Қазақстан Ренспубликасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2014 в 12:41, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты метрология саласындағы заң шығарушы базаны талдап, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің (МӨЖ) қазіргі күйі мен оның әр түрлі даму жолдарын қарастыру болып табылады.
Алдымызға қайылған мақсатқа жету үшін келесі шарттарды жасау керек:
1.Қазастан Республикасындағы метрологияның даму тарихы мен метрологияның теориялық негізі.
2. Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлін білу
3. Қазақстандағы метрология саласының заң шығарушы базасына талдау жасау.
4.Метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру үшін әртүрлі жолдарын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 МЕТРОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы метрологияның даму тарихы ............ 5
1.2 Метрологияның ғылым мен өндірістегі рөлі ........................................ 8
1.3 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің қазіргі жағдайы .................................................................................................................. 11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАҒА ТАЛДАУ ЖАСАУ 17
2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің құқықтық негізі ........................... 17
2.2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негізі ........................ 20
2.3 Қазақстанның заңды базасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру ........... 23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАСЫН ЖЕТІЛДІРУ 26
3.1 Қазақстан республикасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын жетілдіру ................................................................................................. 26
3.2 МОЗМ ұйымымен Қазақстанның арақатынасы .................................... 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой метроло.doc

— 211.00 Кб (Скачать документ)

Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал 1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді.

Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді.

ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған [10,159].

ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады.

ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша):

- өлшем бірлігін қамтамасыз  ету жөнінде оптималды басқару  принціптер мен әрекеттерін дамыту;

-  шама бірліктер эталонды  базасын құру мен жетілдіру;

-  метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту;

- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру;

- метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық  және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы;

-  өлшеу саласындағы информациялық  қамтамасыз етілу.

ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары:

- Р-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі;

- берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан, қателігі бар өлшемді жүзеге асыру;

- өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік мөлшеріне берілуі;

-  заңды және нормативті құжаттарға  сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз  ету бойынша әрекеттерді жүзеге  асыру.

ҚР МӨЖ объектілері мыналар:

-  шама бірліктері;

-  шама бірлік эталондары;

-  өлшеу құралдары (ӨҚ);

-  өлшеу нәтижелері мен әдістерінің  және өлшеу құралдарына талап  қою;

-  өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ);

-  нормативтік құжаттар (НҚ).

Келесі бөлімдерде МӨЖ-ң объектілерін анығырақ қарастырамыз. Бұнда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. Шама бірліктері Қазақстан Республикасының териториясында халықаралық өлшеу жүесінің шама бірліктерін қолдануға рұқсат етіледі. Стандартизаци, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның шешімі бойынша халықаралық өлшеу жүесіне кірмейтін шама бірліктері рұқсат етіледі.

 

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталоны. ҚР МӨЖ-ң техникалық негізін шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары құрайды. Олардың құрлымы мен мазмұнын мемлекет жүзеге асырады. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін сақтау мен қайталау үшін арналған (шама бірліктерін есе немесе үлестік мағынасында) және ол Қазақстан Республикасының териториясындағы бастапқы ретінде өлшемнің басқа өлшеу құралдарына беру мақсатымен қолданылады [10,163].

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірлікті анықтау үшін өлшеу құралдары қолданылады, және олар орнатылған талаптар мен эксплуатация шартына сәйкес болуы керек.

Өлшеулерді орындау әдістері, салаларда қолданылатын мемлекеттік метрологиялық қадағалаумен жүзеге асырылады (ҚР 23 бабы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң), және олар орнатылған тәртіппен стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органмен аккредиттеуге керек, өнімдерді орындау әдістерін аттестацияланатын және жасауды жүзеге асыратын Метрологиялық қызметтін ҚР МӨЖ-ң реестіріндегі метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек.

ҚР-ң териториясындағы міндетті түрде қолданылатын ҚР МӨЖ нормативтік құжаты стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті орган бекітеді.

