық аспектілері

1.1. Қазақстан республикасында стандарттау мәні, маңызы, мақсаты

1.2 Қазақстан республикасында сертификаттау ұғымы

1.3 ҚР стандарттау және сертификаттау  саласының заңнамалық актілері

 

2 ҚР өнім сапасын стандарттауды  және сертификаттауды талдау

2.1 Қарағанды облысындағы кәсіпорындар  өнімдерін стандарттау және сертификаттау

2.2 Шахтинск қаласы әкім аппаратындағы  мемлекеттік қызметтің стандарттарға  сәйкестігі

2.3 Шахтинск қаласы кәсіпорындарының өнім сапасын стандарттау және сертификаттау

 

3 Шахтинск қаласының кәсіпорындарын  жетілдіру шаралары

3.1 Шахтинск қаласы кәсіпорындарын жетілдіру жолдарының маңыздылығы

3.2

3.3

 

 

Қорытынды

 

Қосымшалар

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасы әлемдік экономикаға  қадам басуда және келешекте экономика  әлемінде көрнекті орындардан көрсетуге  ұмтылуда. Қазақстан жер көлемі бойынша  әлемде тоғызыншы орынды алады. Елімізде ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы енгізілуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасы Дүниежүзілік Сауда Ұйымына  кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп  жатқан жаһандану және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардың рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның есебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін, нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарлатудың қажеттілігін көрсетеді.

Бұйымның сапалық параметрлеріне көзімізді анық жеткізу үшін, оларды өлшейтін құрылғылар, приборлар қажет, бұлар метрология ілімінің үлесіне кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын стандарттау мен сертификаттау үрдісіне метрологияның рөлі, оның қажеттілігі арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен жіне нарықтың талаптарынан байқалуда.

Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны объективті тәуелсіз, сәйкестікке  бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.

Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу»  деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.

Стандарттар және басқа  да нормативтік материалдар ұсынылатын құжаттар ретінде сипатталады. Ұсынылып отырған «Стандарттау, метрология және сертификаттау» оқулығы оқырмандарды Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың қолданылуымен, ұйымдастырушылық құрылымымен, тапсырмасымен, негізімен таныстырады; өндірісті метрологиялық қамтамасыздандыру, жалпы метрология бойынша негізгі білім қорын береді; Сертификаттау саласында, халықаралық ИСО 9000 сериялы стандартты жаңа заманға сай өндіріс орындағы сапаны басқарудың негіздері және т.с.с мәліметтер ұсынады.

2011 -2015 жылдарға арналған  Шахтинск аймағының әлеуметтік  – экономикалық даму болжамы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95- IY Бюджеттік Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы «Әлеуметтік – экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесінің тәртібін бекіту туралы» № 1251 қаулысы, 2011 – 2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму болжамына сәйкес әзірленген.  

Тұрғындардың сапалы өмір сүру деңгейін көтеруге жағдай жасайды, қалалық ортанының  дамуын қалыптастыратын әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асырады. Қала инфраструктурасы жоғарғы республикалық үлгілерге жақындатылады. Бағдарламалардың іс – шараларын тәжірибеде енгізу Шахтинск қаласының дамуында оң  тенденцияны  бекітуге мүмкіндік береді, ортамерзімдік, сонымен қатар ұзақ мерзімдегі макроэкономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуын талдаудан, ортамерзімдік  мақсаттар мен міндеттерді, оған жетуге қабілеттіліктер және қаражат, негізгі проблемаларды шешуді қарастырады, оның  өсу тенденциясын, қаланың әрі қарай дамуының бағытын анықтайды, сонымен қатар ұзақ мерзімді және нақты өсімнің  негізін қалайды, бес жылғы кезеңге нысаналы индикаторлары және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері, үш жылға бюджеттік параметрлер болжамының негізін қалайды.

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге  жергілікті  мемлекеттік органдардың  Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын  әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден  тұрады:

  • аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;
  • аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;
  • 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;
  • 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;

  Аймақтың бюджеттік параметрлері (қосымша түрінде) және әлеуметтік   – экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Өнім стандартизациясының  және сертификациясының теориялық  аспектілері

 

1.1 Қазақстан республикасында  стандарттау мәні, маңызы, мақсаты

 

Қазіргі заманғы қоғамдық өндірісті дамыту, жалпыға бірдей үнемге қол жеткізу, ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, еңбек өнімділігін арттыру, өнімдердің сапасын жақсарту,   онімдер   сапасын   басқару   мен   стандарттауды пайдаланбау мүмкін емес.

