Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 13:19, дипломная работа
Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы бес жылғы кезеңге жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, жергілікті бюджеттерді үш жылғы кезеңге әзірлеуге, аумақтың даму бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық даму болжамы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
- аймақтың экономикалық дамуының экономикалық тенденциясы;
- аймақтың экономикалық даму жағдайы және факторлары;
- 2011 – 2015 жылдарға арналған нысаналы индикаторлар және әлеуметтік – экономикалық даму болжамы;
- 2011 – 2013 жылдарға арналған аймақтың бюджеттік параметрлер болжамы;
Кіріспе
1 Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері
1.1. Қазақстан республикасында стандарттау мәні, маңызы, мақсаты
1.2 Қазақстан республикасында сертификаттау ұғымы
1.3 ҚР стандарттау және сертификаттау саласының заңнамалық актілері
2 ҚР өнім сапасын стандарттауды және сертификаттауды талдау
2.1 Қарағанды облысындағы кәсіпорындар өнімдерін стандарттау және сертификаттау
2.2 Шахтинск қаласы әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметтің стандарттарға сәйкестігі
2.3 Шахтинск қаласы кәсіпорындарының өнім сапасын стандарттау және сертификаттау
3 Шахтинск қаласының кәсіпорындарын жетілдіру шаралары
3.1 Шахтинск қаласы кәсіпорындарын жетілдіру жолдарының маңыздылығы
3.2
3.3
Қорытынды
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ортақ пайдаға бағытталушылық
Стандартты қабылдау мақсаты ортақ пайдаға қол жеткізу болып саналады. Барлығы үшін пайда, жекелеген кәсіпорындардың немесе тұлғалардың мүдделерінен жоғары тұруы тиіс.
Интернационалдық
Стандарттар "аралдық" шешімдерді сипаттамауы тиіс, қайта ол саудадағы техникалық кедергілерді алып тастауға бағытталуы қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттау жүйесі мақсаттары мен міндеттері
Экономиканың қазіргі даму кезеңінде онда болып жатқан өзгерістермен және мемлекеттердің сыртқы экономикалық белсенділігінің артуымен байланысты ТМД елдерінде мемлекеттік стандарттау жүйесін құру мен дамытудың өзектілігі арта тусуде.
Осы саладағы ТМД елдері алдында тұрған аса маңызды болып мыналар саналады:
Стандарттауда заңнамалық және нормативті базасы
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзгеруі мен нарықтық қатынастар негізінде Республикада болып жатқан экономикалық қайта жаңаруларға сәйкес халықаралық тәжірибені ескере отырып, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапа саласында мемлекеттік саясат тұжырымдамасын әзірлеу кажеттігі пайда болды. Бұл бағыттағы жұмыстар толықтай түрде құқықтық негіздерде жүзеге асырылады және "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы", «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" "Өлшемдердің бірлігі туралы" заңдармен және бірсыпыра өзге заң актілерімен реттеледі. Бұл құжаттар құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерді белгілейді Мемлекеттік стандарттау жүйесін одан әрі дамыту халықаралық жүйелерге сәйкес аккредитациялау, сертификаттауды стандарттық жүйелерін үйлестіру қажеттілігімен байланысты туындайды.
1999 жылғы 16 шілдеде "Стандарттау туралы" Заң қабылданды. Аталмыш Заң шаруашылық жүргізуші субъекті мен мемлекеттік басқару органы арасындағы стандарттау; өлшем бірлігі мен қауіпсіздігін, өнімдердің өзара алмасушылығы мен техникалық сыйысушылығын қамтамасыз ету, техникалық кедергілерді жою, сондай-ақ мемлекет пен тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында, стандарттау бойынша нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану саласындағы қатынастарды реттейді.
Бірнеше рет пайдаланылатын және ұдайы өндірілетін өнімдер, қызметтер, жұмыстар стандарттау объектілері болып танылады. Стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдар мен стандарттау саласында тиісті құзырлы өзге де мемлекеттік басқару органдары, сондай-ақ стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың техникалық бөлімдерінің буыны мемлекеттік стандарттау жүйесіне кіреді.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері мен халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар) стандарттау, метрология және сертафикаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік стандарттау жүйесіндегі реестріне міндетті түрде тіркеу және бекіту керек. Аталған процедуралардан өттпеген құжаттар жарамсыз және қолдануға жатпайды.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар өнімдерді жасау, өндіріске қою, өткізу, сақтау, тасымалдау және қайта өңдеу, сондай-ақ процестер (жұмыстар) мен қызметтер көрсету кезінде қолдануы тиіс. Мемлекеттік қадағалау барлық атап көрсетілген сатыларда жүзеге асырылады. Республика аумағына әкелетін шетелдік фирмалар өнімдерінің міндеті мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестігін бекіту, белгіленген заңдылықтар тәртібінде жүзеге асырылады.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын бұзу анықталған жағдайда:
Халықаралық стандарттау
Мемлекетаралық стандарттау - бұл Мемлекетаралық мүддені білдіретін обьектілерді стандарттау.