ҚР МӨЖ Қазақстан Республикасына қойылған талаптар бойынша өлшеу дәлдігі мен бірлігін қолдау және жетістіктеріне арналған, техникалық және нормативтік негізінің жиынтығы болып табылады.

ҚР МӨЖ-ні ұйымдастыру негізі ҚР-ң қызметі болып табылады.

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік басқарылуы, Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органы мен ҚР-ң Мемстандартымен жүргізіледі, олар 4 Қосымшада көрсетілген функцияларды орындайды.

Қақастан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемстандарты:

- ҚР-ң метрологиялық қызметінің  жұмыс координациясын жүзеге  асырады;

-  метрология саласындағы іргелі  зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту мен жұмыс тәртібін анықтайды;

-  өлшеу құралдарын жөндеу, қолдану  және жасау тәртібін анықтайды;

- өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің реестірін жүргізеді;

- метрология жөніндегі халықаралық және аймақтық ұжымдарда Қазақстан Республикасының өкілі болады;

- өлшем бірлігін қамтамасыз  ету саласындағы кадрлерді дайындау  мен қайта дайындауды ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасы метрологиясының техникалық негізін мыналар құрайды:

- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметімен қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүесі;

- өлшеу құралдары, соның ішінде  мемлекет териториясында қолданылатын  заттар мен материалдардың құрамы  мен қасиетінің стандартты үлгілері;

- заттар мен материалдардың  қасиеті мен физикалық константалар  жөнінде стандартты анықтама  мәліметтері.

ҚР МӨЖ-ң нормативтік негізі мыналарды регламенттейді:

-   шама бірліктері;

- мемлекеттін салыстырып тексеру сызбалары мен мемлекетін шама эталондары;

-    өлшеу құралдарын калибрлеу мен тексерудің әдістері мен құралдары;

-  өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларының нөмірленген номенклатурасы;

-   өлшеу дәлдігінің нормалары;

- өлшеу дәлдігінің көрсеткіші мен өлшеу нәтижелерін көрсету формаларының әдістері;

-   өлшеуді орындау әдістемесі;

- заттар мен материалдардың  құрамы мен қасиеттерінің стандартты  үлгілеріне қойылатын талаптар;

- жобалау, құрлымдық және техналогиялық  құжаттарды, нормативтік құжаттардың  метрологиялық сараптауын, өлшеу  құралдардың калибрлеуі мен тексеруді, метрологиялық аттестацияны, сынауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі;

-  метрология саласындағы терминдер  мен анықтамалар.

ҚР МӨЖ номативтік құжаттары мыналарға бөлінеді:

-                       номалар мен ережелерді және  жалпы талаптарды орнататын, негізін қалаушысы;

- өлшемнің қандай да бір түріне  нормалар мен ережелерді және  талаптарды регламенттеу.

ҚР МӨЖ-дегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар орындалады (5 Қосымша):

-  ҚР МӨЖ-ң нормативті құжаттарды  жасау мен жетілдіру;

- Қазақстан Республикасының  шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, қолдану, сақтау және жетілдіру;

-  шама бірліктері, мемлекеттік эталоннан өлшеу құралдарына шама бірліктерінің өлшемінің берілуі.

Өлшеу құралдарының бірдейлігін қамтамасыз ету келесі жолдармен жүргізіледі:

-бекітілген типке сәйкестігі  мен типтің бекіту мақсатымен  өлшеу құралдарын сынау;

-   өлшеу құралдарының метрологиялық  аттестациялауы;

-   өлшеу құралдарын калибрлеу  мен салыстырып тексеру;

-   өлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестациясы:

-   өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді лицензиялау;

 

- мемлекеттік метралогиялық бақылау  мен метрологиялық қадағалау;

-  МӨЖ-ң эксперт-аудиторларын  дайындау мен атестациялау;

-өлшем бірлігін қамтамасыз ету  саласындағы мамандылығын жетілдіру;

- ақпараттық қамтамасыздандыру;

- Қазақстан Республикасымен жасалған  халықаралық келісім шарт негізінде, шет елдерінде метралогия саласында  жасалған жұмыс нәтижелерін мойындауды  қамтамасыз ету;

- метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұжымдардың жұмыстарына қатысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕТРОЛОГИЯ  САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БАЗАҒА  ТАЛДАУ ЖАСАУ

 

2.1 Метрологиялық қамтамасыз етудің  құқықтық негізі.