Өнімдер мен қоғам  мүшелерінің қызмет аясы үшін бірыңғай нормалар, ережелер мен талаптарды белгілей отырып, стандарттау сол арқылы өндіріс талаптары мен оны пайдалану жағдайлары арасындағы байланысты анықтайды.

Стандарттау нәтижелерін экономикаға енгізу, барынша аз шығын жұмсай отырып, қоғамды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуге, өндірістің мамандануын дамытуға, шикізат пен ресурстарды тиімді және үнемді пайдалануға ықпал етеді.

Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым ұсынған (ИСО) анықтамаға сәйкес:

Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы ретке (тәртіпке) келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізугс бағытталған қызмет.

Өнімдердің, процестер мен қызметтердің олардың функционалдық тағайындалуына сәйкестік дәрежесін арттыру, саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа көмектесу - стандарттау жөніндегі қызметтің аса маңызды нәтижелері болып саналады.

Нақты өнімдер (шикізаттар, материалдар, отын, толықтыратын бөлшектер, дайын өнімдер); терминдер мен белгілер; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеу және бақылау әдістері; құжаттамалар жүйесі; өндіріс технологиясы және ұйымдық - әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы өзге объектілер стандарттау объектілері болып саналады. Осыған орай стандарттау кез келген объектінің белгілі бір аспектілерімен шектелуі мүмкін. Мысалы, аяқ киімнің мөлшері, беріктігі жеке стандартталады.

Тұтыну тауарларын стандарттаудың халықтың тұтынымын қанағаттандырудағы маңызы зор. Ол тауарлардың тұтыну қасиеттері мен сапасының деңгейін, оларды сақтау және тасымалдау, стандарттау жағдайларын бағалау құрамын, көрсеткіштері мен әдістерін қалыпқа келтіре отырып, тұтынушыға дейін тауарларды жоғары сапада жеткізуді қамтамасыз етеді, өндірілетін өнімдердің өзін-өзі ақтамаған түрлерін  жоюға  және  өнімдердің  тиімді   номенклатурасын белгілеуге, тұтынушыға тауарлардың толық болушылығы мен өзара алмасымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қызметке қатынасу формасы бойынша халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттауға ажыратылады.

Халықаралық стандарттау — оған қатысу бүкіл елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.

Аймақтық стандарттау - оған қатысу әлемнің тек бір ғана географиялық немесе экономикалық ауданындағы елдердің тиісті органдары үшін ашық болып саналатын стандарттау.

Қазіргі таңдағы Стандарттау  жөніндегі халықаралық ұйым ИСО (ISO) 1946 жылы 25 мемлекеттің қатысуымен құрылған.

ИСО қызметінің аумағы электроникамен электротехникалық ьасқа стандарттаудың барлық салаларына қатысты. Бұл салаларда стандарттаумен Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) айналысады. Кейбір жұмыстар ИСО мен МЭК-тің бірге қатысуымен жүргізіледі.

ИСО-ның қызметі: әлемде халықаралық тауармен және қызметпен  алмасуды қамтамасыз ету мақсатымен қызмет түрлері мен стандарттаудың дамуына үлес қосу, сонымен қатар ғылыми-техникалық, экономикалық, интелектуалдық салаларда әріптестік қатынастарды дамыту. Қазіргі уақытта ИСО-ның құрамында 160 ел бар, ол ұйымға Қазақстан Республикасы да кіреді. Ұйым құрамында 200-ден аса комитет бар. Штаб – пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы Бас ассамблея үш жылда бір рет өтеді. Тікелей басшылықты ИСО Кеңесі жүргізеді. Негізгі координациялық жұмысты жеті: СТАКО – стандарттаудың ғылыми қағидаларын зерттеуші комитет, ПЛАКО – техникалық бюро, КАСКО – сәйкестікті бақылау комитеті, ИНФКО – ғылыми-техникалық ақпараттар туралы комитет, ДЕВКО – дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі комитет, КОПОЛКО – тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау туралы комитет, РЕМКО – стандартты үлгілер туралы комитет атқарады.