Стандарттаудың халықаралық сипатын атап өте отырып, өнімдердің сыйысушылығын, өзара алмасушылығын, адам денсаулығы мен өмірі, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның қажеттігін тани отырып, 1992 жылғы наурызда ТМД елдерінің үкімет басшылары "Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісімді саясат жургізу туралы" Келісімге қол қойды.
Келісімге қатысушылар алдында тұрған негізгі міндеттер:
Қазіргі уақытта балтық жағалауы елдерінен өзге бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары Келісімге қатысушылар болып саналады. Құрамына стандарттау жөніндегі тиісті ұлттық органдардың жетекшілері кірген стандарттау, метрология, сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңес құрылған болатын .
Мемлекетаралық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Минскі қаласында ұйымдық міндеттерді орындайтын техникалық секретариат құрылды.
ТМД елдерінің стандарттау жөніндегі ұлттық органдары
Мемлекеттердің аттары |
Ұлттық стандарттау органдарының аттары |
1 |
2 |
Азербайжан республикасы Армения республикасы Беларусь республикасы Грузия республикасы Қазақстан республикасы
Қырғызстан республикасы Молдова республикасы Ресей федерациясы Тәжік республикасы Түркменстан республикасы Өзбекстан республикасы Украина
|
Азмемстандарт Арммемстандарт Белстандарт Грузстандарт Қазақстан Республикасының мемстандарты Қырғызстандарт Мемдепартамент - Молдова. Ресей мемстандарты Тәжікмемстандарт Түркменбасмем инспекциясы Өзмемстандарт Украина мемстандарты
|
Мемлекетаралық
стандарттау жөніндегі
Оған мыналар жатады:
Мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын жүргізу үшін бұрынғы КСРО техникалық комитетіне стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитет мәртебесі берілген. Шағын комитеттер, тұрақты және уақытша жұмыс топтары стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің ұйымдық құрылымын құрайды. Қазіргі уақытта оған нақты өнім топтары немесе қызмет бағыттарын бекітіп беру арқылы стандарттау жөніндегі мемлекетаралық комитеттің номенклатурасын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекетаралық стандарт мемлекетаралық стандарттау саласындағы негізгі нормативтік құжат болып саналады.
Мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ) - бұл стандарттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңес қабылдаған стандарт.
Мемлекетаралық стандарттардың (МЕМСТ) келесі түрлері ажыратылады:
Мемлекетаралық стандарттарды құруға қойылатын талаптарды әзірлеу тәртібі МЕМСТ 1.5-99 "Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар жүргізу Ережесі. Стандарттарды құруға, баяндалуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптарда" баяндалған.
Мемлекетаралық стандарттарды тіркеудің әзірленген тәртібіне сәйкес, қабылдаған жылын өзгертумен, оның бұрынғы тіркеу номері сақталады. Егер стандарт бұрын қолданылған бірнеше МЕМСТ-тар негізінде әзірленген болса, онда оған осылардың бірінің номері беріледі.
Жаңадан әзірленген стандарттар, техникалық комитет беретін жаңа номермен тіркелуі тиіс. Тікелей қолдану жолымен, экономикалық өзара көмек кеңесі (СЭВ) стандарттарын қолдану туралы шешім қабылданған.
01.01.92-01.01.93 жылы қолдану мерзімі өткен барлық МЕМСТ-тарға оларды қайта қарағанға дейін олардың қолданыс мерзімін шектеу алынып тасталды.
Келісімге қатысушы мемлекеттерді мемлекетаралық стандарттармен қамтамасыз ету, оның алдағы уақыттағы таралымын көбейту үшін, 2 данадан мемлекеттерге беретін әрбір МЕМСТ техникалық секретариат арқылы жүзеге асырылады.
ИСО – стандартау жөніндегі негізгі ұйымдардың бірі.
Стандарттау жөніндегі аса ірі халықаралық ұйым – ИСО 1947 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 90ел оның мүшелері болып саналады. ИСОның 2700 ден аса техникалық органдарында 100мыңнан артық жетекші мамандар жұмыс істейді.
Хаықаралық тауар айырбасы мен өзара көмекті жеңілдету үшін, сондай ақ интеллектуалдық, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында әлемдік ауқымда стандарттауды дамытуға көмектесу ИСО мақсаты болып саналады.
Информация о работе Өнім стандартизациясының және сертификациясының теориялық аспектілері