 

 

Еліміздегі эканомикалық саясатты жүргізу кезіндегі прогресстің маңызды алғышарттары әлемдік рыноктағы отандық өнімнің сапасы мен қызметін және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарлату болып табылады.

Өнімнің сапасы мен қызметін жоғарлату, мемлекеттік міндет болып табылады, ол тікелей жоғарғы сапаны қамтамасыз ету мақсатымен, сынау, өнімдердің сертификаттарын құру мен көрсетілетін қызмет, қадағалау және өндіру кезіндегі өлшеу күйі мен деңгейіне байланысты.

Өлшеу нәтижесіндегі тұтынушыларды қанағаттандыру кезінде, өлшем бірлігі қоғамның соңғы мақсаты болып табылады.

Елімізде және халықаралық деңгейдегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттін негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Жоғарыда айтылып кеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін ҚР-да 1993 жылы 18 қаңтарда «Өлшем бірлігі туралы» заң қабылданады, бұл заң республикадағы метрологиялық инфоқұрлымның басқармасын заңды принціптерге ауыстыруға мүмкіндік беріп, келесі мемлекеттік қадағалау формасын бекітеді:

-   өлшеу құралдарының мемлекеттік  сынаулар мен типтерін бекітеді;

-  өлшеу құралдарының мемлекеттік  метрологиялық аттестациялауын;

-  өлшеу құралдарын мемлекеттік  салыстырып тексеру;

-  өлшеу құралдарын прокаттау, сату, жөндеу, салыстырып тексеру, жасау  бойынша әрекеттерді лицензиялау;

- бөліп орау және сату кезінде түрлі қораптағы бөліп оралған тауардың сапасы бойынша мемлекеттік қадағалау;

- метрологиялық нормалар мен ережелерін сақтауын, өлшеуді орындау әдістемелерін, өлшеу құралдарын қолдану мен күйін мемлекеттік қадағалау.

Халықаралық таразы және өлшем бюросы мен Халықаралық заң шығарушы метралогия ұжымының құжаттары мен таразы және өлшем бойынша Генеральді конференция шешімінің басшылығымен, ТМД-ң Парламентаралық қатысушы-мемлекеттік ассамблеясы, 1992 жылы 13 сәуірден «Стандартизация, метрология және сертификация саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы» Парламентаралық келісімді ескере отырып, осы саладағы құқықтық қатынастарды реттеу облысындағы, қатысушы-мемлекеттер негізінде нормативтік жақындасуда жәрдемдесуге ұмтылып, сондай-ақ өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша шаруашылық субъектілер мен мелекеттік бақылау ұжымдары арасында

қатынасты реттеу мен дұрыс емес және қате өлшеу салдарынан жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатымен, барлық мемлекеттер одағындағы

 

өлшем бірлігін қамтамасыз етудің заңды негізінің жиынтығы түрінде, кепілді растау құжаты ретінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң қабылданды.

2000 жылы 7 маусымда Қақастан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаевтің үкімімен  Қазақстан Республикасының стандартизация, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» модальды заң негізінде жасалған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды.

Бұл заң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық-эканомикалық және ұйымдастыру негіздерін орнатады, метрология саласында мемлекеттік басқару органдарымен жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метралогиялық қызмет саласындағы қатынастарды реттейді және ол азаматтар мен Қазақстан Республикасының заңды мүдделерін, өлшеулердің дұрыс емес нәтижелердің салдарынан қорғауға бағытталған.

Информация о работе Қазақстан Ренспубликасының метрология саласындағы заң шығарушы базасын талдау