Халықаралық стандарттарды  жасау бойынша тікелей жұмыстарды жұмысшы топтарды бөле алатын техникалық комитеттер мен комитет бөлімдері  жүргізуде. 1996 жылдың деректері бойынша  ИСО шеңберіндегі стандарттарды 2832 жұмысшы тобы жасайды. ИСО-ның негізгі тілдері ағылшын, француз және орыс тілі. ИСО 12000-нан астам стандарт дайындап шығарады, қазіргі таңда жыл сайын 1000-1100 аралығында стандарттарды дайындайды және қайта қарап шығады. ИСО 500-ден астам халықаралық ұйымдармен іскерлікті қатар жүргізеді, оның ішінде БҰҰ-ның мамандандырылған барлық агенттіктері де бар. Ең тығыз байланыстар Стандарттау бойынша Еуропалық комитетпен (СЕН) жүргізіледі. ИСО-ның басқа ірі серіктестіктерінің бірі – Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК). Жалпы алғанда бұл 3 ұйым халықаралық деңгейдегі стандарттау бойынша қызметтерді қамтиды. Соңғы кездері елдердің интеграциясына байланысты ИСО қызметінің мәні мен аясы көлемді түрде кеңеюде.

ИСО стандарттары міндетті стандарттарға жатпайды. Кез келген мемлекет оларды қолдануға немесе қолданбауға құқығы бар. Қазақстанда ИСО стандарттарының жартысына жуығы қолданылады. Тек стандарттардың 20 пайызы арнайы өнімдерге талаптарды қамтиды. Стандарттардың негізгі бөлігі қауіпсіздіктің, өзара ауыстырымдылықтың, техникалық сыйымдылықтың, өнімді сынау әдістернің сұрақтарына және жалпы әдістемелік сұрақтарға қатысты.

Ұлттық стандарттау - бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау. Ұлттық стандарттаудың негізгі мақсаттары болып мыналар саналады:

  • ғылыми-техникалық   прогресті   жеделдету,   қоғамдық 
    өндірістің тиімділігін арттыру;
  • өнімдердің сапасын жақсарту және тауарлардың бәсеке 
    қабілеттілігін арттыру;
  • өндірілетін    тауарлардың    тиімді    номенклатурасын 
    белгілеу;
  • барлық       қызмет       салаларында       халықаралық 
    ынтымақтастықты дамыту.

Стандарттаудың  негізгі припциптері болып мыналар саналады:

  • жұмыс ашық жүргізілуі тиіс;
  • стандарттардың жобалары жарияланып, пікірлер талқыланып, пікірлер алшақтығы жойылуы тиіс;

- барлық мүдделілік танытқан шеңбердегілердің қатысуы;

-мөлшерлеу жұмыстарына қатысуға әркімнің мүмкіндігі болуы тиіс;

- өнеркәсіп, сауда, ғылым, мемлекеттік мекеме, тұтынушылар стандарттарды енгізуге көмектесуі тиіс. Осыған орай мемлекет маңызды әріптес болып саналады.

Қайшылықтардан  біркелкілік және еркіндік.

Жобаларға талдау жасау жолымен анықтауға және қайшылықтарды жою шараларын қолдануға назар аударуы үшін бейтарап бақылаушы мекеме құрылуы қажет.

Келісу

Стандарттар дүниетаным болып саналмайды. Олар техникалық тәжірибенің даму деңгейін және шындықты айнадай, объективті көрсетуі тиіс. Стандарттың мазмұны заңды келісімге және ортақ көзқарасқа қол жеткізуге ұмтылу, өзара-түсіністік жолмен анықталуы қажет.

Техниканың даму деңгейіне бағыттаушылық.

Стандарттардың мазмұны жаратылыстану білім шеңбері мен техникалық жүзеге асыру мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Жаңа әзірлемелер мен тәжірибе стандарттарды қайта қарау жағдайында енгізілуі қажет.

Экономикалық  жағдайларға бағытталушылық.

Стандартты мөлшерлеу, қабылдау тар аядағы мақсат болып саналмайды. Әрбір стандарттың жобасы бүкіл қоғамға әкелетін тиімділік тұрғысынан зерттелуі тиіс. Мүлтіксіз түрде тек қажеттілері ғана мөлшерленуі тиіс.

Информация о работе Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері